ДомойБайқау/ГранттарInternews Орталық Азия журналистеріне арналған гранттар ұсынады

Internews Орталық Азия журналистеріне арналған гранттар ұсынады

Internews Орталық Азия журналистеріне арналған гранттар ұсынады

Грантовая программа Интерньюс для журналистов Центральной Азии

Интерньюс «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында Еуропа одағының қолдауымен Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялау үшін гранттық бағдарлама жариялайды.

Жоба жөнінде:

«Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау  және табиғи ресурстарды басқару мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту жөніндегі аймақтық күш біріктіруді нығайтуға бағытталған.

Жоба қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелері жөнінде тақырыптық оқыту шараларын, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған кәсіби шараларды, ортақ медиаконтент жасау мақсатымен аймақтарға сапарлар  ұйымдастыру және өткізуді, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару мәселелеріне азаматтардың белсенді араласуын жақсарту үшін деректерді визуалдау, картографиялық жобалар, сондай-ақ, өзге де тұрақты құралдар мен платформаларды әзірлеу және енгізуді көздейді.

Гранттық бағдарлама мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

  • Орталық Азия республикаларында экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, БАҚ және сәйкес мемлекеттік құрылымдармен (мүмкіндігінше) бірлесе отырып қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық кампания жүргізуге арналған кіші гранттар;
  • Қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында ақпараттық материалдар әзірлеуге арналған шағын гранттар (жеке стипендиялар).

АҚПАРАТТЫҚ КАМПАНИЯ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

Мақсаты: Орталық Азиядағы қоршаған орта, табиғи ресурстарға қол жеткізу және оларды пайдалану мәселелеріне қатысты ақпарат таралуы деңгейін арттыру.

Байқауға телерадиокомпаниялар, продюсерлер, онлайн басылымдар, продакшн-студиялар және экология саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ қатыса алады. Кез келген форматта медиаөнім (видео, аудио,  мәтін, мультимедиа) өндіру және таратуға қолдау көрсетіледі, алайда басымдық телевизияға арналған видеоконтентке беріледі. Форматы: ток-шоу, журналистік зерттеу, арнайы репортаждар, авторлық бағдарламалар және Орталық Азия елдеріндегі қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелеріне қатысты тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар).

Талаптар:

  • Продакшн-студиялар мен жеке тұлғалардан өтініштер тек өндірілетін медиаконтентті таратуды (эфирден, веб-сайт арқылы) қамтамасыз ететін серіктесі бар болса ғана қабылданады;
  • Телерадиокомпаниялардан түсетін өтініште өндірілетін медиаконтенттің эфирге шығатын уақытының жоспары және редакция келісімі болуы тиіс;
  • Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет);
  • Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
  • Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
  • Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.

Грант сомасы және мерзімдері:

  • Сұралатын грант сомасы салықтардың бәрін есептегенде 5000 евродан аспауы тиіс.
  • Жобаны жүзеге асыру мерзімі алты айдан аспауы керек.
  • Бір ұйым/адам екі грантқа ғана үміткер бола алады.

Басымдық берілетін бағыттар:

  • Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.

ЖЕКЕ СТИПЕНДИЯЛАР

Мақсаты: қоршаған орта және табиғи ресурстарды пайдалану, басқару мәселелеріне қатысты маңызды, бұқаралық ақпарат құралдарында сирек жарияланатын тақырыптарды жариялауда журналистерге қолдау көрсету.

Байқауға фрилансер-журналистер, блогерлер, азаматтық журналистер, журналистер бірлестіктері қатыса алады. Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін жариялауға бағытталған жекелеген мақалалар, репортаждар, журналистік зерттеулер және өзге де медиаформаттағы (ТВ, радио, газет, онлайн) жұмыстар қабылданады.

Талаптаря:

  • Өтініш беруші өндірілетін контенттің таралуын қамтамасыз етуі (бұқаралық ақпарат құралдарымен, онлайн-басылымдармен серіктестік) және серіктестің сол контентті таратуға  келісімін көрсетуі керек. Медиасеріктес болмаса және контент әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жағдайда, өтініш беруші өндірілетін контенттің кең таралуын қамтамасыз етуі тиіс.
  • Өтініш және бюджет жоспары үлгіге сай толтырылуы тиіс (үлгілерді көшіріп алу үшін сілтемемен өтіңіз: Өтініш және Бюджет;
  • Өндірілетін контент елдегі заң нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
  • Өндірілетін контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі тиіс;
  • Өндірілетін контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тараптар мен тұлғалардың мүддесін көздемеуі тиіс.

Жеке стипендиялардың сомасы және мерзімі:

  • Жеке мақала жазуға (онлайн, баспа) берілетін стипендия сомасы барлық салықтарды есептегенде 100 евроға дейін болады;
  • Жақын маңдағы аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 500 евроға дейін;
  • Шалғай аудандарға барып контент әзірлеуге арналған стипендия — барлық салықтарды есептегенде 1000 евродан 2000 евроға дейін;
  • Жобаны жүзеге асыру мерзімі үш айдан аспауы керек;
  • Бір ұйым/адам екі шағын грант сұрай алады.

Басымдық берілетін бағыттар:

    • Қоршаған орта және табиғи ресурстарға байланысты шекарааралық және аймақтық мәселелерді жариялауға бағытталған және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, экология саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі. Осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда грант сомасы мен мерзімі арттырылуы мүмкін.

Өтініштердің барлығы мына талаптарға сай бағаланады: 

Грант-критерии

Өтініштер гранттық бағдарлама жабылғаны хабарланғанға дейін қабылдана береді. Өтініштерді қабылдау және грант комиссиясының шешімі кем дегенге 10 өтініш келіп тсүскеннен кейін жүргізіле бастайды.

Өтініштер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Толық құжаттар пакеті қоса берілген өтініштер ғана қарастырылады.

Интерньюс тек іріктеуден өткен үміткерлерге ғана хабарласады. 

Өтініш беру реті:

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша:

Қазақстандағы медиатренер Назгүл Қожабековаға nkozhabekova@internews.eu хабарласуға болады.

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР