Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

6-ҚАДАМ. «Медиасауат негіздері» тренингі бағдарламасының жобасын (драфт) құрастыру (15 мин)

Аталмыш жаттығуларды орындағаннан кейін, тренер қатысушылардың күш-жігерін «Медиасауат негіздері» тақырыбындағы тренингтің үйретуші бағдарламасын құруға шоғырландырады. Тренингте жұмыс жасаудың ұсынылатын форматы – жобалар әдісі. Командалар түрлі-түсті парақтарда бағдарламаның өз нұсқасын құрастырады. Тәжірибелік тапсырманың осы бөлігі бойынша тренердің негізгі талабы – қатысушылардың тренингтің жалпы құрылымын (тақырыптар/бөлімдер/модульдер бойынша топтастыру) келтіруі. Әрбір бөлім модуль бойынша мақсатты, негізгі бөлімді және басты тұжырымдарды құрауы тиіс.

Медиасауат бойынша тренингтің базалық бағдарламасының болжалды сұлбасы мынадай:

  • Тренингке кіріспе
  • Негізгі бөлім. Медиасауатқа кіріспе. Ұғымдармен жұмыс жасау.
  • Ақпарат беру түрлері. Ақпарат және насихат.
  • Медианың жұмыс істеуі. Журналистік стандарттар. Гейткиппинг.
  • Масс-медиа манипуляциясы және саналы медиа тұтыну.
  • Фейктер және фактчекинг.
  • Тренинг бойынша қорытынды мен тұжырымдар.

Тренинг бағдарламасын рәсімдеу мынадай көрініске ие болуы мүмкін:

Модуль

таймингі

Модуль

атауы

Модульмен шешілетін

негізгі міндеттер

Модуль жоспары

(қысқаша мазмұны)

 

«Медиасауат» курсы бойынша тренингтің болжалды бағдарламасы (жоғары сынып оқушылары/студенттер, ересектер)

Тренингке кіріспе:

  • Түлкі мен тасбақа туралы өсиет әңгіме.
  • Танысу «Өз аватарыңды суретке сал» Әлеуметтік желілердің қоғамның медиа тұтынуына ықпалы туралы қысқаша ақпарат.
  • Қатысушылардың болжалдарымен жұмыс жасау. «Болжалдар діңі» әдістемесі.

Негізгі бөлім.

1-бөлім. Медиасауатқа кіріспе. Ұғымдармен жұмыс жасау және медиасауаттың мәні.

Мақсаты:

  • негізгі ұғымдармен және медиасауат мәнісімен таныстыру;
  • еліміздегі медиасауаттың өзекті болуының себептеріне талдау жүргізу;
  • сын тұрғысынан ойлаудың ролін және медиаға қатысты сындарлы арақашықтықты сақтаумың маңыздылығын көрсету;
  • тренинг қатысушыларын «Медиасауат» курсын зерделеуге ынталандыру.

Модульдің мазмұны:

  • Ми шабуылы (озат топтарда): «Медиабілім» ұғымы.
  • Топтар бойынша ми шабуылы: Медиабілімнің өзектілігі және медиалық сауатты тұлғаның дағдыларын қалыптастыру.

Модуль бойынша негізгі тұжырым

2-бөлім. Ақпарат түрлерімен жұмыс жасау (танысу, талдау)

Мақсаты:

  • Ақпараттың негізгі түрлерімен таныстыру
  • «Ақпарат» және «насихат» ұғымдарына анықтама беру
  • Ақпарат пен насихат, факт пен журналист пікірі арасындағы елеулі өзгешеліктерді көрсету.
  • Әртүрлі ақпарат түрлерін тану маркерлерін беру.
  • Әртүрлі медиамәтіндерді құрастыруды үйрету, осылайша қатысушыларда медианы десакралиазциялау дағдыларын қалыптастыру.

Модульдің мазмұны:

  • Пікірталас: Сіз медиамен қалайша өзара әрекеттесесіз?
  • Ақпарат берудің әр түрлі түрлері бойынша роликтерді қарау.
  • «Ассоциативті алаң» ойыны.
  • Белгіленген маркерлер бойынша ақпарат түрлерімен жұмыс жасау: ақпарат, насихат, жарнама, әлеуметтік жарнама, PR
  • «Ақпарат және насихат» ойыны.Тренердің ойынға талдау жүргізуі.
  • Модуль бойынша тұжырым.

Модуль бойынша негізгі тұжырым

3-бөлім. Масс-медианың жұмыс істеуі.

Мақсаттары:

  • Қатысушыларда саналы медиа тұтыну дағдыларын қалыптастыру
  • Медиа қалай жұмыс істейтінін және қандай мақсаттарды көздейтінін көрсету.
  • Медиамәтіндерді талдау және олармен жұмыс жасау процесінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
  • Сапалы журналистік материал маркерлерін беру. Журналистік материалдардың сапасына ықпал ету факторларын көрсету.

Модульдің мазмұны:

  • «Снежинка» рефлексивті ойыны
  • «Менің медиаалаңым» пікірталасы
  • «Королева» ойыны. Бір оқиға — түсініктемесі көп.
  • БАҚ объективтілігі. Сенімділік — объективтілікті білдірмейді.
  • Мини-дәріс. Неліктен медиа объективті емес? Медиа қалай жұмыс істейді? Медианың меншік иелері.
  • Журналистік материалдардың сапа стандарттары. Медиаөнімдерді бағалау маркерлері. (Тренермен таңдалған видеоны талдау).
  • Цензура, дербес цензура, джинса.
  • Гейткиппинг. Жаңалықтарды іріктеу техникасы.
  • Қорытынды ойын «Телефакс»

Модуль бойынша негізгі тұжырым

4-бөлім. БАҚ-тағы манипуляциялау. Манипуляцияның түрлері мен формалары.

Мақсаты:

  • Манипуляциялардың адамға әсер етудің психологиялық механизмдерін келтіру, мысал негізінде барлық адамдар манипуляцияға ұшырайтынын көрсету.
  • БАҚ-тағы әр түрлі манипуляциялардың түрлері мен формаларымен таныстыру.
  • Өз-өзіңді қорғау және манипуляцияларға қарсы әрекет ету механизмдерін пайдалануға ынталандыру.

Модульдің мазмұны:

  • «Ұтысқа ие болыңыз» ойыны. Манипуляциялардың табиғаты.
  • БАҚ-тағы манипуляция түрлері. Презентация (слайдтар)
  • Тақырыптар. «Тақырыптар» рефлексивті ойыны. (адамдардың 82%- ы әлемде болып жатқан оқиғалар туралы түсінікті тақырыптардан алады. Клиптік ойлау). «Тақырыптар» жаттығуы
  • Сарапшылар (Cedito exsperto)
  • «Контекстіден жұлып алынған фразалар» ролигі
  • «Мұсылман» ролигі (стереотиптер). Адамдардың ауруханада тұруы туралы ролик.
  • Скрипкашы туралы ролик (бұқара санасы)
  • Бағалау лексикасы Медиамәтіндердегі бағалау лексикасының түрлері мен формалары «Екі мәтінмен жұмыс жасау» жаттығуы.
  • Өшпенділік тілі. «Газовый террорист» ролигі

Модуль бойынша негізгі тұжырымдар.

Қатысушыларға үй жұмысы: медиадан жоғарыда аталған БАҚтағы манипуляциялау мысалдарын қамтитын мақалаларды, видеоматериалдарды таңдап алу. Ойын формасы. Команда өз медиаматериалымен таныстырады, ал топ медиа манипуляцияның қай түрін пайдаланғанын анықтайды.

1-бөлім. Фейктер және фактчеккинг

Мақсаты:

  • Қатысушыларды фейк ұғымымен және оның тарихымен таныстыру. Негізгі фейк түрлерінің жіктеуішін беру.
  • Фейктердің тематикасына талдау жүргізу.
  • Фейктердің ТВ-да, әлеуметтік желілерде, баспасөзде жұмыс істеу механизмдерін көрсету.
  • Фейктерді танып білу және декодтау маркерлерін беру.

Модульдің мазмұны:

  • Пингвиндер туралы роликті қарау. Фейктердің мысалы.
  • Ми шабуылы «Фейктердің ортақ белгілері»
  • Фейк түрлері. Фейктердің тематикасы
  • «Фейк жасап шығарыңыз» топтық ойыны
  • Теледидардағы фейктер. Мысалдар, декодтау(тренердің телесюжеттерді іріктеу).
  • Желідегі фейктер: Твитер, Фейсбук (жалған аккаунт мысалдары)
  • Фотофейктер. Мысалдар, декодтау.
  • Роликтер. Мысалдар, декодтау

Модуль бойынша негізгі тұжырымдар

Қорытынды

Мақсаты:

  •  танысқан материалды бекіту және жалпылау.
  • Қосымша түзетуді қажет ететін тұстар мен тақырыптарға талдау жасау
  • тренинг қатысушыларына «Медиасауат» тақырыбы бойынша одан әрі өз білімдерін жетілдіруге мотивация беру.

Модульдің мазмұны:

  • «Интернационалды кафе» жобалық ойыны: ақпарат/насихат маркерлері; БАҚ-тағы манипуляциялар; Теледидардағы, желідегі фейктерді, фотофейктерді декодтау маркерлері.
  • «Джованни құпиясы» рефлекстеуші ойыны.
Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР