Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

5-ҚАДАМ. Эксперимент

Тренер қатысушылардан өз блокноттарында екі бағаннан тұратын кестені сызуды сұрайды. «Менің қатысушыларым қандай?» атты сол жақ бағанда және «Мен тренер ретінде қандаймын?» атты оң жақ бағанда қатысушылар үш сипаттамадан жазады. Содан соң, жауаптарды тыңдап (әдетте, қатысушылар сол жақ бағанда білім алушыларының тәжрибесі аз, кейде шыдамсыз болатынын, сын айтуға асығатынын және т.б. жазады, ал оң жақ (өзі туралы) бағанда жазатыны: түсінігі бар, ыждаһатты, кәсіпқой және т.б.) тренер бағандардың атауларының орындарын ауыстыруды сұрайды. Осы бағандарды алмастырып, қатысушылар тренингте өзара түсіністікке қол жеткізу үшін тренер, бірінші кезекте, өзінен бастауы тиіс екенін түсінеді.

Өсиет әңгіме:

Көп жыл бұрын Неапольдің вице-королі герцог Ассунский іссапармен Испанияға барады, жағада айыпталғандардың галерасы тұрады. Герцог бортқа көтеріліп, әр адамнан жасаған қылмысы туралы сұрайды. Біреуі үкімнің әділетсіз екені, басқасы айғақтар жалған болғанын айтты, тек үшіншісі былай деп жауап қатты: «Тақсыр, мен лайық болғаннан соң осындамын». Герцог таң қалады. Ол галера капитанына бұрылып: «Мына адамдардың барлығы айыпты емес, бірақ ішінде қылмыскер бар. Ол қалған барлық адамдарға адалдығын жұқтырмай тұрғанда, тезірек босатып жіберейік».

Біз ағаттық жасаймыз да, қатемізді мойындаудың орнына, өмір бойы өзімізді-өзіміз ақтаумен өтеміз. «Мен өз өмірімді өзім басқарамын. Өз ойымды басқаратын жалғыз мен және осы сәтте мен қандай адам болсам — сол адамды жасап шығарған мен өзім» — деп айтудың орнына, біз басқаларға кінә артып, орныққан жағдайларды ғана көреміз. Көшбасшысы – тренердің, Тұлға – тренердің ұстанымы ғана барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР