ДомойМедиасауатМедиасауатымызды қалай дамытамыз: сарапшылар кеңесі

Медиасауатымызды қалай дамытамыз: сарапшылар кеңесі

Медиасауатымызды қалай дамытамыз: сарапшылар кеңесі

14-16 тамыз күндері Алматыда «Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуда медианың рөлі» атты халықаралық форум өтті. Форумдағы талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – медиасауат, сыни пайымды дамыту болды. Форум сарапшыларының қарапайым да қажет әрі ұсыныстары мен кеңестерін жинадық.

Психологтар және Психотерапевттердің Қырғыз қауымдастығы президенті, бизнес-тренер, психолог Михаил Мунькин ақпаратты қабылдау туралы әңгімеледі.

— Ақпараттың алдында әлсізбіз. Айнала қоршаған ортаны тікелей қабылдап, түсіне алмаймыз, ультрадыбыстарды естімейміз, қабылдағанымызды жеткізуге сөзіміз жете бермейді. Айналамыздағы тәжірибенің барлығын бірдей ала алмаймыз. Әркімнің өз тәжірибесі бар, мұның барлығы біздің ақпаратты қабылдауымызды түзеді. Кәсіби көзқарасты қалыптастырады. Алайда, бұл – шындық емес. Бұл – әлемнің біз жасап алған картасы,-дейді Михайл Мунькин.
Сонымен неге мән беру қажет?

«Ақпаратты қабылдаудан да мәнмәтіні (контекст) маңызды. Өз бетінше ойлау – өз бойымызда да, балаларымызда да дамытуға міндетті аса маңызды дағды»

Медиасауатқа қалай баулимыз, өз бетінше ойланып, пайым жасауға қалай үйретеміз?

Беларусь Республикасындағы Media IQ медиасауат жобасының жетекшісі Алена Талалаеваның кеңесі мынадай:

  • Өз бойыңыздағы менмендікті басыңыз. Өзіңіз теледидар қарамауыңыз мүмкін, бірақ ата-әжеңіздің теледидар көруіне тыйым сала алмайсыз. Оларға барлығын да байыппен, шыдаммен түсіндіру қажет.

Өзін оқытқан, үйреткен ешкімге де ұнамайды. Кеңестерді қабылдамайды. Мұндайда ең дұрысы мысал келтіріп, өз бетінше қорытынды жасауына мүмкіндік беру. Бұл — ересектерке де, балаларға да өтетін тәсіл.

  • Ақпаратты мөлшерлеп беріңіз. Бұл туралы бар білетініңізді бірдей айтуға тырыспаңыз. Сіздің бірнеше жыл бойына білген-түйгеніңіз, бірден қабылдауға тым ауыр әрі көп болуы мүмкін.

Евгений Волков, философия ғылымдарының кандидаты, тәуелсіз сарапшы, сыни және онтологиялық пайым тренері, кеңесші, сот сарапшысы, Ресей:

«Біз санамыздың түсініп, қабылдайтыны – жасанды шынайылықпен бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтн да жасағанымызға, не жасайтынымызға, неге сүйенетінімізге үнемі сыни тұрғыдан қарауымыз қажет»

Тақырыпты «КритМышь» ғылыми-танымдық подкастының авторы Александр Головин толықтырды.

— Бүгінде бір сәттік хикаялар үшін ғылымның жұмыс принциптері жиі шет қалады,-дейді Александр. Оның кеңестері ғылыми деректерді тексеру жөнінде болды.

  • Алғашқы қадам. Медианы және ғылымды адамдар жасайтынын түсіну. Олар да жиі қателеседі. Олардың қатарында ғалымдар да бар.
  • Екінші қадам. Тақырыптан әрі не жазылғанын оқу керек.
  • Үшінші қадам. Қайнаркөздерді зерттеу – сілтемелерге өтіп, тұпнұсқа ғылыми жұмысты табу қажет. Ағылшын тілінде.
  • Төртінші қадам. Статистиканы манипуляциялауға болатынын ұмытпау. Көбіне көп корреляцияны себеп-салдарлық байланыс ретінде беруге тырысады. Ойланыңыз – бұл расымен де сол оқиғаның себебі ме, әлде басқа оқиғаның ба?
  • Бесінші қадам. Біздің қабылдауымыз – бұрмаланған. Жадымыз жетілмеген. Мұны да есте ұстаңыз.

Ал n-ost (Медианавигатор) жобасының үйлестірушісі Елизавета Кучерова (Германия) басқа адамдардың позициясын қалай көріп, сыни ойлауды үйрететін кеңестерін айтты.

Әдемінің барлығы бірдей дәмді емес. Есте ұстаңыз: біз графикаларға «ғылыми ақпарат» деп қарап, көбірек сенеміз. Тексеріңіз!

  • Өзіңізге сеніңіз! Егер жаңалық «тосын көрінсе», онда тексеріңіз – сіздің күмәніңіз расқа айналуы әбден мүмкін.
  • Өзіңіз қандай контент жасайтыныңызды ойланыңыз. Қандай ақпаратқа лайк басасыз, не қандай ақпарат таратасыз?! Мұны да ойланыңыз.
  • «Дабыл белгісі» — өз реакцияңызды байқап отырыңыз. Егер қандай да бір жаңалық эмоционалды күйіңізді күшейтсе, демек, біреу-міреудің көздегені осы болуы әбден мүмкін.
  • Қулыққа бару – егер сіз қандай да бір адамдардың медиаконтент тұтыну дағдысын өзгерте алмасаңыз, онда басқа амал-тәсілді қолданыңыз. Мәселен, тақырыпты өзгертіңіз. Тақырып айналасында маңайлап сөйлесіңіз.

«Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алудағы медианың рөлі» атты халықаралық форумы Еуроодақ қаржыландырып, Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы тұрақтылық және бейбітшілікке қолдау көрсету» жобасы шеңберінде өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР