Модуль 8. БАҚ-тағы біржақтылықты айқындау бойынша тәжірибелік жұмыс

Модуль 8. БАҚ-тағы біржақтылықты айқындау бойынша тәжірибелік жұмыс

3-ҚАДАМ. БАҚ-тағы біржақтылық формалары (15 минут)

Бұқаралық ақпарат құралдары нақты саяси партияға, үміткерге немесе идеологияға қарсы шабуыл жасаған кезде біржақтылықтың кеңінен көпшілік талқысына көп түсетін формасы туындайды. Алайда біржақтылықтың өзге де таралған формалары көп:

  • Жарнамадағы біржақтылық, жарнама материалы оны берушінің мүддесінен шығу үшін таңдалады немесе жасалады;
  • Корпоративтік біржақтылық, материал БАҚ иелеріне ұнау үшін таңдалынады;
  • Тақырыптағы біржақтылық – барлық ақпарат құралдары жазып жатқаны үшін таңдалынатын материал әрі әлдекімнің шымбайына бататын, ар-намысына тиетін материалдан бойын аулақ салу;
  • Сенсация қуалаушылық – материалдар көбінде жұрттың үрейін тудыру үшін таңдалынады. Әсіресе, әуе және автомобиль апаттары кейбір ақпарат құралдарының негізгі мотивіне айналды;
  • Ықшамдалған біржақтылық – дәстүрлі емес, түсіндіруге біршама уақытты талап ететін көзқарастарды ығыстыратын, қысқа ғана жинақталған пікірлерді жариялау тенденциясы.

Сондай-ақ, белгілі бір нәсілді, дінді, жынысты, жас мөлшерін, сексуальды ориентациясын, этникалық тобын және жеке басын қолдау немесе даттау мақсатында көрініс табатын біржақтылық формасы.

Жаттығу: Біржақтылықты тексеру.

Өзекті, ақпараттық хабарламаны таңдап алыңыз. Алдын ала топтарға бөлінген тыңдаушылар әлгі ақпараттан біржақты ақпарат дайындауы тиіс. Біржақтылық формасын тренер таратып береді. Топтар өз ақпараттарымен таныстырады, тыңдаушылар біржақтылықтың қандай формасы пайдаланылғанын табады.

4-ҚАДАМ. Біржақтылықты айқындау тәсілдері (45мин)

Ричард Нильсонның зерттеуінде БАҚ-тағы біржақтылықты айқындау тәсілдері төмендегідей:

  1. БАҚ қызметкерлері, студенттер мен журналистердің саяси/мәдени қарым-қатынасының талдау.
  2. Журналистердің бұған дейінгі кәсіби байланыстарын зерттеу.
  3. Белгілі журналистердің саясат немесе өз міндеттеріне қатысты айтқан ой толғамдары мен пікірлерін жинау.
  4. Айтқан сөздеріне мониторинг жасау, іздеген тақырыптарына талдау жасап, мазмұнын айқындау.
  5. Саяси жаңалықтарда ұсынылған нөмірленген тізім элементтері.
  6. Жаңалықтар мен көңіл көтеру каналдары, саяси кандидаттар мен басқа да белсенділердің күн тәртібін салғастыру.
  7. Жарияланған оқиғадағы жағымды/жағымсыз бағалаудың көрініс табуына талдау жасау.
  8. Ақпараттық/көңілашар мазмұнына ықпал ететін жарнаманың қайнар көзін/мазмұнын салыстыру.
  9. Мемлекеттік үгіт-насихат деңгейінің талдау және жұртшылықпен байланыс (PR) бөлімінің БАҚ-қа ықпалын айқындау.
  10. БАҚ-та жиі көрініс беретін сарапшылар, спікер және мүдделі топтар мен ұсынылып отырған идеологияның сойылын соғушылардың ақпарат құралынан аластатылуының ара салмағы зерттелуі тиіс.
  11. Журналистердің ақысы төленген контенттері мен мақсатты топ алдындағы сөйлеген сөздерінің ықпалын сараптау.

4.1. Мүдделер тоғысының жақындасу ережелері

Әрине, біздің айтып отырғандарымыздың толық емес екені айқын. Дегенмен, бұл біз секілді медианың қарапайым пайдаланушысының анализі емес, зерттеу институттары қолданатын инструментарий. Не істеуіміз керек? Объективтілікті бір жақтылықтан қалай ажырата аламыз?

Бұл үшін жаңалықтар фабрикасының ішкі тіршілігіне үңілеміз. Соңғы уақытта жаңалықтарды өндіру – жоғары технологиялық процесті еске түсіреді, оған тіпті роботтар да қатыса бастады.

Сонымен біз фабрикадамыз. Қабылдау пунктіне жартылай дайын ақпараттар – ақпараттық агенттіктер, қоғамдық пікір көшбасшыларының әлеуметтік желілердегі жазбалары, өсек-аяң, ақпараттың алғашқы бастаулары, басқа БАҚ-тардың жаңалықтары, ресми баспасөз-баяны. Жаңалық өте көп, бірақ әртүрлі. Бұлардың қайсысы аудиторияға қажетті, қайсысы қажетсіз, қалай ажыратуға болады?

Жаңалықты таңдау кезеңінде оның объективті немесе біржақты екендігін байқауға болады. Егер, редактор (жаңалықтарды таңдаушы) объективті болса, ол аудитория үшін өзекті және маңызды жаңалықтарды ғана таңдайды.

Егер, редактордың көздеген жеке мақсаты болса, онда ол өзінің саяси, діни/басқа да көзқарастарына бағына отырып, ақпараттарды таңдайтын болады. Немесе көзқарасына емес, жеке бас пайдасы үшін жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты таңдау кезеңінде-ақ манипуляция жасауға болады: көпшілік арасында беделі жоқ адамды, өте беделді етуге, аса маңызы жоқ оқиғаны маңызды ету әбден мүмкін. Яғни, біз біржақтылықты медианың аудиторияның мүддесіне қаншалықты жауап бере алатындығымен айқындай аламыз.

Аудиторияның мүддесін әртүрлі әдіс-тәсілдермен айқындауға болады, оның бірі – мүдделер тоғысы.

Сонымен ақпарат алу күрделі әрі көптеген кедергісі және нюанстары бар шаруа. Негізгі үш кезеңі ерекшеленеді:

  1. Жаңалықты іздеу және қалыптастыру.
  2. Редакторлардың материалды іріктеуі (бұл гейткипинг (Gatekeeping) деп аталады).
  3. Күн тәртібін анықтау (Agenda Setting), яғни медианың ықпалымен өзекті деп аталатын ақпараттарды анықтау.

Жаңалықтар легіне әлемнің барлық оқиғалары түспейді. Сол себептен редакторлар өздерінің БАҚ аудиториясына қызық деп санаған ақпараттарды ғана іріктеп алады.

Сергей Штурхецкий
Сергей Штурхецкий
Медиаэксперт (Украина), кандидат наук государственного управления, доцент. Председатель Независимого медиапрофсоюза Украины. Автор и соавтор более 10 пособий по медиаграмотности, журналистской этики и безопасности, изданных в Украине, Казахстане и Кыргызстане.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР