Модуль 14.2. Медиа және стереотиптер. Өшпенділік тілі

Модуль 14.2. Медиа және стереотиптер. Өшпенділік тілі

4-ҚАДАМ. Материалды бекіту (15 минут)

Қазақстандық бұқаралық медиада қолданылған «өшпенділік тілінің» мысалдарына үңіліп көрелік.

Журналистиканың халықаралық орталығы MediaNet Facebook әлеуметтік желісінде қоғамдық өзекті проблемаларды талқылайтын және 10 мыңнан астам оқырманы бар, халық арасында пікірталас лидерлері атанған адамдардың жазбасындағы өшпенділік тілінің анализі негізінде жасалған зерттеу қорытындылары топтастырылған оқу құралын оқырмандарға ұсынды. Зерттеу авторларының бірі, социолог Серік Бейсембаевтың пікірінше: «жек көрушілік және агрессивті сынның садағына билік өкілдері, журналистер, қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар және қатардағы азаматтар ілініп отырған. Танымалдылықтың жауапкершілік артатыны да бар. Кейде жазбаларында сүрленген стереотиптерді пайдалана отырып, бір көргенге әзілдеп отырған сияқты болғанымен, әлеуметтік желілерде ксенофобиялық көңіл-күйді қалыптастыруға қалай үлес қосып жібергенін де білмей қалады:

«Онлайн-ортада жекелеген этникалық топтарға бағытталған өшпенділік тілінің белгілі бір деңгейде «нормасы» қалыптасқан секілді. Ондай сынның садағына көбірек ілінетіндер елдегі этникалық азшылықтар немесе көрші елдер. Ол этностардың аты жазбада аталып қалса болды, комментарийлерде оларға бағытталған жағымсыз стереотиптерден аяқ алып жүре алмай қаласыз. Бұл жағдай әлеуметтік процестің ауқымды көрінісі іспетті. Ол сананың этникалық дәрежеде оқшаулануымен және кейбір саяси оқиғалардың астарындағы ксенофобиялық қондырғылардың беки түсуімен тікелей байланысты».

Талқылау: Әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілі немесе стереотиптер қолданылған жазбалармен танысыздар ма? Бұл жазбалар туралы пікірлеріңіз қандай? Таныс адамның жазбасындағы мысалды талқылауға болады.

Түйін:

Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілдері тұрады әрі өзінің даму жолында мәдениетаралық коммуникацияның жарқын үлгісін танытып келеді.

Зерттеуші Ж.М.Ашимов мақаласында «Толеранттылық – бәріне және әркімге қатысты дүние», «көшпенділердің гені» дегеніміз, қоршаған ортамен үйлесімділікте және бейбітшілікте өмір сүру. Қазақ халқының әртүрлі мәдениет өкілдерімен байланыс орната алатын және оны дамыта білетін ерекшелігі мен қанмен берілген айрықша қасиеттері бар. Болжам бойынша, қазақ мәдениетаралық компетенцияға ие». Автордың сөзінше, этносаралық толеранттылықтың және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі Қазақстан Республикасын әлемге танытқан елдік брендіне айналды.

Ғалымның пайымдауынша, психологтар «бізді бір-бірімізге қарсы қоятын стереотиптер өзге этнос өкілдеріне деген менмен қарымқатынастар тудырады». Оларды күн сайын асқан шыдамдылықпен жоққа шығара білу керек. Өмірден алынған нақты мысалдар арқылы қалай жасауға болатынын және өзіңді қалай ұстауың керек, осыны бәріне үйрету және көрсете білу керек. Мәдениетаралық коммуникация өзара түсіністікті және мәдениетаралық қарымқатынасты жақсартудың әдістерін жасауға тырысып жатқан өз алдына бір этика, деп қортындылайды өз сөзін автор.

Түйін:

Медиасауаттың негізі ретінде медиа өнімнің мазмұнын сыни көзқараспен сараптау – түрлі мәдениет қауымдастығы өкілдері қатысқан шиеленісті баяндау барысында бір жақты ақпарат бермей, алдын ала асығыс байлам жасаудың алдын алады. Медиасауатты азаматтық қоғам арасында және ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында өзара түсіністікке және мәдениетаралық диалогқа ықпал етуші құрал ретінде тарату керек.

Ольга Королева
Ольга Королева
Журналист сайта Newreporter.org.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР