Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

Модуль 4. Қазақстандағы БАҚ-тың ашықтығы және медиасауаттың дамуы

5-ҚАДАМ. Қатені жөндеу, қоғамдық кеңестер, аудиториямен кездесулер.

BuzzFeed атты америкалық медиа-порталдың ойынша, түзетулер екі себепті қажет. Біріншіден, біздің жариялап жатқанымыз шын болуы тиіс. Екіншіден, ашықтық – BuzzFeed ұстанып отырған басты құндылықтың бірі.

Stan.kz сайты оқиғаға қатысы жоқ “Ақбөбек” лагерінің фотосын жаңалықтың көрнекілік суреті ретінде қолданған. Жоғарыда редакцияның сол ағат ісі үшін кешірім сұраған хабарламасының скрині берілген.

Stan.kz редакциясы ақтөбелік балалар жазғы лагерінде болған келеңсіз жағдаят жайлы хабарында Маңғыстау облысындағы “Ақбөбек” лагерінің суретін пайдаланған еді. Әрине, бұл “Ақбөбек” жазғы лагерінің беделіне нұқсан келтіріп, лагерь жайлы жағымсыз пікірлер қалыптастыруы мүмкін. Stan.kz редакциясы қателігін мойындап, лагерден ресми түрде кешірім сұрап хабарлама жариялады.

Медиа ашықтығының алтын ережесінің бірі: егер қателік материал мазмұнын елеулі өзгертсе, сайттағы барлық жерде түзетілу керек. Өзін құрметтейтін редакция тек түзетіп қоймай, қатені көрсеткен қолданушыларға да алғысын білдіреді.

БАҚ ашықтығының тиімді құралдарының бірі қоғамдық кеңес пен аудитория арасында кездесулерді ұйымдастырып отыру. Кеңестің басты қызметі – кәсіби этика тұрғысындағы шиеленістерді шешу; бұл шешімдердің заңды күші жоқ және екі жақ бұл шешімді ерікті түрде орындайды.

Мұндай кеңестерді корпорация, мемлекет қолдауы мүмкін. Мәселен, Ресейде ақпараттық дау-дамайлар туралы Сот палатасын мемлекет қаржыландырады, Ресей журналистер одағының үлкен әділқазылары, Баспасөзге бағытталған шағымдардың қоғамдық коллегиясы. Қазақстанда мұндай ұйым қалай қызмет етіп, жұмыс істеуіне қатысты бір тұтас түсінік қалыптаспады.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған онлайн басылымдар бойынша жұмысты топ ішінде жалғастырамыз. Қатені түзету қызметі бар

6–ҚАДАМ. Аудиторияға арналған интерактивті коммуникациялар: пікір қалдыру, форумдар, әлеуметтік желі аккаунттары

Комментарийлер қолданушылардың сыни ойлау дағдыларына әсер етеді. Қазақстанда жаңалықты, мақаланы немесе өзге де материалды талқылау үшін міндетті түрде авторизация жасау керек. Көптеген медиа пікір қалдыру функциясын сөндіріп тастаған және әлеуметтік желідегі акаунттарда пікір қалдыруды ұсынады.

Дегенмен 2013-2016 жылдар аралығында трольдердің көптігінен халықаралық тәжірибеде пікір қалдырудан жаппай бас тарту кезі байқалған. Web 2.0 аудиторияға тұтынушыдан контент тудырушыға айналуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар анонимді қолданушылар тарапынан негізсіз пікірлердің де көбейіп кетуіне әсер етті. Аудиторияның қатысымын күшейту маңызы артқан кезде бұл мәселе өз шешімін қалай тауып жатыр?

Контент сапасы мен аудитория арасындағы байланысты бірінші орынға қоятын кейбір ақпарат құралдары бұл істі әлеуметтік желідегі акаунттары арқылы жүзеге асырады. Негізгі материалдары сайтта жарияланып, «көлденең көк аттының пікірінен ада» дейді А.Мирошниченко. Қазақстанда informburo.kz, vlast.kz және қазір жабылып қалған ratel.kz осы үлгіні ұстанды. Аудиторияның сапалы пікір талқысынан гөрі сайтқа көбірек трафик әкелгісі келетіндер пікір қалдыруға рұқсат беріп отыр.

Қазақстанның әлеуметтік медиа пайдаланушылары әлеуметтік желілердегі жарнаманың әлеуетті тұтынушылары ретінде:

Дереккөзі: https://www.slideshare.net/DataReportal/digital-2019-kazakhstan-january-2019-v01

Instagram Қазақстандағы танымал желі болғандықтан, көңіл көтеру сипатындағы басылымдар үшін тиімді. Іскерлік журнал мен газеттер, әрі салалық БАҚ үшін әрине Facebook тиімді құрал. Осы әлеуметтік желіде Қазақстанда пікірге ықпал етушілер, ақпаратты таратушылар саяси және іскерлік сипатта пікірталқы өткізеді. Twitter сайтта жарияланған мақала немесе шағын ақпаратқа қызығушылық тудыратын анонс құруға жәрдемдеседі. Алайда, кестеге қарасақ, Қазақстанда бұл ресурста аудитория көлемі үлкен емес.

Осылайша, тәжірибелік жұмыс нәтижесінде Қазақстандағы ақпарат құралдарының ашықтық матрицасы әзірленеді:

 

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған онлайн басылымдар бойынша жұмысты топ ішінде жалғастырамыз. Таңдап алынған ресурстың әлеуметтік желі акаунттарында пікірлер, форумдар бар жоғын, оның мазмұнын сараптаймыз.

7-ҚАДАМ. Веб-сараптама БАҚ ашықтығын қалай жақсартады?

Ашықтық мәселесін тереңірек түсіну үшін цифрлы маркетингтегі ашықтық мәселесін тереңірек талдап көрелік.

Соңғы кездері тұтынушылардың назарына жүріп жатқан таластың себебінен трафик аналитикасынан назар аналитикасына, яғни соңына дейін оқу, қатысым және қатысушылардың әрекетін сараптауға көшті.

Өкінішке қарай, көптеген журналистер үшін «веб аналитика» мен «метрика» сөздері «сайтты қарау» сөзімен үндес сөз. Материалдың жақсы шыққанын көрушілердің санына қарап бағалайтын. «Кликке бейімділігі», «бір қолданушыға шаққандағы көру саны» және «сайтта өткізген уақыт» көрсеткіштері қолданушының оқырманға айналғанын көрсете алмайды. Кликке бейімділікке «жаға ұстатар» тақырып әсер еткенімен, мақаланың мазмұны мен оқырман қызығушылығы белгісіз болып қалуы мүмкін. Мұндай тәсіл кликбейтке ұрындырып, оқырманды алыстатуы ықтимал.

Оқырманға шаққандағы сайтты көбірек қараудың бір себебі оқырман өзіне керегін таппай, бір сайттан екіншісіне ауысып жүруінен де болар. Кейбір кездері мақала басындағы ірі сурет те аудиторияны алыстатуы мүмкін. Егер бұл орын алса, келесі жолы сайтқа қайта кірмеу мүмкіндігі жоғары.

Көп ретте Google Analytics және Яндекс.Метрика аналитика сервистері коммерциялық мақсатта қолдануға ыңғайлы болғанымен редакция контентін дәл бағалауға көмектеспейтінін естен шығарамыз. Көру мен оқу дегеніміз бір емес. Әрі аудиторияны өзіне қарату да тиімді емес.

Қолданушы назарын сараптауға арналған сервистердің көшін Еуропа мен АҚШ-та Chartbeat бастап тұр. Таяуда Қазақстанда жұмыс істей бастаған жобаның мақсаты – Қазақстан журналистикасын нығайтып, БАҚ онлайн аудиториясын өлшеуге үлес қосу. Алғашқы жылдың жарты айына Қазақстандағы 25 БАҚ Chartbeat сервисін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Жобаның ашықтығы мен мониторингі үшін Қазақстанның медиа эксперттерінен тәуелсіз қамқоршылар кеңесі құрылды.

Сервистің басты ерекшелігі неде? — Назар аналитикасы: қолданушылардың контентке араласуына көрсететін метрика жүйелері. Мәтіннің қай бөлігінен бастап оқиды, не себепті оқуды тоқтатады немесе жалғастырады.

Назар аналитикасы метрикасының маңызды бөліктері:

  • Соңында дейін скролдау: мәтінді соңына дейін қарап шыққан адам саны;
  • Оқып шығу: мәтінді оқып шыққан нақты адамдар саны;
  • Оқу уақыты: орташа есепте материалды оқуға қанша уақыт жұмсалды;
  • Рециркуляция: материалды оқып шыққан соң қанша оқырман келесі материалды оқуға көшті;
  • Виралдылығы: қанша қолданушы материалды әлеуметтік желіде бөлісті.

Контент сапасын төмендегідей метрика көмегімен бағалайды:

  • Қарап шыққандар саны;
  • Кликтер саны;
  • Соңына дейін скролдау тереңдігі;
  • Сайттағы уақыты;
  • Қолданушыға шаққандағы сайтты қарау (қарау тереңдігі);
  • Бас тартқандар саны;
  • Сессия ұзақтығы;
  • Трафик дереккөзі;
  • Лайк, бөлісу саны.

Әрбір материалды оқып шығуға арналған уақыт пен қолданушының материалды оқуға жұмсаған уақыты салыстырылады. Егер аз болса, қолданушыға қызықсыз болғаны. Егер көп болса, сайтты дер кезінде жабуды ұмытып кеткен болар. Медиа менеджерлердің көпшілігі редакцияның негізгі метрикасы ретінде қатысым және виралдылықты атап отыр.

Қатысым: оқуға кеткен уақыт және скрол тереңдігі. Оқуға кеткен уақыт шамамен есептелген уақытқа сәйкес болу керек. Оны скролдау көрсеткішімен бірге бағалау керек. Скролдау қолданушы сайттың қай жеріне дейін жеткенін көрсетеді. Егер скролдау тереңдігі 90-100% болса, материалды толық оқып шықты деген сөз. Скролдау деңгейі 25% немесе одан аз болса, оқырманға материал қызық болмады немесе өзіне керек ақпаратты мәтіннің жоғары жағынан тапты деген сөз.

Виралдылық: посты бөлісуі, лайктер мен комментарилер. Әдетте пайдалы, қызық немесе өзекті тақырыпты көтерген материалды бөліседі.64
Сайт парақшасында мақаланы оқып шығуда уақыты көп үзілмесе соғұрлым қолданушының қатысымы жоғары болды деген сөз.

Chartbeat: сайтты беттеуге және әзірлеуге тікелей қатысатын шығарушы редакторлар және сапалы аудитория санын көтеріп, жобасын дамытқысы келетін продюсерлерге арналған құрал. Chartbeat құралын жұмыста тұрақты қолдану арқылы сайттағы сессия ұзақтығын, қарау тереңдігін жалпы көрілім уақытын арттыруға болады.

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Таңдап алынған ресурсты тегін аналитикалық құралдардың көмегімен сараптаңыз alexa.com; olshem.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР