Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

5-ҚАДАМ. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын сараптау (15 минут).

Тәжірибелік тапсырма: «Қазақстанда азаматтарды цифрлы оқыту басталды» мақаласын оқыңыз және сілтеме бойынша «Цифрлы Қазақстанға» қатысты инфографиканы табыңыз:

Дереккөзі: https://digital.report/ekonomicheskaya-effektivnost-gosprogrammyi-tsifrovoy-kazahstan-glazami-chinovnikov-i-biznesa/

Осы дереккөзге сәйкес 2021 жылы Қазақстандағы цифрлы сауат көрсеткіші 81,5 % болады.

Талқылауға арналған сауалдар:

  • Цифрлы сауатты дамыту мәселесін кім және қандай мақсатпен көтеріп отыр?
  • Жарияланымда қандай цифрлы дағдылар ескерілмеген?
  • Қазақстандағы цифрлы сауатты көтеруге қатысты мәлімет қандай деректерге сүйеніп жасалған деп ойлайсыз?
  • Қазақстанда күнделікті өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлау және азаматтық белсенділікті дамытудың қандай стратегиялары керек деп ойлайсыз?
  • Бұл бағдарламаның жүзеге асуына қатысты болжамыңызды негіздеңіз.

Түйін: Цифрлы сауатты дамыту – күрделі процесс. Бұл құбылысқа қатысты бар сауалдардың бәрін қамтитын ортақ құрылым немесе үлгі болмай тұр. Күмәнді ресурстардан сенімсіз деректерді айқындай алу дағдысы цифрлы сауаттың өзегі.

Жергілікті және мемлекеттік бастамалар жаңа коммуникациялық технологияларды меңгеруде жалпы анықтаманы нақтылаудан әрі аса алмай отыр. Цифрлы революцияның гуманитарлы қуатын ескере отырып, демократияны дамыту үшін азаматтардың цифрлы қоғамға араласуын ұлғайтуға мән берген жөн.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР