Quik — қарапайым да ыңғайлы құралдардың бірі (қосымшаны iOS және Android құрылғылары үшін тегін көшіріп алуға болады), оның көмегімен өз смартфоныңыз немесе планшетіңіздегі фотосуреттерден бір минуттың ішінде қысқа фильм жасап шығаруға болады.
Тіркелу керек емес, қажет суреттерді, арқы фонды, музыка таңдайсыз. Quik 28 безендіру стилін ұсынады, арнайы белгі қойылмайды және фотосуреттердің санына шектеу қойылмайды.
Қажет болса, суретке жазу жазып, қосымша суреттер қосып, түсін өңдеп, басқа да әрекеттерді жасауға болады. Суретті түсіру кезінде мекен анықтау функциясын өшіріп қоймасаңыз, фотоларды геодеректері бойынша да сұрыптауға болады.
Дайын жобаны әлеуметтік желілерде жариялауға және мобайл құрылғыңызда сақтап қоюға болады.
Қосымшаның тағы бір қызық тұсы — Quik сіздің фотосуреттеріңізді сұрыптап отырады және, бұл функция қосылып тұрған болса, сіздің апта бойында түсірген суреттеріңізден автоматты түрде шағын фильмдер жасауды ұсынады.
Орталық Азиядағы Internews өкілдігі в 22-23 қыркүйекте Душанбеде (Тәжікстан) «Цифрлік дәуірдегі медиа: талаптар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция өткізеді.
Шара Internews АҚШ халықаралық серіктестік жөніндегі агенттігінің қолдауымен жүргізіп отырған «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасы аясында өтеді.
Халықаралық конференция Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының медиаменеджерлерінің басын қосады.
Шараның мақсаттары: аймақтық серіктестікті қолдау және дамыту, аймақтағы көршілес елдерден келетін қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, цифрлендіру және экономикалық дағдарыс дәуірінде медиакомпанияны басқару жөнінде практикалық кеңес беру.
Конференция бағдарламасында мынадай өзекті тақырыптар қозғалады:
дағдарыс, ақпараттық соғыс және форматтар ауысуы жағдайында жұмыс жүргізу;
тәуелсіз хабар таратушылардың цифрлік келешегі;
медиаға арналған жаңа форматтар, ақпаратқа қол жеткізу және ақпараттық қауіпсіздік.
Шара аясында жетекші халықаралық эксперттер, Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен пікірталастар, мастер-кластар және презентациялар жоспарланған.
Өтініштер 2016 жылғы 30 тамызға дейінapopovanews@gmail.com адресіне «Заявка на участие в конференции» деген белгімен қабылданады.
Конференция аясында сондай-ақ «Аудитория тарту: жаңа форматтар» атты форум өтеді.
Форумға қатысуға жергілікті қауымдармен табысты өзара серіктестік орнату, аудитория тарту жөніндее тәжірибесі бар және/немесе осындай бастамаларды дамытуды жоспарлап жүрген медиа мамандары шақырылады. Форум барысында қатысушылар:
Медиаэксперттерден өз жобаларына қатысты кәсіби кеңес алады;
Идея алмасып, жобаларын жетілдіреді;
Оларды Internews өткізетін «Идеялар жәрмеңкесі» атты гранттар байқауына ұсынады.
Өзекті және креатив жобаларды қазылар алқасы Internews тарапынан ары қарай қаржыландыру үшін іріктеп алады.
Гранттар медиа құралдарының жастар, әйелдер, этностық және діни аз қауымдар, өзге де маргинал топтар мәселелеріне қатысты бастамаларына аудитория тарту жөніндегі жобаларын жүзеге асыру немесе жалғастыру үшін беріледі. Жобалар онлайн және офлайн науқан, байқау, фестиваль, марафон, крауд-платформа, «Халықтық репортер» немесе өзге де сервис форматтарында болуы мүмкін.
«Аудитория тарту: жаңа форматтар» атты форумға қатысу жөніндегі өтініштер 2016 жылғы 30 тамызға дейін apopovanews@gmail.com адресіне с пометкой «Заявка на участие в форуме».
Интерньюс «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында Еуропа одағының қолдауымен Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялау үшін гранттық бағдарлама жариялайды.
Жоба жөнінде:
«Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту жөніндегі аймақтық күш біріктіруді нығайтуға бағытталған.
Жоба қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелері жөнінде тақырыптық оқыту шараларын, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған кәсіби шараларды, ортақ медиаконтент жасау мақсатымен аймақтарға сапарлар ұйымдастыру және өткізуді, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару мәселелеріне азаматтардың белсенді араласуын жақсарту үшін деректерді визуалдау, картографиялық жобалар, сондай-ақ, өзге де тұрақты құралдар мен платформаларды әзірлеу және енгізуді көздейді.
Гранттық бағдарлама мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
Орталық Азия республикаларында экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, БАҚ және сәйкес мемлекеттік құрылымдармен (мүмкіндігінше) бірлесе отырып қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық кампания жүргізуге арналған кіші гранттар;
Қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық материалдар әзірлеуге арналған шағын гранттар (жеке стипендиялар).
АҚПАРАТТЫҚ КАМПАНИЯ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР
Мақсаты: Орталық Азиядағы қоршаған орта, табиғи ресурстарға қол жеткізу және оларды пайдалану мәселелеріне қатысты ақпарат таралуы деңгейін арттыру.
Байқауға телерадиокомпаниялар, продюсерлер, онлайн басылымдар, продакшн-студиялар және экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ қатыса алады. Кез келген форматта медиаөнім (видео, аудио, мәтін, мультимедиа) өндіру және таратуға қолдау көрсетіледі, алайда басымдық телевизияға арналған видеоконтентке беріледі. Форматы: ток-шоу, журналистік зерттеу, арнайы репортаждар, авторлық бағдарламалар және Орталық Азия елдеріндегі қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелеріне қатысты тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар).
Талаптар:
Продакшн-студиялар мен жеке тұлғалардан өтініштер тек өндірілетін медиаконтентті таратуды (эфирден, веб-сайт арқылы) қамтамасыз ететін серіктесі бар болса ғана қабылданады;
Телерадиокомпаниялардан түсетін өтініште өндірілетін медиаконтенттің эфирге шығатын уақытының жоспары және редакция келісімі болуы тиіс;
Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет);
Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.
Грант сомасы және мерзімдері:
Сұралатын грант сомасы салықтардың бәрін есептегенде 5000 евродан аспауы тиіс.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі алты айдан аспауы керек.
Бір ұйым/адам екі грантқа ғана үміткер бола алады.
Басымдық берілетін бағыттар:
Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.
ЖЕКЕ СТИПЕНДИЯЛАР
Мақсаты: қоршаған орта және табиғи ресурстарды пайдалану, басқару мәселелеріне қатысты маңызды, бұқаралық ақпарат құралдарында сирек жарияланатын тақырыптарды жариялауда журналистерге қолдау көрсету.
Байқауға фрилансер-журналистер, блогерлер, азаматтық журналистер, журналистер бірлестіктері қатыса алады. Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялауға бағытталған жекелеген мақалалар, репортаждар, журналистік зерттеулер және өзге де медиаформаттағы (ТВ, радио, газет, онлайн) жұмыстар қабылданады.
Талаптаря:
Өтініш беруші өндірілетін контенттің таралуын қамтамасыз етуі (бұқаралық ақпарат құралдарымен, онлайн-басылымдармен серіктестік) және серіктестің сол контентті таратуға келісімін көрсетуі керек. Медиасеріктес болмаса және контент әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жағдайда, өтініш беруші өндірілетін контенттің кең таралуын қамтамасыз етуі тиіс.
Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет;
Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.
Жеке стипендиялардың сомасы және мерзімі:
Жеке мақала жазуға (онлайн, баспа) берілетін стипендия сомасы барлық салықтарды есептегенде 100 евроға дейін болады;
Жақын маңдағы аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 500 евроға дейін;
Шалғай аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 1000 евродан 2000 евроға дейін;
Жобаны жүзеге асыру мерзімі үш айдан аспауы керек;
Бір ұйым/адам екі шағын грант сұрай алады.
Басымдық берілетін бағыттар:
Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.
Өтініштердің барлығы мына талаптарға сай бағаланады:
Өтініштер гранттық бағдарлама жабылғаны хабарланғанға дейін қабылдана береді. Өтініштерді қабылдау және грант комиссиясының шешімі кем дегенге 10 өтініш келіп тсүскеннен кейін жүргізіле бастайды.
Өтініштер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Толық құжаттар пакеті қоса берілген өтініштер ғана қарастырылады.
Интерньюс тек іріктеуден өткен үміткерлерге ғана хабарласады.
Өтініш беру реті:
гранттар үшін өтініш және гранттар үшін бюджет және стипендиялар үшін өтініш, стипендиялар үшін бюджет үлгісін толтырып, ілеспе хаттар мен ұсыныс хаттардың фотокөшірмесін, басқа да қажетті құжаттарды қосып, centralasia@internews.eu почтасына жолдаңыздар.
Қазақстандағы Internews өкілдігі «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін мультимедиалық технологиялар көмегімен тиімді жариялаудағы кәсіби шеберлікті арттыру жөніндегі тренерлерге арналған бес күндік тренингке (ТоТ) қатысуға байқау жариялайды.
Мақсаты: мақсатты топтың (журналистер, азаматтық сектор белсенділері, тәуелсіз эксперттер және жұмыс істеп жүрген медиатренерлер мен кеңес берушілер) қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін мультимедиалық технологиялар көмегімен тиімді жариялаудағы кәсіби шеберлікті арттыру жөніндегі білім деңгейін арттырып, кәсіби дағдылар мен машықтар қалыптастыру.
Тренерлерге арналған тренингке Қазақстанда жұмыс істейтін:
• журналистер;
• қоршаған орта және табиғи ресурстар саласында қызмет етіп жүрген азаматтық қоғам ұйымдарының (ҮЕҰ) жергілікті эксперттері;
• қоршаған орта және табиғи ресурстар саласындағы жергілікті эксперттер;
• жұмыс істеп жүрген медиатренерлер/консультанттар қатыса алады.
ТоТ қатысушылары байқау негізінде іріктеледі. Тренинг 2016 жылғы 5-9 қыркүйек аралығында өтеді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
• жоғары білім,
• практикалық тренерлік жұмыс тәжірибесі (2 жылдан кем емес),
• қандай да бір тақырыпта мамандануы (мысалы: қоршаған орта, табиғи ресурстар, мультимедииалық технологиялар, қақтығыс тудыруы мүмкін тақырыптарды жариялау және т.б.),
• қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында журналистік материалдар әзірлеу (соның ішінде — мультимедиалық технологиялар көмегімен) тәжірибесі барларға басымдық беріледі,
• кейіннен тренингтер өткізу үшін аймақтарға сапарға шығуға әзірлік,
• қазақ тілін (басымдық) және орыс тілін білу,
• адамдармен жылдам тіл табысу қабілеті, білім беруге дайын және ынталы болуы.
Байқауға қатысу шарттары:
Байқауға қатысу үшін
• тренингке қатысу жөніндегі өтініш үлгісін және
• резюме (СV) толтырып, 2016 жылғы 22 тамызға дейін centralasia@internews.eu почтасына жолдау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хат тақырыбында міндетті түрде «ТоТ по освещению вопросов окружающей среды и природных ресурсов в Казахстане» деп көрсетіңіз
Бағдарламаға қатысу тегін. Қатысушылардың жол, жатақ және тамақтану шығындарын жоба көтереді. Жолақы шығындары қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін барып өтеледі. Іріктеуден өткен қатысушылар тренинг бағдарламасын бастан-аяқ өтуге және жобаның оқыту бағдарламаларына қосалқы тренер ретінде қатысуға міндеттеме алады.
Интерньюс қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсініктеме бермейді.
Өтінім берудің соңғы күні — 2016 жылғы 22 тамыз.
ТоТ Европа одағы қаржыландырып, Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін жобаның Қазақстандағы медиатренері Назгүл ҚожабековағаNKOZHABEKOVA@INTERNEWS.EU хабарласуға болады.
Жылдың ең маңызды спорт шарасын онлайн-медиа құралдары қалай жариялап жатыр? Алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ жасап жатқан қызықты жобаларға қысқаша шолу әзірледік.
The Washington Post Рио 2016 олимпиадасынан ақпарат тарату кезінде авторматты түрде мақала жазудан эксперимент жүргізіп жатыр.
«Гелиограф» (Heliograf) — олар өздері әзірлеген жүйе, оқырмандарға арнап бірнеше сөйлемнен тұратын қысқа хабарламалар генерациялайды. Олар The Washington Post блогында, твиттерде — @WPOlympicsbot жарияланады, сондай-ақ, Messenger-дегі бот арқылы оқуға болады.
Correction: Virginia Thrasher #USA wins shooting gold in women’s 10m air rifle, beating Du Li #CHN.
Бұл — Гелиографтың алғашқы нұсқасы, жүйені The Washington Post инженерлері ары қарай жақсартып, толық, деректерге толы мақалалар жазуға дейін дамытады. Сол арқылы ең маңызды деген жаңалық хабарларды, соның ішінде АҚШ Президенті сайлаудан да хабар тарату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бұл технология түрлі дерек көздерінен алынған ақпаратты өңдеп, қолданушының жеке әрекеттеріне бейімдеп, сонымен қатар, деректердегі қалыптас тыс мәліметтерді тауып, журналистерге зерттеу жүргізуге болатын тақырыптар туралы ескертіп отыра алады.
Олимпиадаға арнап Гелиограф бірнеше сөйлемнен тұратын қысқа хабарлар дайындап, оқырмандарға күнделікті жарыстар кестесін, нәтижелерін, медальдар саны бойынша қорытындыны жариялап және марапаттау рәсімі басталардан 15 минут бұрын ескертіп отырады.
2016 жылғы олимпиадаға арналған The New York Times арнайы бөлімінде жалпы жаңалықтар мен күнделікті жаңартулардан бөлек, «Интерактив оқиға баяндары» деген айдар бар.
Соған қоса, фотографтар The New York Times, The Associated Press, Reuters, Getty Images, Pressphoto Европа агенттігі және Agence France-Presse үшін арнайы түсірген фотосуреттер тізбегі үнемі жаңартылып отырады.
Медиа құралдары ұсынатын тағы бір қызық идея — алдағы үш апта бойы Times-тің Бразилияда жұмыс істеп жүрген он екі репортерінің бірі, спорт редакторының орынбасары Сэм Манчестер (Sam Manchester) жазылушыларға ойындар барысынан SMS хабарламалар жолдап отырады .
Алайда, ол жай ғана қарапайым жаңалықтар болмайды. Манчестер күнделікті 3-4 хабарламаға жеке сипат дарытуды жоспарлап отыр, ол үшін смартфон экранының скриншоттары, GIF, эмодзи және өзімсіне жазуды қолданбақ.
Times үшін алғашқы қадам болып отырған бұл тәсіл «мобайл» қолданушылармен арада етене, недәуір берік байланыс орнату үшін СМС қолдануды қалыптастыру талпынысы. Хабарлама алмасуға арналған қосымшалардың кемшілігі жоқ болғанымен, басылым СМС форматын таңдап алыпты, өйткені, қолында смартфоны бар әр адамға тікелей шығудың ең жақсы мүмкіндігі осы. Times осы хабарламаларын алып отыру үшін ондаған мың адам жазылады деп үмтіттеніп отыр.
BBC сайтында да арнайы «Рио 2016» айдары ашылған. Мұнда да жаңалықтар, жарыстар кестесі және басқа да ақпарат жарияланады.
Сондай-ақ, BBC командасы редактор, Лафборо университетінің спорт психологы Дэвид Флетчермен бірлесе отырып, «Олимпиалық менталитеті бар адамдар қатарындасыз ба?» деген тест әзірлепті. Спорт ойындарында жеңімпаз бола аласыз ба, әлде тек бақылаушы болу бұйырған ба — соны тексеріп көруіңізге болады.
Сұрақтар спорт жарыстарындағы жоғары жетістіктерге жету үшін керек негізгі сипаттарды анықтау мақсатымен әзірленген.
Журналистика саласында жаңаша білім алып, жаңа тықырыптарды қозғап, жұмысыңызда жаңа белестерді бағындырғыңыз келсе, дүние жүзінің журналистеріне арналған байқау, машықтану және үйрену курстарына назар аударыңыз.
IWMF ұсынатын Adelante стипендиясы Дедлайн — 7 тамыз
Дүние жүзінің үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар журналист қыз-келнішектері Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдер халықаралық қорының (IWMF) Мексиканың оңтүстік және солтүстік шекараларындағы жағадайды жариялау үшін ұсынатын стипендияларына өтінім беруіне болады. Ұйымдастырушылар қатысушылардың бағдарлама бойынша бар шығындарын: жол ақысын, жатақ ақысын, тамақтануын, көмекшілер мен аудармашыларға төлейтін шығындарын тұтас көтереді. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Редфордтар орталығы жаңадан бастаушы, экологиялық мәселелер туралы, оларды шешу жолдары туралы деректі кино түсірушілерге, фильмдер авторларына гранттар ұсынады. Стипендия иегерлері Стипендиаты 15000 АҚШ долларын, GoPro Hero 4 Black камерасын алады және әріптестерінің кеңесі мен қолдауына ие болады. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Жаңадан бастаушы деректі кино түсірушілер климат өзгеруі және осы процестің әйелдер мен балалар денсаулығына әсері туралы қысқа метрлі түпнұсқа фильмдер топтамасын түсіруге арналған стипендияларға өтініш беруіне болады. Бағдарлама аясында фильмді түсіруге 4-6 апта және өңдеу жұмыстарына қосымша уақыт беріледі. GroundTruth жеңімпаздарға стипендия береді және сапарлармен байланысты шығындарының бәрін өтейді. Толығырақ ақпарат алу үшін сітемемен өтіңіз.
