«Правовой медиа-центр» ҚҚ сотқа тартылған журналистерге көмек көрсететін қор жұмысы басталғанын хабарлайды.
Қор интернетте жарияланған материалдары үшін журналистерге қарсы сотқа шағымдану саны артып кетуіне байланысты құрылды. БАҚ қызметкерлері әрдайым қорғаушы жалдай алмайды, бұл сот шешіміне және сөз бостандығы жағдайына кері әсер етеді.
Қор сотта қорғаушы қызметінің ақысын төлеу үшін қажет қаражатты қайтарымсыз алуға, немесе басқа да ұқсас көмек алуға мүмкіндік береді.
Кімдер көмек ала алады?
Интернеттегі жазбалары үшін сот ісіне қатысып жүрген және қорғаушы жалдауға қаражаты жоқ қазақстандық журналистер мен блогерлер. Көмек көрсету жөнінде шешімді қазақстандық медиа эксперттерінен құралған кеңес қабылдайды.
Қалайша?
astanalmc@gmail.com поштасына мына ақпаратты қамтитын өтінім жолдау керек:
— аты-жөні, жұмыс орны, тұрғылықты мекен жайы, байланыс деректері
— сот ісінің сипаттамасы (арыз шағымдардың, жеке шағымдардың, сотқа дейінгі шағымдардың көшірмелерімен)
— ақшалай қаражаттың қажет екендігіне негіздеме және қызметі үшін ақы төленуі тиіс тұлғаның аты-жөні.
Көмек сомасы әр жағдайда жеке тұрғыдан, жағдайдың күрделілігін ескере отырып тағайындалады.
Қор жұмысы Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Қазақстан азаматтарының интернетте өз пікірін білдіруге деген конституциялық құқығын жүзеге асыруға ықпал ету» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Правовой медиа-центр» қоғамдық қорына хабарласуға болады: Астана, Отырар көшесі, 15, 604-бөлме, тел. 7172 42 44 32, mediastana@gmail.com және imc.kz сайтында.