Internews Орталық Азияда «Шағын грант. Жазғы маусым» контент әзірлеу бойынша идеялар байқауын жариялады.
Байқауға өтініштер 2021 жылғы 6 сәуір, сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Бұл байқау қысқа мерзімде ерекше идеяға негізделген шағын жобасын жүзеге асырғысы келетін авторлар тобына арналады.
Қандай жоба болуы мүмкін? Дәстүрлі форматтағы: лонгрид, мақалалар топтамасы, бір немесе бірнеше арнайы репортаж, соның ішінде бейнероликтер, анимациялар, карикатуралар және т.б. Бұдан бөлек, мұнда аталмаған басқа да форматта, мәселен, шығармашылық, арт, азаматтық белсенділікке бағытталған экперименталды контент жобалар ұсына аласыз. Мұндай идеяларды тек онлайн кеңістікте ғана емес, офлайн-кеңістікте де (көрмелер, арт-кампаниялар және т.б.) жүзеге асыруға болады, алайда жоба аясында контент жасалу керек.
Жоғарыда бірнеше мысал келтірдік. Алайда мұнымен шектелмей, кез-келген жанр мен форматты таңдай аласыз. Идеяңызды ұсыныңыз!
Шабытыңызға ерік беріңіз, ойлап табыңыз, армандаңыз! Бастысы әлеуметтік маңызға ие, көпшілікке айтар ойы бар медиаконтент болуы тиіс екенін есте сақтаңыз!
Қандай тақырыптар ұсынуға болады? Тақырыпта шектеу жоқ. Маңызды және сұранысқа ие болып көрінетін кез-келген тақырыпты таңдаңыз.
Мұндай жоба қанша уақытқа созылады? 1 айдан 6 айға дейін.
«Шағын грант. Қысқы маусым» байқауына кімдер қатыса алады? Мемлекеттік емес медиа, онлайн басылымдар, газеттер мен журналдар, шағын телекомпаниялар, радиостанциялар, продакшн-студиялар, тәуелсіз авторлар, журналистер, блогерлер, суретшілер, белсенділер және Қазақстан, Тәжікстанның басқа да шығармашылық топтары қатыса алады.
Ескерту: Өтінішті заңды тұлға (ЖШС, ЖК, қоғамдық қор немесе басқа) ретінде тіркелген медиа, сондай-ақ жай авторлар да береді.
Контент қай тілде болуы мүмкін? Қазақ, тәжік және/немесе орыс тілдерінде.
Команда жоба үшін қандай сома сұратуы мүмкін?
Қазақстанда бір жоба 2 200 000 теңгеге дейін ала алады. Мәлімделген бюджет нақты және негізделген болуы керек.
Жекелеген авторлар (жеке тұлғалар) сонымен қатар 200 000 теңгеге дейінгі көлемдегі стипендияға да өтініш бере алады. Стипендияға ұсынылған бюджет те нақты және негізделген болуы тиіс.
Грант Өзбекстандағы контент жобаларға да беріледі. Жобаны іске асыру үшін $3000 дейінгі қаржыға өтініш беруге болады.
Іріктеу қалай өтеді? «Шағын грант. Жазғы маусым» байқауы төрт кезеңнен тұрады:
1 тур — идеялар ұсыну
Тақырыпқа ешқандай шектеу жоқ, бірақ нақты әлеуметтік топқа бағытталуы маңызды. Мазмұны мен форматы қызықты, шабыттандыратын ұсыныстар күтеміз.
Жобаңызды конкурсқа жіберу үшін 2021 жылдың 6 сәуірі, сағат 23:59-ға дейін онлайн өтінішті толтыру қажет.
Бір команда бірнеше идея ұсына алады. Бірақ әр жобаға жеке өтініш толтырып, жіберу қажет.
2 тур — техникалық іріктеу
Келіп түскен өтініштерді Internews ұжымы техникалық іріктеуден өткізеді. Әр жоба байқаудың критерийлеріне сай қаралады. Келесі кезеңге ерекше идея ұсына алмаған авторлар өткізілмейді. Мысалы бір өтініш беруші «Instagram-да парақша ашып, жұмыс бойынша вакансияларды салып отырамын» деді. Әрине бұл — контент жасау, алайда жоба идеясы ерекше емес, сонымен қатар бұл — бар ақпаратты қайта жариялау ғана. Өкінішке қарай, мұндай жобалар байқау мен ұйым мақсатына сай келмейді. Internews тәуелсіз медиаларды қолдаумен, журналистердің, редакция қызметкерлері мен контент жасаушылардың білігін арттырумен, заманауи медиа мен ақпараттық кеңістікті дамытумен айналысады. Байқауға өтініш берерде осыларды назарға алсаңыздар.
Сонымен қатар бұл кезеңде толық ойластырылмаған, аудиториясы немесе қажет қаражат нақты көрсетілмеген жобалар іріктеуден өтпейді.
Ал ең қызықты, ерекше және соңына дейін нақты ойластырылған идея үшінші кезеңге өтеді. Келесі кезеңге өткен жобалардың тізімі 2021 жыл, сәуір айының ортасында шығады.
3 тур — идеяларды таныстыру
Іріктелген жоба авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылып, жоба тұжырымдамасының өзектілігі мен орындалуының шынайылығын дәлелдей отырып, бес минут ішінде кез келген формада таныстыра алады. Оларды тәуелсіз медиа-сарапшылар мен Internews қызметкерлерінен жасақталған арнайы байқау комиссиясы тыңдайды.
Питчинг-сессияда қазылар алқасына мыналарды көрсету керек:
- шығарманың егжей-тегжейі;
- жоба аудиториясы;
- бюджеті;
- дайын өнім қандай боларын;
Екінші турға өткен авторларға презентация шақыртуын бөлек жібереміз. Жобаны қорғауға дайындық кезінде мына формуланы есте ұстаңыз: қызық тақырып + сәтті формат + аудиторияны түсіну = жақсы жоба.
Стипендияға өтініш берушілерге де тура сондай талаптар қойылады: тақырып өзектілігі, сәтті формат, мультимедиа және жоғарыда аталған талаптар. Презентациядан кейін комиссия мүшелері нақтылау сұрақтарын қоюы мүмкін, жоба идеясын жақсартатын ұсыныстар бере алады.
Биыл питчинг онлайн өтеді. 2021 жыл, сәуір айының ортасына дейін өткізіледі.
Айта кетейік, питчинг нәтижесін презентация күні хабарламайды. «Шағын грант. Жазғы маусым» байқауының жеңімпаздары 2021 жылдың мамыр айында жарияланады.
4 тур – құжаттарды пысықтау және ресімдеу
Питчинг нәтижесінде мақұлданған жоба авторларына жобаны пысықтап, бюджетін жасап және қажет құжаттарын ресімдеуге 2 апта уақыт беріледі.
Комиссия контент-жобаларды қаржыландыру бойынша түпкілікті шешімді мына критерийлер негізінде қабылдайды: идея мен формат бірегейлігі, мақсатты аудиториясын түсінуі, дайын өнім қандай болатынын көре білуі және ақылға қонымды бюджет.
Егер конкурста жеңіске жетсеңіз, жабдықты сатып алу/жалға алу, сондай-ақ лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы немесе мультимедиа құралдарын сатып алуды бюджетке қосуға болады.
Internews қажет болған жағдайда жобаға кеңесшілер тартуға көмектеседі. Мысалы, “YouTube контентті таныту бойынша біліміңіз жеткіліксіз” деп ойласаңыз, арнайы маман көмегі қажет екенін айта аласыз.
Қандай идеялар нақты қолдау таппайды? Internews мемлекеттік және мемлекетпен аффилиирленген медиаға қолдау көрсетпейді, сондай—ақ сайт жасау және таныту, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптер өндірісін де қолдамайды. «Шағын формат» конкурсы шеңберінде институционалды қолдау (бұған, мысалы, кеңсені жалға алу және басқа да осындай шығындарды жатқызуға болады) көрсетілмейді.
Internews контент өндірісін неліктен қаржыландырады? Орталық Азиядағы медиа заманауи технологияларды қолданып, аудиторияны қатыстыра отырып, ел өмірінің ең өзекті қырларын, мәселелері, жетістіктері мен кейіпкерлері туралы кәсіби тұрғыда әңгімелегенін, баяндағанын қолдаймыз. Байқау мақсаты – сапалы телевизиялық бағдарламалар, арнайы репортаждар, деректі фильмдер, лонгридтер, әлеуметтік желілердегі жобалар, подкасттар, web-доктар, web-сериалдар (деректі), мультимедиа оқиғалар, журналистік зерттеулер және т.б. жасауды қолдау.
Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «Шағын грант. Жазғы маусым» байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.
Егер «Шағын грант. Қысқы маусым» жеңімпаздары мен олардың жобалары туралы білгіңіз келсе, сайтымыздағы мақаланы қарап шықсаңыз болады.
Ал егер үлкен бюджетке негізделген ауқымды әрі ұзақмерзімді жоба жасамақ болсаңыз, «Шағын грант» конкурсына қатыспаңыз. Арнайы осындай идеяларға арналған бөлек «Ірі грант» байқауын бастадық. Алдыңғы байқау 2020 жылдың соңында өтті, келесісі осы жылдың күзінде жоспарланған. Жобаңызды пысықтауға уақыт қажет болса, келесі конкурсқа қатыса аласыз. 2020-2021 жылдары Internews контент өндірісін қалай қолдайтыны туралы толығырақ мына мақаладан оқыңыз.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.