Домой Блог Страница 65

Қоғам қайраткерлерінің айтқандарын қалай тексеруге болады?

Шілде айында, 2016 жылғы президент сайлауына арналған кампаниясын бастар алдында миллиардер Дональд Трамп мексикалық иммигранттар туралы айтқандарымен ақпарат құралдарын біраз әуре етті. «Олар өздерімен наша алып келеді. Олар — қылмыскерлер. Олар — әйел зорлаушылар», — дей келе, Трамп «олардың кейбіреулері жақсы адам болуы мүмкін» деп жорамал жасайтынын да айтты.

Медиа құралдары иммигранттар тұрғылықты америкалықтарға қарағанда көбірек қылмыс жасайды деуге дәлел жоқ екенін көрсететін зерттеулер мен деректерге сүйене отырып, Трамптың айтқандарын бірден жоққа шығарды.

Фактілер мен ойдан шығарылған дүниені ажырата білу — аузынан шыққан әр сөзі мақала тақырыбына айналып кетуі мүмкін қоғам қайраткерлері туралы айтып, жазатын журналистер үшін қиын міндет.

Қоғам қайраткерлері өз жеке басының қамы, не саяси пайдасы үшін өтірік айтып, не шындықты бұрмалап отырғанын қалай түсінуге болады? Қай сөзіне сенуге болатынын қалай анықтаймыз? Кімге сену керек? Фактілерді тексеруді неден бастау қажет?

Пулитцер сыйлығының иегері, PolitiFact сайты журналистерге жеті кеңес ұсынады.

2014 жылғы тамыз айында жарияланған материалда редактор Энджи Дробник Голан былай дейді: «Дәлел іздеуде біз ешнәрсені назардан тыс қалдырмау үшін арнайы нұсқаулықты қолданамыз. Әрине, фактілерді тексеру жағдайларының бәрі алуан түрлі, алайда, шындыққа жету үшін бір ғана әдістерді пайдалана беруімізге болады».

Дәлелдер келтіруін сұраңыз 

«Адамдар тіпті кейде ұзақ ойланып отырмастан әлденені айта салғанда, әдетте ондай ой неден туындағанын түсіндіре алады. Әдетте, адамдар нақты емес мәліметтерді айтқанда да ол идеяны ауадан алмайды.

Сөз сөйлеуші айтып отырған дәлелдерді кілт деп қараңыз. Кейін сол сөздерді растайтын не жоққа шығаратын өзге дәлелдерді іздейсіз».

Фактілерді тексерумен айналысатын өзге адамдар сізден бұрын не тапқанын қараңыз 

«PolitiFact редакциясында біз осы тақырып бойынша жариялаған контентті іздеу кезінде сегіз мыңнан астам нәтиже беретін мұрағатымызға жүгінеміз. Сондай-ақ,  біз Factcheck.org сайтындағы, Washington Post басылымының Fact Checker блогындағы, Snopes және фактілерді тексерумен айналысатын өзге де сайттардағы достарымыздың жұмысының нәтижелерін пайдаланамыз және өз материалдарымызды жариялауда оларға сәйкесінше сілтеме жасаймыз.  Біз олар тапқан ақпаратты қарастырамыз, содан кейін дәлелдерді өзіміз тексереміз».

Google-да іздеу жүргізіңіз – содан кейін оны қайталаңыз

«Бір-екі сөйлем бойынша іздеумен шектелмеңіз. Сөздердің орнын ауыстырып байқап көріңіз. Мысалы, климат өзгеруі туралы жазсақ, «климат өзгеруі», «ғаламдық күн жылуы», «көмірсутек шығуы», «СО2 мөлшері төмендеуі», «электр энергиясы» деп іздейміз».

Google-дағы күрделі іздеуді пайдаланыңыз, файл типі (file:pdf) немесе домен атауы бойынша (site:politifact.com) іздеңіз. Google-дың кеңейтілген мүмкіндіктерін зерттеу біраз уақыт жұмсауды талап етеді, алайда бұл өте пайдалы машық болмақ.

Түрлі көзқарас ұстанатын мамандарды іздеңіз 

«Эксперттер сіз өзіңіз таба алмайтын зерттеулердің нәтижелеріне жүгінуге кеңес беруі мүмкін. Ол болмаса, өзіңіз білетін зерттеулердің басқа қырына назар аудартады. Сондай-ақ, эксперттер күрделі мәселелер туралы жалған болжамдардан аулақ болуыңызға көмектеседі.

Эксперттерден сізге басқа эксперттерді табуда көмектесуін өтініңіз. Олардан «Сіз өзіңіз пікірін құрметтейтін және осы мәселеде пікірімен келіспейтін кісілерді атай аласыз ба?» немесе «Осы мәселеде біраз беделді саналатын кім де кімді атай аласыз ба?» деп сұраңыз.

Тағы не бар?

«Өзіңізге «Не нәрсені назардан тыс қалдырдым? Тағы кіммен сөйлесуге болады? Осы мәселенің мен ескермеген тағы қандай қыры бар?» деген сұрақ қойыңыз. Процесті түгелдей қайта ойластырыңыз — көбінесе осылайша фактілерді тексеру процесіне сәттілік әкелетін соңғы, ең маңызды ақпаратты табуға болады».

БАҚ ұсынатын ақпараттың нақтылығына ықпал етуді мақсат қылатын ұйым — Africa Check – қоғам және саясат қайраткерлерінің айтқан сөздерін тексеру жөнінде кеңестер ұсынады.  Олар журналистерге ақпараттың растығын бағалауға көмектесуі тиіс сұрақтар тізімін жасапты. Олардың арасында мынадай сұрақтар бар:

  • Осы қоғам қайраткерлері айтып отырғаны туралы шынымен білуі мүмкін бе? Олар осы ақпаратты соның иесінен алды ма? Әлде бір жерден естігеніне сене салды ма?
  • Бұл ақпарат қайдан жиналғаны туралы мәлімет бар ма? Қоғам қайраткерлері кейде көп жыл бұрын жиналған ақпаратты жаңа дерек деп айта салатын кездері болады.
  • Статистикалық деректерді сараптағанда іріктелім қаншалықты үлкен болғанына назар аударыңыз. Оның толықтығына да.
  • Деректерді жинау қалай жүрді?

AfricaCheck былай деп кеңес береді: «Дерек көздеріне, эксперттерге, жұртшылыққа жүгініңіз… Қоғамдық пікірталастарды тексеру — оңай шаруа емес. Кейде ақиқат майда-шүйдеден шығады. Оны табу үшін табандылық керек».

Өтірікті тану жөніндегі эксперт Джанин Драйвер ФТБ қызметкерлері мен өзге де мемлекеттік агенттерді өтірікті танып-білуге үйреткен. Ол ұсынған  бес кеңес те журналистердің қажеті жарап қалуы мүмкін:

Ең алдымен, адам қалыпты жағдайда өзін қалай ұстайтынына назар аударыңыз.

  • Мұқият тыңдаңыз.
  • «Шұғыл тақырыптарға» назар аударыңыз.
  • Қосымша сұрақтар қойыңыз.
  • Адамнан «рас айтып отырсыз ба?» деп сұраңыз.

Ақпараттың рас-өтірігін тексеру жөніндегі өзге де материалдарымыз

2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық — журналистер үшін жергілікті ақпарат көздері

Kiratiana Freelon

2016 жылғы 5 тамызда Рио-де-Жанейрода басталатын Олимпиада ойындары және бір айдан кейін өтетін Паралимпиада ойындары туралы жаза бастау үшін дүние жүзінің журналистеріне келер жылды күтудің қажеті жоқ.

Қала ойындар астанасы болып 2009 жылы таңдалды. Қазіргі кезде Олимпиада қалашығын салу жөніндегі жұмыстар 86% аяқталып тұр.

Алайда, қалада алдағы іс-шаралар дайындығына ықпалын тигізетін қиындықтар әлі де көп. Мысалы, Associated Press жүргізген зерттеулер көрсеткендей, желкенді қайықтар жарысы өтетін Гуанабара шығанағындағы судың сапасы кәріз суынан еш айырмашылығы жоқ екен; қала басшылығы Олимпиада қалашығына іргелес жатқан Vila Autódromo фавеласының тұрғындарын  мәжбүрлі түрде қоныс аудартып жатқан көрінеді.   Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікке байланысты мәселелер де бар:  жақында Amnesty International ұйымы жариялаған деректерге сүйенсек,  Рио-де-Жанейро қаласының әскери полициясы соңғы бес жылда қаланың 1519 тұрғынын өлтіріпті.

Халықаралық жаңалық агенттіктері мұндай ақпаратты бірінші болып жариялай бермейді. Оларды тек жергілікті дерек көздерінен, әсіресе, әлеуметтік медиадан білуге болады.

IJNet Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықпен байланысты мәселелер жөнінде бірінші болып хабарлайтын жергілікті дерек көздерінің тізімін жасады.

Жалпы бағыттағы сайттар

Rioonwatch.org сайты Олимпиада және Паралимпиада ойындарына әзірлік барысы соңғы бес жылда Рио-де-Жанейро фавелаларына қалай әсер етіп жатқаны туралы айтады.

Catalytic Communities ұйымдастырған сайтта осы аудандардағы митингтер мен басқа да оқиғаларға қатысқан ондаған журналистің репортаждарын табуға болады. Сайт архиві – фавелаларда тұратын адамдарды күштеп көшіру оқиғалары, қоршаған орта жағдайы және фавелаларды элит аудандарға айналдыру жөніндегі ақпараттың қайнар көзі. Сонымен қатар, Rioonwatch.org жақында іске қосқан RioONWire жаңалық сервисінде фавелаларға байланысты жаңалықтар мен анықтамалық ақпарат ұсынылады.

Riorealblog.com продюсері Джулия Майклс өз жобасын Рио-де-Жанейрода болып жатқан өзгерістерге сыни көзқарас» деп сипаттайды.  Майклс – Бразилияда отыз жылдан бері тұрып келе жатқан америкалық жазушы, ол өз блогын 2010 жылы ашты.

Блогта тек автор өзі жазған материалдар жарияланады, алайда,  блогтың Facebook-тағы парақшасында Рио-де-Жанейро туралы өзге медиа құралдары жазған ең маңызды деген жаңалық мақалаларына сілтемелер беріледі.

Фавелалар тұрғындарын күштеп көшіру және осы аудандармен байланысты жаңалықтар 

Vila Autódromo фавеласы тура Олимпиада қалашығына іргелес, бір кездері Формула 1 трассасы өткен Джакарепагуа (Jacarepaguá) ауданында орналасқан. Адамдар онда 30 жылдан бері тұрып келеді.

2009 жылы Рио-де-Жанейро 2016 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының астанасы болып таңдала салысымен, қала мэрі Эдуардо Паес фавелалардан құтылғысы келетінін бірден жария етті. Бұл аудандардың тұрғындары осы алты жыл бойы өз үйлерінде тұру құқығы үшін күресіп келеді, алайда, қаланың күші басым сияқты: қазір фавелаларда тұратындардың он пайызы ғана сол аудандардың байырғы тұрғындары.

Сонда да, жұртты күшпен көшіруге қарсылық кампаниясы да күш алып келеді. Facebook-тағы Viva Vila Autódromo парақшасы кім де кімді күштеп көшіргенінен бастап, үкімет өкілдерінің келіп-кеткеніне дейінгі жергілікті жаңалықтардың барлығын жариялап отырады.

Рио-де-Жанейро халқының бестен бірінен көбі фавелаларда тұрады, сондықтан да журналистер осы аудандармен байланысты негізгі жаңалықтарды қадағалап отыруы тиіс.  Brazil247.com сайтында фавелалардағы жағдай жөнінде жаңалықтарды әрдайым табуға болады.

Coletivo Papo Reto қауымдастығы және Рауль Сантьяго туралы The New York Times баяндағаннан кейін ол Рионың фавелаларында тұратын адамдардың үніне айналды. Оның командасы Рио-де-Жанейроның ең ірі фавеласы – Complexo do Alemão жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Сантьяго осы қауымдастық туралы жаңалықтар мен ақпаратты ұйымның  Facebook-тағы парақшасында  жиі жариялап отырады. Complexo do Alemão фавеласынан жаңалықтар жеткізетін тағы бір сайт – Voz das Comunidades, оның да Facebook-та парақшасы бар.

Гуанабара шығанағындағы судың сапасы

Рио-де-Жанейро Олимпиада комитетіне 2016 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу жөнінде өтініш берген кезде ел үкіметі Гуанабара шығанағының ластанып кеткен суын тазартуға уәде еткен еді. Алайда, жақында  Associated Press жүргізген зерттеулер ол уәде орындалмағанын көрсетті.

Белсенді-эколог Марио Москателли соңғы жиырма жылын шығанақты тазартуға қол жеткізуге арнаған. Оның  Facebook-тағы жеке парақшасында ол шығанақты тазарту жолында істеп жүрген жұмыстары жөнінде айтылады, сонымен қатар, соңғы жаңалықтар туралы ақпарат та ұсынылады.

INEA мемлкеттік экологиялық тобы Рио-де-Жанейро жағажайларының қауіпсіздігін үнемі тексеріп отырады.

Гольфқа арналған алаң

Гольф – Олимпиада ойындарына жаңа қосылған ойын түрі. Риодағы гольфқа арналған олимпиадалық алаң құрылысы төңірегінде дау көп, өйткені ол үшін табиғи парктің бір бөлігі пайдаланылмақ.

Рио-де-Жанейроның белсенді экологтары Facebook-та бірнеше парақша жүргізеді, онда осы тақырыпқа байланысты соңғы жаңалықтарды табуға болады. Golfe Para Quem және Ocupa Golfe – осы екі парақшада журналистер осы саладағы соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруына  болады.

Қоғамдық қауіпсіздік

Қаланың орталығындағы қылмыс деңгейінің жоғары екендігі сондай, Рио-де-Жанейрода тұратын адамдар үнемі соны ойлап жүруге мәжбүр. Рио-де-Жанейродағы Институт де Segurança Pública қаладағы қылмыстар туралы ақпаратты қадағалап отырады.

«Қораптағы-қауіпсіздік» жобасы: онлайн-қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалар мен мақалалар

Security in-a-box («Қораптағы-қауіпсіздік») жобасы — кез келген қолданушыға Интернеттегі жеке бас деректерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кеңестер, ұсыныстар, мақалалар мен тегін бағдарламалардың онлайн-жинағы. Әсіресе бұл каталог медиа мамандарына керек.

Security in-a-box жобасы жөнінде

«Бұл жинақ – Tactical Technology Collective және Front Line ұйымдарының жетекшілік етуімен жұмыс жүргізген әлемнің түрлі елдеріндегі қауіпсіздік саласындағы эксперттер, құқық қорғаушылар, бағдарлама әзірлеушілер мен аудармашылардың ортақ қызметінің нәтижесі.

Материалдар да, бағдарламалар да компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі тренингтер мен семинарларда бірнеше рет пайдаланылды».

Жинақ екі бөлімнен тұрады: буклет («Пайдалы кеңестер») және практикалық нұсқаулық («Қажет бағдарламалар»). Нұсқаулыққа бірнеше тегін бағдарлама қоса беріледі.

Сборник состоит из двух основных частей: буклета ("Полезные советы") и практического руководства ("Нужные программы"). К руководству прилагается ряд бесплатных программ.

Құпия сөзді сақтау, қажет ақпаратты қалпына келтіру, вирустардан құтылу, цензураны айналып өту, файлдар мен почтаны шифрлеу — ресурста осы тақырыптар бойынша тек теориялық кеңестер ғана емес, шын мәнінде жұмыс істейтін тегін бағдарламаларға сілтемелер беріледі.

«Жинақ ағылшын, араб, испан, орыс және француз тілдерінде ұсынылады. Ол электрон түрінде ғана емес (дискілерде және Интернетте – securityinabox.org), басылым түрінде де бар. Кітап түріндегі нұсқасы қажет болса, security@ngoinabox.org адресіне хабарласыңыздар».

 

Деректер журналистикасындағы әлемдік тенденцияларға ілесу

Дүние жүзінің журналистері деректер журналистикасына қызығушылық танытады, тренингтерге қатысып, жаңа білімдерді өз жұмысында пайдаланады. ICFJ Knight бағдарламасының стипендиаты Стивен Абботт Пью деректермен жұмыс істейтін журналистер қауымдастығымен өзара ықпалдастықты ұстап тұру жөнінде бірнеше идея ұсынады.

Сонымен, деректер журналистикасы бойынша курсты тәмамдап, бұл сіз үшін қандай мүмкіндіктерді ашатынын түсіне бастадыңыз. Ары қарай не істейсіз? Жаңа ақпарат алып, өз машықтарыңызды жетілдіру үшін ұсынылатын төрт тәсіл мынадай:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер журналистикасымен және технологиялармен/инновациялармен байланысты әлемдік қауымдастықты танытатын Hacks/Hackers ұйымының жергілікті бөлімшесіне қосылыңыз. Ондай топтарды іздеу үшін  Meetup.com немесе Facebook сайттарын пайдалануға болады.
  2. Twitter сайтында #DDJ және #dataviz хештегтері бойынша деректер журналистикасы мен деректерді визуалдау саласындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз. Сол жерден табылған ақпарат сізге өзіңіз оқыған материалдар сияқты дүниелер жасау үшін жергілікті ақпарат көздерін іздеуге көмектеседі.
  3. Ашық деректердің онлайн-базаларында алуға болатын деректер жинақтарымен танысыңыз. Өз еліңіздегі ашық деректер ұсынатын ресурстарды біліп алыңыз.
  4. Пайдалы сілтемелерді алып отыруға жазылыңыз. Бұл сізге деректер журналистикасы саласындағы соңғы жаңалықтар туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мысалы:  Data Driven Journalism ұйымының бюллетені (DDJ) (жаңа бастаушылар үшін), Code for South Africa ұйымының  Naked Data newsletter таратылымы (көңіл көтеру үшін) және  NICAR-L таратылымы (эксперттер үшін). Сонымен қатар,  Google Groups арқылы жергілікті таратылымдар жөнінде ақпарат іздей аласыз.

Деректер журналистикасында жұмыс істейтін журналистер үшін пайдалы болатын өзге де материалдарымыз:

Деректермен жұмыс істеудегі бес қадам

Data-журналистика жөнінде 12 кеңес

Деректер журналистикасында карталарды пайдалану

Journalism Tools — журналистерге арналған онлайн-құралдар каталогы

Journalismtools  — медиа мамандарына арналған сервистердің ең толық жиынтықтарының бірі.

Қырықтан аса бөлімнің әрқайсысында ресурстарға сілтемелер, зерттеу материалдары, деректер базасы, тағы басқа көптеген пайдалы дүниелер бар.

Journalism Tools - каталог онлайн-инструментов для журналистов

«Жаңалық ресурстарының келешегі» , «Жаңалықтардың жаңа үлгісі» айдарларынан бастап, фото, видео, инфографика, карталар жасауға арналған алуан түрлі инструменттерге шолуға дейін, журналиске жаңа медиамен жұмыс істеу үшін білу керектің бәрін таба аласыздар.

Journalism Tools - каталог онлайн-инструментов для журналистов

Сондай-ақ, мұнда заманауи резюме жасауға арналған сервистер жинағы және сайт құрастыру жөніндегі нұсқаулықтар,  дрондарды медиада қолдану туралы ақпарат та бар.

Journalism Tools - каталог онлайн-инструментов для журналистов

Сіз де өз редакцияңыз үшін пайдалы болар ақпаратты тауып қаларсыз.

 

Internews Network Орталық Азиядағы өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға екінші байқау жариялайды

Жоба Орталық Азиядағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» аймақтық бағдарламасы аясында АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда жүргізіледі.

Жоба қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында конвергент редакция құру үшін білім беру, ұйымдастыру және технологиялық қолдау көрсетуді көздейді. Жоба бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылығын дамытуға, бизнес әлеуетін және ресурстардың аудиториясын арттыруға, ақпаратты жасау және талқылау процесіне аудиторияны белсенді тартуға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

  1. Жаңа медиа құралдары мен интернет-журналистика тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
  2. Қауымдастыққа бағдар ұстаған интерактив журналистиканы дамыту арқылы БАҚ пен олар қызмет ететін халық арасындағы байланыстарды нығайту.
  3. Конвергент редакциялар және мультимедиа БАҚ құру жөнінде көмек көрсету.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының бизнес әлеуетін нығайту, Интернет-ресурстар аудиториясын арттыру.

Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мынадай бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады: 

  • ресми тіркелген;
  • журналистикадағы этика және жауапкершілік принциптеріне адалдығын көрсетіп жүрген;
  • қаржы және менеджмент, бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан әлеуеті бар және тұрақты;
  • конвергент редакция және қуатты Интернет-ресурс құруға қаржы инвестициялауға мүдделі;
  • үйренуге ашық.

Жобаға қатысушылармен мына бағыттарда жұмыс жүргізіледі: 

  • бұқаралық ақпарат құралдары базасында конвергент редакция құру және жаңа медиа құралдарын интеграциялау жөніндегі резиденциялар;
  • бағдарламаға қатысушыларға арналған жеке кеңес беру жобалары;
  • мультимедиа журналистика, жаңа медиада, дата-журналистикада жұмыс істеу жөніндегі вебинарлар.

Байқауға қатысу шарттары

  1. Өтініш үлгісін толтыру
    1. Internews Network өкіліне asukhachyova@internews.org адресіне 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін жолдау.

2015 жылғы жобаға қатысу үшін әр елден екі-екіден, барлығы алты БАҚ іріктеп алынады. Байқаудың қорытындысын  Internews Network 2015 жылғы 25 қыркүйекке қарай шығарады.

2014-2015 жылы Newroom2.0 жобасы аясында  Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның алты бұқаралық ақпарат құралы  Интерньюстің аймақтық медиа- және бизнес кеңесшілерінің жетекшілігімен бірқатар тренинг, мастер-класс және вебинар өту мүмкіндігіне ие болды.

Бір жыл бойы редакциялар медианың онлайнда жұмыс істеу принциптерін үйреніп, мультимедиа құралдары мен оларды қолдану тәсілдерін меңгеріп, интернет-медиа саласында бизнес жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Әр қатысушының өз нәтижесі бар — алты медиа құралы жобаға түрлі мақсат-міндетпен кірген болатын.

Жұмыс барысында Қызылордалық «Қоғам ТВ» телерадиокомпаниясы қазақ және орыс тілдерінде kogamtv.kz сайтын іске қосты.

Newsroom2.0 жобасының қазақстандық серіктестерінің бірі —  «Алау» телерадиокомпаниясы (Қостанай облысы) сайтын толық монетизациялады. Редакция жаңа платформа мен дизайн таңдады.

Қырғызстандық «Ынтымак» телерадиокомпаниясының да сайты жаңарды — yntymak.kg.

Серіктестермен жұмыс әлі де жалғаса береді, әр қатысушы кез келген сұрақпен кеңесшілерге жүгінуіне болады.

Google News Lab журналистер мен медиакомпанияларға келешектің бұқаралық ақпарат құралдарын құруға көмектеседі

Google News Lab  сайты — жаңа медиамен жұмыс істейтін медиа мамандарына арналған онлайн-нұсқаулық іспетті.

“News Lab жоғары сапалы журналистиканы, яғни әлемдегі оқиғалар туралы ақпараттар жариялауды қолдайды.

Қазіргі кездегі жаңалық агенттіктері мен медиакәсіпкерлер материалдарды жинау, ұсыну және жариялаудың жаңа тәсілдерін табуда. Біздің міндетіміз – қажет құралдарды, деректер мен бағдарламаларды ұсыну арқылы олардың жұмысын жеңілдету».

Google ұсынатын мүмкіндіктерді әлі күнге дейін қолданбасаңыз, міндетті түрде «Инструменты» бөліміне кіріп көріңіз. Мұнда деректер жинау, визуалдау, материалды жариялау және оңтайландыру жөніндегі интерактив сабақтар жинақталған.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Мысалы, Google Планета Земля Pro көмегімен Windows және Mac орнатылған компьютерлерде HD-сападағы виртуал турлар жасап , соңынан оларды эфирде көрсетуге болатынын білуші ме едіңіз?

Немесе басылымыңызды  Play Прессы базасына қосу арқылы редакцияға қосымша табыс келтіруге болатынын?  Арнайы журналистер үшін жасалған Google Тренды бөліміне де назар аударып қойыңыз.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Білімдерді қалай пайдалануға болады? «Истории успеха» айдарында Google құралдарының көмегімен ғаламдық аудиториямен жұмыс істейтін журналистердің табысқа жету баяндарын оқи аласыздар.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Тағы бір маңызды ақпарат – Google дүние жүзі бойынша қызықты жобаларға қолдау көрсетеді.

«Сіздің компанияңыз виртуал шынайылық, өздігінен ұшатын аппараттар, деректерді сараптау сынды немесе басқа да жаңа технологияларды журналистика игілігі үшін қолданатын болса,  News Lab-қа хабарласыңыз. Біз қоршаған әлемге деген көзқарасымызды өзгертуі мүмкін жаңа жобалармен жұмыс істегенді ұнатамыз».

Pressfeed.ru — журналистер мен эксперттердің қатынас жасауына арналған онлайн-платформа

Жаңа репортер медиа мамандарының жұмысына пайдалы сервистерге үнемі шолу жасап отырады. Әдетте, біз ұсынатын құралдар мен сайттар ағылшын тілінде болады.

Ал Орталық Азия елдерінің журналистері мен редакторлары қызығатын онлайн өнімдердің көбі, өкінішке қарай, ағылшын тілін білмейтін қолданушылардың пайдалануына мүлде лайықталмаған.

Pressfeed.ru — «Коммерсантъ» баспа үйінің «Секрет Фирмы» журналының редакторы Константин Бочарский жасап шығарған  сайт орыс тілінде жұмыс істейді және журналистер, баспагерлер, редакторлар, фирма және компания иелеріне жақсы көмекші бола алады.

«Pressfeed» деген не? Бұл — медиа мамандары мен түрлі саладағы эксперттер арасында қатынас жасауға мүмкіндік беретін платформа.

«Pressfeed репортерларға кейіпкер, пікір айтушы, оқиға мен фактура іздеуге көмектеседі. Ал компанияларға — медиа құралдарынан сұраным алып, өз кейстерін ұсынуға мүмкіндік береді». 

Сервис өте қарапайым жұмыс істейді  – журналист болсаңыз, өз басылымыңызды көрсетіп тіркелу керек.

Pressfeed.ru - онлайн-платформа для коммуникации между журналистами и экспертами

Содан кейін сұраным жариялай аласыз.

после чего можно публиковать запрос.

«Дерек көздері» үшін де осы рет. Тек, бұл жағдайда сұранымдар жіберілмейді, қаралады. Бәрі тегін.

«Pressfeed баспасөз баяндарын, журналистерге шақыртулар, аңдатпалар мен өзге де пиар-материалдар жолдамайды.

Pressfeed «кері бағытта» жұмыс істейді: журналистер сұрайды, ал пиаршылар мен эксперттер әрқайсына жеке жауап береді».

Сервис қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ  сайттың өзінен біле аласыздар.

Интерактив тест жасауға арналған онлайн-сервистер

Тест — онлайн-аудитория назарын аударудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Сәтті, көңілді, қызықты тесттер сіздің сайтыңызға қолданушылар көп келуін қамтамасыз етіп береді, өйткені, адамдар өзі туралы да, өзгелер туралы да көбірек біліп, өз білімдері мен өзгенің білімдерін тексеріп, салыстырғанды жақсы көреді.

Тест, ойын, онлайн-сауалнама жасауға мүмкіндік беретін екі тегін онлайн-құрал ұсынамыз.

qzzr.com сервисіне тіркелгеннен кейін бірден жұмыс бастай беруге болады.  Create («жасау») батырмасын басып, тест түрін таңдаймыз – бағалаушы немесе сипаттаушы.

3

Нәтижелердің сипаттамасын көрсетеміз де, сұрақтарын түземіз. Әр сұраққа сурет қосып, бүкіл мәтіннің фонын таңдауға болады.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Дайын нәтижені сайтқа HTML-код көмегімен орнатамыз.

Playbuzz.com  Facebook және Google+ аккаунттары арқылы тіркелуге мүмкіндік береді. Мұнда тест нұсқалары көбірек: жеке бас қасиеттерін, қандай да бір білім саласындағы білім деңгейін анықтау, галерея-тест, бағалау парақтары.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Тестті алуан түрлі етіп безендіруге болады — сіз мұнда тек компьютерден сурет жүктеп қана қоймай, сілтеме бойынша сурет не видео алып келе аласыз. Тест санатын таңдау және тегтерді көрсету міндетті.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Дайын нұсқаны сайтқа код көмегімен орнатуға болады. .

iMedia Project-2015 медиабағдарламасына қатысуға байқау

Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «iMedia Project» бастамасының екінші раундын бастайды.

Ашық республикалық байқау аясында қазылар алқасы қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторлары арасында іріктеп алған 20 финалист бір жыл ішінде тегін бес апталық оқыту курсын өтеді.  Қатысуға өтінімдер 2015 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.

The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және басқа да танымал басылымдардың практик-журналистері америкалық екі жетекші журналистика мектебі  – Миссури штатының журналистика мектебі  мен Джорджиа штаты университетінің журналистика және бұқаралық байланыстар Грэди колледжінің профессорларымен бірлесе отырып қазақстандық журналистерге мультимедиалық стартаптар жасау және ілгерілету, сондай-ақ медиакәсіпкерлік және контентті монетизациялау машықтарын үйретеді.

«iMedia Project» бағдарламасы 5 апта ішінде өтетін 200 аудитория сағатына  және оқушылардың аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне есептелген.

Бұл — республикалық және аймақтық БАҚ кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа тәуелсіз медиа жобаларын құруға мүдделі журналистері мен медиаменеджерлеріне арналған Қазақстандағы бірінші білім беру бастамасы.

Толық апқарат бағдарлама сайтында.