Қазақстан Баспасөз клубы БАҚ өкілдерін Шымкент қаласында өтетін дау-жанжалға сезімтал журналистика тренингіне шақырады.
Тренинг Интерньюстың Еуропалық одақтың қаржыландыруымен жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке жәрдемдесу» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Тренинг мақсаты – журналистердің сапалы медиа-контентті (соның ішінде әлеуметтік желілердегі) өндірумен байланысты әлеуетін көтеру, медиа мамандары, мемлекеттік органдар мен азаматтық белсенділер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін дау-жанжалға сезімтал ақпаратты жеткізу кезінде делдал ретіндегі БАҚ-тың рөлін күшейту, Орталық Азияда радикалдануды алдын алуға көмектесетін ақиқат ақпараттың сапасы мен санын арттыру.
Негізгі тақырыптар:
Тренинг бағдарламасы үш күндік екі интенсивті оқу курсынан тұрады. Оның нәтижесінде қатысушылар өз кәсіби дағдыларын жетілдіріп, келесі модульдер бойынша өз білімдерін тереңдетеді: әлеуметтік дау-жанжалдарды түсіну; әлеуметтік дау-жанжалдардың себебі және қарқыны; дау-жанжалға сезімтал ақпаратты жариялау: журналистер жағдайды қалай өзгерте алады; зорлық-зомбылыққа әкелетін радикализмді алдын алудағы журналистердің рөлі; цифрлік стратегияларды, контентті және тактиканы дайындап шығару; әлеуметтік желілерде радикализмді алдын алуға арналған стратегияларды дайындап шығару.
Әрбір үш күндік интенсивті оқу курсынан кейін қатысушылар 3 аптаға созылатын тәлімгерліктен өтіп, толық оқу курсы ішінде барлығы 2 жарияланымды дайындауы тиіс.
Тренингтің өтетін күндері:
10.04.2019-12.04.2019 — тренингтің бірінші үш күндік модулі
24.04.2019-26.04.2019 — тренингтің екінші үш күндік модулі
Тренингтің өтетін орны: Шымкент қаласы, Республика даңғылы 6А, «Гранд Шымкент» қонақ үйі.
Жоба жаттықтырушылары:
Дина Төлепберген, журналист, жүргізуші, Utir.kz медиа мектебінің негізін салушы;
Айнұр Коскина, ТВ-да, баспа және онлайн БАҚ-та жұмыс тәжірибесі мол журналист.
Тренингті сәтті тәмамдаған қатысушылар сертификатқа ие болады.
Тренингке қатысу үшін келесі құжаттар тізімі қажет:
- Толтырылған өтінім үлгісі (аты-жөні, туылған күні, жұмыс орны, жұмыс тәжірибесі, байланыс деректері)
- Өтінім берілген уақытқа дейін жарияланып үлгерген жарияланым (кемінде біреу) немесе эфирге шыққан бір бейне-сюжет. Талапкерлер өз материалдарына сілтемені көрсетсе жеткілікті немесе өтініммен бірге Word форматындағы жарияланымын қоса жіберсін.
- Өтінім берушінің кәсіби тәжірибесін бағалап, қатысушының тренинг қорытындысы бойынша дайындаған материалдарын жариялайтынын растай алатын жұмыс берушіден мінездеме хат болғаны дұрыс.
Өтінімдер 2019 жылдың 9 сәүіріне дейін (осы күнді қоса санағанда) қабылданады.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша келесі тұлғамен хабарласыңыздар: Әсел Берімжарова, press@pressclub.kz 8701 749 02 00, 264 71 13.