2 сәуір күні Астана уақытымен сағат 20.00-да Ольга Каплина «LongRead жасау» тақырыбында вебинар өткізеді.
LongRead — иллюстрациялар, видео, интерактив карталар, фото, тағы басқа да элементтер көмегімен оқырманды сол шежіреге бойлай енгізетін көлемді мәтіндік материал ұсыну формасы.
Вебинарда LongRead материалдар әзірлеудің жоспарлау, контент дайындау, жеке блоктарын жасау, форматтарын анықтау сынды негізгі ережелері туралы айтылады. LongRead материалдар әзірлеу tilda.сс платформасын мысалға ала отырып түсіндіріледі.
Тренер – медиаэксперт, медиатренер, Internews Network-тың Орталық Азиядағы бизнес дамыту жөніндегі аймақтық кеңесшісі, e-event.kz мультимедиа агенттігінің директоры Ольга Каплина.
Вебинарға қатысу үшін сілтемемен өтіп тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Вебинарға тек Google Chrome, FireFox, Opera браузерлері арқылы қатысуға болады.
«LongRead — интернетте ақпарат ұсынудың жаңа форматы» тақырыбында вебинарды Internews Network ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) көмегімен ұйымдастырып отыр.
Сорос-Қазақстан қорының Медиа бағдарламасы қазақстандық баспа және электрон БАҚ арасында iOS немесе Android жүйелері үшін, планшеттерге арналған қосымша әзірлеу жөнінде гранттар алуға байқау жариялады.
Байқаудың басты шарты — жұмысқа кәсіби әзірлеуші компанияларды тарту. Грант тек цифрлік қосымша әзірлеуге ғана беріледі. Жобаның бюджеті 1 900 000 теңгеден аспауы тиіс.
Байқауға қоғамдық-саяси және іскерлік журналистика бағытындағы аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты:
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына аудиториясын кеңейту үшін цифрлік қосымшалар әзірлеуге мүмкіндік беру;
Мультимедиалық жаңалық контентін ілгерілету мақсатымен баспа және электрон БАҚ арасында инновацияларды дамыту;
Цифрлік технологиялар нарығындағы бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты дамуының жаңа үлгілерін енгізу.
Жобаны бағалау шарттары:
жобаның байқаудың мақсаттары мен басым жобаларына сәйкестігі;
бұқаралық ақпарат құралының тұрақты кең оқырман/тыңдарман/көрермен аудиториясы болуы;
идеяның инновациялығы: сапалы мультимедиалық контент әзірлеу және ілгерілету үшін цифрлік технологияларды қолдану;
цифрлік қосымшаны әзірлеу жөніндегі жоғары функционалдық, баға және орындалу сапасы бойынша талаптарға сай келетін техникалық тапсырма болуы;
өтінім берушінің жобаны жүзеге асыру үшін басқару әлеуеті және техникалық мүмкіндіктері болуы.
Өтінім беруші:
Өтінім үлгісін толтырып;
Техникалық тапсырма әзірлеуі тиіс.
Өтінім беру мерзімі:
2015 жылғы 30 сәуірге (Астана уақытымен 17:00) дейін. Осы мерзімнен кеш келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 6 ай
Жалпы грант қоры – 5 700 000 теңге
Байқауға өтінім беру реті:
Байқауға келіп түскен өтінімдердің бәрін Сорос-Қазақстан қоры Медиа бағдарламасының Сарапшылар комитеті қарастырады. Сарапшлыр комитеті өтінім берушіден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Өтінімдерді «Цифрлік қосымша-2015» деген белгімен мына e-mail бойынша жолдау керек: application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com. Өтінім тіркелгеннен кейін өтінім берушіге растау хат жолданады.
Өтінім берушілер назарына:
Өтінімдер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Сороc-Қазақстан қоры қабылданбаған өтінімдер бойынша түсініктеме бермейді.
Қосымша ақпарат алу үшін Медиа бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжаповаға хабарласыңыздар: media@soros.kz немесе +7 (727) 250 38 11 (вн. 105).
«Цифрлік ортадағы медиа: даму мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция — Internews-тің Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі жобасы аясында АҚШ халықаралық ынтымақтастық агенттігі (USAID) қолдауымен жүзеге асырылатын жоба.
Конференция Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылған.
Бұл — Орталық Азияда Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін өткізіліп отырған алғашқы халықаралық конференция. Қатысушылар — аймақтағы тәуелсіз медиа басшылары, топ-менеджерлері мен техникалық директорлары.
Конференцияның міндеттері: аймақтық ынтымақтастықты қолдау және дамыту, аймақтағы іргелес елдерден келген қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, цифрлену және экономикалық дағдарыс жағдайында медиакомпанияны басқару жөнінде басшыларға практикалық кеңестер ұсыну.
Конференция бағдарламасында өзекті тақырыптар талқыланады: «Медиакампания үшін бренд», «Дағдарыс кезеңінде медиа үшін тұрақтап қалу әдістері», «Цифрлік хабар таратуға көшу — мәселелер мен перспективалар», аймақтық медиа өкілдері үшін жаңа медиатехнологиялар мен табыс табу жолдары жөнінде шеберлік сабақтары.
Тәжірибелі эксперттер: журналист, Жоғары экономика мектебінің коммуникация, медиа және дизайн факультетінің профессоры Анна Качкаева (Мәскеу), «МедиаБренд» конференциясы және байқауының директоры, OneProudProduction бас продюсері Регина Юркина (Мәскеу) және журналист, радиожүргізуші, «Серебряный Дождь в Барнауле» радиостанциясының бас редакторы, «Ақпараттық сайттың жарнамалық мүмкіндіктері» курсы авторларының бірі Анастасия Снегирева білімдері мен тәжірибесін ортаға салады.
Конференция барысында техникалық қызметкерлерге арналған презентациялар мен шеберлік сабақтары ұсынылатын көрме жоспарланған. Онда қатысушылар «Актуальные технологии: ТВ» компаниясы ұсынатын телевизиялық жабдықтар саласындағы қазіргі заманғы технологиялармен таныса алады.
Конференция бағдарламасына мүдделі БАҚ өкілдері аймақтарда ілгерілету үшін өз контентін көрмеде ұсынуға мүмкіндік алатын сессия қосылған.
Халықаралық конференция туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: + 7 727 270 41 30, 315 50 31 (қосымша 1514).
Тайм-лайн – интерактив шежірелер құруға арналған мультимедиа құралдарының бірі.
2015 жылы 11 наурызда өтетін вебинарда тайм-лайн жасауға арналған қандай сервистер бар және олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай екенін айтамыз.
Нақты мысалдарды қарастырып, уақыт желісін пайдалану қандай жағдайда материалға аудитория назарын аударуы мүмкін екенін анықтаймыз.
Онлайн-мастер-класс тайм-лайн жасайтын құралдарды меңгермеген журналистерге, редакторларға, блогерлерге пайдалы болмақ. Тіпті, контент жеткізудің осы формасы сізге таныс болса да, жаңа сервистер мен қосымшалар туралы көп мәлімет аласыз.
Вебинарды Newsroom2.0 жобасының мультимедиа менеджері, newreporter.org сайтының редакторы Анна Сухачева жүргізеді.
«Тайм-лайн жасауға арналған сервистер» тақырыбындағы вебинарды Internews Network өкілдігі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында өткізеді.
Жаңа бастап жүрген журналистер Финляндияда өтетін шетелдік тілшілерге арналған бағдарламаға қатысуға өтінім беруіне болады.
Финляндия сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жасалған бағдарлама студенттерге шетелдік тілшілердің жұмысы жөнінде толығырақ біліп, Финляндиямен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар кәсіпқой журналистермен және саясаткерлермен кездеседі, демалыс күнін фин отбасымен бірге өткізіп, экскурсияларға қатысады.
Бағдарлама 10-18 тамыз аралығында өтеді.
Стипендия ұшақ билетін, студенттік жатақханада тұру құнын, тамақтану және шараларға қатысу ақысын өтейді. Ағылшын тілін еркін меңгерген, 1986-1995 жылдар аралығында дүниеге келген талапкерлер қатыса алады.
Бағдарламаға мына елдердің азаматтары қатыса алады: Қазақстан, Ресей, Украина, Бразилия, Қытай, Мысыр, Эфиопия, Франция, Германия, Үндістан, Индонезия, Мексика, Норвегия, Польша, Корей Республикасы, Сауд Арабиясы, Испания, Түркия, Құрама Корольдік және Америка Құрама Штаттары.
Twitter-де аналитика жасау және жазылымдарды басқару, Facebook-тағы парақшаны жақсарту жөніндегі ұсыныстар, аккаунттарға мониторинг жасау және контент іздеу – әлеуметтік медиада тиімді жұмыс істеуге қажетті, Twitter, Facebook, LinkedIn и Google+ желілерінің бар ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік беретін 18 құралды назарларыңызға ұсынамыз.
Twitter-ге арналған құралдар
Followerwonk
Followerwonk– Twitter-аккаунтыңызды сараптап, оны оңтайландыруға арналған құрал. Оның көмегімен өз аудиторияңыз туралы көбірек – олар кімдер екенін, қайда тұратынын, не туралы жазатынын білуге, өз салаңыздағы ықпалды адамдарды табуға, сондай-ақ сізге жазылғандардың статистикасын қадағалап отыруға болады.
Құрал 30 күн байқап көруге тегін ұсынылады.
SocialRank
SocialRank көмегімен сізге жазылғандардың арасында кім ең танымал да маңызды екенін, сол арқылы кімге көбірек көңіл бөліп отырған дұрыс екенін түсіне аласыз.
Тегін.
ManageFlitter
ManageFlitter құралы сіз жазылған аккаунттарды «сүзгіден өткізіп», сізге жазылмағандарды, көптен бері профайл суретін ауыстырмағандарды немесе аккаунты ұзақ уақыттан бері үнсіз тұрғандарды жазылымнан шығарып тастауға көмектеседі.
Тегін базалық нұсқасы бар.
Must Be Present
Ұйымның әлеуметтік медиада өз аудиториясымен қалай байланыс жасайтыны оның беделіне әсер етпей қоймайды. Осы ретте сізге Must Be Present көмектеседі – бұл құрал Twitter-де сізді еске алғандарға қаншалықты жылдам жауап беретініңізді және сіздің жауаптар рейтингіңіз қандай екенін есептеп береді.
Тегін.
Tweet4me
Tweet4me құралы твиттеріңіздің жарияланым кестесін жасап, оларды кез келген Twitter-қосымшасынан жариялауға көмектеседі.
Тегін.
Commun.it
Commun.it– бұл қауымдастық менеджері, сіздің жазылымдарыңызды басқару құралы, оның көмегімен сіз недәуір ықпалды деген пайдаланушыларды тауып, кімге жазылу керек, кімге жазылмаған дұрыс және қандай контент жариялау керек екенін оңай анықтай аласыз.
Тегін.
Twtrland
Twtrland ұсынатын екі функция – сізге жазылушылардың қаншасы қазір онлайн отырғанын көру мүмкіндігі және кілт сөздер, мекендер мен компаниялар бойынша кеңейтілген іздеу.
Тегін, ұйымдар үшін 14 күндік тегін нұсқасы бар.
Twitter Feed
Twitter Feed– Twitter-де RSS немесе өз блогынан жазбалар жариялағысы келетіндерге арналған құрал. Жай ғана блог адресін жазып, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызды қосып қойсаңыз, сіздің жазбаларыңыз онда автоматты түрде жарияланатын болады.
Тегін.
Twazzup
Twazzup– бұл адам аты, кілт сөздер немесе өзіңіз таңдаған хештег бойынша шынайы уақыт режимінде мониторинг және сараптама жасауға арналған құрал. Twazzup нәтижелерінде сіздің іздеуіңіз бойынша ең танымал аккаунттар немесе кілт сөздер көрсетіледі.
Тегін.
Facebook-қа арналған құралдар
LikeAlyzer
LikeAlyzer көмегімен Facebook-тағы парақшаңызға қандай өзгерістер енгізу керек екенін білесіз. LikeAlyzer мониторинг жүргізіп, парақшаңыздың тиімділігін бағалайды және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар жасайды.
Тегін.
Fanpage Karma
Fanpage Karma сіздің парақшаңызға (бәсекелестеріңіздің парақшаларына да) анализ жасап, пайдалы ақпараттары бар есептемелер әзірлейді: өсу, қамту, аудиторияның араласуы және басқа да деректер аталады.
14 күндік байқап көру нұсқасы бар.
Әлеуметтік медиадағы мониторинг
Mention
Mention– сіз немесе сіздің ұйым туралы әлеуметтік медиада кім не жазғанын қадағалап отыруға көмектесетін құрал.
14 күндік байқап көру нұсқасы бар.
NutshellMail
Дайджест сіздің әлеуметтік медиадағы белсенділігіңізді қадағалап отырудың жақсы тәсілі болуы мүмкін, ал NutshellMail сол үшін ең ыңғайлы құрал. Ол сіздің Facebook, LinkedIn және Twitter желілеріндегі белсенділігіңізді бақылап, сізге өз қалауыңызша есептемелер жіберіп отырады.
Тегін.
Әлеуметтік медиадағы контентпен жұмыс істеуге арналған құралдар
News.me
News.me сіздің Twitter мен Facebook-тағы достарыңыз әр күнде бөліскен бес ең танымал материалды қамтитын хатты күнде жіберіп отырады.
Тегін.
Swayy
Swayy сіздің аудиторияңыздың қызығушылықтарын негізге ала отырып, сіз Twitter немесе Facebook-та бөлісуіңізге болатын және сіздің жазылушыларыңызға қызықты екеніне сенімді болатын жаңа контент табуға көмектеседі.
Тегін нұсқасы бар.
Түрлі құралдар
Rapportive
Rapportive– Gmail-ға арналған құрал, ол сіздің контакттарыңыз кім, қайда тұрады, қайда жұмыс істейді, аккаунттары қандай әлеуметтік медиамен байланысты екені туралы ақпарат көрсетеді. Сондай-ақ, сіз Gmail-дан шықпай-ақ оларды LinkedIn-де қосып ала аласыз.
Тегін.
Jelly
Jelly– iOS мен Android жүйелеріне арналған қосымша, оның көмегімен өзге пайдаланушыларға фотосуреттер мен карталарды қолдана отырып сұрақ қойып, жауап алуыңызға болады. Мысалы, дәл қазір жүрген жеріңізді картада белгілеп, жергілікті тұрғындардан жақсы тамақтануға болатын орын ұсынуын сұрауыңызға болады.
Тегін.
SteadyDemand’s Google Plus Page Audit
SteadyDemand Google+ желісіндегі парақшаңызды бағалауға көмектеседі. Жай ғана парақшаның адресін енгізсеңіз, SteadyDemand белсенділік туралы есептеме шығарып береді, соның арқасында не жұмыс істеп, не жұмыс істемейтінін анықтай аласыз.
Визуал контенттің маңызды екеніне дау жоқ. Алайда, өз мақсаттарыңыз үшін еркін пайдалануға болатын сапалы кескін, сурет, фотоны қайдан алуға болады? Біз ұсынып отырған топтамадан өз жобаларыңызда еркін пайдалануға болатын суреттер таба аласыздар.
Алдымен, қандай суреттерді тегін пайдалануға болатынын еске түсіріп алайық. Соңғы отыз жылда түсірілген суреттердің көбісі авторлық құқықпен қорғалған, оған автордың ғана эксклюзив құқығы бар. Алайда, сонымен қатар Creative Commons және Public Domain лицензиялы суреттер де бар. Ол лицензиялар несімен ерекшеленеді?
Creative Commons деген не?
Creative Commons – цифрлік контентті еркін пайдаланып, таратуға мүмкіндік беретін коммерциялық емес ұйым. Лицензиялардың бірнеше түрі бар, олардың барлығына ортағы — контентті өз мақсатыңызға пайдалану үшін материалдың авторы мен алғаш жарияланған жерін көрсету қажеттігі.
Public Domain деген не?
Public Domain ағылшын тілінен аударғанда «қоғам игілігі» дегенді білдіреді. Мұндай лицензияға авторлық құқық мерзімі өткен материалдар, сондай-ақ авторлық құқығы тәркіленген немесе жарамсыз материалдар жатады. Бірақ, Интернеттен табылған материалдың бәрін әрқашан еркін пайдалана беруге болады деген сөз емес.
Сондықтан, тегін суреттерді пайдаланар алдында мыналарды ескеріңіз:
суреттің авторы бар;
мүмкіндігінше суреттің авторы кім екенін көрсетіп отыруға тырысыңыз;
суретті өзгертуге бола ма, әлде тек түпнұсқасын қолдануға рұқсат па екенін білу үшін оған қатысты лицензияны мұқият оқыңыз.
1. Dreamstime
Dreamstime тегін суреттер жарияланған, үнемі жаңарып отыратын бөлім ұсынады. Суретті көшіріп алу үшін тіркелу қажет.
2. Free Photos Bank
Free Photos Bank жүйеге кірмей-ақ көшіріп алуға болатын тегін суреттер жинағы. Іздеу оңайырақ болу үшін фотолар санаттарға бөлінген.
3. IM Free
IM Free коммерциялық мақсаттарға да пайдалануға болатын тегін материалдар жинағын ұсынады. Кілт сөз бойынша немесе бөлімдерден іздеуге болады.
4. Rgbstock
Rgbstock – бұл акцияның тегін сайты, фотографтар мен дизайнерлер жасаған образ. Тегін тіркеліп, таңдаған суреттерді көшіріп алуға болады.
5. BigFoto
BigFoto — фотографиялардың көбін әуесқой фотографтар ұсынатын фотогалерея. Көшіру үшін тіркелу қажет емес және фотолардың бәрі географиялық сипаты бойынша топтастырылған.
6. Gratisography
Gratisography — жеке және коммерциялық мақсатта пайдалануға арналған жоғары сапалы тегін суреттер жинағы. Жаңа фотолар апта сайын қосылып отырады. Көшіріп алу үшін фотоның үстін басса жеткілікті.
7. Death to The Stock Photo
Death to The Stock Photo – жазылып қойсаңыз, сапалы тегін суреттер сізге уақытылы жолданып тұрады.
8. Little Visuals
Little Visuals – жазылып қойсаңыз, аптасына бір рет электронды почтаңызға жоғары сапалы жеті сурет келіп тұрады.
9. Pickupimage
Pickupimage – коммерциялық мақсаттарға да пайдалануға болатын тегін суреттер коллекциясы. Фотолардың басым бөлігі табиғат тақырыбында. Көшіру үшін тіркелу қажет емес.
Басылымыңызда (газет, журнал, сайт) пресс-конференция, грамота тапсыру сәттерінен фотолар немесе стол басында отырған костюмді адамдардың суреті емес, шын мәнінде сөйлейтін фотолар шыққанын қалайсыз ба?
Кейіпкеріңіз кім екенін дөп басып анықтап, оны қайдан іздеу керек екенін білгіңіз келе ме?
Жергілікті оқиғаларды барынша толық қамтып, сіздің жарияланымдарды жұрт іздеп жүріп оқып, өзгелерге ұсынуға лайық БАҚ болғыңыз келе ме?
БАҚ қолдау орталығы (Дмитрий Сурнин & Co.) редакторлар, журналистер мен блогерлерді материалдарыңызды сапалы фотосуреттермен толықтыруды үйрететін тегін онлайн-консультацияға шақырады.
Консультация барысында редакцияда деректі фотосуреттерді жоспарлау әдістері қарастырылып, журналиске алдында әйтеуір бір сурет емес, сөйлейтін фото әкелуге тапсырманы дұрыс беру жөнінде кеңестер айтылады.
Нақты мысалдар қарастырылып, суреттерді атау ережелері айтылады, газеттер мен онлайн журналистикада фотосуреттерді дұрыс қолдану мысалдары талқыланады.
Тренер: Дмитрий Сурнин, журналистика, редакциялау, редакция жұмысын ұйымдастыру және визуал журналистика саласында тренер, редактор. 2012 жылдың күзіне дейін «Мой район» (Мәскеу) газетін басқарған.
Қатысу үшін:
1) Сілтемемен өтіп тіркелу қажет.
2) Вебинардан бір күн бұрын почтаңызға ескертпе және сілтеме келеді, сол сілтеме бойынша 4 наурыз күні сағат 11-де вебинарға қосымша тіркеусіз автоматты түрде қосыласыз.
Осы тақырытқа қатысты онлайн-курстың видеонұсқасымен де танысып алған артық болмайды, сонда вебинардағы әңгіме нақтырақ болады.
Талқылауға болатын 1-2 кейс ала барсаңыз да артық емес. Мысалы, қазір өзіңіз зерттеп жүрген, бірақ қандай суреттермен толықтыруға болатынын білмейтін тақырыпты. Немесе, жарияланып қойған, суреті бар, бірақ көңіліңізге қонбай, өзгерткіңіз келіп жүрген материалды.
Вебинар 4 наурызда, Мәскеу уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Медиа маманы, тренер, онлайн курстар продюсері, «Теплица социальных инноваций» жобасының редакторы Олег Ганттың вебинары әлеуметтік желілерде медиаконтентті ілгерілету тақырыбына арналды.
Әлеуметтік желілер — жай ғана сурет алмасып, жұрттың статустарын оқып отыратын орын емес. Бұл — үлкен аудитория, компания имиджін қалыптастырудың қуатты құралы, тақырыптар мен идеялардың қайнар көзі.
Сондықтан да, Олегтің айтуынша, әлеуметтік желідегі аккаунттарды фрилансерге немесе студенттерге сеніп тапсыруға болмайды. Сіздің фэйсбук, ВКонтакте немесе твиттердегі аудиторияңызбен байланыс жасайтын адам команданың бір бөлшегі болуы, сіз не істеп жүргеніңізді, кім үшін істеп жүргеніңзді түсінетін адам болуы тиіс.
Әлеуметтік желіде контент ілгерілету стратегиясы әр редакцияның өзінде бөлек болуы тиіс. Бір медиаға қатысты стратегия басқасында жұмыс істемеуі мүмкін.
Табысты ілгерілетудің 4 құпиясы:
Твиттерге қоса берілетін суреттер ретвит санын 150% арттырады.
Контентті күніне бірнеше рет бөлісіңіз. Твиттер, фэйсбук, Вконтактеда жарияланған мақаланы бірден бәрі көреді деп сенбеңіз.
Әр әлеуметтік желінің өз тәсілі бар. Сондықтан контентті бейімдеп, оңтайландырып отыру керек.
Жарияланым кестесін жасаңыз. Діл сіздің материалыңызды оқитын аудитория желіде отырған кезді пайдаланып қалуға тырысыңыз!
Әлеуметтік желіде ілгерілету үшін ақша төлеуге бола ма, ол керек пе?
Олег иә дейді. Пайдаланушылар контентті көріп, оның таралуы үшін кейде ақылы жарнаманы пайдаланудың артықтығы жоқ.
Әлеуметтік желілерді басқаруға арналған құралдар
Хабарламаларды бір күн, апта тіпті ай алдын жоспарлап қоюға болады, ол үшін түрлі онлайн-сервистер бар (тегін де, ақылы да). Аталған құралдардың функционалы алуан түрлі, өзіңізге лайығын табу үшін бірнешеуін байқап көріңіз.
Байқау қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер тобын қалыптастыру, оларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Байқау шарттары: Қаржы, экономика және тағы басқа іскерлік тақырыптардағы қазақ тіліндегі шығармашылық жұмыстар қабылданады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің студенттері қатыса алады.
Үміткерлер материалдардың сайттағы немесе жеке блогтағы, әлеуметтік желідегі сілтемесін ұйымдастырушыларға автордың аты-жөні, толық байланыс деректерін көрсете отырып жіберуі тиіс.
Байқау талаптары: Белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы, фактілердің дұрыстығы және олардың дәл берілуі, талдау тереңдігі мен проблеманың ашылуы, авторлық ұстанымы.
Жарияланымдардың жанрына шек қойылмайды. Қатысушылардың сұхбат, мақала, сараптама және инфографика, аудио, видео түріндегі материалдары 7kun.kz сайтындағы «Байқау» айдарында жарияланады. Сайтқа жарияланған мақалалардың астындағы пікірлер мен әлеуметтік желілердегі ұнатушылар саны мен пікірлер жеңімпаздарды анықтау кезінде ескеріледі.
Жеңімпаздар құрамына іскер журналистика өкілдері мен танымал блогерлер кіретін қазылар алқасының бағалауымен анықталады.
І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Үміткерлер материал сілтемелерін info@7kun.kz электронды мекенжайына немесе төмендегі форма толтыру арқылы «Байқауға» деген белгімен 2015 жылдың 15 наурызына дейін жіберуі қажет.
Байқау қорытындысы наурыз айының 22 Наурыз мерекесінің қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.