Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

2-ҚАДАМ. Тренер — «Көгершін»

Атап өткеніміздей, «көгершін» тренердің тұлғалық дамуының проблемалық аймақтарының бірі – қатысушылар аудиториясымен алғашқы қатынас жасау қорқынышы және тренингті өткізу барысындағы сенімсіздік. Әдетте, бұл кез келген бастаушы тренердің «ауруы». Бірақ бұл тұлғалық кедергілермен жұмыс жасау қажет, себебі тренердің харизмасы және оның не үйретіп жатқанына деген сенімділік табысты тренер профессиограммасы құраушыларының бірі болып табылады.

Сюзан Джефферстің кеңесі:

«Біз қорқыныштан қашып құтыла алмаймыз. Біз оны таңғажайып сапарымызда әрдайым қасымызда болатын серігіміз ете аламыз…»

Адамның көптеген толқыныстарының себебі тәжірибенің жетіспеушілігінде, тыңдаушылардан жағымсыз бағасын алу қаупінде, тренинг қатысушысы қойған қандай да бір күрделі сауалға сауатты жауап бере алмауда және т.с.с. екенін естен шығармау өте маңызды. Әрине, көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышымен күресудің ең тиімді әдісі — ол тәжірибе және тұрақты практика. Сонымен қатар қорқыныштың (толқудың) физикалық құраушысы бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл қорқыныш немесе қауіп процесінде адамда туындайтын бұлшықеттің қысылуы. Келесі жаттығулар тренерді физикалық босаңсуына, релаксациясына және психологиялық ден қоюына бағытталған.

1-жаттығу. «Шаршы бойынша тыныс алу»

Бұл жаттығудың маңызы мынада: біз символдық шаршыны бейнелеп, дұрыс тыныс алуды бастаймыз. Тыныс алу ырғағы 1/7: демді алуға бір секунд және шығаруға 7 секунд. Біздің көз қарауымыздың сол жақ бұрышында символдық нүктені елестетеміз, дем алу мен шығаруды сол жерден бастаймыз (7 секунд). Содан соң жанарымызды оң жақ нүктеге аударамыз, демді аламыз (1 секунд) да шығарамыз… Осылайша символдық шаршыны бейнелегенше тыныс аламыз.

2-жаттығу.

Сол қолдың үлкен бармағын қысып, оны уқалаймыз. Стрестер мен жүрек жұмысы үшін осы мүше жауап береді деседі.

3-жаттығу. «Іске қосушы қимыл».

Өзіңіз үшін бір аффирмацияны (сізді қажетті күйге келтіретін фразаны) ойлап табыңыз. Осы фразаға қимыл мен бір естелікті қосыңыз (мысалға, сіз табысқа жеткендегі, сіздің қатысушыларыңыздың алғысы айтылғандағы болуы мүмкін). Тренинг алдында өзіңізді осы «зәкірмен» жігерлендіріңіз.

4-жаттығу. «Физикалық белсенділік».

Сөз сөйлер алдында шамалы жүріңіз, орындықтарды (үстелдерді) жылжытыңыз. Физикалық энергияңызды сыртқа шығарыңыз. Сонымен бірге қысылулар және сәйкесінше, қорқыныш шығады.

5-жаттығу.

Психологтардың айтуынша, сөз сөйлеуші өз күйін өзгерткен кезде, оның энергетикасы да бірге өзгереді. Бұл не жайлы? Мысалға, мен, тренер ретінде, тренингтің басталуына дайындалып жатқан кезде ойланамын: маған қандай баға береді? Мен не айтамын? Топ үшін бұл қызықты әрі маңызды бола ма? Мұндай күйде қобалжу басталып, топтан түпсана деңгейінде жақсы көзқарасты сұрай бастау қаупі бар. Бірақ, тренингке басқаша күй келтірсек ше?

Мысалы: Мен қатысушыларым білмейтін нәрсені білемін…, бұл тренинг олардың кәсіби қызметінде пайдалы болады, мен олармен өз біліміммен/тәжірибеммен бөліскім келеді, олар менен осы білімді алғысы кеп отыр, олай болмаған жағдайда бұл тренингке келмес еді…». Қорқыныштан өз энергетикаңды аударып алу, топқа өзіңді және өз энергияңды толықтай сарп етіп, баға алу қорқыныштың химиялық реакциясын толықтай жояды.

Әрине, уақыт өте келе әр тренерде қорқыныш пен толқудан құтылудың өз «рецепттері және лайфхактары» пайда болады, бірақ тренер, сиқырлы «ҚАЛАЙ?» деген сауалдары тренер мен топтың ілгерідегі өзара әрекеттесу процесін алдын ала анықтап, жөн сілтейтіндігін естен шығармай, әрдайым өзінің психологялық жай-күйіне ие бола білуі аса маңызды.

Қатысушылармен пікірталас:

  • Қорқыныш пен сенімсіздіктен арылудың қандай амалдарын білесіз?
  • Сіздің пікіріңізше, тренингтің басы сәтті болудың кепілі неде?
  • Сіз тренингті әдетте қалай бастайсыз?
  • Топтарға бөлініңіз де тренингтің басына және топпен танысуға арналған «мұзжарғыш» ойынының барысын ұсыныңыз (көрсетіңіз).
  • Тренингтегі әр топ үшін «мұзжарғыш» ойындарының барлығы әмбебап па?
  • Әртүрлі топтарда әртүрлі «мұзжарғыштар» тиімді болуына қандай факторлар ықпал етеді? Неліктен?

Кейстің аяқталуы:

Табысқа жету үшін, «үлкен сандар заңын» білу және пайдалану қажет. Егер сіз ойын кубигін алып, оны бір рет тастасаңыз, онда түскен сан таза кездейсоқтыққа байланысты болады. Бірақ, егер кубикті жүз елу рет тастасаңыз, мұнда ықтималдық теориясы күшіне енеді. Сіз неғұрлым жоғары лақтырсаңыз, сандардың әрқайсысының түсу саны бірдей болу ықтималдығы жоғары болады.

Біз барлық нәтижелерді таза сәттіліктен күте алмайтындығымыздан, бір ғана табыс кепілдігі бар. Сіз бір жұмысты жиі орындаған сайын үлкен сандар заңдылығы әрекет ете бастайды. Тек осы жағдайда ғана, Сіз өз қызметіңіздің нәтижелерін жоспарлап, есептей аласыз. Немен айналыссаңыз да сол кәсіппен жиі айналысыңыз. Осы жолмен ғана табысқа жете аласыз.

Аудитория алдында сөз сөйлеудегі оның сенімділігінің (тәуекелділігінің) және кәсіпқойлығының мысалы ретінде Стив Джобсты тыңдауға болады

3-ҚАДАМ. «Түйеқұс» — Тренері

Сонымен, егер «көгершін» тренердің негізгі проблемасы «ҚАЛАЙ?» сауалына қатысты болса, «түйеқұс» тренерде «НЕ ҮШІН?» предикатында белгілі бір қиындықтар туындайды, атап өткеніміздей, бұл мотивация фильтрі. Кейде, өкініштісі — «түйеқұс» тренер көп жағдайда дұрыс әрі пайдалы нәрселерді айтады, бірақ педагогикалық/ тренерлік шеберліктің және әртістіктің жетіспеушілігіне орай оның сапалы материалы тыңдаушыларда дағды түрінде қалыптаспады, ал тренинг басындағы кішігірім ықыластылық және фрагментарлық білім бірнеше күш ішінде ғайып болады. Не істеу керек? Қайтадан, «үлкен сандар заңы» туралы ұмытпау, яғни, өз бетінше жаттығу: топпен интерактивті араласу, оқыту процесіне ойындарды/жаттығуларды, қатысушыларды өз бетінше «ақиқатты ұғынуға» ынталандыратын әдіс-тәсілдерді барынша көбірек енгізу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, әлбетте, тренинг процесіндегі әртістікті, мәнерлілікті, шығармашылықты дамыту.

Тыңдаушылармен арадағы өзара әрекеттестікте позитивті энергетиканы құруда «түйеқұс» тренерге не көмектесе алады?

Бұл мынадай факторлар:

  • аудитория ішінде қозғалу;
  • жестикуляция, дауыс тембрімен «ойнау»;
  • сөздің эмоциялылығы және әртістік;
  • тыңдаушыларға үн қату, олардың тыңдай/ести білу;
  • визуалды құралдарды пайдалану;
  • тренингте цитаталарды, тарихи мысалдарды, өсиет әңгімелерді пайдалану;
  • әзіл, қалжың және т.с.с.

Жоғарыда келтірілген амалдардың бәрін пысықтап шығу үшін, «Ертегі кейіпкерлерінің мектебіндегі емтихан» ойынын ойналық.

Қатысушылар:

  • Күлбикеш
  • Буратино
  • Шапокляк Кемпір
  • Қожалақ
  • Карлсон
  • Джинн
  • Етік киген мысық
  • Хәрри Поттер

Тапсырма: Сіз өзіңізге «кейіпкер» таңдайсыз да келесі тақырыптар бойынша топ алдында сөз сөйлеуге дайындаласыз:

Күлбикеш. «Туфелькадан жыртылған кебіске дейінгі азапты жол. Әйел өміріндегі әдемі аяқ киімнің рөлі».

Буратино. «Жасөспірімдер сленгі өз болмысыңды таныту тәсілі ретінде. Жасөспірімдер сленгінің түрлері, қолдану тәсілдері және жіктелуі».

Шапокляк Кемпір. «Халықтың әр түрлі топтарының өміріндегі қоқыстың ролі. Мінездің қалыптасуына қоқыстың тигізетін әсері».

Қожалақ. «Шалшық, демалыс орны ретінде. Шалшықты пайдалану түрлері. Шалшықты пайдаланудың жеке және топтық формалары».

Карлсон. «Қазіргі қоғамдағы шатыр ұғымы және оның ролі. Шатырдың мүмкіндіктері және шектеулері».

Джин. «Пластик және шыны ыдыстардың өмірлік кезеңдері. Эмбрионалдық кезең, ыдысты пайдалану кезеңі және «бөтелкеден кейінгі кезең».

Етік киген мысық. «Мысық өміріндегі қожайынның ролі. Қожайынның түрлері. Қожайынды күту және тәрбиелеу тәсілдері. Мысық тұрғысынан адам бейнесінің кемелсіздігі».

Хәрри Поттер. «Өмірлік жолда кездесетін жауыз сиқыршылар – бұл әрдайым жаман емес».

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР