Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль міндеттері

Студенттер:

  • смартфонға сурет түсіру әдісін үйренеді;
  • сапалы сурет түсірудің ережелері мен тәсілдерін біледі;
  • суретке түсірудің тәжірибелік дағдыларын алады;
  • суреттегі манипуляцияны біле бастайды.

1-ҚАДАМ. «Жарық», сәуле түсіру уақыты немесе ұсталым, қалқа (диафрагма), ISO (15 минут).

Кез келген фотоаппараттың қызметі үш негізден тұрады: сәуле түсіру уақыты немесе ұсталым, қалқа (диафрагма) және ISO.

Сәуле түсіру уақыты немесе ұсталым(выдержка) — суретке түсіру сәтінде ауа-райына, жарыққа байланысты жапқыштың ашылу сәтінде қойылатын уақыт дәлдігі. Ұсталым әрқашан секунд немесе милисекундпен өлшенеді. Ұсталымның мәні аз болған сайын, матрицаға жарық аз түседі. Жай күйде тұрған адамдарды суретке түсіру үшін ұсталым 1/150, 1/250 секунд жеткілікті. Жақсы жарықтандырылған жерде фотоаппаратта ұсталымның ең кіші мәнін орнатуға болады. Суреттің анық болып шығуы ұсталымның мәніне байланысты.

Қалқа (диафрагма) жарықты мөлшерлейді. Тек жарықты мөлшерлеп ғана қоймай фокус тереңдігін жөнге салып отырады. Қалқа ашық болған сайын матрицаға жарық көбірек түседі. Алайда, анықтықтың тереңдігі, яғни фокус түскен арақашықтық қысқарады.

Кей жағдайларда анықтық тереңдігі суретке өзіндік көркемдік мазмұн береді. Әсіресе әйелдер портретін түсіргенде. Мысалы макро түсірілімде белгілі бір обьектіні айқындауға көмегін тигізеді. Дегенмен, журналистикада үлкен анықтық тереңдігімен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті қалқаны жауып, ұсталым мен ISO-ны реттеу керек.

ISO. Кез келген фотоаппараттың сезімтал матрицасына обьектив арқылы жарық түседі. Жарық көп түсетін жерде матрицаның сезімталдығы азаяды, ал аз жарықтандырылған жерде матрица өте сезімтал болады. Бұл сезімталдықты ISO деп атайды және 100, 200, 400, 800 т.б бірліктермен есептелінеді. Бірлік мәні төмен болған сайын, матрицаның сезімталдығы да төмен болады.

Тапсырма (10минут):

Қатысушылар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Топтың бірінші мүшесі өзінен 1 метр қашықтықта тұрған екінші адамды портрет режимінде суретке түсіреді. Дәл сол сәтте үшінші қатысушы фотографтан 3 метр қашықтықта тұруы қажет. Міндетті түрде жақсы жарықтандырылған жерді таңдаңыз. Тренер қалқаның ең төменгі сандық мәнін дұрыс орнатуды көрсетеді. Ал, ISO мен ұсталымды автомат күйінде қалдыру керек. Смартфоныңызға байланысты сандық мән әр түрлі болуы мүмкін- f2,2 f1,8 немесе f1,5. Келесіде қатысушылардың рөлдерін ауыстыру керек, алайда камераға байланысты қалқа мәнін жоғары деңгейге өзгерту қажет.

Жасалынған қателіктерді бірге талқылау үшін дайын фотосуреттерді үлкен экранда көреміз:

  • Бірінші жағдайда алдында тұрған адамның бейнесі анық, ал артында тұрған адамның бейнесі бұлыңғыр болады.
  • Екінші суретте екі адамның бейнесі анық көрінетін болады.

Қорытынды:

Анықтықтың ең төменгі тереңдігі қалқаның көрсеткішіне ғана емес, обьективтің фокустық арақашықтығына да байланысты, фотографтың объект аралығындағы қашықтыққа да байланысты болады. Мамандар өзге де өлшемдерді атап өтеді, алайда қалқаның орны өте маңызды.

2–ҚАДАМ. Фокус қою, экспозиция және ақ түстің теңгерімі

Фокусталған обьектіге дейінге арақашықтық жақын болған сайын, суреттегі обьектілердің бөлінуі де айқынырақ болады. Сәйкесінше, екі адам түскен портретте екеуінің де айқын шығуы өте қиын. Автоматты түрде фокустау функциясы бар заманауи смартфондар мұндай тапсырманы оңай орындайды. Себебі адамның жүзін анықтау жүйесі жақсы жұмыс істейді. Егер жақсы жарықтандырылған жер болса, суретке түсіруге еш кедергі болмайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда суретке түсіру үшін фокусты қолдан орнату керек болады.

Тапсырма (уақыты 10 минут):

Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ жақсы жарықтандырылған жерді және 3 шағын зат таңдауы қажет. Таңдалған заттар шағын, әрі бетінде әр түрлі жазуы болуы маңызды.

Барлық топтың фотоаппараттарында қалқа мен ұсталымның мәні бірдей болуы тиіс. Қалқа мәні f5-тен көп, ал ұсталым мәні 1/100 болу керек.

Бірінші топ үш обьектіні бір-біріне 50 см арақашықтықта орналастырады. Бірінші обьекті мен екінші обьектінің арасы 50 см, екінші обьекті мен үшінші обьектінің арасы 50 см, ал бірінші обьекті мен үшінші обьектінің арасы 1 метрдей болуы тиіс. Әр обьектіден фотографқа дейінға қашықтық 1 метр болуы шарт. Смартфонды штативке орнатуға кеңес береміз.

Қалған топтар обьектілерді басқаша орналастыру керек. Обьектілердің арасындағы қашықтық 50 см, бірақ фотографтан бірінші обьектіге дейінгі қашықтық 1 метр, екінші обьектіге дейінгі қашықтық 1,5 метр, ал үшінші обьектіге дейінгі қашықтық 2 метр болуы қажет.

Екінші топ бірінші нысанды, үшінші топ екінші нысанды, ал төртінші топ үшінші нысанды фокусқа алады.

Төрт топ та обьектілерді суретке түсіріп болған соң, жұмыстарын үлкен экраннан көргені дұрыс.

Қорытындысында:

  • Бірінші топ түсірген фотода обьектілердің барлығы бірдей айқын көрінетін болады.
  • Екінші топтың суретінде бірінші обьект айқын, екінші обьект сәл бұлыңғыр, ал үшінші обьектті көру мүмкін емес болады.
  • Үшінші топтың түсірген суретінде ортада тұрған нысанды анық көре алсақ, төртінші топ түсірген фотода бірінші мен екінші обьект көрінбей, үшінші обьектіні айқын көре аламыз.
  • Төртінші топ түсірген суретінде соңғы объект анық көрінеді, екінші обьект сәл бұлыңғыр, ал үшінші обьектті көру мүмкін емес болады.

Обьектінің бұлыңғыр деңгейі қалқа мәніне тікелей байланысты. Қалқаның сандық мәні жоғары болған сайын, обьектілер анық көрінетін болады.

Түйін

Қандай жағдайға фокусты қолдан орнатқан дұрыс?

  • Ең алдымен жарық жеткіліксіз болғанда. Әдетте смартфондар фокусты табу үшін көп уақыт жұмсайды, көбіне таба алмайды.
  • Нақты қай обьектіні фокусқа алатыныңызды білгенде. Егер сіз түсіргелі отырған адамның алдында басқа адамдар немесе басқа заттар тұрса, фокусты қолдан орнату керек болады. Смартфондар мұндай жағдайда алдыңғы планда кім тұрса, соны фокусқа алады.
  • Сіз түсіргелі отырған адамдар немесе заттар қозғалмаса. Мысалы театр сахнасындағы әртістер.

Смартфонмен суретке түсірерде құрылғы адамның бетін автоматты түрде фокусқа алады. Бұл функция суреттегі барлық адамның анық шығуына көмектеседі. Әсіресе, үлкен топ болып түскен кезде, автоматты фокустың көмегі зор. Смартфон әр адамға дейінгі қашықтықты есептеп, ең тиімді нұсқасын таңдайды.

Егер сіз белгілі бір нысанды фокусқа алғыңыз келсе, онда автоматты фокусты алып тастауыңыз қажет. Сонымен қатар, барлық адамдарды бір қатарға қойып, суретке түсіру мүмкіндігі болса, немесе фотограф тиімді ракурс таңдап, барлық адамнан бірдей ара қашықтықта тұратын болса, суретіңіз анығырақ шығады.

Экспозиция — ISO, ұсталым және қалқан мәндерінің түсіретін нәрсеміздің жарық деңгейіне сай бапталуы.

«Ақ түстің теңгерімі». Егер смартфоныңыз фотоны тек jpeg форматында сақтайтын болса, ақ түс теңгерімін міндетті түрде алдын ала дұрыстап алған жөн.
Смартфоныңызда екі сырғытпа болса, екеуін де ортаға орналастырыңыз.

Бірінші жағдайдағыдай алдымен солға, сосын оңға жылжытыңыз. Бірінші сырғытпа арқылы көк пен сары түстің арасында температураны реттеп алсаңыз, екінші сырғытпа арқылы жасыл мен қызыл реңді реттесеңіз болады. Суреттің ақ немесе сұр түстеріне мән беріңіз. Осы түстерде көк пен сарының жасанды реңктері жақсы көрінеді.

Ал смартфоныңыз RAW форматында сақтай алса, суретті автоматты режиммен түсіріңіз. Сурет түсіруде қателік кетсе, RAW форматындағы суреттерді оңай жөңдеуге болады.

Файлдарды сақтау және смартфонның қосымша құралдары (10 минут).

Суретке түсіруде сапаны жақсартудың әртүрлі жолы бар.

Әрбір камерада фотожарқыл орнатылған. Өкінішке қарай, фотожарқыл жарығы тек бір жерге ғана түседі. Әдетте фотожарқыл алдыңғы обьектіге жарық түсіріп, арттағыны одан сайын қарайтады.

Сонымен қатар, фотожарқыл арқылы түсіргенде қызыл қарашық эффекті пайда болуы мүмкін. Әрине ондай жағдайда тегін қосымшалармен суретті жөңдеуге болады.

Обьектілерді әртүрлі ракурста жарықтандырып, суретке түсіру үшін смартфонға қосымша фотожарқылдар қолданыңыз.

Смартфонның сыртқы камерасы ұзақ фокус түсілірімдер жасауға мүмкіндік береді.

Тағы бір пайдалы кеңес: сурет пен видео түсірерде діріл болмас үшін штатив қолданыңыз. Қазір тек фотоаппаратқа ғана емес, сонымен қоса смартфондарға да арналған шағын штативтер бар.

Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР