Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

БАҚ-тың меншік иесі мен ақпарат өндірісі және медиасауат даму процесінің ашықтығы (4 cағат)

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • «БАҚ жұмысының ашықтығы» туралы негізгі ақпаратқа қанығады;
  • медиа бизнестен пайда тауып отырған қожайынның кім екенін анықтаудағы қиындықтарды түсінеді;
  • ашықтық тетіктерін пайдалана отырып, аудитория алдында есеп беру үшін қолданатын құралдарды қолдануды үйренеді;
  • веб құралдардың көмегімен қазақстандық медиа ашықтығын сараптауды үйренеді.

Ватерлоу шайқасында Напалеонның жеңіліс тапқанын ең бірінші болып Ротшильд отбасының негізін қалаушы Натан білді деген қауесет бар. Шайқастың өту барысын оған өзінің адамдары Ротшильд бизнесі үшін асыраған кептердің көмегімен жеткізген. Ертеңгі күннің таңында Натан Ротшильд Лондон қор биржасына келіп өз акцияларын сатылымға шығарды. Биржадағы өзге брокерлер де солай істеді. Бір сәтте Англия, Австрия және Пруссияның құнды қағаздары құнсызданды. Бірақ демде Ротшильдің құпия агенттері оның бәрін сатып алды. Шайқастың нақты қалай аяқталғаны тек бір күннен кейін белгілі болды. Ол кезде Натан 40 миллион фунт стерлинг пайдаға кенелген. Осы аңызға негізделіп, медиа бизнестің танымал формуласы пайда болды:

«Кім де кім ақпаратқа иелік етсе, әлемге иелік етеді».

Бұл сөйлемнің негізгі тұжырымы – медиа сауатты адам әрқашан ақпаратқа кім иелік ететінін және оның өндірісі үшін не себепті ақша төлеп отырғанын білуге тырысуы тиіс.

1-ҚАДАМ. Медиа ашықтығының тұжырымы

БАҚ-тың ашық болу мәселесі, оған қаншалықты сенуге болатынын көрсетеді. Меншік иелері әдетте медиа арналарының редакция саясатына жиі килігіп, өздері жүргізеді. Медиа иесі ақпараттың беру сипатына да әсер ете алады. Әдетте меншік иесі заң жүзінде көрсетілгені емес, мүлдем басқа адам болып шығады.

Шындығында медиасауат бұл тұрғыда медианың меншік иесінің мүдделерін, оның иелігіндегі БАҚ контентіне және бұл бизнес меншік иесіне қалай табыс әкелетінін білумен тікелей байланысты.

Медиа ашықтығына қатысты концепцияның негізі ретінде Quill and Scroll (Қауырсын және қағаз) Халықаралық Құрмет қауымдастығының ұстанымын алсақ болады. Бұл қауымдастықты бұқараның пікірін зерттеу технологиясының негізін қалаған Джордж Х. Гэллап докторлық диссертациясын жазу кезінде Айова Университетінде құрған. Quill and Scroll ұсыныстары контент өндірушілер мен тұтынушыларға арнап әзірленген.

Осы ұсыныстарға сәйкес медиасауатты продюсерлер:

  • бұқаралық ақпарат құралының мазмұнына, өндіруге және оны таратуға экономикалық күштердің ықпалы бар екенін түсінеді;
  • өндіріп отырған контенті үшін тиімді медиа-платформаларды пайдаланады;
  • ақпаратты ұсыну жолына қатысты білдірген тұтынушылардың реакциясын ескереді, соған сәйкес контентке өзгеріс енгізеді;
  • әрдайым ашықтық пен есептілікке ұмтылады;
  • ақпарат өнімін жақсарту үшін тұтынушылармен қарым-қатынасқа шығудан қашпайды;
  • продюсердің ішкі ұстанымдары контенттің жасалуына әсер ететінін мойындайды;
  • медиа заңдарына сәйкес әрекет етеді (мысалы, жала жаппау, жеке өмірге бас сұқпау).

Медиасауатты тұтынушы өз кезегінде:

  • БАҚ негізінен медиаконтент арқылы пайда табуды көздейтінін мойындайды;
  • алып отырған ақпараттың растығына көз жеткізу үшін тиісті дереккөздерді іздестіреді;
  • коммуникация барысында пайда болатын сүзгілердің («қасақана бұрмалаушылар») рөлін ұғады;
  • шындық пен фактіні анықтау немесе бүркемелеу үшін қолданылатын визуал және риторикалық стратегиялар бар екенін түсінеді;
  • ақпаратты жеткізу барысындағы тұжырымдардың жеткіліксіз тұстарын бірден аңғарады;
  • кейбір БАҚ өкілдерінің жеке немесе кәсіби мүдделері бар екенін біледі;
  • ақпараттың астарына тереңірек үңілу үшін әртүрлі көзқарастарды табады;
  • БАҚ жетекшілері мен иелерінен ашықтық пен жауапкершілікті талап етеді;
  • әлеуметтік желі, редакцияға хат жолдау немесе басқа да тәсілдермен продюсерлерге хабарласады;
  • тұтынушылардың жеке ұстанымдары медианы тұтынуға әсері бар екенін мойындайды.

Демократиялық елдер тәжірибесін ескере отырып, БАҚ-тың ашықтығын көрсететін құралдарға төмендегіні жатқызуға болады:

Батыс демократиясындағы БАҚ ашықтығы құралдарының мысалдары
Дәстүрлі БАҚ Цифрлы
Журналистер туралы ақпарат Жаңалықтар бөліміндегі кездесулер мен конференциялардан тікелей видео трансляция
Этика кодексі Редакциядағы пікір алмасулар туралы блогтар
Редакцияның ақылдастар кеңесі Комментарийлер
Мекен-жайы Болашақ тақырыптар мен редакция шешімдеріне қатысты туиттер
Аудиториямен кездесу Қатенің себебі жайлы ақпарат
Ақпараттың дереккөзі, жарнама материалды атап көрсету Ең көп оқылғандар
Қателерді көрсету Дереккөзге сілтемелер
Редакцияға жолданған хаттар Қолданушылар жасаған контент

Media Accountability and Transparency in Europe құжаттарынан ықшамдалып алынды

Барлық елде журналистика әртүрлі жолмен қаржыландырылып, қолдау табады: жарнама, мемлекеттік салық және лицензия алымдары, филантропия, жазылым, көру үшін ақы төлеу, краудсорсинг.

Қазақстан медиа нарқының ерекшелігі – тікелей мемлекет тарапынан реттеліп, нарық заңдарына бағынбайтындығында. Медиаға арналған қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз мамандар мемлекеттік қаржыландыру жүйесін төмендегідей себептер бойынша сынға алады:

  • мемлекет құрылымдары имиджді көтеруге бағытталған жобаларға баса көңіл аударады және лоттарды үлестіру ашық емес;
  • мемлекет тапсырысын орындаушылардың есептері ашық емес;
  • тапсырыс берушінің редакция саясатына араласуы;
  • мемлекет тапсырысы бойынша әзірленген мақалалар мен редакция әзірлеген мақалалар арнайы белгіленбейді (осының салдарынан БАҚ-қа деген сенім азайып барады)

В качестве четвёртой власти СМИ играют важнейшую роль в обеспечении подотчётности правительства и прозрачности для общества его деятельности. Чрезвычайно важно, чтобы журналистика добровольно принимала на себя такие же обязательства.

Халықтың «көзі мен сөзі» ретінде БАҚ биліктің қоғам алдында есеп беруі және ашық болуын талап етудегі маңызы үлкен. Сол себепті журналистика өзіне осы жауапкершілікті ерікті түрде алғаны абзал.

«XXI ғасыр журналистикасы өзінің маңызын сақтап қаламын десе, бірінші кезекте ақпаратты дәл жеткізуге емес, ашықтық пен тәуелсіз болуға ұмтылуы тиіс»,

— дейді танымал испан социологы, постақпарат қоғамындағы коммуникация маманы Мануэль Кастельс. Сонымен қатар, оның ойынша журналист репутациясы ақпарат дереккөздерінің шынайылығы мен оған қол жеткізу контекстінде.

Қазақстандағы көптеген медиа ұйымдар қаржы-өндіріс топтарына тиесілі. Соның өзінде БАҚ-тың түпкі меншік иесі көпшілікке беймәлім әрі үкімет бұл ақпараттың ашық болуына күш салып отырған жоқ. БАҚ-тың меншік иесіне қатысты тақырып бұқара тарапынан үнемі қызығушылық тудырады. Дегенмен ол туралы жазылған ақпараттарда дереккөздер көрсетілмеген, автордың тұжырымдары тұспалдарға және анонимді сұхбаттарға негізделген.

БАҚ меншік иелерін заң аясында ретке келтіру тек оларға қатысты ақпаратты көпшілікке жария еткенде ғана мүмкін болмақ. Халықаралық тәжірибеде бұл арнайы антитраст және жалпы заңдар көмегімен заң аясында реттеледі. 2015 жылы Украинаның Жоғары Радасы БАҚ иесі мен одан пайда көріп отырғандар туралы ақпаратты жария етудің механизмдері қарастырылған арнайы заң қабылдады:

  • оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлғалары бар телеұйымдардың жұмысына және құрылуына тыйым салу;
  • ақпарат жеткізуші (телерадиоұйымдар мен бағдарлама қызметін ұсынатын провайдерлер) субьектілерді меншік иесіне қатысты шынайы құрылым туралы және бұдан пайда көріп отырғандар туралы нақты ақпаратты жариялауға міндеттеу.

Осыған ұқсас заңдар Грузияда және ішінара Молдовада жұмыс істейді.

Қазақстандағы медиа ресурстардың меншік иесіне қатысты ақпаратты табу оңай емес. kgd.gov.kz, goszakup.gov.kz, egov.kz, whoiz.kz, dfo.kz, office.sud.kz және тағы басқа ашық ресурстардан Google Advanced Search көмегімен іздеп, табылған ақпаратты сараптау үшін арнайы білім мен дағды керек. 2015 жылдан бері Әсел Джанабаева медиабизнестен пайда көріп отырғандарға қатысты журналистік зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізді. «Радиоточка» порталында «Қазақстанға кім иелік етеді?» деген арнайы айдарды жүргізді. Бұл бизнес иелерінің де, медиа ресурс қожайындарының да шамына батты. Соңында әртүрлі себептермен портал жабылып, жазылған материалдар да қолданушыларға көрінбей қалды. Ашық деректерден ақпаратты қалай іздеу керек дегенге қатысты нұсқаулықты Әсел Джанабаева “Доступность KZ” мақаласында хабарлап, қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін кем дегенде 22 рет тінтуірді шерту керек дейді.

Алайда медиа эксперттің ойынша ең үлкен мәселе – кейбір бизнесмендер туралы (Мысалы, Кеңес Рақышев, Зейнулла Кәкімжанов, Тимур Құлыбаев) және президент отбасы мен мүшелері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті отбасы басшылары жайлы зерттеу жасауға болмайтын келісімнің бар екенінде. Олар туралы ақпарат «ашық» деп саналатын деректерде де жарияланбайды.

Goszakup.gov.kz сайтын қолданудың мысалын журналист В.Борейконың «Тендер волонтеров» деген зерттеуінен көруге болады.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Қатысушылар бес адамнан топқа бөлініп, өз қалаулары бойынша бір онлайн медианы таңдап, ашық деректердің көмегімен оның меншік иесін анықтайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР