ДомойБайқау/ГранттарБизнес-журналистика саласында магистрлік бағдарлама бойынша білім алуға арналған стипендиялар

Бизнес-журналистика саласында магистрлік бағдарлама бойынша білім алуға арналған стипендиялар

Бизнес-журналистика саласында магистрлік бағдарлама бойынша білім алуға арналған стипендиялар

Бүкіл дүние жүзінің ағылшын тілін жетік білетін журналистері осы бағдарлама бойынша білім алуға өтінім беруіне болады.

Қытайдың үздік оқу орындарының бірі Цинхуа университетінің журналистика және коммуникациялар мектебі ғаламдық іскерлік журналистика саласында магистрлік бағдарлама бойынша оқуды ұсынады. Екі жылға есептелген бұл бағдарлама — Қытайдағы іскерлік журналистика саласында толығымен ағылшын тілінде оқытылатын жалғыз магистрлік бағдарлама.

Бағдарлама бойынша оқитын студенттердің жартысы — Қытай тұрғындары, қалған жартысы — өзге елдерден келгендер. Оқуға берілетін стипендиялар саны шектеулі.

Халықаралық оқытушылар тобы жүргізетін бағдарлама бизнес-журналистерге қажетті мәліметтерді іздеу және экономикаға байланысты тақырыптар бойынша материалдар әзірлеуде мультимедианы қолдану сияқты дағдылар мен машықтарды меңгертеді. Бағдарламаға қатысатын студенттер он Bloomberg терминалымен жабдықталған медиалабораторияның мүмкіндіктерін де пайдалана алады.

Өтінімдер 28 ақпанға дейін қабылданады. Толығырақ мында.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР