2-ҚАДАМ. Цифрлы құзыреттіліктер (10 минут)
«Цифрлы сауаттың 8 элементінің» негізін салушы америкалық Д. Белшоу желі пайдаланушыларының назарын цифрлы сауаттың әлеуметтік-мәдени және саяси контексіне аударады. Ол жаһандану дәуірінде және демократияның нығаюы мен болашақ дамуының тұрақтылығы үшін цифрлы дағдыларға үйретудің маңызын түйсінеді. Даг Белшоудің пікірінше, цифрлық мінез-құлықтың, цифрлы сауаттың бірыңғай стратегиясы жоқ. Бұл нормалардың барлығы мәдени жағдаяттар мен әлеуметтік контекстерге, тіпті пайдаланушының жасына тікелей байланысты.
Цифрлы сауаттың мүмкіндігі:
Факторлар:
|
Авторитарлық режим адамдардың тәжірибе жүзінде сауатын жетілдіруге қол байлау бола отырып, жалпылай коммуникация технологияларына қол жеткізуге бөгет болуы мүмкін. Ондай режим коммуникация технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді, алайда олардың цифрлы инструменттерді қолдану барысын кейде жасырын, кейде ашық аңдитын болады. Егер журналистер мен блогерлер режимге қарсы келсе, оларды тұтқындауы, тіпті жазалауы мүмкін. Сол үшін де тұрғындардың барлығы оларды қалай аңдитынын білуге тиіс. Цифрлы инструменттер көмегімен олардың іздеу тарихы мен кликтерін, симпатиясын айқындауға болады.
Контент жасау барысында VR (virtual reality – виртуальды шындық) және AR (қосымша шындық) секілді технологиялардың танымалдығы артады. Бұларды тек медиа әрі цифрлы сауат құралдары арқылы ғана «оқу» мүмкін болмақ. Сондай-ақ, VR және AR аралас шындыққа (MR mix reality) айналатындықтан біз осы бір төңкеріс әлеміндегі сауат түсінігін қолдануға дайын болуымыз керек. Мәселен, Қазақстанда blockchain технологиясын енгізу көзделуде. Демек, цифрлы сауат құзыреттілігін меңгеру қажеттігі одан сайын тереңдей түсуде.
Сонымен қатар, жасанды интеллектің (AI artificial intellect) жылдам қарқынмен дамып жатқаны сондай, біз оның ерекшелігін сезінбестен, күн сайын жетістіктерін пайдаланып жүрміз. Боттардың қызмет көрсетуі қалыпты дүниеге айналды. AI креативті жұмыс орындары мен сервистерді ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда цифрлы сауат, әсіресе креативтіліктің маңызы арта түсті. Сонымен бірге, интернетте «өшпенділік (ғадауат) тілі», қатігездік және моббинг өршіп барады. Троллинг, «фишинг» және зұлымдықтың басқа да формалары кеңінен таралуда. Бұл проблеманы шешу жолдарының бірі – желіде «нетикет» деген атаумен белгілі мінез-құлық ережелерін игеру.
Ақпараттық технологияның өсу қарқынына орай, цифрлы сауаттың маңызы арта түспек. Шығармашылыққа деген әлеуметтік сұраныс дезинформация мен манипуляцияны қаруға айналдырған жаңа экономика мен саяси білім деңгейіне орай өсе бермек.
Бізге цифрлы сауат не үшін керек?
Адамзат қоғамы ұзақ уақыт бойы «Мен ойлай аламын, яғни өмір сүремін»,- деген Декарттың идеясымен өмір сүріп келсе, бұдан былай бұл парадигма «Мен интернетте қарым-қатынас жасай аламын, яғни өмір сүремін»,- деген идеямен алмасты.
«Мен интернетте қарым-қатынас жасай аламын, яғни өмір сүремін».
Интернет өмірдің негізгі мәніне айналған; техникасы дамыған қоғамда балалардың 90%-ы уақыттарын әлеуметтік желіде өткізетін; құндылықтар репрезентативті идеяға айналған әлемде медиа мен цифрлы құзыреттілік қоғам өміріне араласуға мүмкіндік беретін білім берудің, азаматтық тәрбиенің, қажетті «сауаттың» мәселесіне айналды.
Дәл осы себепке байланысты өмірімізге дендеп еніп жатқан Web 3.0 дәуірінде уытты дәрі ретінде және айналаны түсініп, ұғуда сергектік таныту үшін медиасауат қажет.
Цифрлық сауат дегеніміз не? Цифрлық сауат – технологиялық ноу-хаудан да ауқымды. Оның ішіне жұмысымыз, оқуымыз, демалысымыз бен күнделікті тұрмысымыздағы кең көлемді этикалық, әлеуметтік және рефлексиялы әрекеттеріміз кіреді.
Тәжірибелік тапсырма:
Білім саласындағы технологияның халықаралық қауымдастығының (ISTE) студенттерге арналған цифрлы сауат стандартын сараптаңыз. Осы компетенциялардың қайсысын игеріп, іс жүзінде қолданып жүргеніңізді әңгімелеп беріңіз (15 минут).
Білім саласындағы технологияның халықаралық қауымдастығы (ISTE) студенттерге төмендегідей стандарттар әзірледі:
|
Цифрлы компетенциялар: қолдану, түсіну, жасау.
Дәстүрлі ақпараттық технологиялық сауат түсінігі цифрлы қоғамға толық араласу үшін қажет, бірақ бұл жаңа дағды мен компетенциялардың бір бөлігі ғана:
Қолдану – негізгі техникалық дағдылардан бастап іздеу жүйелерін және бұлттағы сақтау қорларын қолдана білуі Интернетте жұмыс істеп отырғанда жасалған шешімдерді, цифрлы медианы сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.
Түсіну – желі технологиясы әдетіміз бен қабылдауымызға, сенім мен сезімге әсер ететінін ұғу. Бірлесіп жұмыс істегенде және шешім қабылдағанда ақпаратты тиімді пайдалануға және білімді ұштауға дайындайды.
Жасау – онлайн-ойындар, пікірталас форумдары мен блог арқылы оқырманмен пікірлесу, мультимедиа тәрізді көптеген цифрлы медиа-құралдарды тиімді басқарып, контент жасау мүмкіндігі. Цифрлы сауатты дамытып, арттырып отыру өмір бойына жалғасады.