Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

7-ҚАДАМ. Тренинг бойынша негізгі тұжырымдар (10 мин)

Тренингтың соңғы бөлімінде қатысушылар медиасауат бойынша өткен және болатын тренингтерге деген өз әсерлері, тәжірибесі, пікірімен бөліседі.

Соңғы жаттығу «Білім алу сыйлары»

Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға оларға оқып-үйренуде ең жоғары дәрежеде көмек көрсеткен топ мүшелеріне алғыстарын білдіруге мүмкіндік береді.

Нұсқаулық: Біз бірге біршама уақыт жұмыс жасадық. Әрқайсымыз қолымыздан келгенімізді жасадық. Әрбіреуіміз жаңа бір нәрсені үйрендік және басқалардың үйренуіне өз үлесімізді қостық. Бір сәтке топ мүшелерінің ішіндегі қай адамға сіз айрықша ризашылығыңызды білдіргіңіз келеді? Оқып-үйренуде сізге ең елеулі қолдауды кім көрсетті? Және несімен? Қай месседжімен? Қай мысалымен? Сауалымен? Пікірімен?

Басқа адамға ризашылығымызды білдірген кезде, біз осылайша өзімізге деген құрметті де арттырамыз. Бір адамды таңдаңыз да сол кісіге қандай кішігірім сыйлық бере алатыныңыз туралы ойланыңыз. Ол өлең, сурет, афоризм болуы мүмкін? Сізге 5 минут беріледі. Содан соң қатысушылардың барлығы бірге жиналып, салтанатты түрде өз әріптестеріне сыйлықтарын табыстайды, табыстай отыра олардың оқып-үйренуге қосқан үлестері туралы баян етеді.

Ескертпе: Егер қатысушылардың бірі елеусіз қалса, тренер оларды да атап өтеді (алдын ала бірнеше сыйлығын дайындап қояды).

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР