Internews Астана қаласында журналистерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр, бастапқы мәлімет бойынша, тренинг 2016 жылғы 22-23 тамызда өтеді.
Тренинг барысында қатысушылар Internews медиамамандарынан теориялық сабақтар мен практикалық мастер-кластар өтеді.
Тренингтің негізгі тақырыптары:
- Деректер журналистикасы. Дата-журналистика форматында материал әзірлеу процесінің негізгі кезеңдері.
- Деректерді онлайн-сервистер мен қосымшалар көмегімен визуалдау.
- Ашық деректерді өңдеудегі негізгі принциптер.
Тренингке қатысу жөніндегі бастапқы өтініштер 2016 жылғы 15 тамызға дейін oossadchuk@internews.org почтасына қабылданады.
Өтініш, хат тақырыбында «Заявка на участие в тренинге для журналистов «Работа с открытыми данными» деп көрсетіңіз.
Еркін үлгіде толтырылатын өтініште мына мәліметтерді көрсету керек:
- Аты-жөніңіз
- Тұратын еліңіз
- Жұмыс орныңыз
- Мамандығыңыз
- Бұл тренингке қатысу сіз үшін неліктен маңызды екені
Өзге қалалардан келетін қатысушылардың жол және жатақ шығындарын ұйымдастырушылар көтереді.
Ұйымдастырушылар тренинг күнін өзгертуі мүмкін. Орын саны шектеулі.
Сұрақтарыңыз болса: oossadchuk@internews.org почтасына немесе +7 727 270 41 30 телефонына хабарласыңыздар.