Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

Модуль 16. Медиасауатты оқытудың негізгі әдістерінің бірі —тренинг

4-қадам. Тренинг құрылымы және тренинг міндеттері (15 мин.)

Талқылау

Астарлы әңгіме

Бір күні бір жолаушы шаңды жолмен келе жатып, бір бұрылыста аптап ыстықта шаң-шаң болып, үлкен тасты қашап жатқан адамды көреді. Адам тасты тегістеп жатып, еңіреп жылап жүр…

Жолаушы одан неге жылағанын сұрайды, ол: «мен жер бетіндегі ең бақытсыз жанмын, менің жұмысым әлемдегі ең ауыр жұмыс» деп жауап береді. Ол күн сайын үйдей тасты қашап шаршаса да, күн көруге әрең жететін түкке тұрмайтын ақы алуға мәжбүр. Жолаушы оған тиын-тебен беріп, ары қарай кете берді.

Келесі бұрылыста ол тасты сүргілеп жатқан тағы бір адамды көреді, бірақ бұл адамның жанарында жас жоқ, жұмысын мұқият атқарып жатты. Жолаушы одан «не істеп жатырсың?» деп сұрады, ал тас қашаушы «жұмыс істеп жатырмын» деп жауап береді. Ол күн сайын осы жерге келіп, өз кәсібін жалғастырады. Бұл ауыр жұмыс, бірақ бұл кәсіп оған қуаныш сыйлайды, ал төленетін ақы отбасын асырауға әбден жетіп жатыр. Жолаушы оған тиын беріп, мақтауын айтып, ары қарай кете берді.

Келесі бұрылыстан аса бергенде ол тағы бір тас қашаушыны көреді, ол аптап ыстық астында шаң-шаң болып тасты қашап, көңілді күймен әндетіп жатты. Жолаушы аң-таң болды. «Сен не істеп жатырсың?!!» – деп сұрады ол.

Адам басын көтерді, жолаушы оның бақытқа толы жүзін көрді.

«Көрмей тұрсың ба ? Мен ғибадатхана салып жатырмын!»

Сұрақтар:

  • Қай құрылысшының жұмысы жоғары нәтиже береді?
  • Сіз «өз ғибадатханаңыздың» құрылысын кімге сеніп тапсырар едіңіз?
  • Сізді соңғы құрылысшыға сенім білдіруіңізге не итермелейді? Ол басқалардан қай қырымен ерекшеленеді?
  • Сіз өзіңізді «құрылысшы-тренерлердің» қай типіне жатқызар едіңіз?

Түйін: кез -келген тренинг, тиімді әрі сапалы болуы үшін құндылықпен және мән-мағынамен қаныққан мақсатқа бағытталуы тиіс. Себебі дәл осындай іс-әрекет әуесқой тренерге қарағанда, Шебер тренерді сипаттайды.

Ми шабуылы (топпен жұмыс жасау):

Медиасауат бойынша тренингтің мәнін, мақсатын, міндеттерін және оның түпкілікті нәтижесін анықтау. Командалар презентацияларын дайындайды, содан соң өз жобаларын қорғайды. Бүкіл командаларды тыңдап болған соң тренер-фасилитатор барлық жауапты жалпылайды да алқалы түрде соңғы нұсқаларды флипчартқа жабыстырады: мәні (медиасауат бойынша тренингтің миссиясы), міндеттері және түпкілікті нәтижелері.

Мәні: адамға нақты өмірлік міндеттерді шешу және шешім қабылдау үшін заманауи ақпараттық әлемде бағдарлануды үйрету. Мақсаты: сана-сезімді және медианы тұтыну әдісін өзгерту, масс-медиаға деген көзқарасты өзгерту.

Міндеттері: сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, медиаға қатысты сындарлы арақашықтықты қалыптастыру, медианың десакрализациясы, медианың жұмыс істеу механизмдері туралы түсінік беру, медиамәтіндерді талдау және декодтау, ақпаратты тұтыну мен қабылдаудың заңдары мен концепцияларын, масс-медианың манипуляциялау технологияларын білу және ақпаратты сауатты іріктеу/талдау/тұтыну дағдыларын қалыптастыру.

Тренердің түпкілікті нәтижеге бағытталған жұмысы:

  • Тренингті өткізгеннен кейін қатысушылардың түсініктері мен дағдылары қалай өзгерді?
  • Қандай стереотиптер бұзылды?
  • Өз кәсіби қызметін орындау үшін қандай құндылықтық бағдарлар қалыптасты?
  • Медиасауат бойынша тренингтен кейін ұйымдық мінез-құлық қалай өзгерді?
  • Тренингтен өткеннен соң қатысушылар нақты қандай дағдыларды меңгеріп шығады?

5-ҚАДАМ. Медиасауат негіздері бойынша тренинг бағдарламасының жобасын (драфтын) құрастыруға дайындық (20 мин).

Бұл тапсырманы орындауға кіріспес бұрын, топты аздап «қыздырып алып», латералды және шығармашылық ойлауды жандандыру қажет.

1-жаттығу. «Қараусыз қалған бақ» жаттығуы.

Бұл жаттығу қатысушыларды қиял әлеміне бөлеп, теориялық материалды игергеннен соң күштерін жинап, сергіп қалуы үшін қажет. Сонымен қатар бұл жаттығу шығармашылық күйіне келуді, мидың оң жақ жартысын жандандыруды көздейді.

Нұсқау: мен сізге өз бетіңізше күрделі жұмыстан кейін күш-қуатыңызды қалпына келтіріп, шығармашылық күйге келуді көрсетемін.

Көздеріңізді жұмыңыз… Бірнеше рет демді ішке алып, шығарыңыз… Бір үлкен сарай ішін аралап жүргенді елестетіңіз. Биік дуалды көріп тұрсыз, ол тұтастай шырмауық өсімдіктермен өрілген. Сіз дуалдың ішінде ескі ағаш есікті көріп қалдыңыз. Қызығушылығыңыз оянып, сіз есікті айқара ашып ішке кірдіңіз… Ескі бақтан бір-ақ шыққаныңызды байқадыңыз. Бұрындары бұл бақ гүлденген, ұқыпты болғаны, күтім көргені білініп тұр. Бірақ қазір мүлдем қараусыз қалған. Ағаштар мен бұталар жанжаққа сорайып өсіп кеткен, арамшөптің көптігі сонша, өтпежолдар мен клумбалар әрең ажыратылады. Сіз өзіңізді қоршаған бақ бөлігін қалпына келтіре бастадыңыз. Сіз шөп шабасыз ба, арамшөптерді жұласыз ба, бұталарды қысқартасыз ба, өсімдіктерді егесіз бе, оларды суарасыз ба, тыңатқыштар енгізесіз бе – өз еркіңіз. Бақты қалпына келтіру үшін қалаған қажетті әрекеттердің бәрін жасаңыз.

Ал шаршасаңыз және сізге жұмысты жалғастыру үшін шабыт көзі қажет болған кезде, тоқтаңыз да, сіз жайластырып үлгерген бақ бөлігіне қараңыз да, сол бөлікті сіздің қолыңыз әлі тимеген бақ бөлігімен салыстырыңыз (3 минут).

Ал енді бақпен «қош айтысып», тың күш-қуатты жинап алып артқа, тобымызға оралыңыздар. Келесі жаттығулар латералды ойлауды дамытады, проблема шешімін стандартты емес жолмен көру дағдысын қалыптастырады.

2-жаттығу. «Тоғыз нүкте»

Тоғыз нүктені төрт кесіндімен жалғап көріңіз (1-сурет). Қарындашты парақтан ажыратуға болмайды. Бұл ретте сызық нүктелердің әрқайсысынан бір рет қана өте алады.

упражнение на вдохновение
1-сурет

3-жаттығу. «Ену нүктесін ығыстыру»

Қатысушыларға бір фигураны салу ұсынылады, бұл ретте оны бір қимылмен төрт бірдей бөлікке бөлуге болатындай етіп салынады.

упражнение на вдохновениеҚатысушылардың 35%-ы бірден ұтылғандарын мойындайды, орталық 245 бөлігінде өте жіңішке крест идеясын ұсынады, шамамен 3% бірегей нәтиже береді.

Орта есеппен қатысушылардың қалған 12%-ы шығармашылықпен кіріспейді, алайда қызық тәсілдерді ұсынады – себебі есепті соңынан шешуге ұмтылады. Яғни алдымен қағаздан төрт бірдей кесіндіні кесіп алады да, содан соң солардан бір фигураны жасап шығаруға тырысады. Ену нүктесінің ығысуы дегеніміз осы. Проблеманы біртіндеп шешу керек деп кім айтты? Ал егер көз алдымызға бірден нәтижені елестетсек ше? Немесе оны кездейсоқ сөзбен байланыстырып көрсек ше? Немесе суретпен?

Тағы да басқа жаттығулар сілтемеде.

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР