ДомойМедиа үніИнтернетте арнайы жоба жасау және оны монетизациялау

Интернетте арнайы жоба жасау және оны монетизациялау

Интернетте арнайы жоба жасау және оны монетизациялау

Кез келген медиа үшін негізгі мәселелердің бірі — сайттан қалай пайда тапса болады? Интернет ресурста жарияланатын контентті пайдаланушылар мен жарнама берушілер үшін қызықты да пайдалы ету жолдары қандай?

Үйреншікті баннер орналастыратын орындар әдетте шектеулі болады және олар көп табыс та әкелмейді.

Сайт табыс әкелуі үшін, жаңа дүниелер жасау керек. Және түрлі эксперименттерді байқап көрген сайын, өз аудиторияңыз да, жарнама берушілер де нені, қандай форматты қалайтынын түсіне бастайсыз.

Контентті монетизациялау жолдарының бірі — арнайы жобалар.

2015 жылғы 11 ақпанда өткен вебинарда «Томская Медиа Группа» интернет бағытының жетекшісі Сергей Колотовкин арнайы жобалар жасаудың кезеңдері туралы, кездесуі мүмкін қиындықтар мен қателер және оларға ұрынбау жолдары туралы айтып берді.

Арнайы жобалар – эксперимент. Және оған кіріспес бұрын, бірнеше сауалға жауап беру керек: ол пайдаланушылар мен жарнама берушілерге неге қызықты болуы тиіс?

Арнайы жоба кім үшін жасалады? Аудитория үшін бе, әлде, ең алдымен жарнама берушілер үшін бе? Пайдаланушыларды айрықша ұсынылған жаңа контентпен тартуға болады. Ал тауарлар мен қызметтердің жарнамасын қажет ететіндер үшін алаңның эксклюзивтігі, нақты бір аудитория және бейстандарт формалар маңызды болмақ. Арнайы жоба әрдайым пайдаланушыларға да, жарнама берушілерге де бірдей қызықты бола бермейді.

Мысалы, ТВ-2 арнасының арнайы жобасы — «Паводок».

56-1024x502

Сең жүруі — Томск қаласындағы сәуір айында ең көп сөз болатын тақырып. ТВ-2 қаланың әр шетінде үш веб-камера орнатып қойған. Жұрт парақшаға өзен қандай күйде екенін көру үшін келеді және сең қозғалуы жақындаған сайын, трафик те ұлғая береді.

Осы арнайы жоба үлкен аудитория тартып отырғанымен, әлі монетизацияланбаған. Биылдан бастап бұл жоба қаладағы осы уақыт аралығында ең көп қаралатын ресурс ретінде сатыла бастауы мүмкін, дейді Сергей.

Арнайы жоба жасаудағы бастысы — себеп. Атаулы күн, мейрам немесе қала үшін маңызды оқиға оқырмандардың да, жарнама берушілердің де назарын аударады. Ондай жобалар, әдетте қысқа мерзімді болады.

Бірнеше күн ішінде ТВ-2 алда келе жатқан мейрамдарға арнап «Агент подарков» атты жоба әзірлепті. .

5656-1024x492

Бұл парақшада пайдаланушы жақын адамына 14 және 23 ақпанда, 8 наурызда не сыйлаймын деген сауалына жауап таппақ.

Арнайы жобалар белгілі бір тақырыпқа арналса, ұзақ мерзімді болуы да мүмкін. ТВ-2 мұндай жобалардың бірнешеуін жасаған: олардың бірі «Дачники» болса, енді бірі — жаңа жыл алдындағы дайындыққа арналған «Успей до курантов».

Снимок-экрана-2015-02-02-в-23.46.24-копия-1024x386

«Дачники» жобасының алты бөлімінің біреуінде ғана жарнама жоқ екеніне назар аударыңыздар. Ал бар жарнама адамды мезі етпей, тіпті орынды көрінеді. Бұл жоба редакцияға 1800$ және 12 500 қаралым әкеліпті.

Сергей Гугл және Яндекс карта сервистерін қолдануға кеңес береді. Олар қарапайым бола тұра, пайдаланушы назарын аударады. Мысалы, мынадай түрде ұсынылса:

341-1024x502

Тақырыптық арнайы жобалардың артықшылығы — оларды бір жылдан кейін де жаңартып қайта қоса беруге болады, немесе контентінің 70% дайын болған кезде-ақ, асықпай іске қосуға болады.

«Успей до курантов» жобасын ТВ-2 төрт жылдан бері жүргізіп келеді. Жыл сайын стиль, безендіру өзгеріп отырады. Алайда, идея жылдан жылға өзін ақтап келеді — жаңа жыл алдында жұрт ақша жұмсайды, бастысы — жақсы ұсыныс жасап үлгеру.

Арнайы жоба қалай туады?

ТВ-2-де әдетте идеяны редакциялар ұсынатын. Кейіннен жарнама бөлімі істің мәнісін түсініп, ендігі жерде арнайы жоба жасауға жарнамашылар бастама көтеретін болды.

Кез келген жобадағы сияқты, идеяны жүзеге асыру үшін команда керек. Екі-үш адам аздық етеді. Жобаның бастапқы кезеңінде болса да, неғұрлым көп адам атсалысса, соғұрлым жақсы. Жобаның қандай болары талқыланатын алғашқы отырысқа бүкіл ұжымды тұтас шақырған жөн.

Нені анықтап алу керек?

Коммерциялық директор «бұл идеяны кімге және қаншаға сатуға болады?» деген, ал редактор: «адамдарды қайдан аламын? Мұны кім оқиды?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Программист пен дизайнер талқылауларға міндетті түрде қатысуы өте маңызды. Және, осы екі маман жобаның бастапқы кезеңінде-ақ идея қаншалықты жүзеге асатынын айтқаны жөн болады.

Жобаның жетекшісін де ұмытпаңыздар. Ол — өзінің негізгі міндеттерімен қатар осы жоба бойынша жұмыстарды үйлестіретін адам болуы тиіс.

Алғашқы талқылау кезінде, аталып жатқан идеялардың бәрі бір кездері болған, ескірген, қызықсыз дүние сияқты көрінуі мүмкін. Ондайда, идеяны жылы жауып, бір-екі күн қоя тұрып, интернеттен жаңа идея іздеп, айрықша дүние жасауға әзірленіп келіп, қайта жиналған дұрыс.

Сондай-ақ, ұжымдағы қызметкерлер осы жобаны өзінің жалақысы аясында жүргізе бере ме, әлде қосымша ақы төлеу керек пе? Сырттан адам алу керек пе? Арнайы жоба жасалғаннан кейін оған кім қызмет көрсетеді? Айналып келгенде ол қызмет қаншаға түседі? деген сияқты мәселелердің де басын ашып алу керек.

Кез келген арнайы жоба — бір реттік оқиға. Сондықтан да, қатерін болжау қиын. Көбінесе, команда жұмсалатын еңбек пен атқарылатын жұмысқа кететін уақытты есептеуде жаңылады. Сондықтан да, жоспар құрып, міндеттерді нақты бөліп беруге тырысыңыз. Және, дизайнер мен программистің жұмысын жіті қадағалаңыз, әйтпесе, ақыр аяғында күткеніңізден мүлде басқа нәтиже алуыңыз мүмкін.

Қанша пайда табуды жоспарлап отырғаныңызды алдын ала есептеп, сатылым басын белгілеп қою керек. Содан кейін барып, ең аз дегенде қандай көлемді контентпен жобаны іске қоса беруге болатыны айқындалады.

Арнайы жобаны қалай ілгерілету керек?

Жұмыстың ең басында әлеуметтік желі батырмалары туралы ұмытпаңыздар, жоба негізгі сайтта, офлайнда — газет, ТВ немесе радиода қалай жарнамаланатынын да ойластырып қойыңыздар.

Келесі вебинарды медиасарапшы Олег Гант өткізеді. Толығырақ алда хабарлаймыз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР