Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

4-ҚАДАМ. Тренер — «Қаршыға».

Тренерлердің бұл типі туралы айтатын болсақ, онда харизма мен сенімділік артылып жатады, бірақ мұнда ол басқа шектен асып кетеді. Оның сенімділігі көп жағдайда менмендікке айналады, белсенділігі – гипербелсенділікке, ал харизмасы – тыңдаушыларға қысым көрсетуге және олардың кез келген бастаманы көтеруден бас тартуына әкеледі. Еске түсірсек, «көгершін» тренер өз жақсылығының, зиялылығының тұтқыны болып, манипуляторлардың және «күрделі қатысушылардың» құрбанына айналады, ал «қаршыға» тренер өз тыңдаушылары тарапынан шиеленістерді және жақтырмаушылықты қасақана өршітуі мүмкін. Осылайша, тренердің бұл типіне толеранттылық, тыңдай білу және басқа көзқарасты қабылдау, эмпатия, дипломатия шеберлігі, ескертулерге және қатысушылар тарапынан болатын сынға деген дұрыс реакция жетіспейді, шынымен де, қатысушылар осының бәріне де құқылы.

«Қаршыға» тренердің осы кемшіл тұстарымен жұмыс істеп көрелік.

Тренердің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің маңызды құраушыларының бірі – оның төзімділігі.

Уинстон Черчилльдің кеңесі:

«Өмірдегі ең ұлы сабақ — ақымақтық та кейде дұрыс болатындығы туралы ойды қабылдауға негізделеді».

Тренердің «күрделі қатысушылармен» жүргізетін жұмысы — тренер кәсіпқойлығының «лакмус қағазы». Бұл ретте, бірден анықтап алатын жайт: «күрделі қатысушылар» термині — шартты атау. Бұл терминмен біз қатысушыларға сипаттама бермейміз, себебі «Клиенттікі әрқашан дұрыс», біз тренингте туындауы мүмкін жағдайды сипатаймыз. Сондайақ адамның әрекетіне тікелей жауап қайтаруға болмайды. Әрдайым оның әрекетінің мотивін анықтау қажет.

Ми шабуылы «Күрделі» қатысушылар іс-әрекетінің мотивтері мынадай болады:

  • тренингтен өтуге мотивацияның жоқтығы — «бізді осында жіберді»;
  • тренингке мәжбүрлі қатынасу;
  • қатысу-мәміле «тренингтен кейін сіз белгілі бір нәтиже берулеріңіз керек…»;
  • көңіл-күйдің нашар болуы, жеке проблемалар;
  • әріптестерінің, тренингке қатысушылардың алдында өз мәртебесін арттыруға деген ықылас;
  • қатысушы үшін сәтсіз таңдалған тренинг уақыты (жұмыстағы шұғыл істердің көптігі);
  • басқалар есебінен өзін-өзі танытуға үйреніп қалған «қаршыға» қатысушы;
  • тренердің кәсіби деңгейінің төмендігі.

Тренинг қатысушыларымен араласуда толеранттылықты қалыптастыру технологиялары.

«Сіз-тәсілдеме» жаттығу-технологиясы.

Технологияның мәнісі сіз өзіңізге және өз сұхбаттасыңызға ол айтқан көзқарасқа күмән келтіруге мүмкіндік беруге негізделеді. Бақылаңыз, пайымдау емес, өз позицияларыңызды айқындау үшін сіз қатысушыға қоятын сауал-күмән.

Мысал:

«Мен-тәсілдеме» «Сіз-тәсілдеме»
1. Қатысушы:

Мен сіздікі дұрыс деп санаймын.

Тренер:

«Сіз неліктен солай деп санайтындығыңызды білсем бола ма? Сізде белгілі бір тәжірибе әлде нақты фактілер бар ма»? (Егер қатысушы өз тәжірибесі туралы айтып жатса немесе нақты фактілер келтіретін болса, тренердің қоржынында өз мысалдары болуы тиіс. Пікірталасты әр ережеде өзінің ерекшеліктері бар екендігін айтып тәмамдауға болады).

2. Қатысушы:

Мен Сіз ұсынып отырған әдіс (жол, міндеттерді шешу алгоритмі) мінсіз емес деп есептеймін.

Тренер: 

Мүмкін. Табиғатта мінсіз жоспар немесе мінсіз жүйе табу қиынға соғады, келісесіз бе? Әр компанияның өз нюанстары, өз ерекшелігі, сайып келгенде, өз адамдары бар емес пе? Дәл осы себеппен сізге мінсіздендірілген модель ұсынылуда, Сіз оны өз компанияңыздың өзгешеліктеріне бейімдеп алып, ендіріп, сол бойынша жұмыс жасауыңыз үшін. Бастап көріңіз, мен әрқашан байланысқа ашықпын, кез келген сәтте кеңесімді беремін, бірге түзетіп аламыз.

3. Қатысушы:

Мен сіздің айтқанызды жүз рет жасап көрдім, ол жұмыс істемейді!

Тренер: 

Ал Сіз жағдайды нақтылап бере аласыз ба? Мен қазір айтып отырған технологияны Сіз қашан, қалай және кіммен (қандай жағдайларда) қолдандыңыз?

4. Қатысушы:

жеке мен үшін, Сіз мұнда айтып тұрған нәрселер баяғыда ұмыт қалған ақиқат.

Тренер:

Рахмет! Мен сіздің айтқаныңызды естідім. Онда, келесі модульге (сессияға) бірге модерация жасасақ қалай қарайсыз? Модульдің тақырыбы… Психологтардың айтуынша, басқаларға өз білімін бере алатын адам білімін одан әрі артттырып, талдау жасайды. Яғни, Сіз үшін — екі мәрте пайдалы болады.

 

«Алтын сөздер» жаттығуы

«Алтын сөздерді» пайдалану да «күрделі қатысушылардың» сауалдарына жауап беру кезінде пайдалы болуы мүмкін:

  •  «Мен Сізді түсініп отырмын, бірақ проблеманы басқа жағынан қарастырғым-ақ келді. Бұған не айтар едіңіз?»
  • «Мен Сіздің көзқарасыңызбен толықтай келісемін, бірақ Сізде тағы қандай да бір уәжіңіз бар ма?», «Айтыңызшы, Сіз айтып отырғаныңыз фактілерге қатысты ма әлде Сіздің жеке пайымыңыз ба?»
  • «Сіз солай деп айтып отырсаңыз, шүбәсіз, Сізде ол үшін негіздеріңіз бар. Соларды айтып бересіз бе, қандай?»
  • «Білесіз бе, мұның бәрі өте қызықты, бірақ Сіз менің уәждерімді де тыңдағаныңызды қалар едім».
  • «Мен білемін, Сіз өте парасатты адамсыз және мені мұқият тыңдасаңыз, сіз дұрыс қорытынды жасайтындығыңызға сенімдімін. Міне, тыңдап көріңіз…»
  • «Мынадай мақалды білесіз бе? Өз көзқарасын не өлген адам, не ақымақ өзгертпейді. Алайда Сізге қатысты, әрине, біріншісін де, екіншісін де айта алмаймыз. Мені тыңдап шығуыңызды сұраймын!»

«Пікірталас» рольдік ойыны:

Топ екі командаға бөлінеді. Командалар «күрделі қатысушылардың» екі репликасын (сауалын) дайындайды. Содан соң бір команда сауалдарын қояды, ал басқа команда жоғарыда қарастырылған амалдарды және олар (тренерлер) өз тәжірибесінде енгізген нұсқаларды пайдаланып, сол сауалдарға жауап береді.

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР