ДомойStory форматтар4-модуль. Кәсіби кеңес

4-модуль. Кәсіби кеңес

4-модуль. Кәсіби кеңес

Сторителлинг онлайн-курсының «Кәсіби кеңес» тұрақты айдары бар. Мұнда журналистер сторителлинг материал дайындау бойынша тәжірибесін айтып, кеңес береді. 4-модулдің «Кәсіби кеңес» айдарында “Oy-detox” подкастының авторы Айнел Әмірхан подкаст жүргізуді қалай бастағанын, қандай подкастілер тыңдайтынын айтады.

Ainel Amirkhan. “Oy-detox” подкастының авторы

Подкастымның алғашқы эпизодын жариялап, әлеуметтік желіде шағын жарнама жасағаннан кейін жақын құрбымның біріне телефон соғып, осы қуанышты жаңалығымды бөлісіп, подкастымның алғашқы эпизодын тыңдауға шақырдым. «Қандай керемет жаңалық, құттықтаймын!»,- деді құрбым қуанып. «Бірақ неге мен 40 минут уақытымды бөліп сенің подкастыңды тыңдауым керек?», — деп шынайы сұрағын қойды. Мен не айтарымды білмей сасып қалдым. «Себебі сен менің құрбымсың» дедім міңгірлеп. Бүгінде осыдан бірнеше ай бұрын құрбым маған қойған осы сұрақты өз өзіме үнемі қойып отырамын. Достарыңыз, жақын адамдарыңыз, туыстарыңыз подкастыңызды ұялғаннан бір, тіпті бірнеше рет тыңдауы мүмкін, бірақ жасап жатқан дүниеңіз ұнамаса қызығушылығын көп ұстап тұра алмайсыз. Сондықтан подкастты дайындау, әр эпизодты жасау барысында үнемі өзіңізден «адамдар 1 сағат уақытын қиып, неге менің подкастымды тыңдауы керек?» деп сұраңыздар.

Адамдар әдетте подкастты қандай да бір жұмыспен айналасып отырып тыңдайды, мысалы менің соңғы эпизодымда қонақ болған Азат Ысқақ подкастты ыдыс жуып жатқанда тыңдайтынын айтты. Ал мен көбіне таңғы ас дайындау барысында және жолда (автобуста не көлікте)тыңдайды екенмін. Барлық тірлігін тастап қойып, сіздің подкастыңызды мұқият тыңдайын деп отыра қалатын адамдар өте сирек. Сондықтан сіз беретін ақпарат жеңіл (тақырыбы бойынша емес, берілу тәсілі бойынша), адамды еліктіріп алатындай қызықты әрі уақытын құрға өткізбегенін сезінетіндей пайдалы болуы керек.

Аудиохиқаяда кез келген киносценарийдегідей қандай да бір оқиға, басты кейіпкерлер, шиеленіс және соның нәтижесінде қандай да бір өзгеріске ұшырау, қорытынды жасау, сабақ алу деген сынды элементтер болуы керек.

Мен қазір ерекше қызығушылықпен тыңдайтын екі ресейлік подкаст бар:

  1. Либо выйдет либо нет. Бұл подкастта екі журналист Лика Кремер мен Катя Кронгауз подкастар студиясы бойынша бизнесін құру барысында кездесетін қиындықтар, кедергілер, жаңалықтар туралы аптасына бір рет шынайы баяндап, ұрсатын жерде ұрсып, достасатын жерде достасып, маманның көмегіне жүгінетән кезде жүгініп отырады. Өте шынайы, жақын әрі қызықты.
  2. Норм. Өзгерістер туралы подкаст. Бұл жерде де екі журналист (Даша Черкудинова мен Настя Курганская) бар және подкаст форматы бірнеше қонақ және қандай да бір үлкен тақырыпқа негізделген . Сталкерлер туралы төрт оқиға сипатталатын эпизодта мысалы күлесің де, жылайсың да, кей әрекеттерден өзіңді танисың да. 40 минутта осыншама түрлі эмоция сыйлайтыны және соңында іштей қандай да бір қорытындыға алып келетіні керемет. Байқағаным, видеода кадрларды өзгертіп отыратындай, бұл жерде де адамды жалықтырып алмас үшін бірнеше кейіпкер тартқан дұрыс. Қазір мен Эрих Нюзумның «Как делать хитовые подкасты» кітабын оқып жатырмын, Меломан желісінде бар. Кітапта тартымды аудиохиқая жасауға арналған тарау бар.

Қазір елімізде 40-қа жуық подкаст бар, олардың басым бөлігі сұхбат, өзара әңгіме түрінде. Аудиохиқая не сериал жанрындағы подкастар жоқ десе де болады, бұл бос сала. Сондықтан, іске сәт!

АЛДЫҢҒЫ САБАҚ: 4-модуль. 3-сабақ. DataStory

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР