Дүние жүзінің кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар және қоғамдық саясат пен саяси мәселелер саласында зерттеу жүргізіп, тәжірибе алмасуға мүдделі журналистері осы стипендияға өтініш беруіне болады.
Гарвардтағы Джон Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару институты Джоан Шорнештейн атындағы орталықтың стипендияларын алуға өтініштер қабылдайды.
Медиа, саяси қызмет және қоғамдық саясат саласында белсенді жұмыс істейтін журналистерден, ғалымдар мен саясаткерлерден өтініштер қабылданады. Ағылшын тілін жетік меңгеру керек.
Стипендия иегерлері оқу орнында бір семестр бойы тұрады және семестр бойына төртке бөліп төленетін 30 000 АҚШ доллары көлемінде стипендия алады. Орталық жол ақысы мен тұрғын жай ақысын төлемейді.
Стипендиаттарға жұмыс істейтін жай, компьютер, принтер және телефон беріледі. Үміткерлер ынталандыру хатын, толтырылған өтініш формасын, зерттеу жобасының жоспарын, резюме және ұсыныс хаттарын жолдауы тиіс.
Өтініштер 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Дерек көзі: ijnet.org