Домой Блог Страница 54

Қазақстандағы Internews өкілдігі шағын гранттарға байқау жариялайды

Шағын гранттардың мақсаты — қоғамдық маңызы бар тақырыптағы сапалы журналистік жұмыстар өндірісін ынталандыру, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ арасында бағдарлама алмасу.

Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі мына бағыттағы медиаконтент өндірісіне қолдау көрсетеді: 

  • Қазақ тіліндегі телевизиялық сұхбаттар циклі (хронометражы 20-30 минут, қосымша фотолары бар).
  • «Викторина» және «пікір сұрау» форматындағы бағдарламалар пакеті.

Internews мына тақырыптардағы жобалар бойынша грант өтінімдеріне қолдау көрсетеді:

  • Құқық
  • Жемқорлыққа қарсы қоғам
  • Гендер
  • Экономика
  • БАҚ айналасындағы жағдай
  • Жастар бастамалары
  • Экология (ғаламдық климат өзгерістері)
  • Толеранттық жөніндегі тақырыптар
  • Әлеуметтік бағдарламалар (аймақ пен тұтас ел үшін өзекті)
  • Азаматтардың өмірін жақсарту, қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік

Бұл жобада Internews тарих және мәдениет тақырыбындағы бағдарламаларға, ойын-сауық бағдарламаларына, көркем фильмдерге, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптерге қолдау көрсетпейді.

Медиа және продакшн-компаниялардан өтініштер қабылданады. Грант алушыларға қойылатын басты шарт — грант аясында өндірілген бүкіл контенттің барлық құқықтарын Internews ұйымына өткізіп беру. Грант сомасы 5 000 доллардан аспайды (грант теңгемен беріледі).

Грант алудан үміттілер өтінім келіп түскен сайын қазылар тарапынан тұрақты түрде анықталып отырады.

Internews грант алған жобалар нәтижесінде өндірілген контентті Орталық Азияның үш елі: Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан БАҚ арасында таратуға бірінші кезекті құқық иеленеді.

Грант алуға өтінімдер мына шарттар бойынша бағаланады:

  • контент елдердегі заң нормаларына қайшы келмейді
  • контент түрлі көзқарас тұрғыларын ұсынады
  • контент қандай да бір саяси, діни немесе өзге де тараптарды қолдауға мүдделі емес
  • контент Internews ұсынып отырған тақырыптар мен жанрларға сәйкес келеді
  • шығармашылық ізденіс
  • жобаны жүзеге асыру үшін өз тарапынан қаржы салу
  • жобаны бірнеше тілде жүзеге асыру мүмкіндігі.

Грант алуға өтінімде  (үлгісі) жобаның сипаттамасы, мақсаты, күтілетін нәтижелер (жоба неліктен және қалайша қоғам назарын аударады), жұмыс жоспары, бюджет(үлгісі) көрсетілуі тиіс. Міндетті түрде жоба арналатын аудиторияны және жоба көрсетілетін аумақты көрсету керек.

Өтінімге жобаға қатысушылардың түйіндемесін қоса беру абзал болады.

Өтінімдерді 2017 жылғы 15 мамырға дейін «Контент алмасу» жобасының үйлестірушісіне мына адрес бойынша жолдаңыздар:

Алматы. Go Viral шығармашылық фестивалі — контентті ілгерілетудің жаңа форматтары

Үш күн бойы Орталық Азия аймағынан келген мыңдаған қатысушы өз идеяларын жаңа аудиторияға тарату үшін «вирус» ету жолдарын үйренеді.

Фестиваль миссиясы – шығармашыл аудиторияға, оның ішінде журналистер, кәсіпкерлер, кинематографистер, музыканттар мен энтузиастарға әлеуметтік желі, жаңа платформалар мен технологиялар арқылы контентін ілгерілетуге мүмкіндік беру.

Go Viral фестивалі аясында АҚШ, Орталық Азия мен Шығыс Европа елдерінің трендсеттерлері өнер көрсетіп, мастер-кластар өткізеді, музыка мен кино ұсынады, сол арқылы ғаламдық аудиториямен табысты қарым-қатынас құру жолдарын үйретеді.

  • Идеялар мен өнімдердің «жұқпа» жолмен таралуына не ықпал етеді? Бір идеялар «жарып» жататыны, енді біреулері ашылмай жатып солғын тартатыны неден?
  • Контентті монетизациялау жолдары қандай? Жаңалықтар ақпарат беріп қана қоймай, көңіл көтеруі үшін не істеу керек?
  • Шынайы контентті жасанды оқиға баяндарынан қалай ажыратуға болады?
  • Контентіңізді бүкіл әлем көріп, еститіндей етіп жасаудың жолдары қандай?

Фестиваль форматтары: негізгі келіссөздер; мастер-кластар; питчинг пен таныстыру жасауға дайындау; видеоконференциялар; нетворкинг және менторлық; панель пікіталастары және дөңгелек үстелдер; диалог аумақтары және  TechLab, музыка және кино.

Фестивальге қатысу тегін, алайда тек арнайы іріктеп алынатын 1000 адамға ғана орын бар. 

Фестивальде қонақ болатын АҚШ пен Қазақстан спикерлері мен өнер көрсетушілер үш салада ұсынылады:

Медиа: Тоби Бочан, Storyful компаниясының Видео бөлімінің бастығы (бұл компания вирус видеоконтентті айқындап, лицензиядан өткізеді); Верша Шарма, «Now This» медиа компаниясының басқарушы директоры және аға корреспонденті; Гүлнар Бажкенова, «Esquire» журналының журналисі және бас редакторы; Вячеслав Абрамов, «Vlast.kz» онлайн-журналының негізін қалаушы; Asyl_Aje инста-жұлдыз (Лена-апа); қазақстандық вайнерлер Нурлан Батыров, Yuframe, Jokeasses; иллюстратор, Ерден Зікібай және «жеке брендинг пен PR» сарапшысы Виктор Елисеев.

Бизнес: Брэндон Эндрю, «Shark Tank» бағдарламасының кәсіпкер сарапшысы; Кристофер Грей,
«Scholly» стипендия іздеу платформасының негізін қалаушы; Арман Сүлейменов, «ZeroToOneLabs» және «nFactorial Incubator» атқарушы директоры; Алексей Ли, Ticketon және Aviata.kz компанияларының негізін қалаушысы; Диана Цой, «OldSqu» мультимедиа орталығының өкілі.

Мәдениет: YouTube музыка жұлдызы Fresh Big Mouf; iLuminate би тобы; Гриффин Хэммонд, деректі кино режиссері ; Шарлотта Купер, Show of Force студиясының әлеуметтік желілер директоры; Екатерина Суворова және Қанат Бейсекеев деректі кино режиссерлері; «әншілер Ғалымжан Молданазар және Zzara, «The Godfathers» DJ жобасы және басқалар.

Фестивальге қатысу үшін 18 жастан асқан тұлғалар ресми сайтта тіркелуге тиіс: www.goviral.kz.

Тіркелу уақыты — 2017 жылғы 30 Мамырға дейін. Go Viral жаңалықтары сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда #Goviralkz хәштәгімен  жариялаланады: Facebook — @GoViralkz, Instagram —  GoViral.kz, Twitter —  @GoViralkz, YouTube —  GoViral KZ .

Фестивальді ұйымдастырушылар — Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы және медиа, бизнес және мәдениет саласындағы жетекші қазақстандық новаторлар.

Орталық Азияның медиа мамандарына арналған DataLab: «Экологиялық деректерді визуалдау»

Орталық Азия елдерінің медиа мамандары мен экологиялық ҮЕҰ өкілдері «Экологиялық деректерді визуалдау» Data лабораториясына шақырылады.

DataLab 2017 жылғы 29-31 мамырда Алматыда өтеді.


Экологиялық деректермен жұмыс істеуді үйренгіңіз, олардың ерекшеліктерін танып, визуалдауды үйренгіңіз келсе, DataLab-қа қатысуға өтініш беріңіз!

DataLab-қа қатысу – қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін көпшілік аудиторияға тартымды, түсінікті етіп баяндау үшін расталған, таза деректер негізінде материалдар әзірлеуді үйренуге таптырмас мүмкіндік.

DataLab форматында әр қатысушы (немесе команда) менторлардың жетекшілігімен жоба әзірлейді. Оларға тәжірибелі эксперттердің мастер-кластары, техникалық қолдау (ақпарат көздері, жобалар тақырыптары бойынша деректер жинақтары, жылдам интернет) және шығармашылық атмосфера ұсынылады.

DataLab мақсаты – медиа және экологиялық ҮЕҰ мамандарының эксперттермен қарым-қатынас орнатуына қолайлы алаң құрып, әр қатысушының экологиялық деректерге негізделген мультимедиалық материал әзірлеуіне мүмкіндік жасау.

DataLab тренерлері:

Олег Хоменок —  Internews Network БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Киев),  медиа-кеңесші және журналистика бойынша тренер, журналистика және журналистиканы оқыту жөнендегі оқулықтар авторы.

Виталий Власов —  «Открытый город» қорының негізін қалаушы және жетекшісі, бағдарламалаушы, технологиялық кәсіпкер.

DataLab шаралары: вебинарлар топтамасы, «кіріспе кездесу» (29 мамыр), 2 күндік тәжірибелік оқыту курсы (30-31 мамыр). 

Назар аударыңыз! DataLab бағдарламасын табысты меңгеру үшін вебинарларға қатысу міндетті!

Медиа мамандары мен экологиялық ҮЕҰ өкілдерінен жеке де, топтық та (2-3 адам) өтініштер қабылданады. Деректермен және мультимедиа сервистерімен жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар басымдыққа ие болады. Команда құрамында қосымша ІТ-маманы және дизайнер де болуы мүмкін.

Назар аударыңыз!  Өтініштің өзінде жобаның тақырыбын және оны жүзеге асыру үшін визуалданған деректерді қолдану қаншалықты маңызды екенін көрсетуіңіз керек.

Қатысушылардың жол, жатын және тамақтану шығындарын Internews көтереді.

Өтініш формасын мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған өтініш формасын және қосымша құжаттарды centralasia@internews.eu почтасына 2017 жылғы 05 мамырға дейін жолдау керек.


«Экологиялық деректерді визуалдау» тақырыбындағы Екінші Орталықазиялық DataLab Еуропа Одағының қаржыландыруымен Internews жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі. 

Қақтығыс аймағынан хабар тарату

2017 жылғы 20 сәуірде «Қақтығыс аймағынан хабар тарату» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинар өтті.

Вебинарды журналист, azattyq.org редакторы Қасым Аманжол жүргізді.

Вебинар барысында Қасым Аманжол өзінің Украина, Қырғызстан және Қазақстандағы қақтығыстар кезінде жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтты және журналистерге қақтығыстардан хабар таратуға әзірлік, қақтығыс барысында жұмыс істеу туралы кеңес берді.

Вебинардың видеожазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

«Кикілжіңді аймақтан хабар тарату» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар

2017 жылғы 20 сәуірде сағат 19:00-де «Кикілжіңді аймақтан хабар тарату» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар өтеді.

Вебинарды журналист, Азаттық радиосының редакторы Қасым Аманжол жүргізеді.

Вебинарға қатысу үшін сілтемемен өтіңіз.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Кикілжіңді аймақтан хабар тарату» тақырыбында қазақ тіліндегі тегін вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Autodraw.com — Google-дің сіз үшін сурет салып беретін жаңа онлайн-сервисі

Google шығарған жаңа autodraw.com құралының көмегімен, дизайнға қабілетіңіз жоқ болса да, сапалы, кәсіби деңгейдегі суреттерді (шағын көрнекіліктер, белгішелер) сала аласыз.

autodraw.com жинағы бар-жоғы бірнеше батырмадан тұрады — мәтін, қарындаш, бояу, фигуралар. Ең қызығы — жұлдызшалары бар қарындаш батырмасы.

Нобайын ғана салған шимайыңызды түсінікті суретке айналдыратын да сол батырма.

Сіз әлденені нобайлап сызып отырғанда, мәзірдің жоғарғы бөлігінде нұсқалары ұсынылатын жолақ пайда болады.

Қажетін таңдап, бояу керек болса — бояйсыз, сөйтіп көрнекілік дайын болады.

Видеоға назар аударыңыз:

Шыққан нәтижені көшіріп алуға немесе әлеуметтік желілерде ортаға салуға болады.

Storymaps.arcgis.com — картаға негізделген мультимедиалы оқиға баяндарын құруға арналған сервис

Storymaps.arcgis.com — орыс тіліндегі қарапайым, тегін онлайн-құрал. Оның көмегімен оқиға тарихын оның географиялық орнына байланыстына отырып баяндай аласыз.

Оқиғаны картада баяндау географиялық нүктелерді мультимедиалық мазмұнмен ұштастыруға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен оқиғаны баяндап беру үшін карталардың бар мүмкіндігін пайдалануға болады. 

ArcGIS аясында Esri Story Maps өз картаңызды жасау үшін әлемдік картографиялық ГИС-платформасының бар қуатын пайдалануға мүмкіндік береді. 

Оның көрінісі мынандай болады:

Немесе мынандай:

Құрал бірнеше формат ұсынады, олармен жұмыс істеу оңай. Шыққан нәтижені HTML-код арқылы сайтқа орнатуға немесе әлеуметтік желілерде ортаға салуға болады.

Storymaps.arcgis.com жұұмыс бастау үшін тіркелу немесе Facebook әлде Google+ аккаунтыңызды көрсетіп кіру керек.

Содан кейін оқиғаны баяндау форматын таңдайсыз.

Күмәнданып тұрсаңыз, сервис сізге дәл қайсы керек екенін таңдап береді.

Содан кейін тақырыбын көрсетіп, мультимедиалық файлдарыңызды жүктейсіз.

Содан кейін жазғаныңызды тек өзіңіз көретін, не басқаларға ортақ етіп белгілей аласыз.

Дайын!

Біз қарапайым тізімді таңдадық:

Интернет редакция жұмысын ұйымдастыру: басты қадамдар

4 сәуірде өткен «Интернет редакция жұмысын ұйымдастыру: басты қадамдар» вебинарының видеожазбасын назарларыңызға ұсынамыз:

Смартфондағы экология: 9 мобайл қосымша

«ЛИВЕНЬ. Living Asia» сайтының «Ecofriendly» айдарында табиғатқа қамқорлықпен қарау жолдары айтылады. Солардың арасында телефоныңызға орнатылатын 9 мобайл қосымша туралы материалды назарларыңызға ұсынамыз.


DIRTY DOZEN 

Приложение исследовательской организации EWG зерттеу ұйымы жасаған қосымша азық-түлік өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерін анықтап қана қоймай, өзі де «таза», пестицидтер әсеріне төзімді тағамдар тізімін ұсынады.

EWG (The Environmental Working Group) — америкалық коммерциялық емес құқық қорғау ұйымы, жыл сайын токсиндермен зарарланған жемістер мен көкөністер статистикасын жариялап отырады. 

iTunes: DIRTY DOZEN 
Android: DIRTY DOZEN 

 


ECOKIDS

Белорус програмистері әзірлеген қосымша балаларға арналада.  «Ecokids» ойнай отырып, бала қалдықтарды дұрыс сұрыптауды, су мен электр энергиясын үнемдеуді. қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйренеді.

iTunes: ECOKIDS 
Android: ECOKIDS

 

 

 

 

GO GREEN

«Жасыл» өмір салтын ұстана бастағандарға бұл қосымшаның пайдасы зор — ол ecofriendly аталатындардың қатарынан табылуға көмектеседі. Қосымша іске қосылған сайын қарапайым, алайда күнделікті өмірде қолдануға болатын кеңес береді.

iTunes: GO GREEN 
Android: GO GREEN

 

 


РАЗДЕЛЬНЫЙ СБОР

Бағдарлама қалдықтың қай түрі қаншалықты өңделетіні туралы ақпарат беріп қана қоймай, қоқыс тастаудың кестесін күні мен аптасына қарай жасап қоюға мүмкіндік береді. Ал қандай да бір қоқыс уақытында жойылғаны туралы хабарлама келіп тұрады.

iTunes: РАЗДЕЛЬНЫЙ СБОР 

 

 

 


EARTH-NOW

NASA әзірлеген осы қосымшаның көмегімен кез келген адам Earth Science сериялы жер серіктерінен түсетін климат өзгеруі туралы деректерді онлайн режимде қадағалап отыруына болады. Экранда Жердің үш өлшемді суреті пайда болады, соны айналдырып отырып, ауа температурасы, көмірқышқыл газы, озон, су буы температуралары көрссетілетін карталармен танысып, сонымен қатар, жердің тартылыс күші, теңіз деңгейі және оның тұздылығындағы өзгерістер қандай екенін біліп отыруына болады.

iTunes: EARTH-NOW 
Android: EARTH-NOW

 


LEAFSNAP

Өсімдіктің жапырағын суретке түсіріп алсаңыз, америкалық университеттер ғалымдары жасаған қосымша ол қай өсімдік және сипаты қандай екенін көрсетіп береді.

iTunes: LEAFSNAP 

 

 

 

 

 


LOSS OF THE NIGHT

Қосымшаны көшіріп алсаңыз, аспандағы жұлдыздардың көрінуі және түнгі аспанның жарықпен ластануын бағалау үшін ойлап табылған краудсворгиң жобасына ат салыса аласыз.

Жарықпен ластануы астрономиялық бақылауды қиындатып, тірі организмдерге зиянын тигізеді. Ол жарықтың көзі — қала тірлігі элементтері. 

Сіз жұлдыз шоғырларын іздеп, түнгі аспан көрінісінің картасын өзіңіз де жасай аласыз — бұл деректер ғалымдардың зерттеулеріне көмек болады. Он мыңнан астам адам осы қосымша арқылы ғылым мен экологияға көмегін тигізіп отыр — зерттеу нәтижелері арнайы блогта жарияланып отырады.

iTunes: LOSS OF THE NIGHT  
Android: LOSS OF THE NIGHT

ЭКОЛОГИЯ И ПРАВО

«Беллона» құқық қорғау орталығы «Экология и право» журналын және осы аттас электрон нұсқа  шығарып келеді. Басылым азаматтардың экология саласындағы құқығына баса мән береді.

iTunes: ЭКОЛОГИЯ И ПРАВО 
Andrioid: ЭКОЛОГИЯ И ПРАВО

 

 

 


ECOCHALLENGE

Қосымшаның интерактив форматы қарапайым адамға тұрақты даму ұстанымдары деген не екенін және өзіңнің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын қалай азайтуға болатынын түсінуге көмектеседі.

iTunes: ECOCHALLENGE 
Android: ECOCHALLENGE

 

 

 


LIGHTSMART

Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануға көшкісі келетіндерге арналған қосымша. Бөлмедегі жарық қалай өзгеретінін бағалауға фото-функция көмектеседі. Қоса орнатылған калькулятор жұмсалатын ақшаның есебін шығарады. Сол қосымшаның өзінде энергия үнемдеудің негіздерін, шамдардың түрін зерттеп, тұрмыста жаңалық енгізу үшін сатып алатын заттардың тізімін жасауға болады.

iTunes: LIGHTSMART 
Android: LIGHTSMART

 

«Интернет-редакция жұмысын ұйымдастыру: басты қадамдар» тақырыбында қазақ тіліндегі тегін вебинар

5 сәуір сағат 20:00-де «Интернет-редакция жұмысын ұйымдастыру: басты қадамдар» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар өтеді.

Вебинарды редактор Ерлан Оспан жүргізеді.
Вебинар БАҚ редакторлары, контент-менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистерге қызық болады.

Вебинарға тіркелу үшін сілтемемен өтіңіз.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Интернет-редакция жұмысын ұйымдастыру: басты қадамдар» тақырыбында қазақ тіліндегі тегін вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.