Редакцияаралық алмасу бағдарламасы Дедлайн — 20 тамыз
БАҚ дамыту қоры развития (Media Development Foundation) және Mymedia жобасы жас журналистерге арналған релакцияаралық алмасу бағдарламасын ұйымдастырады. Бағдарлама аясында Украинаның үздік теле-, радио-, онлайн- және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында еңбекақы төленетін машықтанудан өту, сондай-ақ, украиналық және шетелдік медиаэксперттер, журналистер мен редакторлардың тренингтері мен мастер-кластарына қатысу көзделген. Машықтану екі аптадан екі айға дейін созылады. Қатысушыларға 650 евро көлемінде стипендия төленеді, жолақысы мен жатақ шығындары өтелмейді. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Hostwriter платформасы ұсынатын сыйлық Дедлайн — 31 тамыз
Аккредитацияланған журналистерге кәсіби серіктестік үшін бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін Hostwriter платформасы ортақ жұмыс нәтижесінде жасалған журналистік жұмыстар және әлеуетті идеяларға жасалған питчинг үшін жалпы сомасы 4 000 евро сыйлықтар ұсынады. Байқауға екі немесе одан да көп журналистің қатысуымен жасалған жобалар қатыса алады. Жеңімпаздарға бірінші орынға 2 000 және екінші орынға 1 000 евро, үздік питчинг үшін — 1 000 евро сыйлық беріледі. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Biteable.com онлайн-құралының көмегімен шағын анимациялық видеопрезентацияларды оңай жасауға болады.
Өз идеяңызды таныстырып, әлденені баяндап, әңгімелеу керек болса, осы сервисті байқап көріңіздер.
Biteable.com тегін, алайда, сіз жасаған видеода ресурстың белгішесі көрініп тұрады. Сіз жасаған жобада ол белгіше көрінбейтін етіп қолдану үшін жылына 99 доллар төлеу керек болады.
biteable.com көмегімен жасалған роликтің көрінісі мынадай болады:
немесе мынадай:
Сервиспен жұмыс істеу үшін тіркелу керек. Одан кейін роликтің форматын таңдайсыз: қонжық салынған анимация, пейзаж немесе сіздің фотосуреттеріңізден жасалған видео.
Жазуларын жазып, қанша көрініс керек екенін белгілейміз.
Назар аударыңыз: роликтің тақырып атауы латын әріптерімен жазылуы тиіс.
Стилі мен музыкасын таңдаймыз (өз аудиожазбаңызды жүктеуге мүмкіндік бар).
Бірнеше минуттан кейін анимациялық ролик дайын. Оны жүктеп алуға, YouTube-қа салуға немесе әлеуметтік желілерде жариялауға болады.
Уақыт тізбегі форматында материал әзірлеуге мүмкіндік беретін, функционалы мен визуал көрінісі жағынан алуан түрлі онлай-сервистер топтамасын ұсынамыз.
Ақпаратты тексеру жолдары туралы көбірек білгісі келетін журналистер тегін вебинарға қатысуына болады.
First Draft News әлеуметтік желіде ақпарат іздеу және оны тексеруге арналған тегін вебинарлар топтамасын ұсынады. Вебинарлар бүкіл дүние жүзінің ірі редакцияларымен бірлесе отырып ұйымдастырылады.
«Ең алдымен — қауымдастықтармен жұмыс істеу» («Putting community first») тақырыбындағы келеі екі сағаттық семинар AJ+ бірлесе отырып ұйымдастырылған. Ол 14 шілдеде, кешкі сағат 23:00-де өтеді.
Бағдарламаға Reportedly, Dig Deeper Media және Meedan журналистері қатысады. Олар қауымдастық мүшелерін әлеуметтік желідегі ақпаратты жинау және тексеруге жұмылдыру құралдары мен техникалары туралы айтып береді.
Қатысушылар 14 шілдеге дейін сұрақтарын Twitter желісінде #FDLive хештегімен жариялауына болады.