ДомойМедиасауатСезімтал ақпарат таратпас бұрын 40 секунд ойланыңыз: Интернеттегі қауіпсіздіктің 7 ережесі

Сезімтал ақпарат таратпас бұрын 40 секунд ойланыңыз: Интернеттегі қауіпсіздіктің 7 ережесі

Сезімтал ақпарат таратпас бұрын 40 секунд ойланыңыз: Интернеттегі қауіпсіздіктің 7 ережесі

«Құқықтық медиа-орталық» заңгері Гүлмира Біржанова интернеттегі құқықтық қауіпсіздік ережелерін дайындап, «Жаңа репортер» сайтына жариялауға ұсынды. Журналистер, блогерлер, жалпы контент жасайтын адамдар қандай да бір ақпарат жарияламас бұрын заңгер кеңесіне құлақ асса, өзін заң тұрғысынан қорғай алады.

1 ереже

Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі «профайлымды жабық етсем, кез келген нәрсені жариялауыма болады» деп ойлайды. Алайда олар қателеседі. Интернетте не жарияласаңыз да ашық. Сондықтан блог немесе аккаунтыңыздың құпиялылығын ұмытпаңыз. Кез келген жасырын ақпарат жалпыға мәлім болып жатады. Егер жариялаған ақпаратыңызды заңға қайшы деп таныса, онда сізді жауапкершілікке тартуы мүмкін.

2 ереже

Көпшілік қауымның ұлты, азаматтығы, діні, тілі және тағы басқа ерекшеліктеріне қатысты жалпыға жария мәлімдеме жасамас бұрын мейлінше мұқият әрі абай болыңыз.

3 ереже

Ұлтаралық араздықты қоздыруға, саяси жүйені құлатуға, қақтығыстарға қатысуға, тексерілмеген ақпаратты таратуға үндейтін, яғни бұрыс түсіндірілуі мүмкін хабарландыруларды жариялаудан бас тартыңыз.

4 ереже

Тексерілмеген ақпарат таратпаңыз, өйткені 2014 жылдан бастап ҚР Қылмыстық кодексінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тарту бабы енгізілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қандай да бір ақпарат таратпас бұрын дереккөздің сенімділігін тексеріңіз. Дереккөзіне сенбесеңіз, репост жасамай, таратпаған жөн.

5 ереже

Адамның абыройына нұқсан келетін тексерілмеген ақпарат жарияламаңыз.

6 ереже

Интернетте жарияланған контенттің барлығын рұқсатсыз қолдануға бола ма? Бұл — жаңсақ пікір. Мұның барлығы да шығармашылық жұмыстың нәтижесі. Сапасына не сіздің бағалауыңызға қарамастан авторлық құқық объектісі саналады.

7 ереже

Адамның жеке өмірі туралы мәліметті сол адамның рұқсатынсыз ішінара не толықтай жариялау заңды өрескел бұзуға жатады. Мұны есте ұстаңыз.

Пост немесе комментарийіңіз үшін қылмыстық іс қозғаса, не істеу керек?

Егер сізге сотқа дейінгі талап-арыз немесе басқа қолданушы сізді жауапкершілікке тартуды талап ететін шағым түсірсе, онда бұл жөнінде мейлінше көп адамға дереу хабарлауды ұсынамын. Міндетте түрде қоғамдық резонанс тудырыңыз.

Егер интернеттегі жарияланымыңыз үшін қылмыстық іс қозғалса, онда білікті адвокат қажет. Осындай мәселелерге маманданған адвокат болғаны жөн. Ауыр бап болған соң бас бостандықтан айыру қаупі де жоғары.

Филиологиялық сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшыны тарту керек. Даулы сөзді (сөйлемді) тәуелсіз талдау бірінші инстанциядағы соттан кейін де маңызды. Мәселен, Қазақстандағы сот жүйесінің айыптау үкіміне келіспей, халықаралық инстанцияға жүгінгенде сараптама қорытындысы қажет болады.

«40 секунд ережесін» ұмытпаңыз. Сезімтал әрі тексерілмеген ақпаратты жарияламас не бөліспес бұрын 40 секунд аялдап,«басқалардың құқығын бұзып жатқан жоқпын ба» деп ойланыңыз. Заңғы қайшы ақпарат таратып, басыңызды қауіп-қатерге тігіп отырған жоқсыз ба?

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР