ДомойБайқау/ГранттарОрталық Азия журналистеріне арналған Knight International Journalism стипендиясы

Орталық Азия журналистеріне арналған Knight International Journalism стипендиясы

Орталық Азия журналистеріне арналған Knight International Journalism стипендиясы

Қазақ немесе орыс тілін жақсы меңгерген медиа мамандары 12 айлық стипендия бағдарламасына қатысуға өтініш беруіне болады.

Журналистерге арналған халықаралық орталық  (ICFJ) Орталық Азиядағы Knight International Journalism стипендия бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды.

Стипендиаттар оқу бағдарламасын қазақстандық мемлекеттік телевизия желісінде өтеді, соның арқасында репортаж жүргізу, жаңалықтар бағдарламаларын әзірлеу және медиапроцесті басқару тәжірибесіне ие болып, цифрлік журналистика мен деректер журналистикасында жұмыс істеу машықтарын жақсартады.

Одан бөлек, бағдарламаға қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және, мүмкіндігінше, Өзбекстан журналистеріне арнап оқу семинарларын өткізеді.

Бағдарламаға АҚШ және Батыс Европаның кәсіби деңгейі жоғары халықаралық телевизия ұйымдарында жұмыс істеу тәжірибесі, сондай-ақ, мәтін жазу және телесюжеттерді редакциялау тәжірибесі бар тележурналистер мен продюсерлерден өтініш қабылданады. Үміткерлер деректермен және мобиль құрылғылармен, жаңа технологиялармен жұмыс істей білуі және контентті телевизия, онлайн-ресурстар мен әлеуметтік медиаға бейімдей алуы тиіс.

Бағдарлама жұмысы 2016 жылғы маусымның аяғында басталады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР