Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 9. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Ақпарат – ғасырлар бойы биліктің қоғамдық пікірді басқарудағы басты күші болып келді. Мысалдары көп. Кез-келген билеуші сарайында қоғам пікіріне жауап беретін тұлғалар болды. Англияда лорд-канцлер, Шығыста уәзір деген сияқты. Бұқараны бақылауда ұстау үшін әртүрлі қарым-қатынас құралдарын қолданып отырды. Нақты, мақсатты өсек таратты, ойдан аңыздар мен ертегілер шығарды. Негізі бұл – сол замандағы үгіт-насихат, пропаганда болатын.

Пропаганда — латын тілінен аударғанда “propagare” — “тарату, жаю” деген мағынаны білдіреді. Нақты мақсат үшін топтың немесе қоғамның ойы мен көзқарасына жақсы және жаман пиғылда әсер ету. (1).

Ақпараттық алаңда нәсихаттаудың екі түрі бар: бірінші бағытта факт бар, бірақ шындыққа негізделмеген, ал екінші бағытта барлығы дұрыс, алайда факт интерпретация арқылы манипуляцияға айналып отыр.

Интернеттің пайда болуымен бұқаралық коммуникация танымастай өзгеріп кетті. Бұрын ақпаратты өндіру мен тарату ұзақ уақыт алатын болса, қазір жаңа медианың, оның ішінде әлеуметтік желінің арқасында әлдеқайда жылдам. Фейк жаңалыққа кедергі де жоқ. Кез-келген адам әртүрлі форматта (фото, видео, мәтін, аудио) ақпарат тарата алады. Қазақстандағы ВКонтакте, Instagram, Facebook, WhatsApp сияқты танымал әлеуметтік желілерде толассыз ақпараттар алмасып жатыр. Тіпті онлайн платформалар арқылы өз жеке сайтыңды да жасауға мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндіктер жалған ақпарат пен фейк жаңалықтың тарауына жол ашып отыр.

Түйін

Ақпарат әсер етуші құрал болғандықтан кім интерпретация жасаса, сол бақылауға алады. БАҚ ақпаратты електен өткізу арқылы жалпы ақпараттың ішінен бір оқиғаға ғана назар аудартып, екіншісінің маңыздылығын бәсеңдетеді.

БАҚ кез-келген тақырыпта белгілі бір тұлғаның немесе ортаның қызығушылығымен санаса отырып, қоғамдық пікірге әсер ететіндей жаңалық таратады. Осылайша медиа манипуляция құралына айналады. «Медиа» дегенде тек дәстүрлі БАҚ ғана емес, жаңа медиа да, әлеуметтік желілер де, блог тұғырнамалар да, видео хостингтер де кіреді. Толассыз жаңалықтар ағыны мен ақпараттық арналардың көптігінен тұтынушыға әр ақпаратқа сыни тұрғыдан қарап, електен өткізу өте қиын.

3-ҚАДАМ. Фейк жаңалықтарды анықтау. Фактчекинг құралдары (40 минут)

Дезинформация ықпалды күшейту үшін саяси текетіресте, әсіресе ақпараттық соғыс кезінде қолданылады. Коммуникация каналдарына үлестес веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен топтар жатады. Мәселен, әлеуметтік желілерде фейк аккаунттар, боттар пайда болып, YouTube арнасында видео шығарылады. Әдетте мұндай хабарлардың дереккөзге сілтемесі болмайды.

Әлеуметтік желіде қандай манипуляция құралдары қолданылады?

  • Бөлісу. Еш қиындықсыз іске асатын манипуляция құралы – «бөлісу» тетігі. Мүлдем күмән туғызбастан келетін достардың хаттары – нағыз дезинформация тасушы процесс. Нәтижесінде әлеуметтік желі пайдаланушылары аңдаусыз дезинформацияның таратушысына айналады, көбіне мұндай хаттар мен ақпараттар достар мен таныстардан келгендіктен сенімді көрінеді және дереккөзі жайлы сұрақ туғызбайды.
  • Фейк хабарламалар эмоцияға әсер ететін мазмұнда болуы мүмкін. Манипуляторлар әдейі балалардың, әйелдің, қарт кісінің, жануардың көмекке мұқтаж, мүсәпір суреттерін қолданады. Мұндай фейктер көбіне көмек ретінде ақша аударуға немесе сілтемеге өтуге (әр басылған клик үшін ақша алуы мүмкін) шақырады. Ал оқырман болса, «қайырымды іс жасап жатырмын» деп, өзіне сенімді болады.
  • Манипуляция үшін қолданылатын форматтың тағы бір түрі — сторителинг. Қоғамда болып жатқан әділетсіздікті бір оқиға негізінде баяндай отырып, аудиторияның эмоциясына әсер етеді. Мұндай жағдайда бейжай қарап отыру қиын. Сондықтан репост немесе флешмоб жасауға шақырады, үгіттейді.

1-мысал

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада белгісіз бір әйел өзін «мектеп оқушысының анасымын» деп таныстырып, оның жиенін белгісіз біреулер ұрлап кетпекші болғанын, оған өткен-кеткендер жол бермегенін жеткізген. Алайда Алматы облыстық ІІД бұл ақпартты жоққа шығарды.

Көп жағдайда мұндай ақпараттардың шындыққа қаншалықты жанасатынын тексеру барысында, яғни түйінді сөздері арқылы немесе көрсетілген суреттер арқылы мұндай оқиға басқа жерде, басқа адамдармен болғаны және басқа контекстте орын алғаны анықталады.

2-мысал

2018 жылы тамызда Астанадағы қатты жаңбырдан қаладағы бір тойханада қонақтар су кешіп жүр деген видео Facebook-те таралып кетті.

  • Әлеуметтік желідегі манипуляциялық құралдың бірі ретінде аккаунтқа немесе өнімге лайк жинау немесе бөлісуге шақыру, осы арқылы белгілі бір аккаунтты немесе өнімқызметті жарнамалау жатады.

3-мысал:

VK, WhatsApp және Viber әлеуметтік желілерінде мынадай мәтін тарады: «Жылдам! Бала жоғалды! Егер біреу көрсе, хабарлассын!!! Өтініш, ақпаратпен бөлісіңіз!!!»

Мәтін сөздері өзгеруі мүмкін, бірақ мағынасы осындай. Сонымен 2018 жылы, наурызда Тараз қаласында 8 жасар бала жоғалды. Ата-анасы аты-жөнін, уақытын, қай жерде жоғалғанын нақты жазып, әлеуметтік желіде бөлісті. Біраз уақыттан кейін біреу мәтінді өзгертіп, маңызды ақпараттарды өшіріп, суретімен қайта тарата бастады. Жаңа нұсқасында бала Степногорскте жоғалған. Тараздағы жоғалған бала сол күні табылғанымен, ақпарат одан кейін де тарай берді. Тек Қазақстан аумағында емес, сонымен қатар Ресейде де, ал мәтінде Ресей қалаларының атаулары – ауыстырылып ары қарай тарала берді. Сонда мақсат не? Мақсат – коммерция. Себебі әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен топтар тек жазылушылар санымен өлшенбейді, сонымен қатар лайк және репост та маңызды. Қаншалықты аккаунтта лайк саны мен репост саны көп болса, соншалықты танымалдық та, пайда да арта түседі. Осы арқылы аккаунттар адамдардың сезімі мен эмоциясын пайдалана отырып, өз танымалдығын арттырады, сөйтіп әлеуметтік желідегі жазбаларын қымбатқа сатады.

  • Фейк хабарламаларда леп белгісі көп қойылады, грамматикалық қателер көп кездеседі. Себебі оларға ақпараттың сапасы емес, тек таралғаны маңызды.

Авторы мен дереккөзі көрсетілмеген ақпаратқа сенбеген дұрыс. Негізі ақпаратты тексеру көп уақыт алмайды, алайда көбі ақпарттың нақтылығына мән бере бермейді, сол себептен мұндай ақпараттар тез және көп таралғандықтан сенімге ие болады.
Facebook фейк ақпараттармен белсенді түрде күресіп келеді, көбіне бұл жалған аккаунттар мен өтірік жаңалықтар болуы мүмкін. Ауғанстанда қызметін өтеп жатқан Америка әскері офицерлерінің басым көпшілігі, батыс бизнесмендері және көптеген шетелдіктер әлеуметтік желілердегі әйелдер қауымымен, ал теңіздің арғы жағындағы әйелдер еркектермен «дос» болғанды қалайды екен. Олардың бұл ниетінің пайда табу мақсатымен байланысы бар.

Багиля Ахатова
Багиля Ахатова
Доктор филологических наук, профессор, директор Казахстанской коммуникативной ассоциации. Медиаисследователь, медиаэксперт, медиатренер. Специалист в области коммуникативных технологий, медиадискурса и медиаграмотности. Автор более 130 научных трудов. Медиаграмотностью занимается с 2007 года.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР