Домой4-бөлім. Қосымша модульдер2-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

2-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

2-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

3-қадам. Онлайн-белсенділік: формалары, әдістері, ерекшеліктері 

Онлайн белсенділік — бұл цифрлық медиа мен технологияны пайдалана отырып, әлеуметтік өзгерістерге бағытталған азаматтық әрекет.

Талқылауға арналған сұрақ: Онлайн және офлайн белсенділіктің плюстері мен минустары қандай?  

Желідегі белсенділік соңғы жылдары кеңінен танымал болды, өйткені ол адамдарға профильдік суреттердің артында өз ойын еркін білдіруге және анонимді болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ желідегі белсенділікке қатысу пайдаланушыдан көп уақытты, күш-жігерді немесе алдын ала жоспарланған әрекеттерді қажет етпейді.

Интернеттегі белсенділік әлеуметтік медианың, әсіресе Facebook пен Instagram-ның және 20-жылдардың басында Тик-Токтың дамуымен айқынырақ болды.

фото авторы: Джон Тадиэлло

Бүкіл әлем бойынша үлкен назар аударған және қолдаушылар толқыны болған онлайн науқандардың арасында #MeToo науқаны бар. 2006 жылы сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдердің құқықтарын қорғайтын америкалық белсенді Тарана Берк зорлық-зомбылық құрбандарымен ынтымақтасу үшін «және мен» немесе «мен де» деп аударылатын бұл тіркесті қолдана бастады.

2017 жылы американдық актриса Алисса Милано Голливуд продюсері Харви Вайнштейннің қудалауының құрбандарын қолдап, қудалауға ұшыраған әйелдерді Twitter-дегі жазбасын MeToo деп жазуға шақырған кезде қозғалыс жаңа серпін алды. Екі күннің ішінде MeToo хэштегін миллионнан астам Twitter қолданушысы бөлісті. Көп ұзамай хэштегті Facebook қолданушылары таңдай бастады. Бір күн ішінде #MeToo 4,7 миллионнан астам қолданушыға таратылып, 12 миллион репост жасады. Хэштег бүгінде өмір сүруін жалғастырып келеді. 

Науқан нәтижелері – жыныстық қудалау құрбандарына қолдау көрсету; құрбандар қауымдастығын нығайту; заңнаманы өзгерту; қудалау құрбандарын қолдау үшін қорлар құру; Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қудалау бойынша жаңа саясатын қабылдау.


Практикалық тапсырма № 3

Қазақстандық және америкалық #metoo кампанияларының қорытындыларын талқылаңыз, ерекшелігі мен айырмашылығын айтып беріңіз.

Онлайн-петициялар мен онлайн-белсенділіктің өзге де формалары

Халықаралық Amnesty International адам құқықтары қозғалысы (қаз. «Халықаралық амнистия») өз жақтастарын әртүрлі елдердің үкіметтеріне белгілі бір белсенділердің немесе құқық қорғаушылардың адам құқықтарын бұзатын шараларды қабылдау немесе жоюды талап ететін петицияларға қол қоюға шақырады. Өтініштерді (хабарламаларды) онлайн және офлайн режимінде толтыруға болады.

Орталық Азия елдерінде петицияларды жасау және қол қою үшін change.org не avaaz.org платформалары кейде қолжетімді

Интернеттегі белсенділіктің тағы бір танымал түрі — өнер белсенділері, онда әртістер әлеуметтік желіде өз пікірлерін білдіреді. Қазақстанда Le Shapalaque Comics Instagram немесе сатиралық жаңалықтар немесе жаңалықтарға пародиялар жазылған аккаунттардан еске түсіруге болады.

Әдетте, желідегі белсенділік жеткілікті үлкен аудиторияға қол жеткізу және пайдаланушыларды қоғамды қорғауға жұмылдыру әлеуметтік желілер арқылы мүмкін болады.

 Онлайн-адвокация деген не?

Онлайн-адвокация — бұл желідегі белсенділіктің бір түрі, яғни қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған, бірақ шешім қабылдаушы ретінде мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған әрекеттер.

Қазақстанда мұны www.egov.kz, www.otinish.kz порталы арқылы жасауға болады. Мұнда заңнамалық бастамаларды қадағалауға, өз пікірлеріңізді қалдыруға, жекелеген мемлекеттік органдардың өкілдеріне өтініштер жіберуге, олардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасауға болады.

4-қадам. Материал, жарияланым, жазба дайындауға қажет  кеңестер

1-кеңес. 40 секунд ережесін қолданыңыз. Материал/постты аяқтағаннан кейін бірден жарияламай, жариялауды 40 секунд кейінге қалдырыңыз. Деміңізді ішке тартып, тыныстауды тоқтатып тұрғандай елестетіңіз.

2-кеңес. Ақпаратты бөліспес бұрын шынайылығын тексеріңіз. Егер дереккөзге сенбесеңіз, сенімді болмасаңыз, онда репост жасаудан, таратудан бас тартқан жөн. Есіңізде болсын, репост — бұл ақпаратты тарату, пікірсіз репост та — жарияланымға жатады.

3-кеңес. Ұлтаралық араздықты қоздыруға, саяси жүйені құлатуға, қақтығыстарға тікелей қатысуға және де тексерілмеген ақпаратты таратуға шақыратын мазмұнда қате түсіндірілуі мүмкін хабарламаларды (сіз оларды өз атыңыздан жарияласаңыз да) жариялаудан аулақ болыңыз.

4-кеңес. Кейбіреулер профилін жауып қойып, қалаған нәрсені жариялай алатынына сенімді. Бірақ бұл солай бола бермейді. Желіде жариялағанның бәрі жалпыға ортақ, сондықтан блогыңызды не аккаунтыңызды құпия ұстаңыз. Кез келген жасырын ақпарат ашық және қолжетімді болуы мүмкін, ал егер сол ақпарат заңсыз деп танылса, жауапкершілікке тартуы мүмкін.

5-кеңес. Тексерілмеген ақпаратты жарияламаңыз, өйткені Қазақстанда 2014 жылдан бері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті белгілейтін және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекс нормасы әрекет етеді.

6-кеңес. Балалармен әңгімелесу, фото және бейне түсіру жүргізу кезінде ата-анасынан не заңды өкілдерінен рұқсат алған жөн. 

Материалда заңсыз әрекеттер нәтижесінде зардап шеккен балалар туралы ақпаратты пайдалансаңыз, мынаны есте ұстаған жөн: 

  • құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан зардап шеккен 14 жасқа толған кәмелетке толмағанның келісімі;
  • құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан зардап шеккен 14 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің келісімі;
  • 16 жасқа толған, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімі керек.

7-кеңес. Интернетте ақпаратты жылдам әрі оңай тарату интернет кеңістігінде авторлық құқықты қорғау туралы көптеген мифтерді тудырады. Ең жиі таралғаны:

  • Интернетте ашық кеңістіктегі барлық нәрселер жариялануы мүмкін.
  • Тек көркемдігі жоғары фотосуреттер авторлық құқықпен қорғалған.
  • Адамдар бейнеленген фотосуреттер ғана авторлық құқықпен қорғалған.
  • Егер мәтін, фото немесе аудиовизуалды материал жалпыға қолжетімді аккаунтта жарияланған болса, онда оларды қайта басып шығаруға рұқсат талап етілмейді.
  • ен біреудің құқығын бұзсам да, оған ештеңе болмайды (сотқа ешкім бармайды, ешкім білмейді т.б.) 

Авторлық құқыққа не жатады және не жатпайды?

Ереже: Іздеу жүйелеріндегі немесе басқа сайттардағы фотосуреттерді медиа сайттарыңыздағы және интернет-басылымдарыңыздағы мәтіндерді иллюстрациялау үшін заңсыз пайдалану бұзушылық ретінде қарастырылады.

8-кеңес. Бастапқы ақпарат көзін ресми нұсқалармен және баспасөздегі хабарламалармен салыстырыңыз.

Бұл мәтіндерге ғана емес, суреттерге де қатысты. Тек тексерілген суреттерді жариялаңыз!

9-кеңес. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық. Адамның келісімінсіз жеке өмірі туралы мәліметтерді ішінара немесе толық ашатын мәліметтерді жария ету заңды өрескел бұзу болып табылады.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 12-бабында: «Ешкімнің жеке және отбасылық өміріне озбырлықпен араласуға, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылыққа, хат алмасу құпиясына немесе ар-намысы мен беделіне озбырлықпен қол сұғуға болмайды. Әркімнің мұндай араласудан немесе осындай шабуылдардан заңмен қорғалуына құқығы бар».

Жеке өмірге қол сұқпау құқығына: 

  • адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға тыйым салу;
  • өзіңіз туралы ақпаратты бақылау құқығы;
  • ар-намыс пен жақсы есімді қорғау құқығы;
  • дербес мәліметтерді қорғау құқығы;
  • байланыс құпиясына құқығы;
  • тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығы;
  • медициналық құпия, бала асырап алу құпиясы, конфессиялық құпия және кәсіптік құпияның басқа түрлері жатады.


Практикалық тапсырма № 4

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың «Пек Ұлыбританияға қарсы» ісін тауып, талдаңыз. Пекті, полицияны, журналистерді қолдайтын және оған қарсы барлық дәлелдерді келтіріңіз.

Франсуа Миттеран, фото авторы: Юрий Абрамочкин, РИА Новости

«Француз дәрігерлерінің ісі»

Францияның бұрынғы президенті Франсуа Миттеран қайтыс болғаннан кейін «Үлкен құпия» («Le Grand Secret») кітабында доктор Гюблер марқұм президенттің ауруы туралы жұртшылықпен бөлісті. Кітапта экс-президенттің отбасының айтуынша, кәсіби дәрігерлік құпия болған денсаулық жағдайы және аурумен күресудің егжей-тегжейлері туралы мәліметтер бар. Париждің қылмыстық соты кәсіби құпияны бұзуды, кітапты таратуға тыйым салуды мойындады, сондай-ақ шығын көлемін тағайындады.

Экс-президенттің отбасы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірді. Сот оның қайтыс болғаннан кейінгі жеке өмірі, сипатталған денсаулық жағдайы және емделудің егжей-тегжейлері туралы мәліметтерді жария ету Миттеранның жеке өміріне араласу болып табылмайды, өйткені ол тірі кезінде ғана қорғауды талап ете алады деп санады.

Мұндай жағдайларда көптеген даулы мәселелер туындады, өйткені адам қайтыс болған жағдайда жеке өмірін қорғау құқығы оның жақын туыстарына беріледі.


Практикалық тапсырма № 5

Сіздің ойыңызша, «өшпенділік тілінің» (hate speech) белгілері бар жазба, мақала, сюжеттерді тауып, сол мысалдарды топта талқылаңыз.

Найдите посты, статьи, сюжеты, где, на ваш взгляд, есть признаки языка вражды. Обсудите в группе эти примеры.


Глоссарий

Нетикет — желі этикеті, ағылшын тіліндегі net (желі) және француздың etiquette (этикет) сөзінен шыққан.

Онлайн-активизм (онлайн белсенділік) — бұл әлеуметтік өзгерістерге цифрлық медиа мен технологияны пайдаланатын азаматтық әрекет.

Ақпараттық кампания — бұл белгілі бір мақсаты мен міндеттері бар жоспарланған ақпарат ағымы.

Онлайн-кампания — онлайн каналдарды (әлеуметтік желілер, мессенджерлер, онлайн-БАҚ және т.б) қолдана отырып жүргізілетін ақпараттық кампания не белсенді қозғалыс

Петиция — ұжымдық өтініш, талап.

Онлайн-адвокация — қоғамдық мүддені қорғауға, бірақ шешім қабылдайтын мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған әрекет.

Диффамация жәбірленушінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін фактілерді тарату (сөз айту немесе жариялау) түріндегі құқық бұзушылық ұғымын білдіретін, әлемнің көптеген елдерінде жалпы қабылданған құқықтық термин.

Өшпенділік тілі — қандай да бір адамдар тобына не қандай да бір топтың жекелеген өкілдеріне бағытталатын жек көрушілік, өшпенділік, қорлау мазмұндағы пікір мен мәлімдемелердің жалпы атауы.

Әдебиеттер тізімі:

Гульмира Биржанова
Гульмира Биржанова
Юрист, эксперт в области национального и международного медиаправа. Соучредитель ОФ «Правовой медиацентр». Член рабочих групп по законопроектам «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информации и коммуникации». Участник Коалиции нового поколения правозащитников и Экспертной группы по цифровым правам.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР