Домой Блог Страница 57

«Ақпараттық журналистика» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар

2016 жылғы 21 қазанда, сағат 15:00-де «Ақпараттық журналистика» тақырыбында қазақ тілінде вебинар өтеді.
Вебинарды белгілі журналист Бейсен Құранбек жүргізеді.

Вебинар барысында мынадай мәселелер айтылады:

  • Ақпараттық материал тақырыбын анықтау
  • Кейіпкер табу
  • Сұхбат алу
  • Ақпараттық материалда не қамтылуы тиіс

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемемен өтіңіз.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.

2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.

3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.

4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.

5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Ақпараттық журналистика» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Тест: қазіргі заманғы журналистика трендтері. 2-бөлім

Өзіңізді тексеріп көріңіз — тестті ең өзекті ақпараттан құрадық.

«Баяу жаңалықтар» жөнінде толығырақ — https://newreporter.org/2016/08/18/dvizhenie-za-medlennye-novosti-slow-news-movement-zdorovyj-podxod-k-zhurnalistike/

Журналистика саласындағы келешек мамандықтары жөнінде — https://newreporter.org/2016/09/20/mediaspecialnosti-budushhego/

Медиаға арналған чат-боттар жөнінде — https://newreporter.org/2016/09/08/chat-boty-dlya-media-uroki-the-guardian/

Қазіргі заманғы журналиске қажет машықтар туралы — https://newreporter.org/2016/09/05/9-osnovnyx-navykov/

Журналистика трендтері жөнінде — https://newreporter.org/2016/09/19/10-texnologicheskix-trendov-zhurnalistiki/?doing_wp_cron=1476111144.5123059749603271484375.

Превью фото: istockphoto.com.

«Инфографика» тақырыбындағы вебинарлар циклі басталады

2016 жылғы 12 қазанда Internews «Инфографика» тақырыбындағы вебинарлар циклін бастайды. Цикл үш вебинардан, үй тапсырмаларынан және қорытынды жобадан тұрады.

Вебинарлар цикліне қатысу үшін іріктеп алынған медиамамандар үш вебинарға да қатысып, қорытынды жобасын өткізсе — Internews сертификатына ие болады.

«Инфографика тақырыбындағы вебинарлар цикліне қатысушылар тізімі  (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанға ортақ тізім)

Вебинарлар цикліне қатысу үшін барлығы екі жүзге тарта өтініш келіп түсті, үміткерлердің көбі — қоғамдық қорлар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері. Олар үшін бөлек вебинар өткізу жоспарланып отыр. 

Циклдің алғашқы вебинары 2016 жылғы 12 қазанда, Астана уақытымен 17:00-де өтеді. 

Вебинарлы Пермь университетінің доценті, медиатренер  Иван Печищев жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, вебинарлардың кез келгеніне ниет білдірген әр адам тегін қатыса алады, тек іріктеп алынған мамандармен жеке жұмыс жүргізіледі. 

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемемен өту керек.

Назар аударыңыз! Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

  • Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
  • Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
  • Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
  • Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
  • Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Инфографика» тақырыбында вебинарлар циклін Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Instagram-ды тиімді қолдануға көмектесетін 5 қосымша

Журналист жұмысында Instagram жай ғана кезекті әлеуметтік желі емес. Бұл —  қоғаммен байланыс жасауға арналған ең тиімді арналардың бірі, «көп сериялы» оның ішінде зерттеулермен байланысты оқиға баяндарын әзірлеуге арналған тиімді қосымша.

Инстаграмдағы суреттерді медиа құралдары басылымдарға контент ретінде де пайдаланады.

Алайда, ірі фотожелінің кемшіліктері де бар. Ең алдымен, кәдімгі компьютерлерге арналған бағдарлама нұсқасының жоқ екені.

Instagram желісінде кез келген құрылғыдан және көбірек мүмкіндіктерін пайдалана отырып қолдануға көмектесетін қосымшалар тізімін ұсынамыз.

1. Ramme (Windows, Mac, Linux, тегін).

Ramme Instagram-ды компьютерде қолдануға мүмкіндік береді – ол үшін жай ғана қосымшаны орнатып алып, өз аккаунтыңыз арқылы кіріңіз.

Фотосуреттерді лайктап, пікір жазуға болады, ал жаңа суреттер жариялау функциясы көзделмеген. 
Көшіріп алу – Windows ,  Mac,  Linux.

2. Gramblr (Windows, Mac, тегін) — Инстаграмдағы профайлыңыз үшін қашықтағы сервер қызметін атқаратын десктоп қосымша. Оған өз логин, пароліңізбен кірсеңіз, инстаграмға фото да, видео да жүктей аласыз.

3. Flume (Mac, тегін, $9.99)

Flume – Инстаграмды Mac OS жүйесінде қолдануға арналған ең тиімді құралдардың бірі. Фотосуреттер жазбасыз, қолданушының аты-жөні көрінбей, жіңішке, ұзын таспа ретінде шығып тұрады. Толығырақ қарау үшін фотосуреттің үстін шерту керек.

Flume Pro кәсіби нұсқасы (10 доллар) инстаграмға дәл мобайл қосымшадан жүктегендей сурет салуға, фильтрдерді қолдануға және басқа да мүмкіндіктер береді.

4. InstagramTags

Көбірек лайк пен пікір жинаудың бір тәсілі — фотосуреттер жанында хештегдерді дұрыс пайдалана білу. Тек, олар қандай болуы керек екенін қайдан білеміз?   InstagramTags дұрыс хештегтерді оңай таңдап алуға мүмкіндік береді.

Кез келген тақырып бойынша іздеу жасасаңыз, сайт фото жанындағы жазбаға қоюға болатын хештегтер жиынтығын шығарып береді. Көшіріп алу үшін саусағыңызды тигізіңіз де, артынан инстаграмға кіріп, сол жақта қойып шығыңыз. Қосымша мобайл құрылғылармен де, десктоп жүйелерімен де жұмыс істей береді.

5. Stribr

Инстаграмда шынымен жақсы іздеу жүйесін керек етсеңіз, осы қосымшаны қолданыңыз. Қандай хештегтерді іздеу керек екенін, қандайын іздеу қажет емес екенін, фотосуретті жариялаған қолданушының аты-жөнін, сурет қай жерден жарияланғанын, тағы басқаларды параметрлерде көрсетуге болады.

Қосымшалар тізімінің түпнұсқасы сілтемеде.

Превью сурет thephotographyshow.thepublicbroadcast.com.

Орталық Азиядағы Internews «Инфографика» тақырыбындағы вебинарлар цикліне қатысуға өтініштер қабылдайды

Цикл үш вебинардан, үй тапсырмаларынан және финалдық жобадан тұрады. Үш вебинарды да тыңдап, финалдық жобаларын тапсырған қатысушылар Internews сертификаттарына ие болады.

Вебинарлар ең алдымен Орталық Азиядағы медиа қызметкерлеріне арналған. Вебинарлар цикліне тіркеу кезінде Орталық Азиядағы Internews серіктестерінің қызметкерлеріне басымдық беріледі.

Цикл мынадай тақырыптағы вебинарлардан тұрады:

  1. Медиаға арналған инфографика негіздері. Тренер Иван Печищев, Пермь университетінің доценті, медиатренер, деректер зерттеуші.
  2. Инфографика жасауға арналған сервистер. Тренер Анна Сухачева, журналист, редактор, Newsroom2.0 жобасының медиаэксперті, Newreporter.org редакторы.
  3. Инфографика жасау кезіндегі жиі кездесетін қателіктер. Тренер Денис Плавский, theopenasia.net дизайнері.

Қатысушылар нені қалай визуалдауға болатынын түсініп, бір цифрден карта жасауды үйренеді, түрлі графиктерді жасау әдістемесімен танысып, онлайн инфографика жасауға арналған сервстерді меңгереді.

Финалдық жобалардың бәрі шынайы цифрлерге негізделіп жасалып, дерек көздері көрсетілуі тиіс.

Вебинарлар цикліне тіркелу үшін өтініш үлгісін толтырып,  ogroznaya@internews.org адресіне 2016 жылғы 5 қазанға дейін жолдау керек.

Вебинарды ниет білдіргендердің бәрі тыңдай алады, алайда тек іріктеп алынған қатысушылармен дербес жұмыс жүргізіледі және олар Internews сертификатын алады.

«Инфографика» вебинарлар циклі 2016 жылғы қазан айында өтеді, бірінші вебинар — 12 қазанда.

Өтініш үлгісін көшіріп алу.

Қазақстандық үш жоба Internews грантына ие болды

Қыркүйектің 22-23 күндері Душанбеде (Тәжікстан) «Цифрлік ортадағы медиа: талаптар мен мүмкіндіктер» атты конференция және «Аудиториямен қарым-қатынас жасау: жаңа форматтар» атты форум өтті.

14364667_961384387323347_1218429564629839899_n

Конференция Орталық Азия, Ресей және Украинаның медиа мамандарының пікір алмасып, тәжірибе бөлісуіне арналған алаңға айналды: цифрлік ортадағы журналистика мен медиа, жаңа заман талаптары, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, аудитория тарту, оны ұстап отыру, тағы басқа тақырыптар қамтылды.

eksperty

Форум аясында «Идеялар жәрмеңкесі» атты жобалар байқауы өтті. Жобаға қойылатын басты талап — цифрлік медиа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, аудиторияны қоғамдағы мәселелерді шешуге жұмылдыру мүмкіндігі. Жеңмпаз жоба екі ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс және одан ары қарайғы өміршеңдігін дәлелдей алуы керек.

Жобаларды әзірлеу барысында қатысушыларға медиаэксперттер — Галина Гапарова (kloop.kg, Қырғызстан), Гүлім Әмірханова (Internews, Қазақстан), Рустам Гулов (Internews, Тәжікстан) және Назгүл Қожабекова (Internews, Қазақстан) менторлық көмек көрсетті.

Жобалар байқауына Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 27 жоба қатысты.  12 жобаға 2000-3000 АҚШ доллары көлемінде грант берілді.

Қазақстан медиа мамандары форум аясындағы байқауға мынадай жобалар апарған болатын:

Наталья Луговская, «Алау» телерадиокомпаниясы (Қостанай) — Қолжетімді мемлекеттік қызметтер — қызмет көрсету орталығы ұсынатын қызметтерді пайдалану жөніндегі онлайн-нұсқаулық

Марина Васильева, RIKA-TV (Ақтөбе) — Онлайн-журналистика шеберханасы — жас журналистерді онлайн-журналистикаға баулу курстары

Михаил Васильев, Караван (Алматы) — Ашық жиналыс — қоғамды толғандырып жүрген мәселелерді жұрт талқысына салып, журналистер назарын аударту бағдарламасы

Бақытжан Бұқарбай, Мен — қазақпын, mq.kz (Алматы) — қазақ тілін үйренушілерге арналған видеороликтер топтамасын әзірлеу

Надежда Рогозина, tv-арт (Қарағанды) — Жаңа адамдар

Алина Хасанова, ekaraganda.kz (Қарағанды) — Онлайн-участковый — қалада орнатылған бақылау камераларын қадағалау жобасы

Карина Алипова, «Отырар» (Шымкент) — WhatsApp арқылы жаңалықтар тарату

Тамара Еслямова, uralskweek.rz  (Орал) — Интерактив Орал

Ақсәуле Әбітай, 7kun.kz (Алматы) — Банкке сұрақ — халықтың қаржы сауаттылығын арттыру үшін сайт арқылы мамандар кеңесін ұсыну

Ербол Серікбай, szh.kz (Алматы) — Материалдық мүмкіндігі шектеулі жандар — материалдық көмекке мұқтаж жандар туралы фоторепортаждар

Нұргелді Дүйсенов, ng.kz (Қостанай) — Азаттық, Открытая Азия, Новое время, Ливень сайттарында жарияланатын жаңалықтарды почта арқылы тарату

Осы жобалар арасынан Онлайн-журналистика шеберханасы, қазақ тілін үйренушілерге арналған видеороликтер топтамасын әзірлеу және  Материалдық мүмкіндігі шектеулі жандар атты жобалар Internews ұсынған гранттарды иеленді.


Барлық грант иегерлерін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Орталық Азиядағы Internews өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға үшінші рет байқау жариялайды

Онлайн-ресурстың аудиториясын арттырып, сіздің ең батыл медиажобаларыңызға қолдау көрсетіп отыратын қауымдастық құрғыңыз келе ме? Тиімді медиаформаттарды қолдануды үйренуді қалайтын шығарсыз?

Онлайн ортадағы жарнама қалай жұмыс істейтінін түсініп, интернеттегі сізддің аудиторияңыз нені қалайтынын білгіңіз келе ме?

Newsroom2.0 жобасына қатысуға өтінім беріңіз!

2016 жыылы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның 6 бұқаралық ақпарат құралы жаңа медиа форматтарымен жұмыс істеуді үйренді.
Бұл уақыт аралығында медиасеріктестердің барлығының дерлік сайттары
(bashattv.kg (Қырғызстан), mavji-ozod.tj (Тәжікстан), cm-1.tv (Тәжікстан), otyrar.kz (Қазақстан), novoetv.kz (Қазақстан), surak.szh.kz (Қазақстан) жаңаланып, редакция қызметкерлері жаңа онлайн платформалардың мүмкіндіктерін қолдануды үйренді.

Жобаға қатысушылар ең өзекті ақпаратты ұсыну үшін жаңа форматтарды қолданады: Zanoza.kg «Мықты әйелдер арамызда» мультимедиалық жобасы .

Интерактив ойындар мен «Жүргізуішің мен хатшыңды басшы орындарға тағайында» ашықхаттар  «Шымкентті туған күнімен құттықта!» жасайды.

Представительство Internews Network в Центральной Азии объявляет третий конкурс среди СМИ на участие в проекте «Newsroom 2.0»

Newsroom2.0 жобасының арқасында Тәжікстандағы аудитория «таймлайн» Худжандтағы троллейбус тарихы, «интерактив дауыс беру» – Худжандтың үздік мектебі және басқа да форматтармен танысты.

Тұтастай алғанда, бір жыл ішінде серістес медиа қызметкерлері:
1. Жаңартылған, қазіргі заманға сай, жеңіл түрленетін онлайн-ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.
2. WordPress платформасымен, мультимедиа құралдарымен, түрлі форматтармен жұмыс істеуді үйренді.
3. Жарнаманың онлайн форматы негіздерін меңгерді, алғашқы жарнама жобаларын жасады, оларды дамытып, табыс көзіне айналдыруды үйренді.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы аймақтық бағдарлама – Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» аясында жүзеге асырылады.»

Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында конвергент редакция құру үшін оқыту, технологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді көздейді. Жоба БАҚ тұрақтылығын дамытуға, ресурстың аудиториясы мен бизнес-әлеуетін арттыруға, аудиторияны ақпарат жасау және оны талдау процесіне белсенді араластыруға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

• Жаңа медиа құрадары мен интернет-журналистика тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
• Қауымдастыққа бағдар ұстанған, интерактив журналистиканы дамыту арқылы БАҚ мен олар қызмет ететін халық арасындағы байланысты нығайту.
• Конвергент редакциялар және мультимедиалық БАҚ құруда көмек көрсету.
• БАҚ бизнес-әлеуетін нығайту, Интернет ресурстарының аудиториясын арттыру.

Жобаға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның:

• ресми тіркелген;
• журналистикадағы этика және жауапкершілік принциптерін ұстанатынын көрсетіп жүрген;
• қаржы және менеджмент тұрғысынан әлуеті зор, бәсекеге қабілетті және тұрақты;
• конвергент редакция және қуатты Интернет-ресурс құруға қаржы салуға әзір;
• оқығысы, үйренгісі келетін
бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады.

Жобаға қатысушылармен жұмыс мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі:

• бұқаралық ақпарат құралында конвергент редакция құру және жаңа медиа форматтарын жұмысқа кіріктіру үшін резиденция ұйымдастыру;
• бағдарламаға қатысушыларға арналған жеке кеңес беру жобалары;
• мультимедиа журналистика, дата журналистикада, жаңа медиада жұмыс істеу жөніндегі вебинарлар.
Сондай-ақ, жобаға қатысушылар жобадағы бір жыл аяқталған соң тұрақты қолдауға және Интерньюстің басқа да жобаларындағы серіктестерімен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Байқауға қатысу шарттары:

Өтініш үлгісін толтыру:
• Өтінішті Internews Network-қа asukhachyova@internews.org почтасына 2016 жылғы 27 қыркүйекке дейін жолдау.

Жобаға қатысу үшін әр елден екі-екіден, барлығы 6 бұқаралық ақпарат құралы іріктеп алынады.

Quik — фотосуреттерден видео жасауға арналған мобайл қосымша

Quik — қарапайым да ыңғайлы құралдардың бірі (қосымшаны iOS және Android құрылғылары үшін тегін көшіріп алуға болады), оның көмегімен өз смартфоныңыз немесе планшетіңіздегі фотосуреттерден бір минуттың ішінде қысқа фильм жасап шығаруға болады.

Quik - мобильное приложение для создания видеороликов из фото

Тіркелу керек емес, қажет суреттерді, арқы фонды, музыка таңдайсыз.  Quik 28 безендіру стилін ұсынады, арнайы белгі қойылмайды және фотосуреттердің санына шектеу қойылмайды.

Қажет болса, суретке жазу жазып, қосымша суреттер қосып, түсін өңдеп, басқа да әрекеттерді жасауға болады. Суретті түсіру кезінде мекен анықтау функциясын өшіріп қоймасаңыз, фотоларды геодеректері бойынша да сұрыптауға болады.

Дайын жобаны әлеуметтік желілерде жариялауға және мобайл құрылғыңызда сақтап қоюға болады.

IMG_8058Quik - мобильное приложение для создания видеороликов из фото

Қосымшаның тағы бір қызық тұсы — Quik сіздің фотосуреттеріңізді сұрыптап отырады және, бұл функция қосылып тұрған болса, сіздің апта бойында түсірген суреттеріңізден автоматты түрде шағын фильмдер жасауды ұсынады.

Internews «Цифрлік дәуірдегі медиа: талаптар мен мүмкіндіктер» атты конференцияға және «Аудитория тарту: жаңа форматтар» атты форумға қатысуға өтініштер қабылдайды

Internews принимает заявки на участие в конференции «Медиа в цифровой среде: вызовы и возможности» и Форуме «Вовлечение аудитории: новые форматы»
Орталық Азиядағы Internews өкілдігі в 22-23 қыркүйекте Душанбеде (Тәжікстан) «Цифрлік дәуірдегі медиа: талаптар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция өткізеді.

Шара Internews АҚШ халықаралық серіктестік жөніндегі агенттігінің қолдауымен жүргізіп отырған «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасы аясында өтеді.

Халықаралық конференция Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының медиаменеджерлерінің басын қосады.

Шараның мақсаттары: аймақтық серіктестікті қолдау және дамыту, аймақтағы көршілес елдерден келетін қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, цифрлендіру және экономикалық дағдарыс дәуірінде медиакомпанияны басқару жөнінде практикалық кеңес беру.

Конференция бағдарламасында мынадай өзекті тақырыптар қозғалады:

  • дағдарыс, ақпараттық соғыс және форматтар ауысуы жағдайында жұмыс жүргізу;
  • тәуелсіз хабар таратушылардың цифрлік келешегі;
  • медиаға арналған жаңа форматтар, ақпаратқа қол жеткізу және ақпараттық қауіпсіздік.

Шара аясында жетекші халықаралық эксперттер, Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен пікірталастар, мастер-кластар және презентациялар жоспарланған.

Өтініштер 2016 жылғы 30 тамызға дейін apopovanews@gmail.com адресіне «Заявка на участие в конференции» деген белгімен қабылданады.

Конференцияға қатысу жөніндегі өтініш үлгісін көшіріп алу.

Конференция аясында сондай-ақ «Аудитория тарту: жаңа форматтар» атты форум өтеді.

Форумға қатысуға жергілікті қауымдармен табысты өзара серіктестік орнату, аудитория тарту жөніндее тәжірибесі бар және/немесе осындай бастамаларды дамытуды жоспарлап жүрген медиа мамандары шақырылады. Форум барысында қатысушылар:

  1. Медиаэксперттерден өз жобаларына қатысты кәсіби кеңес алады;
  2. Идея алмасып, жобаларын жетілдіреді;
  3. Оларды Internews өткізетін «Идеялар жәрмеңкесі» атты гранттар байқауына ұсынады.

Өзекті және креатив жобаларды қазылар алқасы Internews тарапынан ары қарай қаржыландыру үшін іріктеп алады.

Гранттар медиа құралдарының жастар, әйелдер, этностық және діни аз қауымдар, өзге де маргинал топтар мәселелеріне қатысты бастамаларына аудитория тарту жөніндегі жобаларын жүзеге асыру немесе жалғастыру үшін беріледі. Жобалар онлайн және офлайн науқан, байқау, фестиваль, марафон, крауд-платформа, «Халықтық репортер» немесе өзге де сервис форматтарында болуы мүмкін.

«Аудитория тарту: жаңа форматтар» атты форумға қатысу жөніндегі өтініштер 2016 жылғы 30 тамызға дейін  apopovanews@gmail.com адресіне с пометкой «Заявка на участие в форуме».

Скачать форму заявки на участие в Форуме.

Internews Орталық Азия журналистеріне арналған гранттар ұсынады

Грантовая программа Интерньюс для журналистов Центральной Азии

Интерньюс «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында Еуропа одағының қолдауымен Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялау үшін гранттық бағдарлама жариялайды.

Жоба жөнінде:

«Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау  және табиғи ресурстарды басқару мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту жөніндегі аймақтық күш біріктіруді нығайтуға бағытталған.

Жоба қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелері жөнінде тақырыптық оқыту шараларын, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған кәсіби шараларды, ортақ медиаконтент жасау мақсатымен аймақтарға сапарлар  ұйымдастыру және өткізуді, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару мәселелеріне азаматтардың белсенді араласуын жақсарту үшін деректерді визуалдау, картографиялық жобалар, сондай-ақ, өзге де тұрақты құралдар мен платформаларды әзірлеу және енгізуді көздейді.

Гранттық бағдарлама мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

  • Орталық Азия республикаларында экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, БАҚ және сәйкес мемлекеттік құрылымдармен (мүмкіндігінше) бірлесе отырып қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық кампания жүргізуге арналған кіші гранттар;
  • Қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық материалдар әзірлеуге арналған шағын гранттар (жеке стипендиялар).

АҚПАРАТТЫҚ КАМПАНИЯ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

Мақсаты: Орталық Азиядағы қоршаған орта, табиғи ресурстарға қол жеткізу және оларды пайдалану мәселелеріне қатысты ақпарат таралуы деңгейін арттыру.

Байқауға телерадиокомпаниялар, продюсерлер, онлайн басылымдар, продакшн-студиялар және экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ қатыса алады. Кез келген форматта медиаөнім (видео, аудио,  мәтін, мультимедиа) өндіру және таратуға қолдау көрсетіледі, алайда басымдық телевизияға арналған видеоконтентке беріледі. Форматы: ток-шоу, журналистік зерттеу, арнайы репортаждар, авторлық бағдарламалар және Орталық Азия елдеріндегі қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелеріне қатысты тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар).

Талаптар:

  • Продакшн-студиялар мен жеке тұлғалардан өтініштер тек өндірілетін медиаконтентті таратуды (эфирден, веб-сайт арқылы) қамтамасыз ететін серіктесі бар болса ғана қабылданады;
  • Телерадиокомпаниялардан түсетін өтініште өндірілетін медиаконтенттің эфирге шығатын уақытының жоспары және редакция келісімі болуы тиіс;
  • Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет);
  • Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
  • Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
  • Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.

Грант сомасы және мерзімдері:

  • Сұралатын грант сомасы салықтардың бәрін есептегенде 5000 евродан аспауы тиіс.
  • Жобаны жүзеге асыру мерзімі алты айдан аспауы керек.
  • Бір ұйым/адам екі грантқа ғана үміткер бола алады.

Басымдық берілетін бағыттар:

  • Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.

ЖЕКЕ СТИПЕНДИЯЛАР

Мақсаты: қоршаған орта және табиғи ресурстарды пайдалану, басқару мәселелеріне қатысты маңызды, бұқаралық ақпарат құралдарында сирек жарияланатын тақырыптарды жариялауда журналистерге қолдау көрсету.

Байқауға фрилансер-журналистер, блогерлер, азаматтық журналистер, журналистер бірлестіктері қатыса алады. Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялауға бағытталған жекелеген мақалалар, репортаждар, журналистік зерттеулер және өзге де медиаформаттағы (ТВ, радио, газет, онлайн) жұмыстар қабылданады.

Талаптаря:

  • Өтініш беруші өндірілетін контенттің таралуын қамтамасыз етуі (бұқаралық ақпарат құралдарымен, онлайн-басылымдармен серіктестік) және серіктестің сол контентті таратуға  келісімін көрсетуі керек. Медиасеріктес болмаса және контент әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жағдайда, өтініш беруші өндірілетін контенттің кең таралуын қамтамасыз етуі тиіс.
  • Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет;
  • Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
  • Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
  • Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.

Жеке стипендиялардың сомасы және мерзімі:

  • Жеке мақала жазуға (онлайн, баспа) берілетін стипендия сомасы барлық салықтарды есептегенде 100 евроға дейін болады;
  • Жақын маңдағы аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 500 евроға дейін;
  • Шалғай аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 1000 евродан 2000 евроға дейін;
  • Жобаны жүзеге асыру мерзімі үш айдан аспауы керек;
  • Бір ұйым/адам екі шағын грант сұрай алады.

Басымдық берілетін бағыттар:

    • Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.

Өтініштердің барлығы мына талаптарға сай бағаланады: 

Грант-критерии

Өтініштер гранттық бағдарлама жабылғаны хабарланғанға дейін қабылдана береді. Өтініштерді қабылдау және грант комиссиясының шешімі кем дегенге 10 өтініш келіп тсүскеннен кейін жүргізіле бастайды.

Өтініштер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Толық құжаттар пакеті қоса берілген өтініштер ғана қарастырылады.

Интерньюс тек іріктеуден өткен үміткерлерге ғана хабарласады. 

Өтініш беру реті:

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша:

Қазақстандағы медиатренер Назгүл Қожабековаға nkozhabekova@internews.eu хабарласуға болады.