ДомойМедиасауатҚоғам қайраткерлерінің айтқандарын қалай тексеруге болады?

Қоғам қайраткерлерінің айтқандарын қалай тексеруге болады?

Қоғам қайраткерлерінің айтқандарын қалай тексеруге болады?

Шілде айында, 2016 жылғы президент сайлауына арналған кампаниясын бастар алдында миллиардер Дональд Трамп мексикалық иммигранттар туралы айтқандарымен ақпарат құралдарын біраз әуре етті. «Олар өздерімен наша алып келеді. Олар — қылмыскерлер. Олар — әйел зорлаушылар», — дей келе, Трамп «олардың кейбіреулері жақсы адам болуы мүмкін» деп жорамал жасайтынын да айтты.

Медиа құралдары иммигранттар тұрғылықты америкалықтарға қарағанда көбірек қылмыс жасайды деуге дәлел жоқ екенін көрсететін зерттеулер мен деректерге сүйене отырып, Трамптың айтқандарын бірден жоққа шығарды.

Фактілер мен ойдан шығарылған дүниені ажырата білу — аузынан шыққан әр сөзі мақала тақырыбына айналып кетуі мүмкін қоғам қайраткерлері туралы айтып, жазатын журналистер үшін қиын міндет.

Қоғам қайраткерлері өз жеке басының қамы, не саяси пайдасы үшін өтірік айтып, не шындықты бұрмалап отырғанын қалай түсінуге болады? Қай сөзіне сенуге болатынын қалай анықтаймыз? Кімге сену керек? Фактілерді тексеруді неден бастау қажет?

Пулитцер сыйлығының иегері, PolitiFact сайты журналистерге жеті кеңес ұсынады.

2014 жылғы тамыз айында жарияланған материалда редактор Энджи Дробник Голан былай дейді: «Дәлел іздеуде біз ешнәрсені назардан тыс қалдырмау үшін арнайы нұсқаулықты қолданамыз. Әрине, фактілерді тексеру жағдайларының бәрі алуан түрлі, алайда, шындыққа жету үшін бір ғана әдістерді пайдалана беруімізге болады».

Дәлелдер келтіруін сұраңыз 

«Адамдар тіпті кейде ұзақ ойланып отырмастан әлденені айта салғанда, әдетте ондай ой неден туындағанын түсіндіре алады. Әдетте, адамдар нақты емес мәліметтерді айтқанда да ол идеяны ауадан алмайды.

Сөз сөйлеуші айтып отырған дәлелдерді кілт деп қараңыз. Кейін сол сөздерді растайтын не жоққа шығаратын өзге дәлелдерді іздейсіз».

Фактілерді тексерумен айналысатын өзге адамдар сізден бұрын не тапқанын қараңыз 

«PolitiFact редакциясында біз осы тақырып бойынша жариялаған контентті іздеу кезінде сегіз мыңнан астам нәтиже беретін мұрағатымызға жүгінеміз. Сондай-ақ,  біз Factcheck.org сайтындағы, Washington Post басылымының Fact Checker блогындағы, Snopes және фактілерді тексерумен айналысатын өзге де сайттардағы достарымыздың жұмысының нәтижелерін пайдаланамыз және өз материалдарымызды жариялауда оларға сәйкесінше сілтеме жасаймыз.  Біз олар тапқан ақпаратты қарастырамыз, содан кейін дәлелдерді өзіміз тексереміз».

Google-да іздеу жүргізіңіз – содан кейін оны қайталаңыз

«Бір-екі сөйлем бойынша іздеумен шектелмеңіз. Сөздердің орнын ауыстырып байқап көріңіз. Мысалы, климат өзгеруі туралы жазсақ, «климат өзгеруі», «ғаламдық күн жылуы», «көмірсутек шығуы», «СО2 мөлшері төмендеуі», «электр энергиясы» деп іздейміз».

Google-дағы күрделі іздеуді пайдаланыңыз, файл типі (file:pdf) немесе домен атауы бойынша (site:politifact.com) іздеңіз. Google-дың кеңейтілген мүмкіндіктерін зерттеу біраз уақыт жұмсауды талап етеді, алайда бұл өте пайдалы машық болмақ.

Түрлі көзқарас ұстанатын мамандарды іздеңіз 

«Эксперттер сіз өзіңіз таба алмайтын зерттеулердің нәтижелеріне жүгінуге кеңес беруі мүмкін. Ол болмаса, өзіңіз білетін зерттеулердің басқа қырына назар аудартады. Сондай-ақ, эксперттер күрделі мәселелер туралы жалған болжамдардан аулақ болуыңызға көмектеседі.

Эксперттерден сізге басқа эксперттерді табуда көмектесуін өтініңіз. Олардан «Сіз өзіңіз пікірін құрметтейтін және осы мәселеде пікірімен келіспейтін кісілерді атай аласыз ба?» немесе «Осы мәселеде біраз беделді саналатын кім де кімді атай аласыз ба?» деп сұраңыз.

Тағы не бар?

«Өзіңізге «Не нәрсені назардан тыс қалдырдым? Тағы кіммен сөйлесуге болады? Осы мәселенің мен ескермеген тағы қандай қыры бар?» деген сұрақ қойыңыз. Процесті түгелдей қайта ойластырыңыз — көбінесе осылайша фактілерді тексеру процесіне сәттілік әкелетін соңғы, ең маңызды ақпаратты табуға болады».

БАҚ ұсынатын ақпараттың нақтылығына ықпал етуді мақсат қылатын ұйым — Africa Check – қоғам және саясат қайраткерлерінің айтқан сөздерін тексеру жөнінде кеңестер ұсынады.  Олар журналистерге ақпараттың растығын бағалауға көмектесуі тиіс сұрақтар тізімін жасапты. Олардың арасында мынадай сұрақтар бар:

  • Осы қоғам қайраткерлері айтып отырғаны туралы шынымен білуі мүмкін бе? Олар осы ақпаратты соның иесінен алды ма? Әлде бір жерден естігеніне сене салды ма?
  • Бұл ақпарат қайдан жиналғаны туралы мәлімет бар ма? Қоғам қайраткерлері кейде көп жыл бұрын жиналған ақпаратты жаңа дерек деп айта салатын кездері болады.
  • Статистикалық деректерді сараптағанда іріктелім қаншалықты үлкен болғанына назар аударыңыз. Оның толықтығына да.
  • Деректерді жинау қалай жүрді?

AfricaCheck былай деп кеңес береді: «Дерек көздеріне, эксперттерге, жұртшылыққа жүгініңіз… Қоғамдық пікірталастарды тексеру — оңай шаруа емес. Кейде ақиқат майда-шүйдеден шығады. Оны табу үшін табандылық керек».

Өтірікті тану жөніндегі эксперт Джанин Драйвер ФТБ қызметкерлері мен өзге де мемлекеттік агенттерді өтірікті танып-білуге үйреткен. Ол ұсынған  бес кеңес те журналистердің қажеті жарап қалуы мүмкін:

Ең алдымен, адам қалыпты жағдайда өзін қалай ұстайтынына назар аударыңыз.

  • Мұқият тыңдаңыз.
  • «Шұғыл тақырыптарға» назар аударыңыз.
  • Қосымша сұрақтар қойыңыз.
  • Адамнан «рас айтып отырсыз ба?» деп сұраңыз.

Ақпараттың рас-өтірігін тексеру жөніндегі өзге де материалдарымыз

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР