Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

2-ҚАДАМ. Медиа ашықтығының құралдары. Контактілер, редакция саясаты, этика кодексі.

Өз жұмыстарына қатысты келгенде посткеңестік елдердегі БАҚ жұмыстарында ашықтық жоқ. Өз тұтынушыларына ақпаратты қалай жинап, жеткізетіні белгісіз. Жарнама сипатындағы немесе мемлекет тапсырысымен жарияланған мақалаларға арнайы ескерту белгі қоя ма? Қазақстандағы медиа индустрия өкілдеріне осы сауалды қойғанда ондай белгі қоюды міндеттейтін арнайы заңның жоқтығын алға тосады. Алайда біздің ойымызша өз басылымына сенімді күшейткісі келетін редакция бұл мәселені өз ішінде шешуі керек деп санаймыз.

Әдетте редакция сайттарында жарнама берушіге арналған өздері жайлы ақпарат және телефондары, мекен жайы және жұмыс уақыттары көрсетілген. Біздің ойымызша егер сайтта медианың иесі жайлы ғана емес, сонымен қатар контентті жасаушылардың қайдан келгені, үздік жарияланымдары, кәсіби жүлделері, қызығушылықтары туралы ақпарат қызықты ұсынылса, оқырманның контент жасауға құлшынысы артып, аталған басылымға деген сенімнің күшеюіне түрткі болар еді.

Бұқараға арнап жарияланған редакция саясаты тұтынушылардың сеніміне ие болу үшін маңызды. Бұл материалды дайындағанда қолданатын арнайы нұсқаулық емес (көбіне сондай сипаттағы мәтінді сайтқа жариялайды), аудиториямен қарым-қатынас түзуде редакцияда пайда болатын қиындықтарды еңсеруге арналған редакция ережелері. Қазақстандағы медианың бәсекелестігіне алдын ала ескеруі қиын факторлар әсер еткендіктен кейбір басылымның басшылары редакция саясатын қабылдаудан қасақана бас тартады:

— Бізде редакция саясаты деген тәрізді түсінік жоқ. Әрбір он бес минут сайын өзгеріп жатқан трендті қадағалап отырып, түзетулер енгізіп отырамыз. Біздің уақытта бір ғана саясатты ұстанып жұмыс істеу мүмкін емес, себебі ережелер тез өзгеріп, ескіріп жатыр.

Біздің редакция саясатымыз бір сағатта төрт рет өзгеруі мүмкін, — дейді порталдың бас директоры Қуат Бахриддинов.

Сайтты қолдануға қатысты ереже https://express-k.kz/rules.php
Материалды қолдануға қатысты келісім https://forbes.kz/pages/agreement

Дереккөз: https://www.azattyq.org/p/4511.html

Редакция саясатының ең маңызды әрі ажырамас бөлігі «корпоративті әдеп кодексі». Қазақстанда кодекстерді қабылдауға қатысты теріс түсінік басым. Себебі кодекстер кәсіби ортаның өз ішінен емес, жоғарғы жақтан әзірленіп, күшпен таңылып келді. Бұл жайлы модуль авторы 2012 жылы Қазақстан журналистерінің этика кодексі қабылданғанда жазған еді (9).

Алайда дамыған демократия елдерінде этика кодексінің болуы – жоғары кәсібиліктің көрінісі. Мысалы, BBC компаниясы мемлекетке де, жеке бизнеске де тиесілі емес. Бұл корпорацияның мақсаты пайда табу, бұқара санасына әсер ету емес, көпшіліктің сұранысына сәйкес ақпаратты қанағаттандыру. Қазақстан нарығында қоғамдық БАҚ болмағандықтан BBC редакция саясатындағы құндылықтарға назар аударған жөн.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған онлайн басылымдармен жұмысты әрі қарай топ ішінде жалғастырамыз. Аталған ресурста контент жасаушы журналистер, дизайнерлер, контент-менеджерлер т.с.с. ақпарат қалай берілгенін қараймыз. Редакция саясаты, этика кодексінің үлгілерін талдаймыз.

3-ҚАДАМ. Журналистік материалдарды әзірлеу барысындағы ашықтық: ақпараттың дереккөзі, мемлекеттік тапсырыс, пиарға қатысты материалдарды арнайы ескерту, қолданушы контенті.

Медиасауатты аудитория үшін алып отырған ақпаратқа қаншалықты сенуге болатынын білу маңызды. Контенттегі ашықтық оны оқи бастаған сәтте ішіндегі ақпараттың рас өтірігін сілтемелерді ашып, тексеріп көруден басталады.

Бұқараға сонымен қатар ақпараты қайсы, жарнама көмегімен манипуляциялап тұрғаны қайсы екені анық болуы тиіс. Жаңалықты жеткізушілер коммерциялық контентті де белгілеп қою керек. Бұл мемлекет тапсырысы бойынша жарияланатын ақпаратқа да қатысты.

Оқырмандар контентке қатысты өз пікірін білдіріп, өзгелердің де көзқарастарын көргісі келеді. Сол себепті сайтта тұтынушылар әзірлеген контент UGC болуы маңызды. Бұған тұтынушылар түсірген фотосуреттер, видеофайлдар, пікірлер мен бағалары; рейтингтер, викториналар мен байқауларды т.с.с. жатқызуға болады.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған онлайн басылымдар бойынша жұмысты топ ішінде жалғастырамыз. Ресурстан бес жаңалық таңдап алып, ішінде балама көзқарастар бар ма, дереккөздері көрсетілген бе және тексеру үшін гиперсілтемелері бар-жоғын тексереміз. Сайтта қолданушылар пайдалануға болатын қандай контент бар екенін анықтаймыз.

4-ҚАДАМ. Редакция ішінде шешім қабылдау: тағайындаулар, редакция блогтары, редакцияға қатысты сот шағымдарын қарастыру процестері

Редакция ішінде болып жатқан оқиғадан хабардар оқырманның басылымға деген сенімі күшеюі мүмкін.

Әсіресе топ менеджерлердің тағайындаулары туралы білгені дұрыс. Қазақстанда қайдан шыққаны белгісіз редакторлар мен басшылардың тағайындалып жататыны рас. Мысалы, 2017 жылдың мамыр айында «Қазақстан БАҚ-тары шын мәнінде кімге тиесілі?» деген ресейлік REGNUM ақпарат агенттігіндегі мақаладағы есімдер сол салада қызмет ететіндер мен БАҚ оқырманы үшін бейтаныс адамдар болып шықты.

Қоғам қызығушылығын қанағаттандыратын келесі бір құрал — редакция блогтары. Оқырмандарға редакция ішінде болып жатқан өзгерістер үнемі қызық. Өкінішке қарай, Қазақстан сайттарында төрт немесе алты жыл бұрынғы блогтар әлі өмір сүріп келеді. Сонымен қатар егер редакция үстінен бір сот шағымы түскен болса, бұл туралы да оқырмандарға хабарлап отырған дұрыс.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған онлайн басылымдар бойынша жұмысты топ ішінде жалғастырамыз. Тағайындаулар туралы ақпарат бар ма, жоқ па? Блогтар жаңарып тұра ма? Авторлары кім, не жайлы? Редакцияға қатысты сот шағымдары мен редакция ішінде өтіп жатқан өзге де жайттар туралы ақпарат бар ма?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР