ДомойМедиасауатВидеоға фактчекиң

Видеоға фактчекиң

Видеоға фактчекиң

Storyful сервисінің видео департаментінің басшысы  Тоби Ли Бохан қолданушылар түсірген видеоны қалай тексеру керек екені жөнінде пайдалы кеңестер берді.

«STORYFUL СЕРВИСІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ — ИНТЕРНЕТТЕГІ ТАРТЫМДЫ, ВИРУС РОЛИКТЕРДІ ТАУЫП, БӨЛІСІП ҚАНА ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ. ӨЙТКЕНІ БІЗ ҰСЫНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БӘРІ ШЫНАЙЫ, КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАРДАН ШЫҚҚАН БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫЗ ЖӘНЕ КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАР СОЛ ВИДЕО ҮШІН АҚЫ АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАҒЫМЫЗ КЕЛЕДІ»

Біз видеомен жұмыс істей бастаған кезде ең алдымен оның шыққан көзін, күні мен түсірілген жерін тексереміз. Алдымен миниатюрасын Google-ға салып, бұдан бұрын жүктелген нұсқалары бар-жоғын тексереміз. Екінші кезекте контент табылған платформа түпнұсқа дерек көзі ме, жоқ па екенін тексеру керек. Орналасқан жерін қараймыз: әдетте орыс тіліндегі видео алдымен ВКонтакте желісіне, ал қытайлық контент — Weibo немесе Youku желілеріне жүктеледі.

Түпнұсқасын тапқаннан кейін, дерек көзін тексеру керек. Сол профайлды қарап, басқа видео бар-жоғын тексеріңіз. Олар түпнұсқа ма? Оларды жариялаудағы мақсат қандай болды?

Сондай-ақ, мына сұрақтардың да жауабын табуыңыз керек:

  1. Видео қай жерден жарияланған?
  2. Күні көрсетілген бе?
  3. Видеоның бетіне логотип қойылған болса, сол қолданушының барлық видеосында сондай логотип бар ма?
  4. Ол логотип YouTube немесе Vimeo желісіндегі қолданушының аватарымен сәйкес келе ме?
  5. Видеодағы адамдардың cөйлеу мәнеріне, сленг, диалектіне қарап, видео қай жерде түсірілгенін тануға бола ма?

Мысалы, екі аккаунт та өте белсенді, бірақ біреуі үнемі бір-бірімен байланысты видео жариялайды, ал екіншісі бір-біріне қатысы, байланысы жоқ телебағдарламалардың үзінділеріне толы.

Сол дерек көзімен байланысты басқа да жазбаларды табыңыз. Олардың белсенділігі ұзақ па? Қаншалықты белсенді? Видеоны жүктеген қолданушы қай жерде мекендейді? Тіпті болмаса, видеоны жүктеген адамды тауып алып, мынадай сұрақтар қойыңыз:

Бұл видеоны өзі түсірді ме? Өзі болмаса — кім? Бұл видеоны түсіргендегі мақсаты не, онымен не айтпақ болды? Қандай құрылғымен түсірген? Автор сол видеоны немесе оның түпнұсқа файлдарын бөлісе ала ма?

Facebook, Instagram, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер геолокацияға байланған. Геотегін тауып алып, оның сәйкестігін тексеріңіз. Алайда, кейбір фейктер VPN немесе тағы басқа жасырыну тәсілдерін қолдануы мүмкін. Визуал белгілерді іздеп, мекен жайын тексеру үшін  Google карталарын пайдаланыңыз. Қолданушының таспасы мен профайлын тексеріңіз: бұл адамдардың дәл сол жерде сол кезде болғанына қандай дәлел бар?

Қоғамдық маңызы бар оқиға болса, сол видеоны растайтын басқа да материалдарды табуға тырысыңыз. Айталық, жолаушыны ұшақтан түсіріп тастаған болса, әрине, оны бір емес, бірнеше адам видеоға түсіреді. Соларды тауып алыңыз.

Қолданушыдан өзінің сол видеоны түсірген адам екенін дәлелдеу үшін сізге өз телефонындағы басқа да қосымша кадрларды жолдауын сұраңыз.

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР