Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль міндеттері
Студенттер:

  • БАҚ-Жаңалықтар ақпаратының негізгі сипаттамасы мен оны тексеру тәсілдерін анықтайды;
  • Факті мен пікірдің әсіресе манипуляцияның айырмашылығын анықтайды;
  • Үгіт-насихаттың әсер ету тетігін анықтайды;
  • Фейк жаңалықтарының шығу себебін зерттейді;
  • Фактчекинг тетігімен танысады;
  • Фейк жаңалықтарының мысалдарын қарайды.

1–бөлім (20 минут)

Бұл сабақ барысында біз жаңалықтарда берілетін ақпараттарды қарастырамыз(жаңалықтар сипаттамасы және жаңалықтарды бұрмалау, «фейк» жаңалықтар).

Пікірталас (10 минут):

  • Қандай ақпаратты жаңалық дей аламыз?
  • Жаңалықтың басты сипаты қандай?
  • Фактінің пікірден қандай айырмашылығы бар?
  • Жаңалық тек пікірден тұра ма?

1-ҚАДАМ. Ақпараттық жаңалық (30 минут)

Жаңалық – ақпараттық мазмұны бар маңызды, қызықты, тың хабар. Жаңалық таратудың түрлері – дәстүрлі және жаңа деп екіге бөлінеді.

Адамдарға жаңалық не үшін керек? Өз туған қаласында, облыста, елде, шетелде болып жатқан оқиғалардан әрқашан хабардар болып отыру үшін.

БАҚ-тың басты мақсаты – ақпаратты бұрмаламай жеткізу.

Факт – ақпараттық хабарламаны дәлелдейді және шынайылығын анықтайды. Кез-келген ақпарат жаңалық бола алмайды, ол үшін жаңалыққа қойылатын талаптарға сай болу керек. Жаңалық маңызды, тың, ешкім естімеген, оқырманға қызықты және барлық адамзатқа ортақ өмір, бала, денсаулық, махаббат, өлім және де басқа тақырыпта болуы шарт.

Ақпараттық жаңалықтың сипаттамалары:

  • Ақпараттық сылтау. Жаңалық дәл сол уақытта мақсатты аудитория үшін маңызды әрі өзекті болуы керек.
  • Жылдамдық. Жаңалықтың басты артықшылығы жылдамдығында. Оқырман мен көрермен үшін шешім қабылдауға көмектесетін, проблеманың алдын алатын, тексерілген жылдам жаңалық керек.
  • Аудиторияға таңсық ақпарат. Бұрын болмаған, айтылмаған оқиға, факт әрқашан оқырманның қызығушылығын тудырады.
  • Тың оқиға мен ерекше жағдайлардан жақсы жаңалық шығады.
  • Географиялық жақындық пен мәдени бірлік аудиторияның назарын аудартады.
  • Белгілі тұлғаға қатысты жаңалық. Танымал немесе ерекше тұлғалардың өмірі (бала, денсаулық, махаббат және т.б) жайлы жаңалық аудитория үшін үнемі қызықты.

Түйін

Жаңалық нақты және тексерілген болуы шарт. Сонымен қатар жаңалықтың бірнеше сипаты бар: ақпараттық жағдай, жылдамдық, айтылмаған ақпарат, тың оқиға мен ерекше жағдай, географиялық жақындық, мәдени бірлік, танымал тұлға. Жаңалықтың негізі – жеке пікір емес, тексерілген факт екенін ұмытпаған жөн. Факті мен пікірдің айырмашылығы мынада: фактіде үнемі дәлел болуы керек, ал пікірде факт болуы да, болмауы да мүмкін. Яғни пікір объективті де, субъективті де бола алады.

2-ҚАДАМ. Фейк (жалған) жаңалықтар (30 минут)

Пікірталас (5 минут)

  • Қандай жаңалықтар “фейк” бола алады?
  • Фейк жаңалық дегеніміз не?
  • Манипуляцияның мақсаты не?
  • Үгіт-насихат дегеніміз не?

Қоғамдық пікір дәстүрлі және жаңа БАҚ-тан алынған ақпарат пен жаңалық негізінде қалыптасады. Көбіне ақпаратты еш ойланбастан, күмәнданбастан манипуляцияның әсеріне түсіп, шындық ретінде қабылдаймыз.

Манипуляция кез-келген күштің адамзатты, мемлекетті, тіпті сана мен көзқарасты жалған ақпаратпен сендіріп, әсер етіп, уысында ұстайтын қаруы.

Сондықтан да әрқашан манипуляцияның астарына үңілген жөн.

Багиля Ахатова
Багиля Ахатова
Доктор филологических наук, профессор, директор Казахстанской коммуникативной ассоциации. Медиаисследователь, медиаэксперт, медиатренер. Специалист в области коммуникативных технологий, медиадискурса и медиаграмотности. Автор более 130 научных трудов. Медиаграмотностью занимается с 2007 года.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР