ДомойМедиасауатTwitter-дегі әйелдерге қатысты әдепсіз посттарды кім жазады?

Twitter-дегі әйелдерге қатысты әдепсіз посттарды кім жазады?

Twitter-дегі әйелдерге қатысты әдепсіз посттарды кім жазады?

Британиялық Demos әлеуметтік сараптамалық орталығы сәуір айында үш апта бойы “Твиттер” әлеуметтік желісіндегі әдепсіз сөздердің қаншалық көп және кімдер тарапынан жазылатынын зерттеді.

Зерттеушілер тек британиялық аккаунт иелерінің жазбаларын бақылап отырғанның өзінде мынадай нәтижеге қол жеткізді:

Үш аптада әйелдердің намысына тиетін “жезөкше”, “жеңілтек” деген сыңайлы сөздер қосылған 10000 жуық твит жазылған. Және, бір қызығы, оларды фейк яки тролль аккаунттар емес, кәдімгі шынайы 6500-ге тарта юзер жазған. Ең қызығы — әйелдердің намысын қорлайды деп саналған 10000 твиттің 50% әйел кісілердің өздері жазады екен.

Твиттер әлеуметтік желісінің қауіпсіздік істеріне жауапты Кира О’Коннор ханымның айтуынша, Твиттер азаматтардың ар-намысына қол сұғуға арналған жер емес.

 

твит

 

Сонымен қатар Британия парламетінің мүшелері интернеттегі агрессияға толы жазбалармен күресудің жолдарын қарастыруда. Олар “Интернетті өзімізге қайтарамыз” #ReclaimTheInternet атты толеранттылыққа шақыратын насихат тобын құрып, тіпті онлайн-форум да ашты.

Депутаттар осылай нәсілшілдік кемсіту мен гомофобиямен күресуді жеңілдетеміз деп ойлайды. Бірақ, олардың ешқайсы интернетте қатаң цензура немесе онлайн-полиция құру туралы ашық мәлімдемеді.


твитүш твитекі

Интернеттегі әдепсіз посттар мен ар-намысқа қол сұғу бұрыннан бар нәрсе. 2014 жылы Dove компаниясының интернеттегі сұлулық мәселесі бойынша жүргізген зерттеуінің нәтижесінде әйелдердің сұлулығына қатысты 5 миллионнан астам негатив твит жазылған. Сол жазбалардың әр бесінші авторы — нәзік жандылар болып шықты.

Соңғы жылдарыполиция бұл мәселеге қатаң қарауды қолға алды. Нәтижесінде интернеттегі цензураны сақтамағаны үшін тролль аккаунттар түрме жазасына тартылды.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселемен күресудің бірден-бір тиімді жолы — білім беру бағдарламаларын пайдалану. Балаларға кішкентайынан интернетте әдепсіз посттарды жазудың дұрыс емес екенін түсіндіруіміз керек. Сонда ғана болашақта бұл жағдайдың қайталануының алдын алуға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР