Қазақстан Баспасөз клубы БАҚ өкілдерін дау-жанжалға сезімтал журналистикаға арнап Ақтөбе қаласында өткізілетін тренингке шақырады.
Тренинг Интерньюстың Еуропалық одақтың қаржыландыруымен жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке жәрдемдесу» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Тренинг мақсаты – журналистердің сапалы медиа-контентті (соның ішінде әлеуметтік желілердегі) өндірумен байланысты әлеуетін көтеру, медиа мамандары, мемлекеттік органдар мен азаматтық белсенділер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін дау-жанжалға сезімтал ақпаратты жеткізу кезінде делдал ретіндегі БАҚ-тың рөлін күшейту, Орталық Азияда радикалдануды алдын алуға көмектесетін ақиқат ақпараттың сапасы мен санын арттыру.
Негізгі тақырыптар:
Тренинг бағдарламасы үш күндік екі интенсивті оқу курсынан тұрады. Оның нәтижесінде қатысушылар өз кәсіби дағдыларын жетілдіріп, келесі модульдер бойынша өз білімдерін тереңдетеді: әлеуметтік дау-жанжалдарды түсіну; әлеуметтік дау-жанжалдардың себебі және қарқыны; дау-жанжалға сезімтал ақпаратты жариялау: журналистер жағдайды қалай өзгерте алады; зорлық-зомбылыққа әкелетін радикализмді алдын алудағы журналистердің рөлі; цифрлік стратегияларды, контентті және тактиканы дайындап шығару; әлеуметтік желілерде радикализмді алдын алуға арналған стратегияларды дайындап шығару.
Әрбір үш күндік интенсивті оқу курсынан кейін қатысушылар 3 аптаға созылатын тәлімгерліктен өтіп, толық оқу курсы ішінде барлығы 2 жарияланымды дайындауы тиіс.
Тренингтің өтетін күндері:
04.03.2019-06.03.2019 — тренингтің бірінші үш күндік модулі
27.03.2019-29.03.2019 — тренингтің екінші үш күндік модулі
Тренингтің өтетін орны: Ақтөбе қаласы, «Амстердам» қонақ үйі (Ғазиза Жұбанова көшесі, 50А).
Жоба жаттықтырушылары:
Дина Төлепберген, журналис, жүргізуші, Utir.kz медиа мектебінің негізін салушы;
Айнұр Коскина, ТВ-да, баспа және онлайн БАҚ-та жұмыс тәжірибесі мол журналис.
Тренингті сәтті тәмамдаған қатысушылар сертификатқа ие болады.
Тренингке қатысу үшін келесі құжаттар тізімі қажет:
Толтырылған өтінім үлгісі (аты-жөні, туылған күні, жұмыс орны, жұмыс тәжірибесі, байланыс деректері)
Өтінім берілген уақытқа дейін жарияланып үлгерген жарияланым (кемінде біреу) немесе эфирге шыққан бір бейне-сюжет. Талапкерлер өз материалдарына сілтемені көрсетсе жеткілікті немесе өтініммен бірге Word форматындағы жарияланымын қоса жіберсін.
Өтінім берушінің кәсіби тәжірибесін бағалап, қатысушының тренинг қорытындысы бойынша дайындаған материалдарын жариялайтынын растай алатын жұмыс берушіден мінездеме хат.
Өтінімдер 2019 жылдың 1 науырыға дейін (осы күнді қоса санағанда) қабылданады.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша келесі тұлғамен хабарласыңыздар: Әсел Берімжарова, press@pressclub.kz 8701 749 02 00, 264 71 13.