Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

Модуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

Модуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

Төмендегі ақпаратты таныстыру барысында тренер factcheck.kz сайтын ашып, соның ішіндегі мысалдарды көрсетсе болады.

Манипуляция №1. Абсолютті фейк — шындыққа мүлде сәйкес келмейтін ақпаратты тарату. Мысалы, «қаладағы су құбырлары СПИД вирусын жұқтырған» деген хабарлама.

Манипуляция №2. Жалған ақпаратты пікір көшбасшыларының көмегімен тарату. Әлеуметтік желілерде қандай көзқарасқа қатысты болсын, пікір көшбасшыларының артынан еретіндер көп. Егер қандай да бір ақпарат әлеуметтік желілердегi аккаунттарда пайда болса, онда ол шындыққа сәйкес келсе де, келмесе де қолданушылар арасында өте тез таралып кетеді. Егер ол өте көп адамға жетсін десек, хабарлама фактілер негізінде эмоциялы реңктегі тек қана өтірік ақпараттан тұруы керек.

Манипуляция №3. Фейктерді шындыққа жанастындай етіп көрсету үшін танымал медиабрендтерді пайдалану.

Пример: «Ес-түссіз жатқан» бала туралы ақпарат Ресей, Украина және Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы бір күннің ішінде таралып кетті. Оқиғаның анық-қанығына көз жеткізуге ешкім де асықпады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мынадай мәтін таралған: «21.10.2017, 21:31:07: Орталық аудандық аурухана (ЦРБ) шамамен 12 жасар бала жеткізілді. Ес-түссіз жатыр. Жақындары іздестірілуде. Араларыңызда біреу танып қалар. Егер біреу басқа топтарға тарата алса, жіберулеріңізді сұраймыз…» (орыс тілінен аударылды). Өзге облыстармен салыстырғанда, Қостанай облысы тұрғындары белсенділік танытты. Сонымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы турғындарды сабырға шақырды.

Сөйтсе, бұл оқиға Ресейде болған екен және бұл ақпараттың желіде таралып жүргеніне екі жылдай болыпты…

Желідегі этикалық ережелер

«Адамдар күн сайын оқиғаларымен өзгелерге бөлісуге, әлемге солардың көзімен қарауға, достарымен араласуға және болып жатқан оқиғаларға қосылу үшін Facebook-ке кіреді. Facebook-та жүргізілетін әңгімелер әлемнің түрлі елінде тұратын қауымдастықтың алуан түрлілігін көрсетеді, түрлі мәдениет өкілдері әр түрлі тілде сөйлеп, текст, сурет, видеороликқа дейін жариялап отырады» (дереккөз).

Әлеуметтік желілерді қауіпсіздендіру мақсатында оны жасаушылар түрлі сервистар мен процедураны ойлап, шығарып жатыр.

Мәселен, өшпенділік тілін пайдаланғандарды “банға” жіберуге болады. Яғни, желіде белсенді болу мүмкіндігі шектеледі. Шағым түсірілген жазба өшіріледі. Өзге әлеуметтік желілер де осы секілді ережелерді қолға алып жатыр.

Әлеуметтік желілер адамдардың барлық жеке өмірі ашық көрсетілетін үлкен витрина екенін де ұмытпаған абзал.

Маңызды ережелердің бірі: Әлеуметтік желіде балалар туралы ештеңе жазбау. Ешқашан. Бұрынғы жігіт/қыз немесе әйел/күйеуі туралы ешқашан жаман нәрсе жарияламау.

Ең бастысы: Facebook-ке бірдеңені жариялау мен факті арасы — 1 күн. Бұл уақыт ішінде адамның эмоциясы басылып, бұл жазбаны жариялаудың қаншалықты қажет екенін түсінеді.

Сүйіктіңмен әлеуметтік желілер арқылы «сөйлесуге» болады. Бірақ, ең алдымен, коммуникацияның дәл осы түріне оның қалай қарайтынын сұрап алыңыз. Егер қаламаса, тоқтатыңыз.

Сіз әлеуметтік желілерде жариялаған әр ақпарат міндетті түрде сізге қарсы қолданылады.

Кейбір оқырман міндетті түрде сіздің өміріңіз туралы аңыз шығарады. Сондықтан, бірдеңемен мақтанбастан бұрын, әсіресе, жеке өміріңіздегі жаңалық пен бизнестегі жетістіктеріңіз туралы жазбас бұрын, есте ұстаңыз.

Шалдыққан дерт жайлы немесе өзге де өміріңізде болған қиындықтар туралы оларды жеңгеннен кейін ғана айтуға болады.

3-ҚАДАМ. Тәжірибелік тапсырма (55 минут)

Lumen5 платформасында қысқа видео жасау.

Тренер топты «Мәдениет», «Саясат», «Қоғам», «Спорт» деп бөліп, әр топқа өздерінің атауларына сәйкес жаңалық табу тапсырылады.

Жаңалықты тапқан соң, әр топ өз жаңалықтарын Google Docs қызметіне көшіріп, мәтіннің ішіндегі факті мен пікірлерді ерекшелейді.

Бір минуттық видео жасау үшін әр топ жаңалықтың ішінен фактіге құрылған 6-7 сөйлемді іріктеп алуы қажет. Тренер олардың осы сөйлемдерін мұқият қадағалап, қатысушылардың факті мен пікір туралы білімдерін бір тексеріп шығады.

Бұдан соң қатысушыларға Lumen5 негізінде жасалған бір минуттық видеоларды көрсетуге болады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by IQ-arna Fund (@iqarna_fund)

Видеоны көріп болған соң тренер видео құрылымын талдап, оларға Lumen5-те жұмыс істеуге арналған түсіндірме мәтінді ұсынады.

Қатысушыларға таратылып берілетін Lumen5 нұсқаулығы қосымшада тіркелген.

4-ҚАДАМ. Қатысушылардың тапсырмасына пікір білдіру (15 минут)

Қатысушылар жаңалық негізінде таңдаған видеоларын әзірлеп болған соң, әлеуметтік желіде бөлісу үшін Facebook немесе Instagram желілерін пайдалануға болады. Сонымен қатар ортақ ілмек сөз #mediasauattylyq деген тәрізді құрастыруға кеңес беремін.

Әлеуметтік желіге жарияламаса бұрын қатысушылардың мәтін жаңалығын видеоконтентке айналдыру барысында көкейге түйгендерін, жаңалықты мультимедиаландыруда не нәрсе есте қалғанын ескеріп, бір жазба жазғаны жөн. Видеоларын осы жазбамен бірге жариялайды.

Асхат Еркимбай
Асхат Еркимбай
Медиаэксперт, Сүлейман Демирел атындағы университеттінде мультимедиа, дата-журналистика бойынша лекция оқиды. 2011 жылы Асқат Еркімбай Вайоминг Университетінде (АҚШ) магистр ғылыми дәрежесін алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР