Домой Блог Страница 25

MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды

III MediaCAMP Award аймақтық байқауының финалына Орталық Азиядан 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашы өтті. 

Байқауға аймақтағы бес елден барлығы 700-ге жуық өтініш келіп түсті. Бұл — байқау тарихындағы рекорд көрсеткіш. 2020 жылы 350 материал, ал 2019 жылы 470 материал ұсынылды.

Биыл байқау құрылымын сәл өзгерттік. Барлығы алты номинация бар (бұрын бес номинация болатын). Номинация атаулары мен концепциясы да өзгерді. 

  1. «Жастар уақыты». Журналистикаға енді келген, медиада жұмыс істегеніне 2 жыл толмаған жас журналистерге/авторларға арналған номинация.
  2. «Уақыт тынысы». Қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, жауап іздеп, уақыт тынысын көрсететін материалдарға арналған номинация.
  3. «Жеңімпаздар уақыты». Қиыншылыққа мойымаған, басқаларға жәрдемдескен адамдар туралы материалдарға арналған номинация.
  4. «Жасампаздар уақыты». Жетістікке жеткен жасампаз адамдар туралы материалдарға арналған номинация.
  5. «Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі». Жыл тақырыбы әр байқауда өзгеріп отырады. 2021 жылдың тақырыбы: COVID-19 және осы пандемия кезеңінде індетпен күрескен адамдар. 
  6. «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация». Қоғамдағы түрлі мәселелерді, оқиғаларды бейнелейтін фотосурет, карикатура, инфографика, коллаж, басқа да визуал материалдар.

Негізгі бес номинацияға материалдар қабылдау 2021 жылғы 8 шілдеде аяқталды. Байқау ұйымдастырушылары әуелі техникалық іріктеу жүргізіп, байқау шартына сай келмейтін материалдар алынып тасталды:

  • Байқауға ұсынылған материал 2020 жылдың 1 маусымынан 2021 жылдың 20 мамыры аралығында жариялануы керек;
  • Бір автор бір материалын тек бір номинацияға ұсынуына болады;
  • Байқауға шетелдік медиада жұмыс істейтін журналист, яғни Орталық Азия аумағынан тыс (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) жерде тіркелген және бас кеңсесі осы республикалардан басқа мемлекеттерде орналасқан медиа өкілі қатыса алмайды. Сонымен қатар мұндай медиада жарық көрген материалдар да қабылданбайды. 

Байқау шарттарына сай келетін өтініштер байқаудың бірінші кезеңіне жіберілді. Материалдарды Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстандағы ұлттық комиссия жеке-жеке қарады. Ең жоғары ұпай жинаған материалдар келесі кезең — аймақтық кезеңге өтті.  

Осындай іріктеуден кейін бес елдің әрқайсысынан MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды:

Қазақстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Арай Жауперова, «”Өзімді қылмыскер сезіндім”: үкімет тыйым салған жұмыста істеп жүрген әйел хикаясы» (Masa.media).
  2. Наргиза Ерес, Қуаныш Жұбандықов пенЯсемин Озер, «Балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы» (Gazhaiyp медиажобасы).
  3. Руслан Жұбаныш пен Құндыз Мәжитова, «Жанайқай».

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Джамиля Маричева, Анастасия Яцун мен Екатерина Волкова, «Как всё устроено в KZ» Instagram-жобасы
  2. Айсұлу Тойшыбекова, «”Проснулся, надо искать”: как казахстанцы подсаживаются на мефедрон» мақаласы (HOLA News интернет-басылымында жарияланған).
  3. Мият Кәшібай, «Әкімдік мәліметі ресми дерекке қайшы: Шымкент наурызға қанша қаржы бөлді?» зерттеуі (Qazaq Times).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Әйгерім Бегімбет, «6 жасар баласымен 4 жыл құлдықта болған» лонгриді
  2. Сәби Байбосынов, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары туралы деректі фильмі («Хабар» телеарнасы).
  3. Ғалия Токарева, «Апа» материалы, («Хабар 24» телеарнасы)

 «Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Данель Ходжаева, Қазақстанда ым-ишара тіліндегі видеоны кімдер жасайды материалы (Steppe басылымы).
  2. Айжан Мадиходжаева, «Женщина, твоё место — лаборатория!» материалы (Peremena Media).
  3. Назгүл Әбжікенова, баласы бар жалғыз әйелдерді, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен сотталғандарды жұмысқа орналастыратын кәсіпкер туралы хикая, («Караван» газеті).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Ардак Букеева мен Алма Омарова, «Высший пилотаж» материалы (Forbes Kazakhstan).
  2. Вадим Борейко, «Один с пятью детьми. Их маму забрал COVID-19» видеосы, («Гиперборей» YouTube-арнасы).
  3. Нұрсұлтан Мықтыбаев, «Карантин кезіндегі боямасыз картиналар» хикаялар циклі (Kyzylorda-news.kz).

Қырғызстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Наргиза Анарбайқызы, қыз алып қашу туралы лонгридтер (T-media.kg).
  2. Асқарбек Мырзабеков, алтын өндіретін мафия туралы зерттеуі ( Kloop басылымы).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Нұржамал Жәнібекова, Тілек Бейшеналыұлы мен Азат Рузиев, «Смог убивает нас» материалы («Башта» Instagram-жобасы).
  2. Анна Капушенко мен Савия Хасанова, «Я бы всё равно её убил» мақаласы, (Kloop басылымы).
  3. Александра Титова, Рустам Халимов, Саадат Тологонова мен Айдай Иргебаева, Қырғызстан билігіне қызмет ететін фейктер фабрикасы туралы зерттеу, (Kloop).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Мақсатбек Осмоналиев, «Девочка и ослик. Дорога в школу с Фатимой» фоторепортажы (Kloop).
  2. Марина Мирошник, «Сабина, живущая с ВИЧ» материалы, Kaktus интернет-басылымында жарияланған. 
  3. Бермет Уланова, «Выпускница детдома, мать-одиночка с инвалидностью: спасибо людям, но не государству» хикаясы (Kaktus).

 «Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Құтманбек Маматазимов, «Тең дүйнө» деректі фильмі («5 арна).
  2. Азат Рузиев, Тілек Бейшеналыұлы мен Нұржамал Жәнібекова, Оштан шыққан бизнес-ханым хикаясы, («Башта» Instagram-жобасы).
  3. Марина Мирошник, «”Жаным-баклажаным”. Как Кундуз делает людей счастливыми… с помощью носков» материалы, (Kaktus).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Тілек Бейшеналив, Азат Рузиев пен Нұржамал Жәнібекова, пандемия кезеңіндегі адамдар өмірі туралы шағын деректі фильм («Башта»).
  2. Арген Бақтыбекұлы, «Уроки COVID-19: волонтёры» материалы.
  3. Татьяна Кудрявцева мен Мария Орлова, биліктің коронавирус өршуіне әкеліп соққан үш қатесі туралы материалы, (24.kg).

Тәжікстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Ашрафджон Умаров, Кремний алқабында оқуға 350 мың доллар грант алған тұңғыш тәжік әйелінің хикаясы, (Asia Plus басылымы).
  2. Анна Мифтахова. «Ему более 500 лет, о нём сложено множество легенд и живёт оно в Худжанде» материалы (Asia Plus).
  3. Исматулло Абдуллоев, «Ваҳдат: Духтарон ба мактаб намераванд» видеосы («Фараж»).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Фаридун Холбоев, «Мушкилоти хатмкунандагони мактаб-интернати нобиноёни шаҳри Ҳисор» подкасты (тәуелсіз журналист).
  2. Далер Имомалӣ, «Сулҳ мир тынчтык» фильмі (режиссёр).
  3. Дилошӯб Орифзода, «Шуроб» деректі фильмі (режиссёр).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Гульнора Амиршоева, «Дом, где живёт незабытая боль» мультимедиа жобасы, («Вечёрка» медиакомпаниясы).
  2. Мижгона Халимова, азаматтығынан айырылып қалған адамдар хикаясы (Your.tj басылымы).
  3. Алия Хамидуллина, «”Это твои дочери, не мои”. Как живут таджикские многодетные семьи, в которых родились только девочки» материалы (Asia Plus).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Далер Имомалӣ, «Монополия дар театри Конибодом “Theatre Podcast”» сұхбаты (режиссёр).
  2. Фируза Мирджумаева, қажылыққа жинаған ақшасын ел игілігіне жұмсаған зейнеткерлер хикаясы («Диёр» телерадиокомпаниясы).
  3. Фарзона Ҳодибоева,  «Шахрванди хоричие, ки ба Точикистон дил бастааст» материалы («Азия» телерадиокомпаниясы).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Муллораджаб Юсуфзода пен Масхаб Джумаев, 2020 жылы төрт мың тәжікстандықтың неден қайтыс болғанын анықтаған материал, (Asia Plus). 
  2. Алия Хамидуллина, «Врачи Таджикистана — герои 2020 года» материалы (Asia Plus).
  3. Фарзона Ҳодибоева, «Маблағ надорем: зиндагии мардуми кӯҳистон бидуни сайёҳони хориҷӣ вазнин шудааст» материалы (Your.tj үшін).

Түркіменстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Seýitguly Geldiýew, «Nal» материалы (Turkmenistan газеті).
  2. Шахимердан Сары Оглы, «Раскаяние» материалын ұсынған («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Елена Владимирова, леопардтің мазасы болмағанын әңгімелейтін мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Инна Бурова, «Сотрудничество во имя мира и доверия» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Елена Кузоваткина, «Непреходящая ценность национального наследия» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Лариса Фомина, дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы туралы мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Aýmyrat Pirjikow, «Ak pagtam — ak bagtym» мақаласы (Turkmenistan газеті).
  2. Gylyçmyrat Gurbanow, «Belentligiň binýady (hekaya)» мақаласы (Nesil газеті).
  3. Ягмур Кулиев, бағбаншылық туралы әңгіме («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Елена Кузоваткина, «Молодые таланты — будущее культуры страны» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Елена Жигунова, «Мастер и его скакуны» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Зейнаб Агамамедова, «Селекция — работа на будущее» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі»

  1. Инна Бурова, бейбітшілік пен өркендеу жолындағы стратегиялық әріптестік туралы мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Алты Алтыев, салауатты өмір салтын ұстанудың алғашқы қадамы туралы материал, («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Aýsenem Nurlyýewa, «Saglygly goraýyş: täze tejriberler» мақаласы (Turkmenistan газеті). 

Өзбекстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Аббос Салайдинов. «Иккиламчи бозордаги автомобилни харидор номига расмийлаштириш нега бунча қиммат?» мақаласы (Kun.uz басылымы).
  2. Normuhammadali Abdurakhmonov, «55 yillik sir. Toshkent zilzilasi uyushtirilganmi?» видеосы (Human.uz басылымы).
  3. Санжар Шомуродов, «Дунё янги уруш арафасида…» материалы (Xabar.uz басылымы).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Gulira’no Musayeva, «Nahotki boricha qabul qilish shunchalar imkonsiz?» материалы (Daryo.uz басылымы).
  2. Мустаҳкам Тангриёрова, «Тупроқ қазиб, тупроқлар остида қолган болам» мақаласы (Daryo.uz басылымы).
  3. Толиб Раҳматов, «Фирибгарлик 2 баробарга кўпайди. Сабаб нима?» материалы (Kun.uz басылымы).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Константин Башлаев, ерекше жандар туралы хикая (UzNews.uz басылымы).
  2. Барно Икрамова, Зиёдахон Икрамова, Наргиза Азимова, Мадо Михманова пен Жахонгир Тохиров, ВИЧ жұқтырған адамдар туралы «ANATOMICÁ» жобасы
  3. Тимур Юлдашев, «Мен мухтожман, менга кўмак беринг» материалы (Nuqtainazar.uz басылымы).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Рамиль Исламов, «Акмаль Нур: “Начинаешь подстраиваться — искусству конец”» портреті («Hill» журналы).
  2. Наргиза Умарова, «Илмий стартаплар нега керак?» мақаласы («Оила даврасида» газеті).
  3. Жасурбек Абдурахмонов, «Аввал сочиқ тиккан аёл ҳозир сенатор» сюжеті (Mening yurtim проект, MY5 TV).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Рухсора Гафурова, «Zangiotadagi maxsus shifoxona davolovchilari qanday sharoitda ishlashmoqda?» видеосы (ZamonUz).
  2. Муножатхон Юлдашева, коронавирус бизнеске қалай ықпал еткені туралы материалдар циклі
  3. Feruza Najmiddinova, «Koronavirus O‘zbekistondan qachon daf bo‘ladi? So‘z Alisher Shodmonovga» материалы (Qalampir.uz басылымы). 

Финалистердің бәрі өзара бәсекеге түсіп жатыр. Олардың материалы аймақтық қазылар алқасының бағалауына жіберілді. Қазылар алқасында алты адам, яғни контент өндірісі мен медиа жұмысынан хабардар тәуелсіз медиасарапшы бар. Қазылар алқасының төрағасы — Internews өкілі. 

«Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» ерекше номинациясына өтініштер 2021 жылғы 31 шілдеге дейін қабылданды. Биыл номинация форматы өзгеріп, фотосуреттен бөлек, карикатура, коллаж, иллюстрациялар да қабылданды. «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына ұсынылған суреттер де техникалық іріктеуден өтеді. Бір айырмашылығы — қазылар алқасының қарауына жіберілмейді. Фестиваліміздің сайтына жарияланып, аудитория онлайн дауыс береді. Ең көп лайк жинаған материал авторы «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының жеңімпазы атанады. Қазір фотосурет, карикатура мен иллюстрацияларға дауыс беру жүріп жатыр. 2021 жылғы 11 қыркүйекте түн жарымда дауыс беру тоқтатылады. Финалға өткен суреттерді сайттан қарап, дауыс беріңіз. 

Барлық номинация жеңімпаздары 12 қыркүйек — MediaCAMP Fest 2021 фестивалінің жабылу салтанатында жарияланып, марапатталады. 

Биылғы MediaCAMP Fest журналистика фестивалінің де бағдарламасы өте қызық әрі кәсіби тұрғыдан пайдалы болмақ. Фестиваль спикерлері мен шақырылған сарапшылар туралы толығырақ ақпарат ресми сайтта жарияланған. Фестивалге қатысу үшін дереу тіркеліңіз. 

Байқау үйлестірушілері финалистерді құттықтайды. Қазір оларға хабарласып, фестивалдің арнайы қатысушы болуға шақырту жіберіп жатыр. 

Финалған өтпей қалған өтініш берушілерге уақыт бөліп, үздік материалдарын ұсынып, журналистикаға үлесі үшін Internews атынан алғыс айтамыз.

— Үміт үзбеңіз. Келесі байқауға міндетті түрде өтініш жіберіңіз. Қысқа тізімге өтіп, жеңімпаз атануыңыз әбден мүмкін. Биылғы финалистер қатарында бұған дейін де байқауға материал ұсынып, бірақ жүлделі орынға ие болғандар қатарынан көріне алмаған әріптестеріміз бар. Бәсеке де күшті болып отыр. Бес елден барлығы 700 өтініш келіп түсті. Авторлар келер 2022 жылы тағы да көптеген мықты материал ұсынатынына сенеміз. Байқауды қалай күтсек, соған өтініштерді де тағатсыздана күтеміз».

Былтырғы MediaCAMP Award 2020 жеңімпаздарын мына сілтемеге өтіп, ал 2019 жылғы байқау жеңімпаздарын мына сілтемені ашып көре аласыз. 

MediaCAMP Award 2021 байқауы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады. Internews туралы: әлемдегі, Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы өкілдіктері.

Жәнібек Нұрыш

«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest 2021 фестивалінің бағдарламасы

2021 жылғы 10-12 қыркүйекте «Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest онлайн-фестивалінің толық бағдарламасы шықты. Фестиваль сайтынан нақтыланған кестесін көріп, қызықтырған сессияларды түртіп алсаңыз болады. Ондаған спикер Орталық Азияда медиаөнім жасау оқиғасын баяндап, тәжірибесін бөліседі. Стендаптар, Snap Talk (спикерлер бір тақырып төңірегінде бірінін кейін бірі сөйлейтін формат), панелді дискуссиялар, шеберлік сабақтары, кино кеші, MediaCAMP Award журналистика байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болады. Барлық іс-шара тікелей эфирде өтеді.

MediaCAMP Fest фестивалінің шымылдығын, жұма 10 қыркүйек, стендап-актер Александр Меркуль ашады. Содан кейін фестивалдің ағылшын және орыс тілдерінде және орыс тілдерінде ресми ашылуына жалғасады. Фестиваль аясындағы барлық іс-шара қазақ, қырғыз, тәжік және өзбек тілдеріне синхронды аударылады. Түске дейін «Азияда жасалған» тақырыбында Snap Talk, зерттеуші, аналитик, бағдарламалаушы, оқытушы Алексей Незнановтың «Жасанды интеллект және креатив индустриялар: метаадамдардан бастап дипфейктерге дейін» деген дәрісі болады

Түскі үзілістен кейін «Медиасауат экологиясы: үш елдің көзқарасы» панелді дискуссиясы жоспарланған. Осы талқылау кезінде басқа залдарда дата-сторителлинг, digital-ортада көркем мәтінді оқу, подкаст монетизациясы және студенттердің медиасауатын арттыру бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Кешкісін медиа тақырыбында деректі фильм көрсетіліп, бірінші күн аяқталады.

Алевтина Мадьярова

«Деректі кино кеші қатысушылардың көңілін көтеріп, Орталық Азияда түсірілген фильмдерді таныстыруға арналған. Көрсетілетін фильмдер қатарында көктемде өткен Деректі кино мектебі қатысушыларының және Internews грантын алушылар түсірген жұмыстар да бар. Кино кеші екі күнге жалғасады. Әр кештен кейін еліміздегі тәжірибелі режиссерлер мен продюсерлерді шақырып, кино тақырыбын талқылаймыз», — деді секция модераторы, Internews өкілдігінің білім беру бағдарламаларының аймақтық үйлестірушісі Алевтина Мадьярова.

Фестивалдің екінші күні, сенбі 11 қыркүйек, медиасауат тақырыбындағы Snap Talk-тан басталады. Орталық Азияда медиасауат жобалары жүзеге асырған 9 сарапшы жетістіктері мен қателіктері туралы айтып, тәжірибесін бөліседі. Содан кейін Internews үйлестірушілері Гүлнар Асанбаева мен Ирина Медникова Орталық Азиядағы медиатұтыну және медиасауат зерттеуін таныстырады. Бұл зерттеу жыл сайын жүргізіледі.

Түстен кейін «Шекаралар мен шет-шегі. Орталық Азия журналистерінің Ауғанстандағы ахуал жөнінде ақпарат тарату барысында кездесетін қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы ашық әңгіме» деген өте өзекті тақырыпқа арналған талқылау болады. Офлайннан онлайнға өту, Telegram-каналды табысқа шығару, медиасауат туралы контент жасау ерекшеліктері, YouTube-арнаны нөлден бастап дамыту, саяси уәделерге фактчекинг әрі мониторинг бойынша бес түрлі шеберлік сабағы өтеді. Кешкісін медиа тақырыбында деректі кино көрсетіліп, фестивалдің екінші күні аяқталады.

Фестивалдің үшінші күні, жексенбі 12 қыркүйек, түске дейін параллель сессиялар өтіп, төрт елдің, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан спикерлері жергілікті медиа жұмысының ерекшеліктері туралы айтады. Күннің екінші жартысы журналистердің сыни пайымын дамытатын интерактив шеберлік сабағымен басталып, Орталық Азия медиазаңгерлерінің медиа этикасы, өзін-өзі реттеу және заңдары туралы сессиясына жалғасады. Сағат 16:30-дан 18:30-ға дейін MediaCAMP Award байқауының жүлдегерлерін марапаттап, фестивалдің жабылу рәсіміне ұласады.

Марина Михтаева

«Әр фестивалдің жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталатыны бір ғанибет. Фестиваль аясында журналистік материалдарымызды талқылап, аймақтағы журналистика мен медианың жалпы жағдайына шолу жасап, материалдарды салыстырып, қай елдің журналистері қай жағынан мықты екенін бағамдаймыз. Елімізде журналистика байқаулары саусақпен санарлық, аймақты байқау тіпті жоқтың қасы. Журналистердің материалын ұсынып, әріптестерімен салыстыра қарап, мықты жағын бағамдап, тағы нені жетілдіруі қажет екенін жұмыстарын ұсынып, әріптестерімен салыстырып, қай жағынан мықты екенін білуі үшін байқауларға қатысуы маңызды. Жарыс дегеніміз — керемет, бәсеке бізді шыңдап, дамуымызға көмектеседі», — дейді Internews өкілдігінің контент өндірісі жөнінде сарапшысы, MediaCAMP Award байқауының үйлестірушісі Марина Михтаева.

Бізге қосылыңыз! Фестиваліміз қызық әрі пайдалы болады!

Жәнібек Нұрыш

«Новая газета» бас редакторы Дмитрий Муратов баспасөздегі өзін-өзі реттеу және этика туралы сұрақтарға жауап береді

Қазақстандағы Internews өкілдігі мен КаzMediaNetwork ұйымы медиа саласының белгілі тұлғаларымен баспасөздегі өзін-өзі реттеу және этика жөнінде сұхбаттар сериясын ұйымдастырады. Алғашқы сұхбат III Орталық Азия MediaCAMP Fest фестивалі қарсаңында «Новая газета» басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы Дмитрий Муратовпен болады.

Live-сұхбат 3 қыркүйек, Алматы уақытымен сағат 18:30-да басталады. Тәжірибелі ресейлік медиаменеджермен HOLA News бас редакторы Зарина Ахматова (Қазақстан) әңгімелеседі. Сұхбат барысында этика, сөз бостандығы, редакция менеджменті туралы әңгіме өрбиді. Өзін-өзі шектеу мен өзін-өзі реттеудің шекарасы қайсы? Саяси цензура жағдайында және жаңа медианың гүлденуі кезеңінде қалай жұмыс істеу керек? «Новая газета» қалай жұмыс істеп жатыр?

Тікелей эфир Facebook-тегі Internews in Kazakhstan парақшасынан көрсетіледі. Zoom-трансляцияда қазақ тіліне синхронды аударма болады. Көрермендер спикерге сұрақ қоя алады.

Жәнібек Нұрыш

XVII ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИАФОРУМЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ӨТЕДІ

2021 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында XVII Еуразиялық Медиа Форумы өтеді. Жиынға  қазақстандық және әлемдік жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады.   

Бір жылдық үзілістен кейін форум өз көрермендеріне онлайн байланысқа шығады.

EAMФ бас директоры Алмагүл Ахметжанова: «Соңғы 2 жыл күрделі мәселелерді талқылау және оны шешу жолын іздеуде біріге отырып әрекет ету адамзат үшін маңызды екенін көрсетті. Сонымен қатар бүгінде трендтер тез жаңарып, жаңа ғана оқыған ақпарат өз өзектілігін жоюда. Алдағы форум пандемия кезінде әлемдік қауымдастық үшін маңызы артқан мәселелерді көтеріп, қайсысына ерекше назар аудару керектігін анықтауға және әрі қарай не істеу керектігін түсінуге арналған. Біз өмірдің әртүрлі салаларына қатысты, бірақ әрқайсымыздың өмірімізге әсер ететін тақырыптарды бір алаңға топтастырдық. Осы орайда форумды өткізуге қолдау көрсеткен серіктесттерімізге алғысымызды білдіреміз».

Еуразиялық медиафорум бағдарламасы үш күннен тұрады. Бірінші күн әлемге танымал сарапшылардың практикалық шеберлік сабақтарына арналады. Сондай-ақ Форумның бірінші күні аясында дәстүрлі дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жиында «Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту» тақырыбы талқыланады. 

Форумның екінші және үшінші күндері әлемдік саясат пен экономика, БАҚ, экология, білім және футурология сияқты салаларды қамтиды. Танымал халықаралық және қазақстандық сарапшылар пандемияның жаһандық үдерістер мен адами қарым -қатынасқа әсерін, медиа мен технология саласындағы тенденцияларды, нақтыланбаған ақпараттың шамадан тыс көп болу проблемасын, бүгінгі экологиялық күн тәртібін, сондай -ақ болашақ әлемнің келбетін талқылайды. 

Екінші күннің  қатысушыларын 4 сессия күтеді,оның ішінде:

  • «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия»;
  • «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?!»; 
  • «Ақпарат көп — шындық аз»;
  • «Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік».

Үшінші күн жоспарындағы 4 сессияда да маңызды мәселелер талқыланатын болады:

  • «Ашушаңдық дәуірі. Әлемді билеп тұрған кім?»;
  • «Медиа және технологиялар. 2021 трендтері»;
  • «Еңбек нарығының болашағы және білім»;
  • «Орындалған келешек әлемі», алдағы Форумның қорытынды сессиясы.

eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу басталды. Сол жерден спикерлер мен сессиялар және хабар тарату туралы ақпарат алуға болады. 

EAMФ бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Әлеуметтік серіктес — «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ресми серіктес — Eurasian Resources Group (ERG).

БАҚ өкілдерінің тіркелеуі үшін:

Жансая Төлеухан, 8(778) 254-60-04, pr@eamedia.org

Әсел Мираева, 8 (747) 757-57-35, info@eamedia.org

Жәнібек Нұрыш

Ұсақ-түйекке ұмтылыс. Аман Тасығанның «Ең алғашқы…» сұхбат-шоуына шолу

«Ең алғашқы…» сұхбат бағдарламасы «Еуразия бірінші арнасында» былтыр күзден бастап көрерменге жол тартты. Бір жылға жуық уақыт әр сенбі кешкісін эфирден көрсетіліп, теларнаның ресми YouTube-арнасында және бағдарлама авторы Аман Тасығанның Aman Tasygan Live каналында жарияланады. Автордың каналында шығарылымның тақырыбы өзгертіледі. Бағдарламаның бірнеше санын көріп, студияға әнші, актер, продюсер, спортшылар мен саясаттанушылар көбірек шақырылғанын аңғардық.

Телеарна сайтында жоба сипаттамасына: «Ең алғашқы…» бағдарламасының өзге жобалардан ерекшелігі — саясат, өнер, спорт, тағы басқа салаларда жүрген тұлғалардың өткеніне саяхат жасап, жетістіктері мен әттеген-ай деген сәттері көрсетіледі. Белгілі журналист Аман Тасыған кейіпкерлердің жылдар бойы жасырып келген құпияларын ашпақ» деп жазылған екен.

Ал Aman Tasygan Live Youtube-арнасында басқаша жазылған:
«Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын „Ең алғашқы…“ жобасы. Бағдарлама барысында:
— Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөліседі;
— Репортер кейіпкердің ең алғашқы үйі, мектебі, махаббаты, жұмысы, жетістігі мен жеңілісі және т. б қадамдарына қатысты бейнематериал дайындайды. Сол арқылы кейіпкердің тіпті өзі ұмытып қалған сәттерін еске түсіреміз;
— Кейіпкердің өмірінде маңызы бар қонақ студияға келеді. Бірақ ол жайлы кейіпкер білмейді;
— Бағдарлама соңында кейіпкер алғаш рет бір әрекет жасайды және өмірден түйгенімен көпшілікпен бөліседі;»

Жоба «Ең алғашқы…» деп аталып, мазмұны да кейіпкердің алғаш жасаған істерімен байланысты болады. Кейіпкер көбіне-көп бала күндері мен жастық шағынан сыр шертеді. Өміріндегі мұңлы, әсерлі сәттерін баяндайды.

Бағдарлама басталғанда кейіпкерге бес түсті ұяшық ұсынылады. Әр ұяшық ашылғанда кейіпкердің де бір құпиясын ашу жоспарланған. Әйткенмен кейіпкер қай түсті таңдаса да ең бірінші балалық шақтағы оқиғаларын еске түсіру басталады.

Мысалы, Әміржан Қосанов ең әуелі «көк», Бақтияр Артаев «жасыл», Гүлзира Айдарбекова «сары» түсті ұяшықты таңдаса да әңгіме бала күндердің оқиғасына арналды.

Әрбір ұяшыққа бір сұрақ немесе сөз тіркесі жасырынған. Бұл кейіпкерді ойландырып, өткен оқиғаларды еске түсіру үшін жасалған қадам іспетті. Әйтсе де бұл қадам үнемі сәтті бола бермейді.

Тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігіт қатысқан шығарылымда жұмбақ сөздің бірі «Кім таңдады?» деген сұрақ болды. Дана Нұржігіт бұл сауалға жеке өмірімен байланысты жауап береді. Ал Аман Тасыған осы сауалдың астарында Дана Нұржігіттің сенатор болып тағайындалуы меңзелгенін айтты.
Дана Нұржігітте ешкім де сенатор етіп таңдамады, оны Президент тағайындады. Саяси мәселеде көрерменді адастырмау үшін «таңдау» мен «тағайындауды» шатастырмаған жөн.

Ақын Жүрсін Ерман қатысқан шығарылымда «Бақ пен сор» деген жұмбақ жасырылған сөз беріліп, айтыста жүлдеге тігілген көліктер жайында әңгіме өрбиді. Бұл — Жүрсін ақынның «бағы ма әлде соры ма»? Бағдарлама сценаристері нені меңзегісі келді?
Тағы бір жұмбақ сөз — «Қарызды қайтар». Сюжетте сұхбат берген ақындар Жүрсін Ерман мен оған қарызын бермеген адам туралы қызық оқиға айтып, одан әрі сюжет Жүрсін Ерман жөнінде басқа да оқиғаларға ауысады. «Бірді айтып бірге кеткендей» әсер қалды.

Продюсер Гүлзира Айдрбековамен болған сұхбаттағы жұмбақтың бірі — «Бекерге қырылдым» (дұрысы — «бекер қырылдым» болуы керек — авт.) деген сөйлем. Жүргізуші Аман Тасыған ұяшықта жасырылған сөз тіркестері кейіпкердің ұлы Қайрат Нұртастың репертуарындағы әндерінен алынғанын айтып қалды. Эфирде тым оспадар сөз қолданылды. Бір жағынан кейіпкер өміріндегі жағымсыз жайттарды артық қазбалау болып кетті. Сюжетте Гүлзира Айдарбекованың ет комбинатында жұмыс істеп жүріп ет ұрлап ұсталғаны, айыппұл төлегені айтылады. Гүлзира Айдарбекова жастық шағындағы осы оқиғаны еске алып, ақтала жауап бергендей көрінеді.
Аман Тасыған сұхбат барысын Гүлзира Айдарбекованың жоғары білімі жөнінде сұрақтарға бұрып, «Яғни, Гүлзира ханымның жоғары білімі жоқ?» деп нақтылай түседі. Осылайша, кімнің «Бекерге қырылғанын» көрермен ұмытып та кетеді. Мұның орнына авторлар кейіпкердің осал жерін тауып, соны жарияға жар сала айтып, көрерменге «тосын сый» ұсынуға ден қояды.

Айгүл Қосанова қатысқан шығарылымда 5 ұяшықтың бәрі ашылып, «сұхбат ақталды-ау» деген сәтте, Аман Тасыған әнші өміріндегі тағы бір қайғылы оқиғаны еске алады. Тағы бір дейтініміз, бұған дейін Айгұл Қосановаға марқұм әкесі жайлы сұрақтар қойылып, әнші қайтыс болған әкесін есіне алып, жылап алды. Бағдарлама сценаристері кейіпкер өміріндегі қайғылы сәттерге көрерменді эмоциялық манипуляцияда ұстау мүмкіндігі деп қарайтындай. Әншінің тұңғышы өмірден өткені туралы арнайы сюжет әзірленіп, әншінің күйеуі бұл туралы егжей-тегжейлі баяндайды. Ал студияда жүргізуші Айгүл Қосановадан осы оқиға жөнінде тағы тәпіштеп сұрайды. Әнші көзіне жас алып, егіле жауап берді. Эмоциялық үзілістер, кейіпкердің жасын сүртуі сияқты детальдар мейлінше көп қолданылған.

Бағдарламада кейбір кейіпкерлердің «ең алғашқы» махаббаты жайлы да сөз айтылды. 17 жасында үйленген Жүрсін Ерманның 4-5 сыныптағы балаң сезімі жайлы айту көрерменге қызық болмаса керек.

Ал Гүлзира Айдарбекованың алғашқы махаббатын еске алуы хабардың деңгейін түсіргені болмаса, қызықты етпеді. Жүргізішу Аман Тасыған актер Берік Тұрсынбековке «алғаш қанша жасыңызда ғашық болдыңыз» деген сұрақ қойып, «3-4-5 жаста ма екен» деп жауап алды.

Хабардың тартымды тұсы — кейіпкер өмірінде орны бар, көптен бері көріспеген адамның студияға келуі.
Әміржан Қосанов, Дана Нұржігіт қатысқан хабарларда студияға келген қонақ сұхбатты қызықты ете түсті. Әйтсе де бағдарламаның барлық шығарылыманы қонақ келе бермейді. Жалпы осы аталған екі шығарылымы және Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қатысқан шығарылымда кейіпкер өмірін артық қазбаламады. Сондықтан да болар жып-жылы сұхбат, тартымды хабар шыққан.

Әр кейіпкердің өмірі туралы ізденіп, бір адамның өмірінен бес түрлі сюжет әзірлеу және студияда дәл сол кейіпкермен бір сағаттай сұхбаттасу да оңай емес. Шығармашылық ұжымның еңбегін атап өтуге болады.

Кейіпкер өмірінен сыр шерткенде кейбір ұсақ-түйек детальдарды қуалап, қазбалау — арзан әрі жөнсіз хайпқа ұмтылыс сияқты көрінеді. Сұхбатта көрерменіне пайдасы аз маңызсыз деректер жиі айтылып, аудиторияны экран алдында ұстауға арналған қандай эмоционалды тетіктерді көп пайдалану да сұхбат салмағын азайтып, мағынасын сұйылтады. Сондықтан да есімі елге белгілі әрі көпке сыйлы кейіпкерлерді шақырғанда пендешілігі мен азаматтығынан бөлек, елдегі ахуал, өзекті мәселелер жөнінде пікірін сұрап, айтқыза білсе, бағдарлама мазмұнды да салиқалы сипат алар еді. Көпшілікке арналған контент дайындағанда «бұл көрерменге не береді» деген сауалдың жауабын бағамдап, соған бағыт алған дұрыс-ақ.

Медиадағы ғадауат тілі дегеніміз не және гендерлік стереотиптерге не жатады? Оразай Қыдырбаев түсіндіреді

Контент мазмұнындағы ғадауат тілін қалай анықтаймыз, өшпенділік тіліне тыйым салмаса, зиян салдары қандай болмақ? Таяуда өткен Медиамашық дамыту тренингінде осы сауалдардың жауабын талдап-түсіндіретін сессия қызу талқыланды. Тақырып спикері, медиасауат медиатренері Оразай Қыдырбаев ғадауат тілі медиада қалай көрініс табатынын, деңгейі мен түрлерін, ғадауат тілін жою үшін не істеуіміз керек екенін және гендерлік стереотиптер туралы айтып берді.

Ғадауат тілі дегеніміз не?

Ғадауат тіліне әркім әрқалай анықтама береді. Сондықтан да әуелі «ғадауат» (өшпенділік) және «тіл» сөздерінің мағынасын ашып алуымыз керек екен.

Оразай Қыдырбаев айтқандай, медиа және коммуникацияны зерттейтін ғалым Бабак Баһадор ғадауат, тіл ұғымдарын былай түсіндіреді:

  • Ғадауат — әлдебір ақпаратты қабылдау нәтижесінде адам бойында пайда болатын әлдекімге жеккөрініш, әлдекімге жаны ашымаушылық, тіпті әлдекімге залал келтіруді қалау сезімі.
  • Тіл (немесе сөз) — мағына тасымалдайтын барлық нәрсе: фото, видео, жазбаша мәтін, ым-ишара, аудио, иллюстрация, т. б.

Ал Инга Сикорскаяның (Инга Сикорская, Орталық Азия бойынша бітімгершілік және медиатехнологиялар мектебінің директоры, медиасарапшы — ред.)жазуынша,

  • Ғадауат тілі дегеніміз — медиада қандай да бір нәсіл, этникалық, гендерлік, діни, әлеуметтік яки саяси топ өкілі үшін жағымсыз немесе оны қорлайтын визуалды контент немесе жағымсыз баға берілген кез келген сөз формасы, өшпенділік риторикасы.
  • Ғадауат тілі жайлы айтқанда, дискриминацияны (кемсіту) ұмытып кете алмаймыз. Ғадауат тілі — дискриминацияның бір формасы. Ал дискриминация дегеніміз — көңілге қонымды еш себебі болмастан, қоғамдағы бір топ өкілін өзге адамдардан кем көру, кемсіту, шеттету.

медиатренер Оразай Қыдырбаев

«Ғадауат тіліне тыйым салу — сөз бостандығына тыйым салу емес»

Мінеки, ғадауат тілі ұғымын айқындап алдық. Әйтсе де ел ішінде ғадауат тілі айтыла қалса сөз бостандығы да қатар аталып жатады. Сондықтан бұл екеуін шатастырмау керек.

— Кейбір адамдар «ғадауат тіліне тыйым салуды сөз бостандығына тыйым салу» деп түсінеді. Кез келген адамның еркін пікір білдіру құқығы бар. Алайда соған қарамастан ғадауат тіліне тыйым салынуды көп адам түсіне алмайды. Сөз бостандығы — адам құқықтарын қорғауға, құқықтарымызды сақтап қалуға арналса, ғадауат тілі — керісінше жаппай қырып-жоюға, жеккөрушіліктің таралуына, адам құқықтарының шектелуіне жол ашады. Сөз бостандығы мен ғадауат тілінің арасындағы шекара, міне осындай. Сөз бостандығына ашық болуымыз керек, ал ғадауат тіліне барынша жабық болып, тыйым салып, таралуына мүмкіндік бермеуіміз қажет, — дейді Оразай Қыдырбаев.

Ол 2017 жылы Мьянмада болған геноцид оқиғасын мысалға алды.

— Бұл оқиғада әлеуметтік медиадағы ғадауат тілі маңызды роль атқарады. Сол кезде әлеуметтік желілерде түрлі фейк фотовидео ақпараттар тарады. «Мұсылмандар жергілікті буддистерді қырып жатыр, әйелдері жергілікті мьянмалық балаларды өлтіріп жатыр» деген түрлі фотовидео таратты. Нәтижесінде халықтың жергілікті азшылық қауымға жеккөрініші туындап, XXI ғасырдағы ең үлкен қайғылы оқиғаға ұласып, кемінде 25 мың адамның өліміне, 700 мың адамның туған жерінен қоныс аударуына себепкер болды. Ең өкініштісі — адамзат баласы тарихында қаншама қайғылы оқиғаны, қантөгістерді бастан өткерсе де әлі күнге дейін сабақ алмай, осындай жаман оқиғалар әлі де қайталанып жатыр. Біз медианы сауатты тұтынатын адам ретінде мұндай нәрсеге қарсы болуымыз, мұны барынша тоқтатып, тойтарыс беруіміз керек, — деді Оразай Қыдырбаев.

Ғадауат тілінің алты деңгейі және түрлері

Медиаys зерттеуші Бабак Баһадор ғадауат тілін алты түрлі деңгейге бөледі. Оразай осы алты түрлі деңгейді таныстыра келе ғадауат тілінің ең жоғары деңгейіне қалай қарсы тұрсақ, ең төменгі деңгейіне солай қарсы болуымыз керек екенін айтады.

Оразай Қыдырбаевтың «Медиадағы ғадауат тілі, гендерлік стереотиптер» презентациясынан скриншот

— Ғадауат тілі бірінші деңгейінен басталып, екінші, үшінші, төртінші, бесінші деңгейге көтеріліп, соңғы деңгей — алтыншы деңгейіне, жаппай өлтіруге, қырып-жоюға, геноцид жасауға апарады. Біз барлық деңгейіне бірдей қарсы болуымыз керек. Ең жаман нәрселер — қарапайым, көп адамға байқала бермейтін нәрселерден басталады.  Мысалы, жергілікті діни сенім өкілдерін ұнатпайтын бір адам «Қоғамдық орында діни киіммен жүру дұрыс емес» деген сияқты жай ой айтуы мүмкін. Мұның түбінде «Қоғамдық орында діни киіммен жүруге тыйым салынуы керек» деген ой ортаға шығады. Бұл адам құқықтарының бұзылуына алып баратын шешімдерді қалыптастыруы мүмкін. Не болмаса жағымсыз істерге белгілі бір топ өкілдерін байланысты етіп көрсетеді. Мысалы, қазақстандық телеарналардың бірінде «Сығандар зейнеткерді алдап, үйін тонап кетті» деген тақырыбы бар сюжет шыққан. Қылмыс жасайтын адам — қылмыскер. Оның қылмыс жасауына ұлты, этникалық түп-тамыры роль атқармайды. Қылмыскерлердің арасында барлық ұлт өкілі бар. Біз жағымсыз істерге белгілі бір этникалық не басқа да топ өкілдерін көрсетіп, солар туралы жағымсыз образдар қалыптастырамыз. Ғадауат тілінің ең соңғы деңгейі — өлімге, жаппай қырып-жоюға шақыратын риторикалар, пәленше-түгеншені қырып-жою керек, оларға өмір бермеу керек деген сипаттамалар. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде кейбір топ өкілдеріне қатысты сондай пікірлер жазылып жатады, — дейді Қыдырбаев.

Ғадауат тілінің түрлері

Оразай Қыдырбаевтың «Медиадағы ғадауат тілі, гендерлік стереотиптер» презентациясынан скриншот

Ғадауат тілі деңгейден бөлек, түр-түрге де бөлінеді. Этникалық, әлеуметтік, діни, гендерлік және тағы басқа түрлері бар. Ғадауат тілінің гендерлік түріне бір мысалды 2014 жылдан іздеп көрелік.

— Tengrinews.kz сайты «Зверское убийство в лесбийской семье произошло в Астане» деген ақпарат жариялады. Бір әйел жұбайын пышақтап өлтірген. Осы оқиғада медиамыз олардың жыныстық бағытына қатты назар аударды. «Лесбиан әйел жұбайын өлтірді» деп ақпарат таратты. Әлемде де, Қазақстанда лесбиан не гомосексуал жұптар бар. Олардың көпшілігі тату-тәтті өмір сүретінін білеміз. Соған қарамастан, бір қылмыстық іс болып қалып еді, бірден оның жыныстық бағытын ортаға шығарып, көрсете отырып, ғадауат тіліне айналдырды, — дейді спикер.

Медиада ғадауат тілі қалай жасалады?

Медиадағы ғадауат тілінің екі түрлі көрінісі бар. Бірі ашық формада жасалса, екіншісі жабық формада болады. Ашық формадағы ғадауат тіліне, яғни біреуді ұрып-соғуға, өлтіруге шақыру, ашық кемсітуге және тағы басқасына заңмен тыйым салынған.

Ал жабық формадағы ғадауат тілі сөздердің астыртын мағыналары, бір-біріне қатысы жоқ оқиғаларды байланыстыра отырып жасалады.

Оразай Қыдырбаевтың «Медиадағы ғадауат тілі, гендерлік стереотиптер» презентациясынан скриншот

— Мұның біздегі бір көрінісі — оқиғаны жалпыландыру. Жағымсыз бір оқиға үшін бүкіл топты кінәлау, бүкіл топты жауапты көру. Әдетте бізде көбіне этникалық азшылық топтың өкілі қылмыс не зорлық-зомбылық жасаса, бірден бүкіл этникалық топты кінәлі етіп шығады. Мұның салдары жазықсыз адамдардың қаны төгілуіне, қуғынға ұшырауына апарып соғып жатады. Кейде назар аудармау арқылы да ғадауат тілі жасалады. Мәселен, елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылық, бала құқығына байланысты көптеген мәселе бар. Алайда бізде бұл мәселелер жоқтай, балалар құқығы жақсы қорғалған сияқты көрсетіледі. Мүлдем көрсетілмесе, мұндай мәселелер біздің елімізде жоқ сияқты әсер қалдырады. Яғни, назар аудармау арқылы да сол топ өкілдеріне байланысты шеттету, ғадауат тілі жасалған болады. Ғадауат тілі жабық формада түрлі амал-айламен жасалады, — дейді Оразай Қыдырбаев.

Гендерлік стереотиптер (таптаурындар) неліктен
ғадауат тілі болып саналады?

Ең әуелі, жыныс және гендер ұғымдарының мағынасына назар аударғанымыз жөн:
➢ Жыныс: көбіне биологиялық ұғым, адамда туғаннан болады
➢ Гендер: әлеуметтік конструкция, құбылмалы, қоғам тарапынан қалыптастырылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, ғадауат тілін жасау жолдарының бірі — стереотип қалыптастыру. Өкінішке қарай, медиа хабарларынан әйелдер мен жыныстық азшылық топтар жайлы түрлі таптаурын мен жағымсыз ойлар қалыптасып жатады.

Оразай Қыдырбаевтың «Медиадағы ғадауат тілі, гендерлік стереотиптер» презентациясынан скриншот

— Мысалы, КТК телеарнасының сайтынан «тастанды бала» деген тіркесі кездесетін жаңалықтарды іздеп көрген едік. Бір қызығы мұндай жаңалықтарда барлығында «анасы тастап кеткен», «көкек ана», «тасбауыр ана», «аналар өз баласынан неге жериді» деген сөздер қолданылған. Тастанды бала оқиғасы, баланы тастап кету сияқты жағымсыз істерге тек әйелдерді қатысты етіп көрсетеді. Медиамыз көп жағдайда ер адамдарды көрсетпейді. Мұндай жаман оқиғаға, тастанды баланың әкесі де кінәлі. Әкесінің де белгілі бір рөлі бар. Жауапкершілігін орындамаған, не барлық жауапкершілікті әйелдің мойнына артып, кетіп қалған. Алайда медиамыз тек осылай әйелдерді ғана назарға алып, олар жайлы негатив образ қалыптастырады. «Тасбауыр ана», «жауыз ана» және тағы басқа тіркестерді қолданып, өкінішке қарай, осындай жолдармен әйелдерге, түрлі жыныстық топ өкілдеріне байланысты гендерлік стереотиптер қалыптастырады. Оларға байланысты ғадауат тілі жасалған болады, — дейді Оразай Қыдырбаев.

Оразай Қыдырбаевтың «Медиадағы ғадауат тілі, гендерлік стереотиптер» презентациясынан скриншот

Ғадауат тілін қалай жоямыз?

Ғадауат тілін жою, таралуына жол бермеу, оны тоқтатудың бірнеше әдіс-тәсілі бар. Әуелі барлық адамды бірдей адам ретінде қабылдау. Оның жеке қасиеттерін шығу тегіне, жынысына, нәсіліне, дініне, т. б. ерекшеліктерімен байланыстырмау.
Бұл дегеніміз — бір адам жамандық жасайтын болса, ол белгілі бір нәсілдің, жыныстың өкілі болғаны үшін емес, жаман адам болғаны үшін жасайтынын ұмытпау.

Екіншіден, сыни ойлау. Кемсітіліп отырған адамның/топтың орнына өзіңізді қойып көріңіз, эмоциямен айтылған/жазылған сөздердің салдарын ойлаңыз.
Мәселен, басқа бір мемлекетте өмір сүріп жатқан азшылық өкілісіз. «Қытайда өмір сүріп жатқан этникалық қазақсыз» делік. Сізді жай ғана мұсылман болғаныңыз үшін, жай ғана түркі тілінде сөйлегеніңіз үшін лагерге қамап, не құқығыңызды шектейтін болса, мұның дұрыс емес екенін білесіз. Дәл солай Қазақстанда, дәл біздің қоғамдағы шеттету, қысымға ұшырап жатқан өзге топ өкілдерін ойлауымыз керек. Олардың орнына өзімізді қойып көрсек, проблеманы қаншалықты маңызды, біздің жеккөрушілік сөзіміздің қаншалықты дұрыс емес екенін түсінеміз.
Эмоциямен жазылған, айтылған сөзіміздің салдарын да ойлауымыз керек. Еш ойланбастан, «бұл іске пәленше-түгеншелер кінәлі» деп жаза салып, мұның салдары өте үлкен қайғылы оқиғаға апаруы мүмкін. Түймедей нәрсе ел ішіне таралғанда түйедей болып кетуі мүмкін. Сондықтан ғадауат мағынасына апаратын сөздерден, риторикадан аулақ болу керек.

Тағы бір амалы — түсіндіру, сауатты пікірталастар жасау. Ғадауат тілінің не екенін түсіндіру, қажет жағдайда дұрыс ой-пікір қалдыру, авторға жарияланымда ғадауат тілі бар екенін түсіндіру. Ғадауат тілінің иесіне мұның жағымсыз салдары болатынын жеткізуіміз керек.

Онлайндағы тағы бір әдіс — жазбаға шағым жолдау, яғни әлеуметтік желі әкімшілігіне, веб-сайт модераторларына контенттегі, комментарийдегі өшпенділік тілі жайлы ескерту жіберу. Осылайша ғадауат тілінің таралуына, аудиторияға жетуіне шектеу қоюға болады.

Жәнібек Нұрыш

«Кел, татуласайық» ток-шоуы, II бөлім: «Абайлаңыз, балаларға қауіпті!»

«31 арна» эфирінде бір жылдан бері көрсетіліп келе жатқан «Кел, татуласайық» ток-шоуы бұған дейін де медиасын назарына ілінді. Жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған 18 жасар Қызғалдақ деген қызды өзін зорлаған адаммен татуластыруға тырысатын шығарылымы қоғамда резонанс тудырды. Оқырмандар наразылық білдірсе, телеарна басшылығы бағдарламаның миссиясын дұрыс түсінбегенін мәлімдеді.

«Жаңа репортер» медиасыншысы әрі осы ток-шоу туралы бірінші мақаланы жазған журналист Назира Дәрімбет жоба авторлары мен жүргізушінің рейтинг қууға балаларды пайдалануы қаншалық этикаға сай екенін талдады.

Бағдарлама кейіпкерлерінің бірі — 41 жастағы Баршынай Сұлтанова жаңбырлы күні телеарна табалдырығын аттып, шарасыз халін баяндайды. Ол редакторға күйеуі өзін «жүргіш әйел» деп атап, үйден қуып жібергенін айтады. Әңгіме арасындағы шағын сюжет көрсетті. Сюжетте кейіпкердің ұлы мен қызының қатқан нан жеп, жылап, көз жасын қайта-қайта сүртетін кадрлары бар. Балалардың бетіп жабуға не бұлыңғыр етуге тырыспағанын айту тіпті артық болар.

Жүргізуші тағдыр тәлкегіне түскен кейіпкерді сансыз сауалдың астына алып, «мұндай жағдайға қалай жеткенін» білу үшін сұрақты жарты сағаттай қарша боратады. Жүргізушінің сұрақтары кейіпкердің көз жасын көл етеді. Сол сәтте студияға балаларын шақырды. Балалардың бетіп жаппай, керісінше бет-жүзін ірі планмен жиі көрсетті.

Жүргізуші мен 8 жасар баланың арасындағы ауыр диалогтан бала жылайды.

— Басқа киімің бар ма?
— Жоқ.
— Үйің қайда, қай жерде тұрасың?
— Таразда, қазір үйіміз жоқ.
— Өз үйіңде тұрғың келе ме?
— Иә.
— Бірақ сендерді қуып жіберді ғой, ол үйде ешкім күтіп отырған жоқ. Әкеңді, ағаңды сағындың ба? Оларды жақсы көресің бе?
— Иә…

Бала жылап, өксіп, жөтел қысса да «экзекуция» жалғаса береді.

— Әкеңе бірдеңе айтасың ба…, оған не дегің келеді… үйге қайтып бару үшін бірдеңе айту керек қой, мүмкін ол енді сенің үйің де емес шығар…

Баланың жанын жараламау керек деген этика студияда ұмыт қалды. Бәлкім, бірнеше жылдан кейін бала өмірінің осы бір кезеңін мүлдем ұмытып, санасынан сызып тастағысы келетін болар. Жоба авторлары мұны ойламаған сияқты. Кейіпкерді балаларымен бірге студияға шақырып, жылатып, жанын жаралайтын сұрақтар қойып, қарапайым этиканы бұзғаны көрініп тұр. Авторлар бағдарлама миссиясына сай «игі ниеттен» көмектескісі келген болар. Әйткенмен «көмектесем» деп зиян тигізбеуді де ұмытпаған жөн. Өйткені бірнеше жылдан кейін не болатыны белгісіз, балалар қазірден ауыр күйзелісті бастан өткерді, оларды дереу психологқа апарған жөн болар.

Айтпақшы, жүргізуші кейіпкерге: «Егер күйеуіңіз қаламаса, бұларды туып не керек, бірінші баладан кейін мұндай күйеуден кетіп қалу керек» деп айтады. Бұл — жәбірленушіні жәбірленгені үшін кінәлау, яғни виктимблейминг.

Ал тағы бір эпизод кейіпкері Жазира күйеуі қайтыс болғаннан кейін кәмелетке толмаған екі қызымен далада қалап, қала шетінде түнеп жүр.

Күйеуінің ұлы әкесі өлген соң оларды қуып жіберген. Кейіпкермен бірнеше минут сұхбаттан кейін студияға қыздары келеді.

Жүргізушінің сұрақтарынан үлкен қыз көзіне жас үйіріліп, жылайды. Ал жүргізуші Тахир Сұлтан мұнымен тоқтамай, кіші қызды сұраққа алады.

— Ағаңа не айтар едің?

Жасына сай болмаса да, кішкентай қыз: «Неге бұлай істедің? Біз бауырмыз ғой?» деп жылайды.

— Тағы не дейсің?, — деп жүргізуші баланы тығырыққа тірей түседі.

Бала көз жасына ерік беріп, ересек адамдар сияқты сөйлеп, қарапайым бақыт — баспанасы болғанынын қалайтынын жылап айтады.

Студияға келген тағы бір кейіпкер Әлима Оспанованың баласы церебральды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан. Ол баласының еміне ақша жеткізе алмайтынын, күнкөрісі нашар екенін айтады. Анасы жағдайын айтып отырғанда, үш жасар бала бір жері ауырды ма әлде мазасы қашты ма, үнемі жылай берді. Жылаған баланың жағдайы бағдарламаны жалғастыруға еш кедергі болмады.

Студияға осындай балалармен жұмыс істейтін мамандар шақырылады. Дәрігер баланың қолын ұстағанда, бөгде адамнан қорыққан бала жылауын үдетеді. Содан кейін жекеменшік клиниканың жарнамасы айтылып (ауру баланы неліктен қинағаны мәлім болғандай), дәрігер баланы емдеп, аяққа тұратынына уәде береді.

Осы шығарылымда ауру баланың ғана емес оның 10 жасар ағасының үйдегі тұрмысын да көрсетті. Ол жылап отырып, інісімен бір күні футбол ойнауды армандайтынын айтады.

Жобаның тағы бір қатысушысы Айнұр Жамалбаеваның ұлы менингит болып, салдарынан есту қабілетінен айырылған. Ота жасалып, эфирден имплантацияланған құрылғыны іс жүзінде көрсетеді. Бала өзін жайсыз сезінетіні анық, өйткені алты ай өтсе де не естімеген, не сөйлемеген. Студияға шақырылған мамандардың сөзінше, әзірге бала тек дыбыстарды естиді және соған үйреніп, ажыратуға уақыт керек екен. Бірақ соған қарамастан жүргізуші баланың атын бірнеше рет атап, «мені естисің бе?» деп сұрап, итін шақырған қожайынға ұқсап кетеді.

Алдыңғы шығарылымдарда бала анасымен танысатын видео жобаның YouTube каналында «Ергежейлі қыз: «байсыз бала тудым» деген тақырыппен мен-мұндалап тұр. Жүргізуші әйелді кемсітіп, этикаға жат сұрақтар қояды: «Сіздің бойыңызды айтам, тұқым қуа ма, ол генетикалық ауру ма?», «Сіз негізі бойыңызға байланысты қысылып жүресіз бе?», «Маған сіздің жеке өміріңіз қызық боп тұр, семьяңыз бар ма?»…

Әйелдің ұлы есейгенде видеоны көріп, ток-шоу авторларына да, анасына да алғыс айтуы екіталай… Бұл енді басқа оқиға.

Балалардың еркінен тыс ток-шоу кейіпкері болғанына бірінші кезекте ата-анасын кінәлауға болады. Десе де олар қарапайым адамдар. Қиын жағдайға тап болғанда әрекетінің салдарын, балаларына қандай ауыртпашылық әкелетінін ойламай, не ұмыт қалдыруы мүмкін. Олар журналистік этика, мораль туралы ешқашан естімеген болар. Ал мұның барлығын ең әуелі журналист-әріптестеріміз ойлауы керек.

«Алаяқ, жемқор, бірнеше рет сотталған»: кінәсіздік презумпциясы туралы не білуіміз керек?

Журналистердің күнделікті жұмысында «жазасын өтеген адамды, күдікті деп танылған адамды, сот отырысына қатысып жатқан адамды қалай атаймыз», деген сауалдар туындайды. «Жаңа репортер» редакциясы «Құқықтық медиа-орталық» заңгері Гүлмира Біржановамен бірігіп, осы сауалдардың жауабын дайындады.

Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз бе?

Қазақстан заңнамаларында жазылғандай, кінәсіздік презумпциясы дегеніміз — соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайтынын білдіреді.

Кінәсіздік презумпциясының сақталуына айыпталушы ғана үміттене алады. Сондықтан да айыпталушыны үкім шығып, заңды күшіне енгенге дейін «жемқор», «парақор», «ұры», «алаяқ» және тағы басқа сөздермен атау — этикаға жат. Мұндай сөздердің орнына «… жасады деген күдікке ілінді», «пара алды деген күдікке ілінді», «адам өлтірді деп айыпталып отыр» және т. б. жазуға болады.

Терминдерді теріс қолданудың құқықтық салдары қандай болуы мүмкін?

Егер адамды сот үкімі шыққанға дейін қылмыскер деп атасаңыз, онда абыройы мен қадір қасиеті, іскерлік беделін қорғау, моралдық шығын үшін өтемақы талап ете алады.

Егер қылмыс құрбаны туралы мәліметті оның келісімінсіз таратсаңыз және «қоғам қызығушылығы» болса ше? Мұндайда жеке өміріне қолсұғымаушылық құқықтарының бұзылғаны, әсіресе жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, жөнінде талап арыз беруі мүмкін.

БАҚ-та балалар туралы ақпарат таратқанда нені білу керек?

Құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктен) жапа шеккен, не болмаса әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айыпталған кәмелетке толмағандардың тұлғасын айқындайтын тікелей немесе жанама мәліметтерді кәмелетке толмаған адамның және (не) заңды өкілінің келісімінсіз жариялауға редакцияның құқығы жоқ.

Бұл норма сот шешіміне ауыр және (не) өте ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмағандарға, оның ішінде олардың ата-анасы және жәбірленуші деп танылғандардың басқа да заңды өкілдері туралы мәліметке жүрмейді.

Сөз соңында сот істері жөнінде материал дайындағанда ескеретін бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Журналист қоғамдық пікір қалыптастыратын жауапкершілігін түсініп, пікір мен көзқарастар тепе-теңдігін сақтауы керек.

2. Егер балалар, әйелдер, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жандар, діни және басқа да топ өкілдері туралы сезімтал тақырыптарда материал жарияласаңыз, кемсітушілікке жол бермеңіз.

3. Сексуалды сипаты бар зорлық-зомбылық әрекеттері туралы іс бойынша ақпарат таратқанда жеке өмірінің құпиясын сақтау құқығын құрметтеңіз.

4. Құқықтық терминдерді дұрыс қолдануға тырысып, кінәсіздік презумпциясын бұзбаңыз!

Жәнібек Нұрыш

Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тіліндегі медиасын бөлімінің редакторы мен продюсері бос орнына конкурс жариялады

Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тіліндегі медиасын бөлімінің редакторы мен продюсерінің бос орнына конкурс жариялады.

Міндеттері: 

  • Медиасын бөліміне өз бетінше не авторлармен бірігіп, тақырып іздеу;
  • «Жаңа репортер» сайтының бас редакторымен тақырыптарды бекіту;
  • Медиасыншы-авторларға тақырыптарды бөліп беру;
  • Қажет болғанда, мәтін құрылымын түзету үшін авторлармен жұмыс істеу;
  • Дайын мәтінде редакциялау және қатесін түзету.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

  • кемі үш жылдық редактор тәжірибесінің болуы;
  • салалық білім;
  • коммуникабелді, ісіне өте жауапты 
  • адамдарды ынталандыра білуі;
  • қазақ тіліне жетік болуы, ал орысшаны орыс тіліндегі редактормен қарым-қатынас жасау деңгейіне білу.

Бұл жұмыс орны қашықтан әрі ішінара жұмыс істеуді қарастырады. 

Егер осы вакансия қызықтырса, онда істеген жұмыстарыңыз туралы мәліметі бар түйіндемеңізді 2021 жылғы 23 тамызға дейін KZ-Info@INTERNEWS.ORG эл.поштасына жіберіңіз. Хат тақырыбына “Қазақ тіліндегі продюсердің бос жұмыс орнына” деп көрсетіңіз. 

Internews — БАҚ-ты қолдау бойынша халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Негізгі қызметі:

  • медианың дамуына, ТВ бағдарламалауға, контент өндірісі мен жаңа медиа технологияларды танытуға көмектесу;
  • шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби оқыту;
  • заң тұрғысынан қолдау.

    Жәнібек Нұрыш

Телеарналардың медиаэтика бойынша біліксіздігі неден байқалады?

Келеңсіз оқиғадан зардап шеккен балалардың бейнесін жасырмау, адамдарды сот шешімінсіз-ақ қылмысқа кінәлі деп атау, қоғам өкілдерін алалайтын тілді қолдану – Қазақстан телеарналарынан жиі байқауға болатын көрініс. Медиадағы сауаттан бейхабар болу немесе ақпарат құралдарының оны әдейі ескермеуі – өкінішті әрі дабыл қағатын жайт. Бұған шілденің кейінгі екі аптасында «КТК» және «Еуразия бірінші арнасы» ақпарат бағдарламаларына шолу жасап, көз жеткіздік. 

Күні бұрын айып тағу мен өшпенділік тілі

Шілденің аяғында әлеуметтік желілерде бір адамды жығып, телефонға түсіріп жатқан топтың видеосы тарады. Желідегі мәліметке қарағанда Қызылорда тұрғындары «кішкентай қызға зорлық жасамақ болған адамды ұстаған». 

Бұл ақпаратты эфирге берерде «КТК» телеарнасы кінәсіздік презумпциясын ескермей, заң мен этика талаптарынан хабарсыз екенін аңғартты. 

Жүргізуші Ерланби Дәулетияр «Қызылордада бес жасар қызға тиіскен педофил ұсталды» деп хабарлады. 

«Азғынның анайы әрекетін дер кезінде көршілері байқап, баланы аман алып қалды. Шынашақтай қызды арашалап қалған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрде көрініп тұрғандай, ашуға булыққан жұрт балаға қол жүгірткен еркекті жан-жақтан түтіп жеп жатыр. Белгілі болғандай, бес жасар баланы азғын әрірек әкетпек болған. Абырой болғанда, көршілер көріп, арам ойы іске аспай қалды. Қайта сазайын бермек болған халықтан қызқұмарды полицияның арашалауына тура келді. Бүлдіршінді бүлдірмек болған еркек қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін».

Хабарламада ақпарат көзі айтылмайды, демек, теория бойынша рас-өтірігі де белгісіз. Ақпаратта сөз болған адамның «кінәсі әлі дәлелденбегенін» журналистердің өзі де айтып тұр. Ақпарат құралы сот кінәлі деп таппаған адамды қылмыскер ретінде атауға құқығы жоқ. Кінәсіздік презумпциясы деген – сол. Ол туралы Қазақстан Конституциясының 77-бабында «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» делінген. ҚР Журналист этикасы кодексінде де кінәсіздік презумпциясы қағидасын ұстану туралы айтылған. Мұндай жағдайда журналист ешкімді кінәлі деп атай алмайды, қылмысы дәлелденген адам туралы ақпарат таратқанның өзінде «азғын», «қызқұмар» деген өшпенділік тілін қолдану – кәсіби этиканы білмеу. Сонымен бірге заңгерлер күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда оған қандай жаза қолданылатынын айту да дұрыс емес деп есептейді. 

Телеарна журналистерінің мұнысынан видеода әлгі адамның түрі көрінбей қалғаны абырой болған деген ой туады. Телеарнаның YouTube-арнасында осы материалға «Полиция педофилді жұлып жатқан (?) тұрғындардан әрең арашалады» деген тақырып қойылыпты. Сот күдіктіні кінәлі деп таппаса, ол осы ақпарат үшін телеарнадан моральдық шығын талап ете алады. 

«Еуразия бірінші арнасы» бұл жағынан анағұрлым жауапты болып шықты. 

Жүргізуші «Қызылордада жергілікті тұрғындар кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстап алды. Әлеуметтік желілерде педофилдің қолға түскен сәті таспаланған видео тарап жатыр» деп хабарлағанымен бұдан ары негізсіз айыптан сақтанып, сөйлемдерді мұқият қолданады. Материалдағы адам «азғын» емес, «күдікті». Бәрінен бұрын телеарна журналистері ақпарат көзіне сілтеме жасайды, яғни бұл ақпарат негізді, оны полиция растағанын түсінеміз:

«Ашуға булыққан жұрт полицейден күдіктінің түрін көрсетуді талап етуде. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бектұрғанов көшесінде тұратын азаматтар полицияға хабарласып, бүлдіршінге зорлық жасамақ болған ер адамды ұстап алғанын айтыпты. Тұрғындар күдіктінің бес жасар балаға тиіскенін көрген екен. Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта осы дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін шаралар жүргізіліп жатыр». 

Қылмысқа қатысты материал жасағанда қай мәлімет құқық қорғау органына, қай мәлімет хабар таратушыға тиесілі екені айқын ажыратылып тұруы керек. Бұл жерде де нақтылық пен бейтарап болу – заң мен этиканың талабы. «КТК» эфиріндегі Атырауда ақша бопсалағаны үшін ұсталған қыз туралы материалдан күдіктіні тап солай полиция суреттеді ме, әлде журналистер ме, айыру қиын. Өйткені кадр сыртынан айтылған сөйлемдердің ешқайсында ақпарат көзі аталған жоқ. Күдікті «жас жігіттерді құрығына түсіріп жүрген», «бозбаланың әбден сеніміне кірген», «шаруа біткесін «зорлау фактісі бойынша үстіңнен іс қозғаймын» деп әбден қорқытқан» деп, жігіт «амалы таусылған», «полицияға шағымдануға мәжбүр болған», «басы бәлеге қалған» деп суреттеледі. Полицейдің синхроны берілгенімен баяндау тәсіліне қарағанда телеарна қылмысты өзі анықтағандай болып тұр. «КТК» материалды YouTube-арнасына «Хиджаб киген қыз зорладың деп миллиондаған ақша бопсалаған» деген атаумен жариялаған. 

Жан түршіктіру мен виктимблейминг

Медианы зерттеушілер кісі өлімі, адамның ауыр жаралануы сияқты келеңсіз оқиғаларды хабарлағанда «ешкімге зиян тигізбеу немесе зиянды барынша азайту» қағидасын ұстануды ескертеді. Бұл қағида бірнеше негізгі талаптан тұрады:

  • аудитория хабарланатын ақпаратқа қаншалықты мұқтаж екенін саралау;
  • ақпаратты хабарлағанда қандай зиян келуі мүмкін екенін ескеру;
  • ақпаратта аты аталатындарды, әсіресе зардап шегушілерді құрметтеу, өміріне қауіп, абыройына нұқсан келтіріп алмау;
  • мәселенің мән-жайын әдеп бойынша баяндау;
  • адам құндылықтарын, нәсіл, ұлт, дін, жыныс, дене бітімі, басқа да ерекшеліктерін ескеру;
  • адамдардың жеке өмірі мен жеке басына қатысты ақпаратты жарияламау.

«КТК» 22 шілдеде Шымкентте бір қыз бала теміржолдағы көпірде токқа түсіп, күйіп қалғанын хабарлады. Жүргізуші «Жасөспірім теміржол үстіндегі көпірдегі темір қалқа торға шыққан. Телефонмен видео түсірмек болған кезде аспалы электр сымына жабысып өртене бастаған», — деді. 

Бұдан соң куәгер адам токқа түскен кезде көпірдің үсті «салют сияқты атылғанын», «орыс қызын көргенін» айтады. Тілші оған «Шыңғырып жатты ма?» деп сұрақ қояды. Куәгер зардап шегуші «қимылдап жатқанын», «кәдімгідей жанып жатқанын», «ұзынынан жатқанын» айтуға мәжбүр болады. 

Куәгердің сөзінен кейін жүргізуші кадр сыртында «Оқиға орнында қыздың жанып кеткен киімінің шүберектері әлі торға жабысып тұр. Тіпті электр сымында қыздың шашы ілініп қалған», — деп хабарлады. Сымға жабысқан шашты көрермен видеодан онсыз да көреді.  

«Жасөспірім телефонмен видео түсірмек болған» деп хабарлаған жүргізуші кейін «TikTok-қа видео түсіргісі келді ме, әлде басқа жағдаймен қауіпті орынға көтерілді ме, оны ешкім әлі айта алмайды» дейді, яғни зардап шегушіні жанама айыптайтын әуелгі ақпараты расталмаған. Бірақ материал авторлары бұған аса бас қатырмай, оқушы қалай өртенгенін тәптіштеп, жан түршіктіре баяндауға көшеді. 

«Еуразия бірінші арнасы» бұл оқиғаны кадр сыртынан қысқаша ақпарат етіп хабарлауға қимай, сюжет жасауды ұйғарған. Тілші әлгі көпірден стендап жасап, куәгерлердің ақпаратын жеткізді, кадр сыртында «қызды ток ұрған кезде отшашу секілді болғанын», «қатты қиналған дауысы шыққанын», «ешкім көмектесуге беттей алмағанын», «қыздың денесі сүйегіне дейін күйіп кеткенін» айтты. Қыз токқа түскенде оқиға орны «түтіндеп, сасып кеткенін» айтқан куәгердің сөзін берді. Дәрігерлер тілшіге «қыз аман қалған күннің өзінде мүгедек болып қалуы мүмкін екенін» айтыпты. Сөйлеміндегі тавтологиямен, субтитрдегі қатемен бірге тілші электр тогы мен электр энергиясы екі басқа нәрсе екенін де ескермеген, бұл контексте әңгіме электр желісін токтан ажырату туралы еді. Сол себепті «төтеншеліктер келіп, электр энергиясын өшіргеннен кейін ғана күйіп қалған қызды төменге түсірген» деген сөйлем дұрыс емес. Бірақ тілші үшін кәсіби талаптардан гөрі төтенше оқиғаның драмасын күшейткен маңызды болғанға ұқсайды. 

«Оқушы қыз не себепті торға көтерілгенін құқық қорғау органдары анықтауға кірісті» деп хабарласа да, телеарна бұл материалды YouTube-ке «TikTok-қа видео түсірмек болған қыз токқа түсті» деген атаумен жариялаған. Осылайша екі телеарна да оқиғаның себебі анықталмай жатып, кінәні зардап шеккен адамның өзіне бұратын (виктимблейминг) қорытынды жасайды. 

«Еуразия бірінші арнасы» жаңалықтарының орысша нұсқасында бұл ақпарат басқаша сипатта: «Полиция 15 жастағы оқушының токқа түскеніне қатысты іс қозғады. Қызды суицидке итермелегендер болуы мүмкін». 

Дисфемизмдер мен әлеуметтік стигматизация

Ақпарат таратуда этиканы, кәсіби стандарттарды ескермеуді шартты түрде трэш-журналистика деуге болады. Өкінішке қарай, шолуымыз біздегі телеарналардың ішінде «КТК» мен «Еуразия бірінші арнасының» ақпарат бағдарламасында осындай сипаттағы материалдар жиі көрсетілетінін байқатты. Трэш-материалдарға тән белгілер: кез келген төтенше оқиғаны ең жойқын, ең алапат, ең сұмдық жағдай деңгейіне көтере суреттеу; жыныстық қатынас, зорлық-зомбылық, қатыгездік, тағы сондай тақырыптарды бар деталін тәптіштеп, әуестене баяндау; жиіркеніш, өшпенділік сияқты жағымсыз эмоцияны үдететін тілді қолдану; ақпаратты әлеуметтік, моральдық, гендерлік, басқа да стереотиптерге сүйеніп тарату және тағы басқа. 

22 шілдеде «КТК» Түркістан облысында бірнеше ауылдың тұрғындары «жезөкшелер ордасына айналды деп жергілікті қонақүйге шүйліккенін» хабарлады. Қысқаша мәні: бір топ адам «қонақүйге жезөкшелер мен мас клиенттер келіп, ауылдың берекетін кетіреді» деп наразы, қонақүй иесі «бұл ондай жер емес» деп ақталып отыр, осы кезге дейін полицияға ешкім шағымданбаған. 

Осы материалда секс-қызмет ұсынатын әйелдердің әрекетіне наразы адамдар мен журналист қолданған тіл ерекшелігінің айырмасы болған жоқ. Ақпарат тілі бейтараптықтан ауытқымауды талап ететініне қарамастан жүргізуші де, тілші де дисфемизмдерді (жағымсыз реңк беру үшін немесе экспрессияны күшейту үшін бейтарап сөзді алмастырған неғұрлым тұрпайы балама) оңды-солды қолданған: 

Үнемі жеңіл жүрісті сылқымдар мен мастардың у-шуынан шаршаған ауылдықтар қонақүйге ондайларды жолатпасын деген талап қойды. 

Расында шылымды бұрқыратқан сылқым саудаласып отыр, бірақ «бұл қонақүйге қатысым жоқ» дейді. 

Жиналғандар қонақүй жеңіл жүрістілердің ордасы дегенімен ішке кіргенде жезөкшелерді таба алмадық. 

Бұдан да дөрекі лексиканы төл сөзге қалдырған («Демалмай ұра береді, ыңқылдаған дауысы бар, басқасы бар», «Ақымақ емеспін жәлеп сататын, кіреберіске де жазып қойғанмын «Жәлеп жоқ» деп»).

Қолданылған экспрессив сөздер журналист жанжалдасушылардың мүдде-көзқарасына бейтарап емес екенін байқатып қалады. Сөзінде «жезөкшелерді» айыптайтын тараптың ықпалы басым, арагідік сол тарапты қолдайды да: 

«Демалыс орны ашылғаннан бері ішіп, шегіп алып жүретіндер көбейген көрінеді. Сондықтан ауылдың берекесін алған қонақүйдің мәселесін шешуге осында жиналды» («берекетін кетірген» деген тіркесті қолданғысы келген болуы керек);

«Ал қонақүй әкімшілігі кім кіріп жатса да, бәрібір сияқты». 

Қазіргі медиа үшін «жезөкше» сөзін қолдану да адамдардың белгілі бір тобын стигмалау, теперіш көрсету болар еді. «Ерсі жүріс-тұрыс» пен «ашық-шашық киінуді» айыптауға қарсы салыстырмалы түрде жаңа ұғым (слатшейминг) пайда болғаннан емес, жалпы этика бойынша. Адамдардың секс-қызмет көрсетуді кәсіп ретінде таңдауын жиіркенішті тақырып деп есептеу – стереотип. 

Осы репортажда қонақүй қожайынының сөзі сауаттырақ болды: «Біреудің атына кір тақпа. «Жәлеп» дегенің үшін Алланың алдында жауап бересің. Қатты кетпе.» Тағы бір қызығы – видеодан қонақүй елді мекеннің ішінде емес, шетінде, тас жолдың бойында тұрғанын көруге болады. Оны YouTube қолданушылары да жазған. 

Бұл қонақүйге қатысты мәселені «Еуразия бірінші арнасы» да көрсетті. Осы екі телеарнаның Шымкенттегі меншікті тілшілері үнемі бірдей тақырыпта репортаж жасайды. Тіпті бір жұмыс материалын пайдаланатындай: видеосы да, интервьюлері де бірдей. Мәтін ғана басқа, «Еуразия бірінші арнасының» тілшісі бұл материалында «түнгі көбелек», «ақшаға арын сататындар» деген тіркесті қолданды. 

Балалар құқығын өрескел бұзу мен оларға зиян тигізу

Медиадағы сауатқа қатысты шектен шыққан жайт жол апатынан ауыр жарақат алған оқушы туралы материал дер едік. «КТК» көрсеткен сюжетте «қыз баланың жыныс мүшесі жұлынып кеткені» айтылады, телеарна зардап шегушінің жарақаты туралы жар сала отырып, оның бет-әлпетін бүркемелемеген. 

Тілші Аруна Ортай «10 жасар қыздың жарақаты туралы айтуға ауыз бармайды» деп алып, ерекше мәнерімен егжей-тегжейлі баяндайды. Әуелі «КамАЗ» баланың оң аяғын жұлып әкеткенін, дәрігерлер дене мүшесін сол мезетте тігіп бергенін, оқушы бір айда аяғын басып жүрмейтін болса, одан да айырылғалы тұрғанын» айтады. «Бұл қасіреттің бер жағы ғана» екенін ескертеді. Бұдан соң қыз баланың қасында отырған анасын сөйлетеді, ол оқушының жыныс мүшесіне операция жасалғанын айтады. Тілші «жүк көлігі баланың жыныс мүшесін жұлып кеткенін» қайталап, ол «жалғанған түтікше арқылы кіші дәрет сындырып жүргенін» қосады. Онсыз да эмоция туғызатын ақпаратында «сұмдық жағдай» дегенді қолдана кетеді.  

«КТК» тағы бір адамның буллинг көруіне үлес қосты деп есептеуге болады. Уақыт өте жарақат жазылуы мүмкін, ал интернеттегі ақпарат қалады. «Жаңа репортер» мұндай ақпарат этикаға қайшы екенін, ниет эмпатия туғызу болғанымен түрлі оқиғадан зардап шеккен балаларға оның салдары тіпті ауыр тиюі мүмкін екенін үнемі жазып келеді. Журналистер келеңсіз оқиғаға душар болған балалардың келешек тағдырын ойлап, олардың бет-әлпетін әрдайым жасыруы керек.

Аудиторияның қайғылы жағдайлар, төтенше оқиғалар мен табу тақырыптарға құмартуы этика мәселесінен аттап кетуге жол бере алмайды. Журналистен мамандығы кез келген ақпаратқа жан-жақты көзқарасты, ешқандай мүдденің жетегінде кетпеуді, адамдарға нұқсан келтірмеуді талап етеді. Сонымен бірге Қазақстан телеарналарындағы күнбе-күнгі жаңалық эфирлері редакциялар медиабілімді арттыруға тиіс екенін көрсетіп отыр. Мысалы, ауа райы туралы мәлімет беретін жүргізушіні («Еуразия бірінші арнасы») сексуал объектіге айналдыру, эфир сайын оған дене бітіміне, киіміне, декольтесіне қатысты китч әзіл айту қазіргі медиастандарттар бойынша хайп та, дәреже де емес, таяздық деп есептелуі мүмкін.