ДомойСторителлинг құрылымын жоспарлау1-модуль. 3-сабақ. Мінсіз сторителлинг шарттары

1-модуль. 3-сабақ. Мінсіз сторителлинг шарттары

1-модуль. 3-сабақ. Мінсіз сторителлинг шарттары

Видеода мультимедиа сторителлинг онлайн-мектебінің менторы, медиатренер Назгүл Қожабек мінсіз сторителлинг неден құралатынын айтады.

Оқуға арналған материал

Мінсіз сторителлингті жазуға кіріспес бұрын алдымен журналистиканың басты алты сұрағын есімізге түсіреміз. Бұл сұрақтарды «Бес W және бір H» деп те атайды. Кім – Who, Не – What, Қашан – When, Қайда – Where, Неге – Why және Қалай – How. Журналистикадағы осы басты алты сұрақ сторителлинг компоненттерімен қабысып жатыр.

1. Компонент — орын және уақыт — Қашан және қайда?

Көркем әдебиет болмағандықтан, оқиғаның орны мен нақты уақыты баяндалуы тиіс.

2. Бас кейіпкер. Ол жалғыз немесе тағы бірнеше кейіпкермен араласуы мүмкін, автор калауы бойынша олардың мінездерінен параллель өткізеді немесе бір-біріне қайшы етеді.

Бас кейіпкер болу керек деген шарт емес, бірақ онсыз сторителлинг жасай алмаймыз.

3. Конфликт. Әдебиеттегі 32-33 фабуланың әрбір өзегінде конфликт жатыр.
Конфликт бар жерде кейіпкердің оған деген реакциясы, әрекеті және шешімі болады. Кейіпкер оң немесе теріс жолға түсуі, не болмаса сол конфликтіге түспеу — бәрі әрекет.

Мінсіз сторителлингте тосын эффект/сюрприз, яғни оқырман күтпеген, басынан айтылмаған бір жағдай болу міндетті.

6. Таңдау жасау қиындығы. Міндетті түрде кейіпкердің алдынан таңдау шығу керек. Ол кейіпкерді болашағын болжауға, өткеніне көз салып шешім табуына итермелейді.

7. Интрига — әрбір әдеби жанрда, өмірдің өзіңде де кездеседі. Ол қандай, кімнің арасында, қалай жетілетінін автор өзі шешеді.

8. Өзгеріс — процесс күйінде кейіпкердің жаңа күйіне алып келеді. Осы тұста оқиғаның шешімі шығады.

9. Қисынды қорытынды кейіпкердің жүріп өткен жолынан, ішкі және сыртқы өзгерісінен, айналасындағы өзгерістен түйгені.

Мінсіз сторителлинг қандай болу керек:

        1. Оқиға шынайы (өмірден алынған, фактіге негізделген) болу керек;
        2. Интриганы соңына дейін сақтау керек, бірақ әңгімеңіз кұр бос сөз болып кетпей, оқырманды ширықтырып, қызығушылығын суытпау;
        3. Сынақ пен шешім. Кейіпкер сынаққа тап болуы қажет әрі одан оң немесе теріс шешім шығаруы тиіс;
        4. Құрылымы. Оқиғаны баяндайтын материал сауатты жазылуы тиіс. Қандай форматты таңдасаңыз да — аудио, видео, фоторепортаж, мәтін —оқиғаның басы,шырқау шегі және қорытынды бөлімі өз ретімен жүруі керек;
        5. Оқиға эмоцияға толы болу керек. Кейіпкерлеріңіздің айналасы, өздері де эмоцияға толы болу керек. Және оқырманның эмоциясын ояту керек. Эмоцияны берудің ыңғайлы форматы: фото, аудио және видео;
        6. Деталь молдығы. Автор қандай да бір детальдарды баяндау форматына енгізуі қажет. Оны көру оқырман қызығушылығын арттырады;
        7. Оқырманның атсалысуы — оқырман өзің бас кейіпкердің орнына қою арқылы оқиғаға негіз болған әлеуметтік проблемамен танысады, одан шығу жолын білетін болады,әрі өмірде сондай жағдайға тап болғандардың халін түсінеді;
        8. Динамика. Мысалы видеода статикалық кадрлар қолданылмайды, тура солай мәтінде де бір нәрсені ғана әрдайым әрі шексіз сипаттауға болмайды;
        9. Визуал контент. Әсіресе онлайн платформадағы материалдарда қажет. Визуал контент форматтары шексіз;
        10. Әр экранда оңай көрсетіледі. Аудио, видео лонгридтің форматы кез келген құрылғыдан — смартфон,ноутбук,планшет т.б.) оңай көрсетілуі қажет, сонда аудиторияға бұл материалмен бөліседі, сторителлинг оқырманы көбейеді.
        11. Түрлі эмоция тудырады. Кейіпкердің эмоциясы арқылы оқырман эмоциясын тудыру. Бұл реакция сторителлингті көпшілікке қызықты етіп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік проблеманы көтеріп, шешімін табуға көмектеседі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 

  1. How to Write a Novel Using the Snowflake Method. Randy Ingermanson
  2. Сторителлинг. Как использовать силу историй.  Аннет Симмонс
  3. Золотой ключик инфосторителлинга. Михаил Хенкин

 

Практикалық тапсырма:

Алдыңғы сабақтарда айтылған кеңес, нұсқауларды ескере отырып, өміріңізді өзгерткен бір оқиғаны баяндап беріңіз. Бұл оқиға әрине сторителлинг бола қоймас … Бірақ, барлығы да мүмкін ғой?

 

АЛДЫҢҒЫ САБАҚ: 1-модуль. 2-сабақ. Сторителлинг бөлімдерін баяндау техникалары

1-модуль бойынша КӘСІБИ КЕҢЕС

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР