Домой Блог Страница 71

«Контенттен пайда табу» тақырыбында вебинар

2015 жылғы 28 мамырда сағат 20:00-де «Контенттен пайда табу» тақырыбында тегін вебинар өтеді.

Медиакомпаниялар өздері өндіретін дүниеден қалай табыс табады?
Жарнама берушілерге керек, аудиторияға қызықты жобаларды іске қосуды қалай жоспарлау керек?

Вебинарды «BBCWorldTrust» және АНО «Internews» халықаралық куәлігі бар бизнес-тренері,  «Автограф» тренинг компаниясының бас директоры Денис Вишня (Екатеринбург) жүргізеді.

Екатеринбургтегі «4 канал» медиахолдингінің жаңалықтар қызметінде жұмыс істеген, УрФО «Ермак» телекомпаниясының аймақтық байланыстар қызметін басқарған. НТВ, ТВ-6 (ТВС), Рен-ТВ телекомпаниялармен белсенді жұмыс істеген.

Бұрынырақта, «Восточный экспресс» Челябинск  телерадиокомпаниясының бас редакторы қызметін атқарған. Урал мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. Масс-медиада 1986 жылдан бері, 1989 жылы Челябинск мемлекеттік телерадиокомпаниясының редакторы қызметіне жарияланған шығармашылық байқауда жеңген. 1996 жылы АҚШ-та үш айлық машықтанудан өткен. 90-жылдары Германия, Швеция, Швейцария журналистерінің тәжірибесін зерттеген.

2001 жылы Лондонда ВВС арнасында бір айлық машықтанудан өтіп, бизнес-тренер куәлігін алған.  2006 жылы АНО «Интерньюс» (USIA) тура сондай куәлігін иеленген. Масс-медиа саласындағы көптеген байқаулардың лауреаты және дипломанты. РФ журналистер одағының мүшесі.

Вебинарға тіркелу

Назар аударыңыз! Вебинарға тек  Google Chrome, FireFox, Opera браузерлері арқылы қосылуға болады.

«Контенттен пайда табу» тақырыбындағы вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен өткізіп отыр. 

 

SMM жөнінде 5 кеңес

Қазіргі Интернет-медиа ақпаратты оқырманға жеткізудің түрлі форматтарын ұсынады: мәтін, видер, фото, аудио. Ұйымның алдында қандай мақсаттар тұрғанына қарай, сіз әлеуметтік желілерде жарияланатын контенттің форматы мен түрін таңдайсыз.

Контенттің қандай түрлері болады?

  • Ақпараттық посттар (ұйым жөніндегі, жұмысы, жобалары туралы ақпарат) ­– 35%;
  • Танымдық-үйретуші (қандай да бір мәселеге қатысты пікірлер, инфографика) – 40%,
  • Ойын-сауық ( ынталандыратын оқиғалар, вирустық контент) – 15%;
  • Интерактив және UGC (ағылш. user-generated content, яғни, «пайдаланушылар жасаған контент») – 10%.

Сапалы контент жазбалар қамтитын аудиторияны арттырып, сізге қажетті әлеуметтік әрекеттер санын көбейтеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі белсенділік БАҚ тарапынан сіздің ұйымыңызға деген сенімді арттыра түсетінін де ұмытпаңыз.

Контент-стратегия құрастыру үшін алдымен айдарлар тізімін жасап, жазбаларды жариялау жиілігін таңдау керек.

Жазба жариялайтын уақытты қалай таңдаймыз?

Әр аудитория үшін жазба жариялауға лайықты «өз уақыты» болады. Барлық әлеуметтік желілердегі ең қолайлы уақыт — жұрттың бәрін жұмыстан үйге келіп отыратын  кешкі 19 бен 22 сағаттың арасы саналады. Дүйсенбі, сейсенбі күндеоі пайдаланушылар аса белсенді емес, сондықтан бұл күндері ақпараттық жазбалар жариялаған жөн. Байқаулар немесе өзге де белсенді шаралар үшін сәрсенбі мен бейсенбіні таңдау керек. Жұма — жеңіл-желпі, көңіл көтеруге арналған жазбалар күні. 

Пікірталас жүргізу үшін Facebook дұрыс, ал , ВКонтакте аудиториясына жүрекке тиер оқиғалар жақсы әсер етеді. 

Жазбаларды жариялаудың түрлі уақыттарын байқап көріңіз, ал аудиторияңызды мезі етпеу үшін, жарияланымдар арасына кем дегенде екі сағат уақыт салып отырыңыз. Пайдаланушылардың таспасын шулата бергеннен, сирек те болса сапалы материалдар жасаған артық. 

Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін пайдалы құралдар

Facebook желісінде «Қызығушылықтар» деген құрал бар, оның арқасында өзіңізге қызықты парақшалардан жеке бір жаңалықтар таспасын құра аласыз. 

Ақпарат жинап, жазбаларды сақтауға арналған танымал сервистердің бірі Evernote деп аталады. Оны жеке бағдарлама ретінде де, мобильдік қосымша ретінде де (барлық құрылғылармен синхрондалады) қолдануға болады. 

Яндекстің  «Яндекс.Новости» деген жаңалықтар агрегаторы бар. Сайтыңыз WordPress- жасалған болса, ондағы материалдар Яндекс.Новости-да автоматты түрде жарияланып отыруы үшін  Yandex.News Feed плагинін орнатып қойыңыз.

Контентпен жұмыс істеу үшін ұсынылатын сервистер

Жазбаны кейінге қалдырып жариялауды NovaPress Publisher (ақылы), Time2Post және FeedMan сервистері ұсынады.

Amplifr сервисі аудиторияның өсуі, белсенділігі, үздік тайминг пен жазбалар бойынша қарапайым сараптама жасайды (ақылы).

Сондай-ақ, әлеуметтік медиадағы белсенділікті сараптауға арналған Feedspy деген тегін және Popsters деген ақылы сервис бар.

SMM жүргізудегі негізгі қателіктер

 Сөз соңында әлеуметтік желілерде жұмыс істеу кезінде жол берілетін басты қателерге тоқталайық:

  •  «Өлі жандар» сатып алу.  «Қауымдастықты аптасына 10 000 пайдаланушыға дейін айналдырып жіберу» қызметін сатып алғаннан, қауымдастық не парақшаның органикалық жолмен өскені дұрыс. Аздаған қаражатыңыз болса, жақсы жазба жариялап, оны ақылы жарнама арқылы ілгерілетіп жіберуге болады.
  • Жазылушылар тартудың тегін әдістерін (виджеттер, e-mail таратылымдар, офлайн іс-шаралар өткізу, өзге ұйымдармен серіктестік, өзара пиар) пайдаланбау.
  • Аудиториясын танып білмеу немесе әлеуметтік желіні дұрыс таңдамау салдарынан жұртты қызықтырмайтын контент жариялау.
  • Аудиториямен қатынас болмауы (елемеу, пікірлерді өшіру).

Инфографиканы жылдам тарату жолдары

Қазіргі кезде онлайн журналистикада визуал материал әзірлеу, оның ішінде инфографика тренд болып келе жатыр. Біраз бұрын ақпаратты дұрыс визуалдау жөнінде кеңестер ұсынған болатынбыз. Енді инфографиканы вирустық етіп, желіде жылдам әрі кең тарату жолдарын ұсынамыз.
Инфографика қаншалықты тиімді бола алатынын бәріміз білеміз. Алайда, ол әлеуметтік медиамен үйлеспейтін болса, тіпті жақсы дизайн мен пайдалы ақпараттың өзі сіздің инфографикаңызды вирустық ете алмайды.  

Инфографиканы сәтті жариялауға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз. 

1. Инфографиканы толық өлшемде кесін ретінде (PDF-файл емес) жариялаңыз 

Инфографиканы жасауға ресурс жұмсаған екенсіз, оны дұрыс жариялауға да ресурс аямаңыз. Көп сайттар инфографиканы PDF форматта жариялайды, бұл оны көріп, бөлістетін адамдар санын едәуір азайтады. 

Инфографикаңызды сайтыңызда не блогыңызда толық өлшемді кескін түрінде (ені 800 px кем болмасын) жариялаңыз. Мысалы, African Widlife қоры өзінің «Africa’s Poaching Crisis» деген инфографикасын жеке landing page түрінде жариялаған:

Изображение: awf.org/campaigns/poaching-infographic

2. Инфографиканы әлеуметтік желілерде жариялау үшін кадрларға бөліңіз

Инфографиканы әлеуметтік желілерде жариялаған кезде оның бір бөлігін таңдаңыз. Инфографиканы бір бөлігін кесіп алуаға болатын және ол тұтастығын жоғалтпайтындай етіп жасаған абзал. 

Мысалы,  «Africa’s Poaching Crisis» деген инфографиканың Twitter-де жарияланған бір бөлігі:

Изображение: twitter.com/nonprofitorgs/status/581454109787623425

3. Инфографикаңызды оңай бөлісуге болатынына көз жеткізіңіз

Әлеуметтік желілерде барынша көп репост жинау үшін инфографикаңызда түрлі әлеуметтік желілерде ортаға салуға мүмкіндік беретін «Бөлісу» батырмалары бар екеніне көз жеткізіңіз. 

Сондай-ақ, репост жасаған кезде инфографиканың әдемі миниатюрасы шығып, тақырыбы мен сипаттамасы генерацияланатынын да болуы тиіс. 

Кнопки "Поделиться", которые находятся рядом с инфографикой. Изображение: awf.org/campaigns/poaching-infographic

4. Инфографика салынған парақтың дизайны бейімделгіш болғаны абзал

Инфографикаңызды неғұрлым көп адам көре алуы үшін, ол жарияланған парақтың дизайны бейімделгіш болуы, яғни, кез келген құрылғыда — компьютер, планшет, смартфонда ашылуы тиіс. 

Инфографика на экране смартфона. Изображение: nptechforgood.com

5. Инфографикаңызға әрекет жасауға үндеу қосыңыз

Инфографикаңызға әрекет жасауға үндеу қосуды ұмытпаңыз – сонда оны көрген адамдар сізге жазылып, қолдау көрсетеді. 

Призыв к действию в конце инфографики. Изображение: awf.org/campaigns/poaching-infographic

6. Таратылым хатына инфографика салынған парақтың сілтемесін (PDF-файл емес) қосыңыз

Инфографикаңызды парақшаңызға жазылушылармен бөліскіңіз келсе, хатқа PDF-файл емес, инфографика салынған парақтың сілтемесін қосыңыз. Біріншіден, ол практика ескірген, екіншіден, көптеген жазылушыларыңыз үшін PDF-файлды ашу артық әуре болып көрінуі мүмкін.   

Оның үстіне, инфографика салынған параққа сілтемемен өтіп, жазылушыларыңыз репост батырмасының көмегімен оны жылдам бөлісе алады.  

Материал Creative Commons СС-BY-SA 3.0 лицензиясымен te-st.ru сайтында жарияланған.

Instagram-да жоба жүргізуге 30 кеңес

Сіздің Instagram аккаунтыңыз бар болса, мыңдаған жазылушысы бар танымал аккаунттарды көрген боларсыз, ал кейбіреулеріне өзіңіз де жазылған шығарсыз.

Төменде айтылған кеңестерді пайдаланып, өз аккаунтыңызды немесе ұйымыңыздың аккаунтын дәл сондай танымал етіп, жаңа жазылушылар тарта аласыз.

  • Instagram-да қызықты да есте қаларлық есім таңдаңыз.
  • Сізге ілесу ниетін тудыратындай өзіңіз туралы ақпарат жазыңыз.
  • Пайдаланушылар танитын профиль фотосуретін жүктеңіз.
  • Өзге пайдаланушыларға не ұнайтынын түсіну үшін танымал Instagram-аккаунттарына жазылыңыз. 
  • Кездейсоқ фотосуреттер жариялаудың орнына, белгілі бір тақырыпты (көңіліңізге қонатын) таңдаңыз.
  • Әдемі де сапалы фотосуреттер жариялаңыз. 
  • Кей суреттер жақсы, бірақ керемет емес — ешқашан нашар сурет жарияламаңыз.
  • Өзіңізді «ілгерілете» бастамас бұрын кем дегенде 15-20 керемет суретіңіз болуы тиіс.
  • Фотосуреттерді жарияламас бұрын өңдеңіз (Instagram-ның өз фильтрлерін емес, VSCO Cam сынды қосымшаларды пайдаланыңыз).
  • Фотосуреттерге қызықты, деректі жазбалар қосыңыз.
  • Қайталанбаңыз, алуан түрлі дүниелер (өз тақырыбыңыз аясында) жазыңыз.
  • Жағажай, айнадағы кескін және күн батып бара жатқан кездің суреттері жұрттың бәріне дерлік ұнайды.
  • Жарияланымдарыңыз тұрақты болсын: күн сайын, апта сайын, т.б.
  • Жиілетіп жібермеңіз — 6 сағат сайын бір сурет жариялау жеткілікті.
  • #бірегей және #креатив хэштегтер қолданыңыз.
  • Хештегтеріңіз тым көп болмасын.
  • Әлдеқандай оқиғаны баяндайтын фотосуреттерді таңдаңыз (жұртқа ол ұнайды).
  • Жазылушыларыңызға сіздің фотосуреттеріңіздің көмегімен әлденені білуге көмектесіңіз.
  • Әдемі жасалған селфи жариялаңыз.
  • Өзге әлеуметтік желілердегі достарыңыз бен жазылушыларыңызға Instagram-да бар екеніңізді айтыңыз.
  • Instagram-дағы фотоларыңызды өзге әлеуметтік желілерде жариялаңыз.
  • Сіздікіне ұқсайтын фотолар жариялайтын адамдарға жазылыңыз.
  • Сондай фотоларға пікір жазыңыз.
  • Аудиторияңызбен қатынас жасаңыз.
  • Әлдекім суретіңізге жақсы пікір білдірсе, оған алғыс айтыңыз.
  • Instagram ұйымдастыратын байқауларға қатысыңыз.
  • Instagram-ның ресми блогын оқыңыз — онда да тың идеялар таба аласыз.
  • Аккаунтыңыз баршаға ашық екеніне көз жеткізіңіз!
  • Жазылым үшін ешқашан ақша төлемеңіз, өзіңізге сеніңіз.
  • Instagram іріктеп алатын фотосуреттер топтамасына кіру үшін барыңызды салыңыз.

Материал Creative Commons СС-BY-SA 3.0 лицензиясымен te-st.ru сайтында жарияланған.

Жаңалықтардың шынайылығын тексеру. Журналистер мен блогерлерге арналған Е-кітап

Verification Handbook – цифрлік контентті тексеру жөніндегі толық нұсқаулық. Авторлары —  BBC, Storyful, ABC, Digital First Media үздік журналистері және саланың басқа да эксперттері.

Нұсқаулық — журналистерге арналған ресурс және онда төтенше жағдайлар кезінде пайдаланушылар контентімен (User-generated content) жұмыс істеудегі әр қадамға нұсқаулық беріліп, құралдар мен әдістемелер ұсынылады.

Фрагмент сайта Verification Handbook.

Төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың көмек сұраған жазбалары көп жарияланады. Сөйте тұра, ақпараттың растығы тіпті өмір мен өлім мәселесі болуы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қолдау мен көмек көрсетуі үшін шешуші маңызы болуы мүмкін.

Нұсқаулықта пайдаланушылар жасайтын ақпараттық растығын тексеру жөніндегі кеңестер мен үздік мысалдар қамтылған, сонымен қатар, журналистерге табиғат апаттарына қалай дайындалу керек екені туралы да кеңестер айтылған.

Нұсқаулықтағы материалдар журналистерге арналғанымен, оны кез келген адам қолдануына болады, өйткені, онда жаңалықтар тілшілері мен азаматтық журналистерге де, студенттерге, шұғыл көмек көрсету мамандарына немесе әлеуметтік медианы зерттеушілерге де пайдалы ақпарат бар.

Пример фотографии, которую подвергли проверке в одном из примеров.

Verification Handbook сайтында ақпаратты, мәтінді, фото мен видеоны тексерудің нақты мысалдары келтірілген. Мысалы, Ұлыбританияда 2013 жылы болып өткен дауылдан кейін әлеуметтік желілерде таралған  фото қарастырылады. Фотосуретте Лондон көшесінде ұшып жүрген үлкен жеңіл доп айқын көрініп тұр. Сондықтан да фотоның шынайылығы күмән тудырды. Журналистер командасы зерттеу жүргізіп, пайдаланушылардан осы фотоның қайдан шыққанын және қай жерлерде жарияланғанын тауып беруді өтінді. Сөйтіп, фотоның шынайылығы расталды, өйткені, Интернетте де, өзге басылымдарда да оған ұқсас суреттер жарияланбаған екен.

Мысалы, деректерді тексерудің маңызды құралдарының бірі — пайдаланушылармен тікелей қатынас болуы мүмкін, олар түбінде жарияланған ақпараттың дерек көзін табуға көмектеседі, бұл краудсорсинг механизмінің қуатын көрсетеді де. Доп бейнеленген суретке қатысты жағдайда журналистер фотоның авторын тауып, оның шынайы екенін дәлелдей алды.

Пример о проверке видео в Verification Handbook

Тағы бір мысал: 2013 жылғы Бостон марафоны финишіндегі жарылыс кезінде түсірілген видеоның шынайылығын анықтау мекен туралы ақпарат, пайдаланушылардың цифрлік тарихы және видео иесінің байланыс деректері сынды тегін құралдар көмегімен видеоны 10 минутқа жетпейтін уақыт аралығында тексеруге болатынын көрсетті.

Нұсқаулықты Европа журналистика орталығы  (Нидерланды) Emergency Journalism initiative бағдарламасының арқасында әзірлеп шығарған.  Барлық материалдар CC BY-NC-ND 4.0 лицензиясы бойынша таратылады.

Онлайн-версия руководства Verification Handbook.

Нұсқаулықты сайттан ондайн түрінде табуға, сондай-ақ, ағылшын, португал, испан, араб және украин тілдерінде,  PDF, ePub және Kindle форматтарында тегін көшіріп алуға болады.

Сайт: Verification Handbook.

Материал Creative Commons СС-BY-SA 3.0 лицензиясымен te-st.ru сайтында жарияланған.

Әлеуметтік желідегі ақпараттың растығын тексеру үшін сегіз қадам

Пайдаланушының әлеуметтік желідегі парақшасы қашан пайда болғанын анықтаңыз.
Кей кездері жалған ақпарат тарату үшін жаңа аккаунттар жасалады. Twitter-дің пайдалы функцияларының бірі — пайдаланушы профилінің жаңа дизайны парақша қашан ашылғанын көрсетеді.

Пайдаланушының белсенділігін зерттеңіз.
Ол кімдерге жазылған/кімдермен дос? Оған кімдер жазылған? Кімдермен қарым-қатынас жасайды? Не туралы жазады? Адамның әлеуметтік желідегі байланыстары ол туралы көп дерек береді.

Ол адамның өзге әлеуметтік желілердегі аккаунттарын іздеп көріңіз.
Оның есімі интернетте тағы қай жерлерде аталады? Spokeo, Pipl.com. WebMii және Linkedln қолданыңыз — телефон номерін, мекен жайын және басқа да деректерін табуға тырысыңыз.

Жаңалықты жариялаған адаммен байланысқа шығыңыз.
Бұл тексеру үшін өте маңызды. Қосымша ақпарат жинап, материалға қойылатын қандай да бір талаптар бар ма, ақпаратты пайдалануға рұқсат алуға бола ма – осы жағын анықтап алыңыз.

Оның айтып отырғанын өз білетініңізбен салыстырыңыз.
Сіздің назарыңыздағы оқиғаға қатысы бар басқа да аккаунттарды табу керек. Сондай-ақ, пайдаланушының қолында сізге көрсете алатын қосымша фотосуреттер/видео бар-жоғын сұраңыз.

Мекен туралы деректерді салыстырыңыз.
Twitter, Facebook және өзге де платформалар жазбаларды олардың географиялық орнымен байланстыруға мүмкіндік береді. Бұл, адам сол өзі айтып отырған жерде болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік беретін тағы бір сипат.

Суреттер бойынша іздеуді қолданыңыз.
Осы жақында ғана жасалды деп жүрген фотосуреттер көбінесе ескі болып шығып жатады. Google Reverse Image Search немесе TinEye пайдаланып, ол сурет Интернетке бұдан бұрын шыққан-шықпағанын анықтай аласыз. Бұл функцияны сондай-ақ шағын видео үшін де қолдануға болады – іздеу жүйесі ол видеоны тағы қай арадан онлайн көруге болатынын айтады.

Фотосуреттің EXIF-деректерін тексеріңіз.
Әрбір цифрлік кескінде сіз көрмейтін дүниелерді көрсететін метадеректер болады. Өзге де көптеген деректерден бөлек, EXIF-ті оқу сол фото қандай камерамен түсірілгенін анықтауға көмектеседі. Кейде, тіпті, географиялық деректер де жазылып тұрады.

Түпнұсқа мәтін.

Scrible.com: веб-парақшаларды онлайн-рецензиялау

scrible.com онлайн-сервисі веб-парақшаға қатысты пікір не ескертпелеріңізбен бөлісу қажет болған жағдайда көмектеседі.

Рецензиялау онлайн режимде жүреді — құралдың арқасында енді скриншот жасап, оларға арнайы мәтін документ арнаудың қажеті жоқ.

Сервисті қолдану үшін Google+, Facebook немесе Twitter аккаунтының көмегімен кіру керек. Tools (құралдар) айдарында Scrible Toolbar батырмасын көресіз, соны браузеріңіздегі қойыншалар тақтасына көшіріп апару керек.  

Дайын. Енді, қандай да бір мақалаға байланысты пікіріңізді өзгелер білгенін қаласаңыз, қажет парақшаны ашасыз да Scrible Toolbar дегенді басасыз.

Сервисте цитаталарды бөліп алып, пікілер топтамасын жасауға болады.

Белгілер қойылған онлайн-материалды сілтеме арқылы бөлісуге немесе твиттер/фейсбукте жариялауға болады.

Парақшаны сақтап алғыңыз келсе, дискета суретін басыңыз.

Сақталған парақшаларды scrible-аккаунтыңыздың кітапханасынан қарай аласыз.

Жаңа технологиялар — әлеуметтік мәселелерді шешу құралы

Жаңа технологиялар көмегімен түрлі елдердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобалар көбейіп келеді. Картография сервистері, қосымшалар, лонгридтер, тағы басқа формадағы жобаларды арнайы мамандар қауымдастықтары, медиа, ынталылар, ІТ мамандары жүзеге асырады.

Айналаны мүгедектер арбасына таңылған адамдар, қоларба сүйреткен аналар үшін ыңғайлырақ етуге бола ма? barierov.net сайтында қай қалада қай орындарда пандустар мен арнайы көтергіш құралдар бар екенін қарап көре аласыздар. Қарапайым да пайдалы сервис!

Алыстан нашар көретіндерге көмектесуге бола ма? Болады! «Будь моими глазами» қосымшасының көмегімен. Бұл – көзі нашар көретін адамдардың түрлі жағдайларға байланысты сұрақтарына еріктілер жауап беріп отыратын чат.

Қаланы қалайша жақсартуға болады? Қостанай қаласында “Наша газета” басылымы kostanay.ng.kz мобильдік қосымшасын жасап шығарған — онда көшелердегі «қиын» тұстарды белгілеп, қаланың көрікті жерлері туралы айтып беруге болады.

Мұндай мысалдарды тізе беруге болады. Сіздің де жаңа технологиялар көмегімен нақты бір әлеуметтік мәселені шеше алатын идеяңыз бар шығар.

Ендеше, медиа- және әлеуметтік инновациялар лабораториясына қатысуға өтінім жіберіңіздер!

Media and Social Innovation Lab – бұл түрлі сала мамандарын (медиа мамандар, IT мамандары, белсенді азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер) Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен қажеттіліктерді шешу жолдарын интернеттен іздеу мақсатында біріктіретін жоба.

Келіп түскен өтінімдер арасынан қазылар тоғыз жобаны іріктеп алып, солар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол жобалар — мобильдік қосымша, сайт, лонгрид, интерактив карта, арнайы жобалар болуы мүмкін. Дайын жобаларды Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тоғыз медиа құралы қабылдап алып, жетілдіріп, дамытып, ілгерілетеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның медиа, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін, ІТ мамандарын Медиа- және әлеуметтік инновациялар лабораториясына қатысуға шақырамыз. Шара 2015 жылғы 25-26 маусымда Бішкек қаласында өтеді.

Толық ақпарат – мұнда.

Интерактив график немесе диаграмма жасау

Статистикалық деректер график немесе диаграмма түрінде берілсе жеңіл қабылданады.  plot.ly тегін онлайн сервисінің көмегімен деректерді интерактив көрнекі етуге болады. Мысал ретінде   ranking.kz ресурсынан Қазақстанның түрлі облыстарына Интернеттің енуі туралы статистикасын алдық:

Как создать интерактивный график или диаграмму

Сөйтіп, деректердің бір бөлігін интерактив еттік:

Сервисті қолдану оңай. Тіркелгеннен кейін жұмыс панеліне өтесіз. Содан кейін не бөлімдерді толтырасыз, не CSV форматындағы  ақпаратты көшіресіз ( Import Data батырмасымен).

Қосымша деректерді  Text пунктін таңдап енгізуге және сәйкес бағанда оны мәтін ретінде қолдануды белгілеуге болады.

Как сделать интерактивный график

Графиктердің бірнеше нұсқасы бар. Түрлер баптамасымен жұмыс істеп көріңіз.

Как создать интерактивный график или диаграмму

Дайын болған графикке қосымша ақпарат енгізуге болады.

Как создать интерактивный график

Сервисті әріптестеріңізбен ортақ қолдануға болады, қорытынды жобаны түрлі форматтарда кескін түрінде жүктеп аласыз.

Как создать интерактивный график

 

Әлеуметтік желілерде жариялайсыз немесе HTML-кодпен сайтқа орнатасыз.

Как создать интерактивный график

 

Hacks/Hackers Connect — медиабизнеске арналған бүкіләлемдік бағдарлама

Дүние жүзінің медиамамандары мен медиаұйымдары саланың өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіруде. Ол үшін түрлі елдерде үнемі конференциялар, семинарлар, үйретуші мастер-кластар мен онлайн-курстар өткізіледі.

Бірнеше күн бұрын Google жаңалықтар лабораториясы Hacks/Hackers Connect ғаламдық бастамасын — медиабизнеске арналған тегін бір күндік шаралар топтамасын жариялады.

Бағдарлама технология саласындағы журналистерге бір-біріне білгенін үйретіп, тәжірибе алмасып, серіктес, ұстаз табуына жағдай жасау үшін құрылған.

«Біздің мақсатымыз – медиастартаптардың жаңа буынына жол ашу», – дейді Hacks/Hackers негізін қалаушылардың бірі Берт Херман.

Жобаның идеясы — инновациялар мен медиа келешегіне қызығушылық танытатын адамдарға өзара серіктестік орнатуға мүмкіндік беру.

Бағдарламаға медиа ұйымдарында жұмыс істейтін журналистерден бастап, технологиялық компаниялармен серіктесе жұмыс істейтін инженерлерге дейін қатыса алады.

Қатысушылар идеяларды дамытуға көмектесетін немесе жобаларды әзірлеуге атсалысатын мамандармен жолығу мүмкіндігіне ие болады.

Бірінші Hacks/Hackers Connect шарасы Берлинде 2015 жылғы 27 маусымда өтеді, қалған күндер — Лондон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, алдағы уақытта нақтыланады.

Бағдарлама о бастан АҚШ пен Еуропаға бағытталған, әйтсе де келешекте өзге де аймақтарды — Латын Америкасын, Азия мен Африканы қамтуы әбден мүмкін, — деп жазады journalism.co.uk.

Біз Hacks/Hackers Connect жөніндегі жаңалықтарды үнемі қадағалап, жариялап отырамыз. Тіпті жобаға қатысуға мүмкіндігіңіз болмаса да, қатысушылар бөлісетін ең өзекті де пайдалы ақпаратты біздің сайттан таба аласыздар.