ДомойМедиа үніВирустық видео жасау құпиялары

Вирустық видео жасау құпиялары

Вирустық видео жасау құпиялары

Вирустық видео – брендтерді, өнімдерді, қызметтерді және басқаларды ілгерілетудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ел аузына ілігіп, жұрт сөз етіп, талқылап, тіпті пародия жасайтын роликтер.

Вирустық видео. Регина Юркинаның презентациясыz

Вирустық видео – брендтерді, өнімдерді, қызметтерді және басқаларды ілгерілетудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ел аузына ілігіп, жұрт сөз етіп, талқылап, тіпті пародия жасайтын роликтер.

«МедиаБренд» конференциясы мен байқауының директоры, OneProudProduction бас продюсері Регина Юркинаның ойынша, мұндай видео табысқа жетуі үшін бірнеше фактор қажет — сәттілік, түйсік, Интернетке арнап видео жасау ережелерін түсіну. 28 қаңтарда Регина жаңа медиаға арналған вебинарлар циклінен кезекті сабақ өткізді.

Вирустық видео жасау үшін ең алдымен жақсы видео жасау керек. Ал ол вирустық видеоға айнала ма — кейін белгілі болады. Вирустық видео негізінен екі түрлі болады: кәсіби (жарнамалық немесе музыкалық) және қолданушылардың «кездейсоқ» видеосы: жарнамалық немесе шынымен қолданушылар кездейсоқ түсіріп, жариялай салған видео.

Жорта кездейсоқ видео да жақсы жұмыс істейді, мысалы, медиабағдарлама (не сайт, газет) қалай жұмыс істейтіні туралы роликтер жариялауына болады.

Музыкалық видео жұрт назарын ерекше аударады. Мына бір роликке қараңыздаршы. Ол жергілікті бір компания үшін жасалып, метрода жүру қауіпсіздігін насихаттауға арналған, ал нәтижесінде бүкіл дүние жүзіне танымал болып, оның желісімен бірнеше ойын да жасалып үлгеріпті.

Жорта кездейсоқ қолданушы видеосын жасау бәрінен қиын. Аудиторияңыз кімдер екенін есте ұстаңыз. Оған роликтің пайда болуы тарихы, сипаттамасы, оны тарату арналары байланысты болады.

Ілгерілету үшін пайдаланылған ресурстар мөлшері видеоның тиімділігіне әсер етеді деген пікір дұрыс емес. Мыңдаған қаралым ролик авторлары есеп жасағандай әсер туғызбауы мүмкін. Видеоға атау бергенде қарапайым адам беретін атауды таңдау керек. Жұртты мезі еткен «күлкілі», «соңына дейін көріңдер» деген сөздерден аулақ болыңыздар. Видео атауында да, сипаттамасында да адамды селт еткізер әлдене болуы керек.

Роликті әлеуметтік желілерде талқылауды өзіңіз бастаңыз: көбінесе қолданушылар бірінші болып пікір қалдыруға аса құлық таныта бермейді.

Әсіресе тосын әсері бар, тартымды, не болмаса, керісінше адамды шошытатын сәттер болғаны дұрыс.

Вирустық видео миллион рет қаралғаннан кейін осылай деп атала алады. Алайда, бәрі YouTube-тағы статистикаға қарап тұрған жоқ. Сондай-ақ, өзге көрсеткіштерді де, Фейсбук, Вконтакте, басқа желілерді де ескеру керек.

Негізгі трафик легі алғашқы екі аптада келеді. Содан кейін не видеоның сипаттамасын, не таралу ресурсын ауыстыру керек.

Вирустық видео көмегімен кез келген дүниені ілгерілетуге болады. Бірақ қашанда түпкі мақсатыңыз есте тұрсын. Ақша тапқыңыз келе ме? Ресурсқа пайдаланушылар тарту ма? Сату көрсеткіштерін арттыру ма?

Вирустық видеоның үздік үлгісі — Владивосток әуежайында дүкенде ет жеп тұрған мысық.

Ролик жаңалыққа айналып, Владивосток әуежайындағы балық дүкеніне үлкен пайда әкелді.

Немесе, тағы бір мысал: пайдаланушы видеосы делінгенмен, соңында компания ашық жарнама орналастырған. Бірақ, идея жүзеге асып, сату көлемі 8-9 ретке артқан.

Вирустық видео тек бір минут қана жүруі міндетті емес. Бастысы — іш пыстыратын болмауы.

Және, вирустық видео жасау құпиясы туралы дөп басып айтуға болатын жалғыз дерек осы шығар. Өйткені, теория әлі аздау, табысқа жету үшін практика керек.

Келесі вебинар екі аптадан кейін өтеді және онлайн арнайы жобаларға арналады. Толығырақ ақпарат кейінірек Новый репортерда шығады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР