Рейнольдстың журналистика институты (RJI) демеушілік ететін стипендиялық бағдарлама журналистика теориясы мен практикасы бойынша инновациялық идеялары бар тұлғалардан өтінімдер қабылдайды.
Биыл RJI мобильдік аудитория тарту мен монетизацияға бағытталған идеялар мен жобаларға әсіресе қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ бағдарлама журналистика көмегімен демократияны нығайтуға ықпал ететін жобаларға да мүдделі.
RJI журналистика индустриясында да, басқа салаларда да жұмыс істейтін жеке тұлғалардан өтінімдер қабылдайды. Институт резиденттік, резиденттік емес стипендиялар, сонымен қатар ұйымдарға арналған стипендиялар ұсынады.
Резиденттік стипендия қатысушылары сегіз ай бойы Миссуридегі журналистика мектебінің студенттер қалашығында тұрып, институттың оқу және техникалық ресурстарын пайдаланып, оқытушылармен және оқушылармен тығыз қатынаста болады. Стипендия иегерлері 10 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы және 10 000 АҚШ доллары көлемінде бейімделуге арналған бір реттік жәрдемақы алады.
Резиденттік емес стипендиялар жаңалықтар әзірлейтін, технологиялық және осы салаларға жақын компаниялардың өз жұмыс орнында отырып жүзеге асыра алатын идеясы бар қызметкерлеріне арналған. Ондай стипендия иегерлері бір жыл ішінде 20 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алады, ол айына 2 500 АҚШ доллары сомасында төленіп отырады.
Ұйымдарға арналған 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендиялар компанияларға немесе ұйымдарға төленеді және жоба бойынша жұмыс істейтін уақытша қызметкерге немесе фрилансерге төленуі немесе жобаға байланысты өзге де қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Өтінімдер 1 ақпанға дейін қабылданады. Толығырақ ақпарат алу үшін мында өтіңіздер.