Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Мұндай «достар» әлеуметтік желілер арқылы танысып, достасқаннан кейін түрлі аянышты оқиғаларды айтып (құжаттарымнан, үйден айрылып қалдым деп), жалынышты сезім тудырып, материалдық көмек алғысы келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жабық топтар да бар, кейбіреуі дезинформация таратып, манипуляция жасау арқылы әртүрлі діни, саяси, коммерциялық акцияларға шақырады. Мұндай топтарға қосылмастан бұрын аккаунтты дұрыстап тексеру қажет, сол себептен сынап талдау, ақпаратты сүзгіден өткізу өте маңызды.

Фото, сурет, видеоның жалған екенін қалай анықтауға болады?

  • Google, Yahoo, Yandex, Mail.ru және т.б. іздеу жүйелерінен кілтсөз арқылы;
  • Суреттің бірінші кадры арқылы Google Image Search және TinEye сервисінде іздеуге болады;
  • Яндекс Картинки, видео – Amnesty’s Data Viewer – Youtube DataViewer видеоны тексеруге арналған құрал, веб-сайт. Сайт сілтемесін көрсетсеңіз болғаны, жүйе автоматты түрде сенімділік рейтингін шығарып береді.

Бұл сервис сурет пен видеоның түпнұсқасын анықтап береді. Ол үшін қолда бар суретті немесе сурет сілтемесін іздеу бағанына қойыңыз, сосын Іздеу тетігін басыңыз.

  • Scamadviser.com сервисі сайттың сенімділігін тексеру үшін
  • Сайттың мұрағатындағы материалдарды мына ресурс арқылы қаруаға болады: archive.org/web, archive.is, cachedview.com.
  • Видеоны тексеруге арналған нұсқаулықты Қазақстандық factcheck.kz ресурсынан табуға болады.

Түйін

Фейк пен жалған ақпараттың негізі таралу себебі «жалған жағдай» жасай отырып, автор адресаттың санасына әсер ету арқылы, манипуляция жасаумен жасырын түрде өз коммуникативті мәселесін шешеді. Ақпаратты таратушы мақсатты түрде дерек пен ақпаратқа сүйене отырып, жағдайды өзіне, өз мүддесіне тиімді етіп көрсетеді. Шындықтан жалтару арқылы қоғамдық санаға оңай манипуляция жасайды. Нақтылықтың жетіспеуі, шындықтан жалтару немесе өзіне ыңғайлы фактілерді ғана келтіру — жартылай шындық болып есептеледі. Жалған жаңалықтарда шынайы ақпарат пен дереккөздің нақтылығы саяси мақсатпен пайда үшін құрбан етіледі. Осының салдарынан ақпараттық жаңалықтың салмақтылығы азайып, дереккөзі күмән тудырады, жаңалық толыққанды болмайды, демек шындықтан алыстауы — жартылай шындық болады. Жартылай шындық коммуникативті технологияларды пайдалана отырып, қоғамның санасына дезинформация жіберіп, манипуляциялауға мүмкіндік
береді.

Фактчекинг кез-келген жаңалыққа күмәнмен қарауды және медианың хабарларын сыни тұрғыдан пайымдауды ұсынады. Ақпараттың рас-өтірігін тексеруге көп уақыт кетпейді, алайда көбі ақпараттың нақтылығына мән бере бермейді, сол себептен мұндай ақпараттар тез және көп таралғандықтан сенімге ие болады. Фактчекинг құралдарын пайдалану арқылы кез-келген интернет қолданушы кез-келген медиа ақпараттың шынайлылығына көз жеткізе алады. Себебі медиасауат сыни тұрғыдан қабылдап, ақпаратты «сен, бірақ тексер» қағидасымен қабылдауға шақырады.

 

Багиля Ахатова
Багиля Ахатова
Доктор филологических наук, профессор, директор Казахстанской коммуникативной ассоциации. Медиаисследователь, медиаэксперт, медиатренер. Специалист в области коммуникативных технологий, медиадискурса и медиаграмотности. Автор более 130 научных трудов. Медиаграмотностью занимается с 2007 года.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР