Модуль міндеттері:
Студенттер:
- БАҚ-тағы біржақтылықты айқындауға үйренеді;
- Біржақтылықтың себеп салдарын түсінеді;
- БАҚ-тағы біржақтылықты сараптайды;
- БАҚ-тағы біржақтылықты тәжірибе жүзінде түсінетін дәрежеге жетеді.
1-ҚАДАМ. БАҚ-тағы біржақтылықты айқындау (5 минут)
Сабақ басталмай тұрып, ең әуелі БАҚ-тағы біржақтылық дегеніміз не, ақпаратты тұтынушыларға оны тани білудің неге сонша маңызды екенін түсініп алғанымыз жөн болар?
Жаттығу
БАҚ-тағы біржақтылықты айқындау үшін флипчартты/тақтаны тігінен екіге бөліп, бір жағына «БАҚ-тағы біржақтылық», екінші жағына «БАҚ-тағы жан-жақтылық» деп жазамыз.
Студенттерді (бәлкім топты алдын ала бірнеше топқа бөліп аламыз) аталған сөздердің синонимдерін, осы сөздер айтылғанда еске түсетін түсініктерді тізіп жазуын сұраймыз. Осыдан кейін анықтамаға көшеміз. «БАҚ-тағы біржақтылық» бағанында «объективті емес», «тәуелді», «сатқындық» және «цензура» секілді сөздердің болуы анық.
Ақпарат құралдарының біржақтылығы дегеніміз – журналистердің және жаңалық авторларының ақпарат құралдарында жарияланатын ақпараттарды таңдау барысында сыңаржақтылыққа ұрынуы.
БАҚ-тағы біржақтылық журналистика стандарттарынан сақтамауды білдіреді.
Сіздер бұл анықтамамен келісесіздер ме? Өз анықтамаңыз бар ма? Журналистиканың стандарттарына біз кейінірек оралатын боламыз. Әзірге біржақтылық формаларымен танысамыз.
2-ҚАДАМ. БАҚ-тағы біржақтылықтың себептері (10 минут)
Біржақтылықтың орын алуы – БАҚ-та ертеден пайда болған ауру. Әрі дамыған және дамушы мемлекеттерде бұл аурудың проблемасы бірдей.
Кейде біржақтылықты (Брент Бейкердің анықтамасы бойынша) БАҚ-тың либералды (немесе басқа) идеологияға және саясаткерге және оны қолдаушыларға деген ерекше көңіл-күйі ретінде түсіндіреді.
«Біржақтылық солақай келісімнің нәтижесі емес – кейбір жаңалықтарды жасырып қалатын, әрі көптің талқысына мәселені біржақты ғана ұсынатын және оған қолдау табуды мақсат ететін «топтық пікірдің» бейсаналы менталитеті. Бұндай жағдайда, шындық зардап шегеді».
Шынымен де, біз көпшіліктің ықпалына көбірек түсеміз, сондықтан, қоғамда үстемдікке ие қоғамдық пікірге көбірек сенімсіз. Бұл құбылыс жайында неміс социологы Элизабет Ноэманның еңбектерінен кеңірек білуге болады. Ол бір кітабын «Үнсіздік спиралі» деп атаған. Бұл кітаптың негізгі ұсынатын идеясы – қоғамдық пікір бізді көпшіліктің пікірімен санасуға мәжбүрлейді немесе бірнеше адамның осы «үнсіздік спиралін» жарып шығуға мүмкіндік алады. БАҚ-тың бұл процестегі рөлі өте маңызды, көбінде ақпарат құралдары көпшілікті жақтайды (ең бастысы – осы көпшілік газет сатып алады, телебағдарламалардың рейтингісін көтереді, осы көпшіліктің пікіріне медиа да иек сүйейді).
Әрине, коммерциялық медиа табыс көзіне тәуелді. Сондықтан, олар негізінен жарнама берушілерден немесе меншік иелері тарапынан қысымға ұшырайды. Бірақ, бұл коммерциялық медианың бәрі біржақты бола алады дегенді білдірді ме? Әрине жоқ. Себебі медианың басты капиталы – аудиторияның сенімі ғой, ал сенімге ие болу үшін оқырманға нақты әрі жан-жақты ақпаратты беру керек.
Екінші жағынан, қоғам тарапынан қысым көрмеген медиа объективтіліктен жалтарады немесе кәсіби этиканы бұзады.
Жаттығу:
2011 жылы журналистік этиканы бұзғаны үшін жабылып қалған британдық «News of the World» басылымы туралы презентация дайындаңыз (алдын ала тыңдаушылардың біріне баяндама дайындауды тапсырыңыз).