Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Тапсырма-2 (уақыты – 10 минут):

Қатысушылар бірнеше адамнан екі топқа бөлінеді. Әр топ екі мақаламен танысып шығады:

  1. «Әйелді ұрма, сағы сынады»…
  2. «Ер мен әйелдің бір-бірінен айырмашылығы неде?»

Талқылауға арналған сауалдар:

  1. Мақаладағы мазмұн берілген тақырыппен қалай сәйкеседі?
  2. Әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мақала авторының негізгі көзқарасы қалай?
  3. Сіз «рұқсат етіледі» және «шарасыздықтан рұқсат беруге болады» түсініктерінің арасындағы айырмашылықты байқадыңыз ба?
  4. www.islam.kz сайтындағы «Ер мен әйелдің бір-бірімен айырмашылығы неде?» мақаласында автор әйел мен еркектің қарым-қатынасын қалай түсіндіреді?
  5. Мақала авторларының қайсысының көзқарасы гендерлік тепе-теңдікті ұстанған?
  6. Бұл мақалалармен танысқан оқырманның қиялында әйел образы қалай қалыптасады?
  7. Сіздің ойыңызша, әйелдің ақылы мен санасы жайында қаншалықты объективті баға беріледі?

Түйін

Діни концепцияларда негізінен патриархальды көзқарас басымдық танытты. Тарихи тұрғыдан әйелдерге екінші дәрежедегі рөл бөлініп келді. Олардың әлеуметтік дәрежесі еркектерден біршама төмен болды. Иерархиялық сатыға өрлеу жолы да өте қысқа. Әрине, рас-өтірігі әлі дәлелденбеген Папа Иоаннаның әйел екендігі туралы тарихи анекдот еске түседі. VIII Папа Иоанн еркек болмады деген ойдың өзі ұят, тұрпайы әрі күлкілі. Әйелдердің шіркеуде қызмет етуі мүлдем бертін басталды. Әрі бұны шіркеулердің барлығы бірдей қолдаған жоқ. Бұның өзі жалпы адами құндылықтардың мүлдем басқа арнаға ойысқанының арқасында мүмкін болды.

Әрине, шіркеу антропологиясын ақтара отырып, тіпті қылышынан қан тамған заманның өзінде гендерлік теңдікті қолдаған беделді адамдарды көптеп табуға болады. Мәселен, Василий Әулие: «Әйел еркекпен бірдей, Құдайдың қалағанындай түр мен келбетке және құрметке лайық. Еркек пен әйелдің жаратылысы бірдей, екеуі де бірдей құрметке ие» десе, Григорий Богослов: «Еркек пен әйелді жаратушы біреу, бір батпақтан, бір мүсіннен жаратылды. Бір өлім, бір жексенбі», — деп жазады (Слово, 37:6). Алайда бұндай ойлардың үні өте баяу еді, сөйтіп «Әйелі күйеуінен қорқуы керек» (Ефес. 5:33) деген апостол Павелдің қатыгез жүрегіне жол таба алмады. Патриархальдық көзқарас тұрғысынан бұл цитата айтарлықтай бұрмаланып түсіндірілді – күйеуін тыңдамаған әйелдер үшін қатал жаза күтіп тұрды. Яғни, тұрмыстық деңгейдегі зорлық-зомбылық (бұл тақырып жеке қарастырылатын болады) бір кездері құндылықтар жүйесіне айналған жалпы тұрмыстық салттың жалғасы немесе салдары екендігін мойындауымыз керек. Халық мақалдары мен мәтелдерін еске түсірейік:

«Ұрады, яғни сүйеді», «Қатынды бастан» (әйеліңді жас кезінде ұрсаң, қартайғанда өмірің жайлы болады); «Щи ыстық, ботқа майлы болсын десең, әйеліңді түсте ұр, кешке ұр».

Бүгінде бағыт-бағдар өзгерді, сондай-ақ шіркеудің бұл мәселеге қатысты көзқарасы анық әрі айқын қалыптасты. Православие.ру сайтындағы священник Афанасий Гумеровтің түсіндірмесіне назар аударып көрейік:

«Әулие Павелдің Ефестерге Жолдауын аудармашы біршама бұрмалап жіберген. Мәселен, грек тіліндегі phobitai сөзі бірнеше мағынаға ие: құрметтеу, ілтипат білдіру және қамқорлық көрсету мағыналарын да береді. Славяндық етістік «боятися» сөзі де осындай мағыналарға ие. Апостолдың осы мағынада жолдау жасағаны күмән тудырмаса керек. Егер өлең жолдарын толығымен оқысаңыз бұған көзіңіз жете түседі: «Так каждый из вас да любит свою жену, как самого себя; а жена да боится своего мужа» (5.33) (Сіздердің әрқайсыңыз әйелін өзін жақсы көргендей жақсы көреді, әйелдеріңіз де өз күйеуін құрметтейді (қорқады). Күйеуі әйелін өзіндей жақсы көруі тиіс. Ондай махаббат үстемдік пен қорқынышқа құрылмауы тиіс. Егер барлық бесінші бөлім мен жолдаудың соңғы өлеңдерін мұқият оқысаңыз әйел мен еркек арасындағы құрмет туралы түсініктің рас екендігіне көзіңіз жете түседі».

Қазіргі клерикалды интерпретация өзгеше түсіндіріледі. Қараңғы дәуірде әйел барлық зұлымдықтың бастауы әрі жалмауыз арбаушы, арамдықтың қайнар көзі саналды. Сол түсінік әлі күнге дейін біздің санамызда қалып қойған. Шіркеудің түсіндірмелері өзгеруде, олар гендерлік мәселеге де мән бере бастағаны анық. Дегенмен, бұдан қандай да бір керемет нәтиже күтудің де қажеті жоқ. Қалай дегенмен де, діни дүниетаным жүйесі – мыңдаған ғасырлық патриархальдық үстемдіктің нәтижесі. Бұның қаншалықты жақсы немесе жаман екендігі туралы – пікірлер әрқилы.

Діни қайраткерлердің көзқарасы әрқилы. Кейбір жағдайларда олар гендерлік мәселеде толеранттылық танытса, өзге жағдайларда – олардың көзқарасы тым радикальды, сөйтіп біз шешімін таппаған проблемалар жеткілікті.

Жалпы, мұндай мәлімдемелер – діни, саяси, тіпті феминистік радикалдардың барлығына ортақ. Қазір жабылып қалған «Радиоточка» сайтында «Феминисткая лига» қоғамдық ұйымының президенті әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі Қазақстан еркектерінің 90% -ы летаргияға шалдыққандығын (яғни тым босбелбеу әрі ынжық) екендігін дәлелдеді деп қойып қалды.

Жеке көзқарасыңды дәлелдеймін деп тым шектен шығуға болмайды. Кез келген мәселеде абсолютті шындық деген болмайды, оны табу қиынға түседі.

Тапсырма-3 (уақыты – 10 минут)

Журналист Ләйла Сұлтанқызының «Лəйлə Сұлтанқызынан жаңа тұрмыс құрғандарға 10 кеңес» мақаласын талқылаймыз.

Талқылауға арналған сауалдар:

  1. Аталған мақалаларда сексистік көзқарастар бар ма?
  2. Сізге ұсынылған материалдардың қай тұсымен келісер едіңіз?
  3. Ләйла Сұлтанқызының материалы «ішкі сексизмнің» мысалы бола ала ма?

Түйін

Қазақстандағы діни ғалымдардың барлығы дерлік әйелдердің еркектерге бағынуы керектігі жайында айтады. Бізге оны жұмсақтап, өз күйеуіңді құрметтеп, сыйлау тұрғысынан жеткізеді. Ал одан тұрпайылау түрде әйелдің ерге сөзсіз бағынуы, оның аяғындағы шаңды тіліңмен тазала, онда тұрған не бар деген сияқты формада жеткізеді. Келесі бейнеде Насибова әйелін өмір бойы қорлап, тепкінің астына алып келген күйеуі қайтыс болған әйел туралы пікірлеріне құлақ асып көрелік:

Видеоның 7 минутында күйеуін ақтық сапарға шығарып салып жатқан ол уағыз айтушыға күйеуінің тиран болғанына қарамастан, ол оның қасында болғысы келетіндігін енді түсінгендігін айтады. Өйткені, әйел еркексіз өмір сүре алмайды.

Мұндай мәлімдемелерді ізгілік немесе адамшылыққа сияды деп айта аламыз ба?

Отбасында кім бас бола алады деген күрделі сауалға қатысты христиандар мен мұсылмандардың пікірі бір жерден шығады. Феминистік ұйымдардың көзқарасы бұларға мүлдем қайшы. Сондайақ, отбасында басшының қажеті жоқ деген пікірді ұстанатындар да бар. Кімдікі дұрыс?

Бұл мәселеде үзілді-кесілді жауап табу қиын. Біздіңше, жүз пайыздық теңдік туралы әңгімелер – не утопия, не манипулятивті фикция. Табиғатта әзірге ондай болған емес.

Кез келген ұжымда, кез келген ұйымда, компанияда көшбасшы бар,онсыз ұжымның берекесі кірмейді. Алайда көшбасшылық тирандыққа бастамауы керек.

Жоғарыда келтірілген материалда «әйелдің айтқанын тыңда, бірақ, жасама» деген цитата бар. Бұл әйелді кемсітетін сексистік көзқарас. Осы цитата арқылы олардың түкке жарамсыз немесе ештеңе қолынан келмейтіндігін айтқысы келіп отыр. Мұндай көзқарастарға жол жоқ.

Егер діни ілімде еркек пен әйелдің қарым-қатынасында ерлі-зайыптылар арасындағы құқық пен міндеттер теңдей бөлінеді десе, бұл гендерлік теңдікке қайшы келмейді. «Әйел басқарған көш оңбайды» деген тәмсілді басшылыққа ала отырып, біз ашық сексизмге жол береміз.

Түйін

Студенттер көп әйел алу мәселесін қарастыра отырып, «ішкі сексизм» дегеннің не екенін түсінеді

2-қадам. Күш қолдану және гендер (30 минут)

Оқудың міндеттері:

  • Қатысушылар БАҚ-та жарық көретін тұрмыстық зорлық-зомбылық стереотиптеріне назар аударатын болады;
  • Қатысушылар Баян Есентаева мысалын талдап таразылайтын болады. Бұл оқиғада оқырмандардың назарын не нәрсе аударғанын талқылайды;
  • Қатысушылар зорлық-зомбылықтың туындауының гендерлік алғышарттарымен танысады.

Тапсырма-1 (уақыт- 10 минут)

Төмендегі ақпараттық материалдарды оқитын болады:

«ШҚО-да жүкті әйел баланы алдыртуға ақша бермеген сүйіктісін пышақтап өлтірді»,

«Әйел өзін зорламақшы болған күйеуін өлтіріп алды».

59 жасар әйел ас үйінде азық-түлік турап жатқанда, оның қасына мас жолдасы келіп, шу шығарады, сөйтіп әйелін бір ұрады. Ер адам әйелдің киімінен тартып қалып, өзі құлай бастаған. Оны құтқаруға тырысқан әйел қолында пышағы барын ұмытып кетіп, құшақтайды. Нәтижесінде пышақ еркектің арқасына тиеді. Қасында қызы болған әйел еркекке алғашқы жәрдем көрсетіп, жедел жәрдемге хабарламайды. Сәл уақыттан кейін ер азамат көз жұмады. Сотта әйел жолдасын байқаусыздан өлтіргені дәлелденеді, сот әйелді 2 жылға бас бостандығынан айырады, алайда рахымшылдыққа ілініп, жазадан босатты.

Талқылауға арналған сауалдар:

  1. Сіздіңше, аталған әйелдер қандай жазаға лайық деп ойлайсыз?
  2. Инцидентті сипаттау қаншалықты сенімді болған немесе күмән тудыратын тұстары бар ма?
  3. Егер жағдай басқаша болса, маскүнем әйел шу көтерсе, күйеуі оны абайсызда пышақтап алса, оны шартты түрде бас бостандығынан айырар ма еді, әлде рахымшылыққа ілінер ме еді?

Қатысушылар жеке пікірлері мен аргументтерімен бөлісе алады.

Тапсырма-2 (уақыты — 10 минут):

Баян Есентаеваның (қазір Алагөзова) кейсі, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары. Баян Есентаеваның таяққа жығылуы БАҚ-та кеңінен тарады және әлеуметтік желіні шулатты. Қысқаша қайырғанда, оның күйеуі Бақытбек Есентаев мас күйінде әйелін өлімші етіп сабап, пышақтап кетеді. Себебі – қызғаныш және көзге шөп салу. Жаңалық лезде тарады. БАҚ-та және әлеуметтік желіде бұл мәселені ұзақ талқыға салды әрі тараптардың өзара келісімі жайында пікірлер көп болды. Әйелдер қауымы негізінен Баянға қолдау көрсетті. БАҚ-та тұрмыстық зорлық мәселесінің көрігін қыздыра түсті. «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек?».

Әуелі Баян күйеуінің оны жөнсіз қызғанатындығын, содан олардың отбасылық өміріндегі татулыққа сына қағылғанын мәлімдейді. Ол ажырасқысы келгендігін, бірақ күйеуінің оған мүмкіндік бермегендігін айтты. Есентаеваның реанимациядағы фотосы БАҚ-та жарияланды, бұл да қызу пікірталас пен туған-туысқандары тарапынан реакция тудырды.

Кейін басқа шындықтың беті ашыла бастады. Қыздары сотта әкесіне жақтасты. Баян күйеуін кешірді, сөйтіп шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады. Нәтижесінде Бақытбек 9 жылға қатаң режимде өткізетін жаза арқалады. Баян көп ұзамай отбасының шырқын бұзған көңілдесіне күйеуге шықты. Әлеуметтік желіде әуелі Баянға қолдау білдірушілер көп болды, олар «тиранды» қатал жазалауды сұрады, бірақ уақыт өтісімен, мәселеге өзге қырынан қарай бастады, пікірлер екіге жарылды – енді Баянның өзін кінәлаушылар табылды.

Тапсырма

Қатысушылар екі топқа бөлінеді: бірінші топ Баянның күйеуі қандай жағдайда да әйелін жазаламауы керек еді деген көзқарасты ұстанса, екіншісі – Бақытбек әйелін жазалауы керек (әрине, дәл осылай қатаң жаза емес), алайда ол отағасылық өкілеттігін асыра пайдаланды деген көзқарасты ұстануы тиіс.

Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР