ДомойМедиасынКоронавирус: «7 күн» үйден хабар таратады. 23-29 наурыз қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Коронавирус: «7 күн» үйден хабар таратады. 23-29 наурыз қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Коронавирус: «7 күн» үйден хабар таратады. 23-29 наурыз қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Шолуымызды «Коронавирус, тек қана коронавирус» деп атағанда болар еді. «Аналитика» бағдарламасы ғана COVID-19 –дан басқа да тақырыптарды көрсетті.

Ең маңыздысы – «Хабар» телеарнасы осы аптада басқалардан оқ бойы озып, үйден хабар таратты. «7 күн» жүргізушісі Александр Трухачев үйінде отырып, бағдарламасын жүргізді. Өте ұтымды шықты.
КТК телеарнасы апталық қорытынды бағдарлама көрсетпеді, ал QAZAQSTAN телеарнасының Apta бағдарламасы қайта оралды.
Шолуымызда «Хабар», «Еуразия бірінші арнасы» және QAZAQSTAN телеарналарының қорытынды бағдарламаларын қамтыдық.

«Большие новости», КТК

«Большие новости» эфирге шықпады. Карантинге еш қатысы жоқ. Осы аптадағы ұзақ демалысқа байланысты бағдарлама кестесінде де жоспарланбапты

«7 күн», «Хабар»

«7 күн» жүргізушісі Александр Трухачев шолуымыздағы қорытынды бағдарламалардың жүргізушілері арасында ерекшеленді. Ол бағдарламаны үйінен жүргізді. Әдеттегіден қысқа (21 минут) уақытқа созылған бағдарлама дайджест форматында жасалыпты.

Мұндай тамаша эфирді көбіне көп Батыс елдерінде жасап жатыр. Қазақстанда «7 күн» бағдарламасымен қатар Atameken Business жүргізушілері үйінен эфирге шықты. Ерекше әрі қызықты көрінді.

Мұндай форматтағы бағдарламаның сюжеттері, іліп алар тұстары мен тосын сәттері айтуға келмейді. Бағдарлама жүргізушінің кадрдан тыс мәтіні, дәрігерлермен сирек сұхбаттар, президент Тоқаев, министр Абаев және тағы басқа билік өкілдерінің брифингтері мен отырыстарынан қысқа синхрондардан құралыпты.

Көрермендер мемлекетіміздің дағдарыспен күреске 10 млрд АҚШ доллар қаржы бөлгенін, табысынан айырылып, үйінде отырған азаматтарға қалай қолдау көрсететінін, несие төлемдерін шегеруді онлайн ресімдеуге болатынын білді.

Қарағанды қаласын карантинге жабады. Қазақстандық вирусологтар коронавирусқа қарсы вакцина жасауға кірісіпті. Мектеп оқушыларын онлайн оқытады. Кейбір азық-түлікті экспорттауға тыйым салынды. Әншілеріміз интернетте концерт беріп жатыр.

Коронавирусқа қарсы вакцина жасауды да айтты. «Сарапшылардың бағамдауынша, вакцина ең тез дегенде 2021 жылғы 1 тоқсанда дайын болады». Адамдар вакцинаның жоқтығына алаңдап, күн санап күтіп жүр. 2021 жылы жасалады, деген хабар жұртшылықтың үрейін тіпті күшейтеді. 2021 жылы дайын болатынын айтқан жағдайда о сарапшылардың кім екенін, вакцина дайындау неліктен ұзақ уақытқа созылатынын нақтылау керек еді. Олар неге сүйеніп, болжам жасаған? Вакцина ерте жасалуы мүмкін бе? Міне, осы сұрақтарға жауап керек-ақ.

«Аналитика», «Еуразия бірінші арнасы»

«Аналитика» бағдарламасы студиядан хабар таратып жатыр. Тұтас эфир коронавирус тақырыбына арналды. Бірінші материалда аурудан айыққан науқастар мен қайтыс болған әйел туралы айтты. Коронавируспен күресу үшін қандай шаралар жасалып жатқанын санап шықты. Көшеде кетіп бара жатқан адамдардың видеосын пайдаланды. Видеода ешқандай титр жоқ: бұл әлі карантин жарияланбаған облыс орталықтарының видеосы ма, әлде мұрағат па? Түсініксіз.

Светлана Пенькованың сюжеті карантинге жабылған үйлер, адамсыз Нұр-Сұлтан және көшеде бір сызық брйымен жүріп бара жатқан дезинсекторлар командасын көрсетуден басталды. Дроннан түсірілген кадрлар жағдайға сюрреалистік көрініс береді. Материал кейіпкерлерінің бәрі дерлік маска таққан. Тек денсаулық министрі Елжан Біртанов пен диагностикалық орталық жетекшісі маскасыз сөйлепті. Сюжетте онлайн оқу, коронавирусты анықтайтын тест, азық-түлік жинап, тарататын волонтерлер оқиғасы да бар. Бірқатар мәселені, мысалы подъездерді дезинфекциялайтын тұрғын үй-құрылыс кооперативі қызметкерлеріне маска керек екенін айтып өтті. Әйткенмен, маска қашан болады, деген маңызды сауалға жауап жоқ.

Мемлекет төтенше жағдайға кезінде кірісінен айырылған кәсіпкерлерге және ақшасын қалған адамдарға қандай қолдау көрсетеді? Міне, осы сұраққа жауап беретін үлкен материал дайындапты. Ақпарат көп, шарттары әрқалай, телевизиялық формат соның барлығын тәптіштеп түсіндіре алмайды.

«Аналитика» бағдарламасы коронавирус әлем елдеріне қалай әсер етіп жатқанын да көрсетті. Жеке топтамаға: су тасқыны, қылмыс оқиғалары, митингілер туралы заң жобасын талқылау және шетел жаңалықтары еніпті.

Apta, QAZAQSTAN

Apta бағдарламасы коронавирус туралы түрлі ақпараттар: статистика мен министр Дәурен Абаевтың сөзінен басталды. Одан кейін Birgemiz фронт-офисінің волонтерлері Нұр-Сұлтан қаласында тегін маска таратқаны туралы өзін-өзі ақтамайтын сюжетке ұласты. Бұған дейін президент Тоқаев тегін тарату үшін 500 мың маска бөлген екен. Мұндай сюжеттің қалай ғана басты тақырыпқа айналғаны түсініксіз. Елдегі дәріханалардан маска табылмай жатқанда 500 мың маска таратудың қызығы неде?

Маска тарату сюжетінен кейін Қазақстанда және әлемде карантин режимін сақтамайтындар туралы материал шықты. Коронавирустан қайтыс болған әйел 13-17 наурыз күндері Алматы мен Шуға барғанын айтты, бірақ оның отбасы екі рет жедел жәрдем шақырғанын, тек үшінші шақырғанда ғана оны ауыр халде ауруханаға алып кеткені туралы ләм-мим демеді.

Apta бағдарламасы сарапшы ретінде саясаттанушы, Ұлттық кеңес мүшесі Ерлан Саировпен сұхбаттасты. Сарапшыдан еліміздегі аз қамтылған отбасыларды карантин кезінде қалай азық-түлікпен қамтамасыз етуге болатынын сұрады. Сарапшы бұған тек үкімет қана емес, азаматтық қоғам да атсалысуы керек екенін айтты. Skype арқылы жазылған ұзақ сұхбаттың айтары аз болды. Сарапшы көпке мәлім жайттарды тізіп қана шықты.

Мәскеуден сюжет: қазақстандық әйел қызын Ресейге ота жасату үшін алып барған. Енді үйіне, Семейге қайта алмай жатыр. Бұл жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігінен де, не тағы басқа шенеуніктерден де комментарий жоқ (не олардан комментарий алмады). Сюжет авторы кейіпкердің сұрақтарына жауап табуға тырыспаған сияқты. Тек бар мәселені атап шықты.

9-сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына зымыран ұшыру жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ұшыру-ұшырмау мәселесі туындап отыр. Танымдық мазмұндағы сюжет жақсы жасалыпты. Бұл тақырыпты Apta бағдарламасынан басқасы қозғамағанын айтып өткен жөн.

Қазақстанда оқушыларды онлайн оқытуға дайын ба? Сюжет ата-ананың төртінші тоқсанды жазға шегеру туралы қызық ұсынысынан басталды. Алайда Білім және ғылым министрлігі жазда не болары белгісіз, сондықтан оқу уақытылы болатынын айтты. Автор қазақстандық отбасылардың қашықтан оқытуға дайын емесін, интернет баяу, көптеген үйде компьютер жоқ екенін, интернет байланысы ақысын төлеуге ақшасы жетпейтінін де айтты. Бұл сюжет бағдарлама басында көрсеткен маска тарату сюжетінен де маңызды. Міне, сондықтан да бағдарламаны қашықтан оқыту сюжетінен бастаған дұрыс-ақ. Екі сюжеттің орнын ауыстырғанда бағдарламаның салмағы артар еді.

«Жаңа репортер» қазақстандық телеарналардың апталық қорытынды бағдарламаларына тұрақты мониторинг жүргізеді және апта сайын жариялайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР