ДомойБіздің жобаларЭкология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг жөніндегі семинар

Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг жөніндегі семинар

Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг жөніндегі семинар

Қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында мультимедиалық арнайы жобалар әзірлеуге ниетті медиа мамандарын 2017 жылғы 1-2 наурызда Алматыда өтетін «Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг: Жасау технологиясы: идеядан өндіріске дейін» атты Аймақтық тақырыптық семинарға шақырамыз.

Тренинг:

  • қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелері бойынша мультимедиалық арнайы жоба жасауға лайық тақырыптар табуды;
  • арнайы жобаның мәселесін және негізгі хабарламаны үйлестіру, кейіпкер іздеу, ақпарат көздері тізімін жасау, келешек материалдың стейкхолдерлерін анықтауды;
  • экология тақырыбындағы мультимедиалық арнайы жобаны жоспарлау, әзірлеу, жасау және продюсерлік ету сатылары мен технологияларын тәжірибе жүзінде іске асыруды;
  • қолжетімді ашық құралдар көмегімен қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбы бойынша аудитория үшін тартымды мультимедиалық арнайы ;жобалар жасауды үйренгісі келетіндерге арналған.

Семинарға қатысуға Орталық Азия елдерінен мультимедиалық жоба әзірлеуді жоспарлап жүрген редакциялар құрамы іріктеп алынады. Қажетінше, командаларға дизайнер, мультимедиалық сервистерді қолдануды меңгерген мамандар, фотографтар, экологтар қосылады.

Семинардың бас тренері — Артем Галустян. Халықаралық деңгейдегі журналист, мультимедиалық жобалар продюсері. «Коммерсантъ» баспа үйінің арнайы жобалар шығарушы редакторы болып қызмет атқарған,  «Земля отчуждения», «День, когда кончилась война» және тағы басқа мультимедиалық жобалардың авторы. «Как новые медиа изменили журналистику 2012-2016» кітабының авторларының бірі.

Семинар аясында мынандай шаралар өтеді: 3 вебинар, кіріспе кездесу және 2 күндік практикалық оқыту курсы.

Әр команда 1,5 ай бойы (семинарға дейін, семинар барысында және семинардан кейін) бас тренер мен өз еліндегі тренердің жетекшілігімен өз жобасын әзірлейді. Нәтиже — Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбына арналған дайын мультимедиалық материалдар жариялануы.

Орталық Азия елдері редакцияларынан өтініштер қабылданады. Басты талап: мультимедиалық арнайы жобалар әзірлеу саласындағы кәсіби деңгейін арттыру жолында уақыт жұмсап, күш салуға ниеті мен мүмкіндігі болу және редакциялардың толық мультимедиалық жоба жасауды бастап, аяқтауға әзірлігі.

Internews қатысушылардың жолақы, жатын орын және тамақтану шығындарын өз мойнына алады.

Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған өтініш үлгісі мен қосымша құжаттарды 2017 жылғы 26 қаңтарға дейін  centralasia@internews.eu почтасына жолдау керек.

«Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг: Жасау технологиясы: идеядан өндіріске дейін» атты Аймақтық тақырыптық семинар Еуропа Одағы қаржыландыруымен Internews жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өтеді.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР