1. Сіз өзіңіздің корпоративтік клиенттеріңізге тренингтің жаңа бағдарламасын таныстырып жатырсыз, әзірше клиенттеріңіздің бұл бағдарламаның пайдасы мен өзектілігі туралы білетіні көп емес. Сіз — тамаша ораторсыз, оларды осы тренингке қатысуға сендіре аласыз (бұл сізге де, олардың компаниясы үшін де тиімді), бірақ кейін Сіз ойланып қаласыз: осы тақырыпты зерделеу қажеттілігінен Клиенттердің көңілі қалуы мүмкін немесе өздері күткен тренинг нәтижесін алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда Сіз:
а) зерделеу процесінде болуы мүмкін салдар мен қиыншылықтар туралы жасырмай ескертіп қоясыз, бірақ олардың кәсіби қызметі үшін бұл тақырыптың өзекті екенін, артықшылықтарын түсіндіресіз, ал өз тарапыңыздан жан-жақты көмек пен қолдауды уәде етесіз.
б) әдеттегідей, бұл фактіні жасырып, тренингтік бағдарламаның презентациясын жасайсыз. Егер Серіктестер сауал қоя бастаса, онда толығырақ түсіндіріп беремін деп шешесіз.
в) сендірген кезде Серіктестердің көңіл аударатын және еліктіріп әкететін маневрлерді қолданасыз, сіз ұсынатын дағдылар мен білімнің практика жүзінде қолданған кезде туындауы мүмкін қиыншылықтар туралы ескертпейсіз.
2. Тренинг кезінде қатысушылардың күмәндары мен қарсы сөздеріне жауап бергенде мен әдетте:
а) басқа адамның пікірін мұқият тыңдаймын және өзара келісімге келу мүмкіндігін табуға тырысамын.
б) топтың назарын бағдарлама бойынша жоспарланған тақырыптарға аударып, қатысушылардың «күрделі сұрақтарынан» қашқақтаймын.
в) топ мүшелерінің «күрделі сұрақтарынан» сескенбей, өз ұстанымымды ашық жеткіземін, фактілерді, контраргументтерді келтіремін және тренинг қатысушыларын иландыруға тырысамын.
3. Тренер ретінде менің имиджім мынадай деп ойлаймын:
а) Мен — толерантты, қарым-қатынас құруға жағымды, басқалар сенім білдіруге тұрарлық адаммын.
б) нақты, жүйелі, әдісқой адаммын, ақпаратты беруде және топпен қарым-қатынаста логикалық тұрғыда ұқыптымын.
в) тренинг қатысушыларын өз ырқыма көндіргенді жақсы көремін. Барлық адамдар менің харизмам мен таңғаларлық энергетикамды атап өтеді, тіпті тренингтің басында сенімсіз немесе тіпті дұшпандықпен қарағандардың өзі.
4. Менің тренер ретіндегі кәсіби қызметке деген көзқарасым:
а) Менің айналысатын кәсібім оқытудан әлдеқайда маңыздырақ. Тренер – бұл серіктес, әріптес, сырлас дос, өзара түсіністікті, даму мен жақсы жаққа өзгеруді қажет ететін адамға көмекші. Сонымен қатар адамдарға көмектесу және оларға жақсылық жасау – үлкен бақыт.
б) Бұл көп күш-жігерді қажет етпейтін, үлкен тәуекелдерді және нәтиже үшін жауапкершілікті тудырмайтын, алайда әжептәуір, тұрақты әрі сенімді табыс табу мүмкіндігін беретін қызметтің жақсы бір түрі.
в) Бұл жаман емес. Біріншіден, сен – тренер, коуч және т.с.с. имиджінің болғаны «мәртебелі атақ», екіншіден, тренерлік қызметпен айналысып табысты карьера құрып, қажетті адамдармен танысуға, «дұрыс ортаға» тап болуға және т.с.с. болады.
5. Егер мен өткізген тренинг сәтсіз болып шықса, онда мен:
а) мені жұбататын адамды іздеуге тырысамын.
б) бұл жайтқа назар аудармауға тырысамын, себебі «шарықтау да, құлдырау да» болады.
в) ашулана бастаймын және ашуымды сыртқа шығара бастауым мүмкін, бұл ретте мұндай әрекетімнің әсеріне қоршаған адамдар, бірінші кезекте, тренинг қатысушылары ұшырауы мүмкін.
6. Егер тренингке тапсырыс беруші мен өткізген іс-шараның деңгейіне онша әділ емес сын келтірсе, онда:
а) көңіліме тиеді, бірақ көңіліме тигендігін көрсетпеуге тырысамын.
б) бұл менің ашуымды келтіреді, мен белсенді түрде қорғанамын және керісінше өз наразылықтарымды айтуым мүмкін.
в) мен күйінемін, бірақ ол жөнді айтқан тұстарда келісемін және келешекте бұл қателіктерді түзеуге тырысамын.
7. Егер тренингке қатысып отырған менің әріптес тренерлерімнің бірі менің кемшілігімді нұсқаса, онда мен:
а) ашуланамын, бірақ түк те айтпаймын, ішімнен ренжимін;
б) бәлкім, ашуланамын да сондай мағынада жауап беремін (одан қандай да бір кемшілік табамын);
в) ашуланамын да өз әріптесімнің алдында ақтала бастаймын.
8. Сіз тренингте топ қатысушыларының пайдасы жоқ пікірталасын тоқтатып, басты месседжді ажыратып, даудың қорытындысын шығарып, бағдарлама бойынша ары қарай қозғалуды ұсына аласыз ба?
а). Мен қатысушылардың эмоциялық дауын тоқтату қиынға соғады деп ойлаймын. Олардың шер тарқатуына уақыт беру керек деп ойлаймын.
б). Бұл әрқашан тренер ретінде менің ашуымды келтіреді, сондықтан бағдарламадан бұра тартатын барлық дауды тоқтатамын және бағдарлама жоспары бойынша жұмыс жасауды жалғастырамын. Келісіп-келіспейтіні басқа мәселе.
в). Әдетте барынша түрлі пікірді тыңдаймын, кейде жазып аламын да байсалды үнмен түйінін шығарамын, аралық қазы секілді, бір пікірді де төмендетпеймін.
9. Егер мен тренингті сәтті өткізсем, Тапсырыс берушіден және тренингке қатысушылар тобынан оң пікір алсам, онда мен:
а) жай ғана басқа жобаларды орындауға көшемін;
б) барлық адамдарға тренингтің нәтижесі менің кәсібилігім мен харизмамның арқасында ғана мүмкін болғандығын көрсетемін;
в) мені мақтағанды, фейсбукте белгілегенді, жағымды пікірлерді, алғыстарды жазғанды және т.с.с. қалаймын.
10. Таныстығымыз айтарлықтай жақын емес адамдармен жиында болған кезде мен әдетте:
а) қалғандарына сырттай қарайлап, тыныш қана бір бұрышта отырамын;
б) әдетте барлық оқиғалардың ортасында боламын;
в) көп уақытты өзім жақсы білетін адамдармен, мысалы, иелермен бірге өткіземін.
11. Егер дүкенде кассир ақшамды дұрыс қайтармаса, онда мен: а) әрине, ақшамды талап етемін;
б) ренжимін, бірақ ештеңе айтпаймын. Кассирлермен керіскенді ұнатпаймын;
в) Назар аудармаймын. Ұсақ-түйекке көңіл аударудың қажеті жоқ.
12. Егер мен өз қатысушыларымның тарапынан тренер ретінде маған және менің кәсібилігіме қатысты айтылған әділетсіз сынға ашулансам, мен:
а) өз сезімімді білдіремін де жеңілдеп қаламын;
б) өзімді ыңғайсыз сезінемін, көңілім қалып, түңіліп кетемін;
в) өзімді тыныштандыруға тырысамын: әрбір адамның өз көзқарасы болады, бірақ бұл жайт менің әркімнің көзқарасымен келісе беруім тиіс екендігін білдірмейді.
13. Сізге өзіңізді видеодан көрген қызық па, топтың сіздің тренинг өткізу мәнеріне реакциясын сыртынан көргіңіз келер ме еді?:
а) Мұндай процеске өзім бастамашылық етпедім, бірақ өзіме сыртынан қараған жағдайлар туындағанда — өзіме ұнайды;
б) Бұл туралы жақындарымнан жиі сұраймын. Өзімді видеоға жазамын, қараймын, талдау жасаймын;
в) Бұл бос сөз және бастаушы тренерлердің «ойлап тапқаны». Бастысы тренер ретінде сенің кәсібилігің туралы қатысушылар айтып жүрсе болғаны.
14. Сіз өзіңіз білетін нәрселер туралы айтқанды, түсіндіргенді ұнатасыз ба?
а) Ұнатамын, бірақ, егер адам бір нәрсені ұзақ түсіне алмай жатса, мен ашулана бастаймын;
б) Әрдайым жасап жүрген шаруам. Сонымен қатар жүрген жерімнің барлығында адамдарды үйретіп жүремін, «дүкенде, аялдамада» және т.б.;
в) Әдетте мен өзімнің барлық қатысушыларыма тек мәнін түсіндіремін. Қалған жұмысты менің орныма олар өздері-ақ жақсы атқарады. Фасилитатор ретінде тренердің негізгі функциясы осыған негізделеді.
15. Сіз мектеп қойылымдарына/спектакльдерге қатысып көріп пе едіңіз?
а) Иә және де мен көп жағдайда бастамашылардың бірі болдым;
б) Қатысқан кездер болды, бірақ өте қобалжитынмын, ұялатынмын;
в) Жоқ. Себебі бәрі де менің ондай қабілеттерім жоқ екенін білді, өйткені мен артист емеспін.
ТЕСТ НЕНІ КӨРСЕТЕДІ?
Тесттің көмегімен сіз өзіңізді үш жеткілікті дәрежеде дамыған әрі айқын тұлғалық тренерлік портретпен салғастыра аласыз, оларды мен шартты түрде «Көгершін», «Түйеқұс» және «Қаршыға» деп атаймын.
Сіз қаншалықты «Көгершін» екеніңізді білу үшін бірінші бестікте қанша «А» жауабы барын, екінші бестікте қанша «В» және үшіншісінде қанша «Б» барын санап шығыңыз. Максимум 15 болуы мүмкін, минимум – 0.
Сіздегі «түйеқұс» белгілерінің айқындығын бірінші бестіктегі «Б» жауаптарының, екінші бестіктегі «А» жауаптарының, үшінші бестіктегі «В» жауаптарының жиынтығы көрсетеді.
«Қаршығаның» жауаптары: бірінші бестіктегі «В» саны, екінші және үшінші бестіктерде сәйкесінше «Б» және «А».
Егер сізде, мысалға, 11 «көгершін» жауабы, 4 «түйеқұс» жауабы және «қаршығадан» бір де біреуі болмаса, онда сіз Көгершінге жақынсыз, аздап түйеқұссыз және қаршығаға мүлдем қатысыңыз жоқ. Егер жауаптар саны тең түссе, онда сізде әр құстың белгілері бар және жағдайға байланысты сіз әр түрлі қырыңызды көрсетесіз.
Ол үшін осы тұлғалық типтердің сипаттамасын мұқият қарап шығыңыз
Тренер типтерінің қысқаша сипаттамасы
1. Тренер — «Көгершін»
- Психотерапевт, «дос», «көмекші» тренердің типі;
- Клиенттің проблемаларына және топтың барлық қатысушыларына бағдарлану;
- Эмпатия, толеранттылық; ынтымақтастық пен өзара түсіністік көздеу;
- Қатысушылар тобымен немесе жеке білім алушымен сенімді және достық қатынастарды орната білу;
- Тренингтен кейінгі қызмет көрсетудің барлық міндеттемелерін адал орындау. Нәтиже үшін алаңдау.
Кәсіби тренингтік қызметтегі әлсіз тұстар
- Әр тренингтің алдында және топ алдындағы әр сөз сөйлеу алдында мазасы кетеді.
- Тренинг барысында, бастапқы кезеңіндегі сенімсіздік және мазасыздық.
- Тренингтің «күрделі» қатысушылары тарапынан болатын манипуляциялар мен қысымның «құрбаны».
- Өз көзқарасын қорғауды білмеу.
- Көгершін тренер дөрекілік пен әдепсіздік алдында жиі тайсақтайды.
- Сәтсіз өткізілген тренингтік бағдарламалар салдарынан ұзақ депрессияға түсу және демотивация.
2. Тренер — «Түйеқұс»
Күшті жақтары:
- «Сарапшы» тренердің типі.
- Тренингте ақпаратты беру процесіндегі қонымдылық, жүйелілік, ұқыптылық.
- Фактілерге, цифрларға, инфоргафикаға, модельдерге, схемаларға сүйену, скрайбинг әдісін пайдалану.
- стреске төзімділік, «өзін-өзі ұстай» білу.
- манипуляциялар үшін жарамсыз объект.
- тренинг қатысушыларымен «қашықтықта» болуды білу.
- тренинг бағдарламасының тармақтарын мінсіз әдістемелі түрде сақтау.
- әдетте, қатысушылар алынған кәсіби біліктерді практикада қолдану тұрғысынан жақсы нәтижелерді көрсетеді, алайда психологиялық түзетуге немесе өзгертуге қабілетсіз
Әлсіз тұстар:
- Тренингтегі энергетика мен харизманың төмен тонусы.
- Тренинг бір кеңеске немесе жұмыс отырысына көбірек ұқсайды.
- шешендік шеберлік, әртістік дағдыларының жоқтығы.
- Эмпатияның және тренинг қатысушыларын мұқият тыңдау дағдыларының жоқтығы.
- Тренинг қатысушыларының мотивтері мен жеке қажеттіліктерін әліз ескереді (таниды, сезінеді).
- оқыту процесінде құрғақ кәсіби (психологялық-педагогикалық) терминдерді пайдаланады, олардың мағынасын түсіндірмейді.
- Интерактивті оқыту әдістерін пайдаланудағы және қолданудағы қиындығы.
- Тренингте өзара шығармашылық (біріккен шығармашылық) пен креативтіліктің ішкі үйлесімділігінің жоқтығы.
Тренер — «Қаршыға»
Коуч, тәлімгер, мұғалім, гуру – тренер
Күшті жақтары:
- Сенімділік, харизма, толыққандылық.
- Тілі айқын, шебер оратор, әртістік.
- Қатысушылар тарапынан болатын манипуляцияларға жылдам, серпілісі сәйкес.
- Өз көзқарасын қорғау, сенімділік.
- Берілетін білім мен дағдылардың пайдасы мен артықшылықтарын сауатты ұсыну.
- Топтық динамиканы керемет ұйымдастырушы және модератор.
- Тренингтегі көңілді, шығармашылық, бастамашыл әрі өнімді атмосфера.
Әлсіз тұстары:
- клиенттердің, тренинг қатысушыларының проблемаларына әлсіз бағдарлануы.
- тренингтің «күрделі қатысушыларымен» қатынас құрудағы эмпатияның, толеранттылықтың жоқтығы.
- Ақпаратты және өз тәжірибесін хабарлау кезінде тым адуынды, үзілді-кесілді болу.
- өз көзқарасын жалғыз дұрыс көзқарас ретінде «алға тарту».
- өз-өзін ұсына беру, өз өзін гиперпрезентациялау, өз «жеңістері», сіңірген еңбегі және т.б. туралы әңгімелермен әуестену.
- Топ қатысушыларымен шиеленісті жағдайларда абыройын жоғалту.
- тренинг аяқталғаннан кейін пікірталасты жалғастыруға, көмектесуге және тренингтен кейінгі консультациялық қызмет көрсетуге зауықсыз араласады. Тренингтерді өткізу мәнері «ең бастысы өткізіп шықтым».
Өздерінің тренер ретіндегі тұлғалық және кәсіби дамуы бойынша жұмыс жасау (45 мин).